1.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған «Қазақстан
тарихының тарихнамасы мен деректануы» 5В020300 – «Тарих» мамандығы үшін
типтік оқу бағдарламасы (Алматы, 2007) негізінде құрастырылған.
2
. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
•
1.1.
Оқытушы туралы мәлімет
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к. Қалменов М.Д.
Офис: Қазақстан тарихы
Жұмыс мекен жайы: Сарайшық 34, 409 бөлме
Жұмыс телефоны 51-04-69
•
1.2. Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат:
Қазақстан тарихы, ол ең алдымен қазақ халқының тарихы. Қазақ халқының бірнеше
мыңжылдық тарихы, сол халықтың өз қолымен жасаған деректерде бейнеленген. Олар:
заттай деректер, ауызша деректер, жазба деректер, кино, фото-фоно, дыбыс т.б. болып
бөлінеді. Заттай деректерге археологиялық қазбалар
негізінде табылған заттар, тұрғын үйлер,
ғимараттар, кесенелер, үй жабдықтары, киім-кешектер т.б. жатады. Оларды дерек көзі
ретінде зерттеу жұмысымен археология және этнология ғылымдары айналысса, деректің
басқа түрлерін зерттеумен – деректану ғылымы айналысады.
Қазақ халқының табиғи – тарихи даму кезеңдерінің ерекшеліктеріне байланысты
әртүрлі формадағы және мазмұндағы деректер пайда болды. Сол деректердің пайда болуы,
сақтау ерекшеліктерін білу, олардан шынайылық деңгейі жоғары мәліметтер алудың басты
шарты болып табылады. Келешекте көптомды шынайы Қазақстан тарихнының жазылуы сол
төл деректерімізді тани білумен тікелей байланысты.
«Мәдени мұра» бағдарламасына сай тарихи деректерді жаппай іздеп табу, жинау,
сұрыптау, жүйелеу және жариялау ісінің басталуы деректерге деген мемлекеттік саясаттың
айқын көрінісі болып табылады.
Курстың мақсаты: келешек тарихшыларды Қазақстан тарихының негізгі деректер
тобымен таныстыру, деректердің пайда болуының объективтілігі мен деректердегі
субъективтілік туралы түсінік беру. Деректі деректанулық талдаудан өткізу арқылы ғана
пайдалануға болатындығын ұғындыру.
Курстың міндеті:
-
Қазақстан тарихы бойынша деректерге шолу жасау;
-
Қазақстан тарихы деректерінің нақты түрлерін білу;
-
Тарихтың деректерінің сыныпталу принциптерін білу;
-
Деректанушылық анализ және синтез әдістерін игеруге ықпал ету;
-
Тарихи деректермен жұмыс істеудің нақты жолдарын үйрету;
-
Қазақстан тарихы деректерінің деректік мәліметтеріне сыни талдауды
қалыптастыру.
Бейімділік, ептілік және дағды:
-
Қазақстан тарихы деректердің ішкі және сыртқы сипатына анализ жасау
методикасын игеру;
-
Оқу барысында студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыта білу;
-
Білімділік – ізденушілік дағды қалыптастыру.
Пререквизиттер:
«
Қазақстан тарихы бойынша деректер» курсы «Қазақстан тарихы», «Теориялық
деректану», «Қазақстан тарихнамасы», «Деректану», арнайы тарихи пәндер.
Постреквизиттер: Қазақстан тарихы бойынша деректер.
Оқыту әдістемесі: Оқытудың негізгі оқу құжаттары қамтылған дәрістер мен
практикалық сабақтар негізінде жүргізілуімен қатар электрондық оқулық т.б. оқу
құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмаларды
беру арқылы жүзеге асады.
Семестр 15 оқу аптадан және 1 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 3 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс, семинар) және екі
сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОСӨЖ), студенттің
өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі:
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс Семестр Кредит
саны
Дәріс
Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ
Барлығы Бақылау
түрі
4
8
3
30
15
45
30
135
емтихан
2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы.
Апта 1
1 кредит сағат
№1 Дәріс
Тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша деректер пәніне кіріспе
Дәріс мазмұны:
1.
Қазақстан тарихы бойынша деректер пәні мен объектісі.
2.
Курстың мақсаттары, мазмұны, құрылымы.
3.
Тарих ғылымындағы деректердің рөлі мен орны.
4.
Деректану тарихнамасы.
ОЖСӨЖ мазмұны: «Қайталанатын дерек», «дара дерек», «қайталанбайтын дерек»,
«тарихи деректер кешені» түсініктерінің өзара байланысы.
СӨЖ мазмұны: Қазақстан тарихы дерекнамасы ғылыми пән ретінде.
Әдебиет:
1. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
2. Атабаев Қ.
Деректану, А., 2007.
3.
Источниковедение истории СССР / Под. ред. Ковальченко И.Д. М., 1981.
4.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2 кредит сағат
№2 дәріс
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде.
Дәріс мазмұны:
1.
Ауыз әдебиеті туындыларының деректік маңызы мен ерекшеліктері.
2.
Фольклорды сыныптау проблемасы.
Сабақтар
Өткізу
уақыты
Сабақ
Өткізу уақыты
Байланыс сағаты 1
(1
дәріс)
50 мин.
ОЖСӨЖ, СӨЖ
50 мин.
Байланыс сағаты 2
(1
дәріс)
50 мин.
ОЖСӨЖ, СӨЖ
50 мин.
Байланыс сағаты 2
(1 практика)
50 мин.
ОЖСӨЖ, СӨЖ
50 мин.