туғанынан бастап, оның көшпелі өзбектермен бірге Мауеренахр мен Хорезмді жаулап
алуына (1500-1059 жж.) дейін Қазақастан (Шығыс Дешті Қыпшақ) мен Мәуеренахр
аумағында болған саяси оқиғалар, атап айтқанда, Шайбани ханның Керей және Жәнібекпен,
Бұрындық ханмен және Қасыммен өзара қатынастары, Сыр бойының қалалары үшін күресі
баяндалады.
«Таврих-и гузида-йи нусрат наме» («Жеңістер кітабының таңдамалы тарихы») деген
тарихи еңбектің авторы қазіргі шығыстанушы –медиевистердің есептеуінше, Шайбани
ханның өзі болуы мүмкін.
Қазақтың жалайыр тайпасының өкілі Қадырәли бек (Қадырғали, 1530-1630 жж.) бізге
дейін жеткен, шартты түрде «Жамиғ-ат Таварих» («Жылнамалар жинағы») деген тұңғыш
траихи еңбекті жазды. Бұл шығарма ауызша тарихиаңыздар мен Рашид ад-Диннің тарихи
жинағы (ХІV ғ) негізінде жазылған. Кітаптың қазақ хандары тарихын көп жағынан
айқындайтын екінші бөлігінің дербес және өте құнды маңызы бар. ХV –ХVІ ғғ. Қазақ
хандығы туралы деректер едәуір ынта-ықылас туғызады, олар қазақ қоғамында ауызша
тарихнамалық дәстүр, генеалогияларға және саяси тарих мәселелеріне нақты мүдделік бар
екенін көрсететін сенімді жергілікті деректемелерге негізделген.
Екінші тарихи шығарма: «Шаджара-йи тюрк» («Түріктердің генеалогиясы») пен
«Шаджара- йи тракима» («Түрікмен шежіресі») белгілі хан Әбілғазының (1603-1604 жж.)
қаламынан шыққан. ынта-ықылас туғызады.
«Түріктердің генеалогиясы» Орталық Азия аймағының көптеген өңірлерінің саяси,
әлеуметтік-экономикалық тарихы, этнографиясы мен тарихы, қазақстан мен Орта Азиядағы,
Маңғыт Ордасындағы Шайбанилер әулеті туралы мәліметтер назар аударуға лайық. Моғол
ұлыстарының тарихы жөнінде , Көшім хандығы, тоғыз заттан тұратын сый тарту ғұрпы және
оның мәні т.т. туралы құнды анықтамалық материал бар. Басқа бір шығарма- «Түрікмен
шежіресі» маңызды тарихи деректеме ғана емес, сонымен қатар көпшіліг орта ғасырлар
дәіріндегі түрік дүниесіне тән көптеген халық әңгімелері, аңыздары этнонимдердің халықтық
этимологиясы, әдет-ғұрыптар, мақалдар мен мәтелдер шеберлікпен баяндалатын елеулі
әдеби ескерткіш болып табылады.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том. А., 1998.
3. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».
2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б.
4. Қазақстан туралы түркі деректемелері. І том. Өтеміс қажы. Шыңғыс наме. –
Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 400 б.
5.
Қазақстан туралы түркі деректемелері. V том. XV – XIX ғасырлар
шығармаларынан үзінділер. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 440 б.
6. Материалы по истории Казахских ханств XV – XVІІІ веков (Извлечения из
персидских и тюркских сочинений). – Алматы: «Наука», 1969. -652 с.
7. Захир ад-дин. Бабыр-нама. – А., Жалын, 1990.
8. Мұхаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди. – А., Туран, 2003.
9. Қадырғали бек Қосымұлы Жалайыр. Жами ат-тауарих. – А., 1997.
10. Әбілғазы Бахадүр хан. Түрік шежіресі. – А., Ана тілі, 1992.
11.
Өтеміс қажы. Чингиз-наме. – А., Ғылым, 1992.
Апта №8
1 кредит сағат
Дәріс №15
Тақырыбы: ХVІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша заң
құжаттары.
Дәріс мазмұны:
1. Заң құжаттары дерек көзі ретінде.
2. Заң құжаттарының түрлері.
Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын құрайтын Ресей заң актілерін
деректанулық сынна өткізу, талдау жасау және тарихи дерек көзі ретіндегі арнайы қарастыру
шынайы тарихымызды жазуға мүмкіндік береді. Сондықтан Ресей империясының заң
шығару ісінің тарихына тоқталайық.
