Рескрипт(лат. Rescrptum-жазбаша жауап) - белгілі бір қызметиесіне немесе қоғамға,
ұйымға бағытталған монарх актісі. Рескрипт арқылы қызметиесіне арнайы тапсырма
беріледі, қызметіне ризашылық білдіреді немесе марапаталады.
Ереже (положение) – мемлекет немесе қандай да бір мемекеменің құлылымы мен қызметін
реттейтін, белгілі уақытқа есептелген ережелер жиынтығы. Оған мысал ретінде 1891
жылығы «Дала ережесін» келтіруге болады. Ол 4 бөлімге біріктірілген, 168 статьядан
тұрады.
Ресей заң актілері қазақ халқының өткен өмірініңі ең өзекті мәселелерінен құнды
мағлұматтар беретін тарихи дерек көзі болып табылады, яғни Ресей заң актілері Қазақстанды
отарлау тарихының деркк көзі ретінде арнайы зерттелуі тиіс.
Басқа да мемлекеттер тарихы сияқты, Қазақстан Республикасы тарихының да дерек
көздерінің үлкен бір тобын заң актілері құрайды. Қазақстан Республикасы тарихына да
тікелей қатысты. Мемлекеттің құқықтық негізін қалаушы фактор ретінде заң актілері бідегі
қазіргі қоғам тарихының маңызды дерек көзі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің негізі
қаланған Қазақстанда да бүгінде заң актілерінің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың
барлық дерлік күнделікті жұмыстарын реттейтіндігі және бағыттайтындығы, азаматтар мен
ұйымдар арасындағы қатынастарды белгілі бір заңдық нормаларға түсіргендігі- өмір
шындығы.
Заң терминіне «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» атты
оқулықта: «Заң дегеніміз ең жоғарғы нормативтік күші бар акті.
Заң термині әдебиетте екі мағынада қолданылады- «кең» және «тар» мағынасында. «Кең»
тұрғысында алсақ, заңға нормативтік актілердің барлық түрлері: нақты заңдар, жарлықтар,
қаулылар,
шешімдер, бұйрықтар,
нұсқаулар,
ережелер, жарғылар,т.б. жатқызылады.
Ал, «тар» тұрғыдан қарйтын болсақ, заңға тек қана «заң» деп аталатын нормативтік-
құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативтік құқықтық
актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі» деген
анықтама берілген.
Қазақстан тарихнамасында заң актілері дерек көздері ретінде бұрын арнайы
қарастырылмағымен, одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстан да құрамында болған
КСРО тарихнамасында бұл мәселеге кезінде ерекше көңіл бөлген. Заңдық дереккөздерін
талдау және оларды жариялау кеңес өкіметінің бірінші онджылдығында басталды. Аса
маңызды мемлекеттік актілер – декреттерді, конституция, кодекстерді зерттеуге ерекше
көңіл бөлінді. Заңдарды қабылдаудың себептері мен жағдайы, жобаларды дайындау мен
талқылау, авторлығын анықтау сияқты мәселелер қарастырылды. Дегенмен, деректерді
зерттеуде ішкі сынға өте аз көңіл бөлінді. Ол саяси факторлармен қатар, сол кездегі зерттеу
ісінің деңгейінің төмендігімен байланысты болды. ХХ ғ.20-ж. соңына қарай тарих
ғылымында марксизм-ленинизм идеологиясын орнықтыру мақсатында жүргізілген күрес
нәтижесінде ғылыми дискуссилар тиылды, ғылыми көзқарастар мен позициялардың
біртектілігі белең алды, заңдық дереккөзін зерттеудің перспективалық бағыттары жабылды.
Соғыстан кейінгі заңшығарушылықты деректанулық талдауда біршама ілгерушілікті
байқауға болады. Жалпы қарама-қайшылықты үрдістерге қарамастан, бұл саладағы теория
менметодика біршама жетілді.Сондай –ақ, деректерді зерттеуде кеңестік заң актілері аса
маңызды және қолдау көрсетіліп отырған дерек көздеріне жататындығына қарамастан,
зерттеушілер заң актілерінің бір бөлігіне немесе жеке бір заңдарға ерекше назар аударды да,
бір бөлігі немесе жеке кезеңдер назардан тыс қала бастады. Кеңес қоғамы тарихының
деректануы туралы әдебиет көрсеткішінде кеңес өкіметінің алғашқы екі жылында
қабылданған заңдарға арналған әдебиеттер саны 100-ге жуық болса, басқа уақыттарда (1919-
1988 жж.) қабылданған барлық заңдарға арналған әдебиеттердің саны 33-ке зорға жеткен.