ХУІІІ ғ. Ресейдің орталық және жергілікті билеуші –басқарушы органдарының құрылыым
мен қызметінде үлкен өзгерістер орын алды. Елде самодержавие түріндегі абсолютизм
қалыптасты. ХУІІІ және ХІХ ғ І ж. Ресей империясының заң шығару ісі- жаңка заңдарды
жариялауға патша ғана праволы деген прнцип бойынша жүзеге асты. Ал Сенат, Синод,
коллегияжәне басқа да әкімшілік мемкемелер өздерінің баяндамалары мен ұсыныстарын
білдіріп отырды. Патшаның бір өзінің қолында шоғырланған заң актілері аз уақыт ішіінде
өте үлкен көлемде жинақталды және оларды пайдалану қиындық туғызды. Мемлекет оларды
жүйелеп, жинақ етіп шығаруды қажет етті,яғни кодификациялау қажеттілігі туындайды.
Алғашқыда жария етілген заң актілері қолжазба немесе тізім түрнде тек клауазым иелері
арасында ғана қолдан-қолға көшіріліп отырды. Кейінірек баспаханалардаа арнайы
тапсырыстармен жинақ түрінде басылып шықты. Оның өзінде өте аз данамен және көбіне
толық емес. Дегенмен мұндай кемшіліктеріне қарамастан, оларға деген сұраныс күшейе
түсті. 1720ж. 29 сәуірінде І Петрдің Сенатқа арнайы жүктеген тапсырмасымен алғашқы
Заңдар жинағы кітап түрінде жарық көрді. Кейін, бұдан басқа «Заң журналы», тіпті
жекелеген адамдардың құрастыруымен сөздік, тізім формасындағы жеке жинақтардың түр-
түрі шыққан.Мәселен, Чулкованың жеке жинағы «Описание Российской коммерции»,
«Сенатские архивы»т.б.
әрине бұл заңдар жинағының кейінгі ұрпақ үшін деректік маңызы зор екендігі бәрімізге
мәлім, дегенмен Патшалық Ресей осы заңдар негізінде өздерінің отарлық саясатын
заңдастыра жүргізіп отырды.
Ресей заң актілері жазба деректердің басқа түрінен тек өзіне ғана тән сипаттарымен
ерекшеленеді.Сондықтан оларда сақталынған мәліметтерден объективті мағлұматтар алу
мақсатында ресей заң актілерін дерек көзі ретінде арнайы қарастырған жөн. Деректанулық
тұрғыдан зерттеуді қажет ететін жоғарда аталған Толық Заңдар Жинағын шығару үшін 1826
жылы Санкт-Петербургте арнайы мекеме – Ұлы императордың Жеке Кеңесінің ІІ бөлімінің
баспаханасы ұйымдастырылды. Ерекше Комиссияның бақылауында болған бұл баспахананы
М.Сперансктий басқарды. Жинақ мүмкіндігінше толық шығарылуы үшін алдын-ала
дайындық жұмыстарды жүргізуді қажет етті. Осы мақсатта заңдарды жан-жақты іздестіру
жұмыстары 1830 жылдың 1 наурызына дейін үздіксіз жүргізді. Жинақты басу 1830 жылдың 1
сәуірінд аяқталды. Бұл Заңдар жинағы үш үлкен жинақтан тұрады. Алғашқы жинақ Алексей
патша тұсыныан (1649 ж.) 1825 жылдың 12 желтоқсанына дейінгі аралықтағы
заңдардықамтиды. Барлығы 40 (2) том. Екінші жинақ алғашқының тікелей жалғасы болды;
оған 1825 жылдан, яғни император Николайдың таққа отыруын жария еткен манифесттен
1881 жылдар аралығындағы заң актілері енді; 1881 жылы екінші ТЗЖ 14 томға жетіп
аяқталды. Осы жылдың 1 наурызынан үшінші ТЗЖ шыға бастады. Ол 1917 жылға дейін
жалғасты. Соңғы томы 1913
жылғы
заң актілерін қамтыған, 18 кітаптан тұратын 16 том болып басылып шықты. ТЗЖ- ның
шығып тұруы өз уақытындағы жарияланған заңдардан қалыс қалып, кейде 2-4 жыл , тіпті 5
жылға дейін созылды.
Қарастырылып отырған кезеңдегі Ресей заң актілері өздерінің құрамы жағынан әр
алуандылығымен және әр кезеңнің өзіне тән түрлеріінің күрделілігімен ерекшеленеді.Заң
актілерінің түрлері, арақатынасы үнемі- билеушіден билеушіге өзгеріп отырды. Олардың
кейбір түріне тоқталсақ.
Жарғы (устав) – қандай да бір сот немесе басқару саласына
байланысты енгізілген ережелер немесе заңдар жинағы. Мәселенғ «бөліп ал да, билей бер»
принципі бойынша жүргізілген 1822-1824 жылдардағы Орынбор мен Сібірдегі Кіші жүз бен
Орта жүз қазақьтарын басқару туралы жарғы. Жарғы бойынша патша үкіметі Қазақстанға
тереңдей еніп, өз отарына айналдыру үшін біріккен