әдебиеттердің көбі, негізінен лениндік декретерді және конституцияны зерттеуге арналған.
Кеңестік тарихнаманың тағы бір ерекшелігі заң актілерні зерттеуге таптық тұрғыдан келу.
Юриспруденцияда «Кеңестік социалистік құқық- жаңа, құқықтың жоғарғы типі,
қанаушылықтан түбірімен айырмашылығы бар» деген қағида бұлжымас шындық ретінде
қабылданды. Қарапайым халық өздеріне белгісіз нормалардың кепілдеріне айналды. Өйткені
көптеген заңдар мен құқық қолдану актілері жасырын түрде қабылданды. Сондықтан тарих
ғылымы құқықтықкеңістіктің бұл бөлігіне кіре алмады.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002.
2. Материалы по истории политического строя Казахстана. Т.І. А., 1961.
3. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе / Полн. Собр. Соч. В пяти
томах, т. 4. А., 1985.
4. Абдрахманова Б. История Казахстана: власть,
система управления,
территориальное устройство в ХІХ веке. Астана, 1998.
5. Төлемісов А. Заң актілерінің дерек көзі ретінде ерекшеліктері // Қазақ
тарихы, 2007, №4, -30-33 б.
6. Кенжебаева И.К. Патшалық Ресейдің заң актілері Қазақстанды отарлау
тарихының дерек көзі // ҚазҰУ хабаршысы, №4 (27), 2002, -94-96 б.
7. Толамисов А. Қазақстан тарихының дерек көздері ретінде заң актілерін
кезеңдеу проблемасы // ҚазҰУ хабаршысы, №3 (46), 2007, - 22-26 б.
2 кредит сағат
Дәріс №16
Тақырыбы: ХVІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша заң
құжаттары.
Дәріс мазмұны:
1.
Заңдарды деректанулық талдаудан өткізу мәселесі.
2.
Ресей заңдық құрылымдарының ерекшелігі.
Ресей деректанушылары заң актілерін тарихи дерек көзінің ерекше түрі ретінде
қарастырады. Себебі олар өздерінің мазмұныын, маңызын, ерекшеліктерін мүмкіндігінше
кеңірек ашу мақсатында арнайы таңдау тәсілдерін қолдануды талап етеді. Заң актілерін
зерттеу принциптерінің барлық заңнамалық дерек көздеріне ортақ болуына қарамастан,
олармен жұмыс істеу тәсілдері бірдей емес. Ол заңдық құжаттардың типіне, түрлеріне,
жасалу мақсатына, уақытына, т.б. факторларға байланысты. Айталық, Конституция және
конституциялық актілер еңбек және басқа да заң актілерінен басқаша талданады.Заң
актілерінің маңызы мен пайда болу ерекшеліктері оларды деректанулық талдау
ерекшеліктерін тудырады.
Тарихи дерек көздері ретінде заң актілері не дерктанулық талдау жасау бірнеше қырына
жүргізілуі мүмкін. Дегенмен барлық жағдайда да төмендегідей арнайы міндеттер қойылуы
тиіс:акті мәнінің тарихын зерттеу;оны жасаудағы нақты субъектің рөлін анықтау;
заңшығарушылық жүйесіндегі нақты заң актісінің орныны талдау; заңдық норманың
сипатын, үстем құқықтық түсінікті анықтау; заң катісін онда әр алуан әлеуметтік- тарихи
шындықтың бейнелену объектісі ретінде зерттеу.
Орыс деректанушыларының айтуынша, дерек көздерінің басқа түрлеріне қарағанда, заң
актілерімен жұмыс істеудің жалпы әдістемесін анықтау біршама жеңіл. Ол заң актілерінің
құжат ретіндегі құрамының белгілі бір дәрежеде ұзақ уақыт тұрақты болуымен, оны
ойластырулудан бастап, заң ретінде қабылданып, жариялануына дейін белгілі бір
иерарахиялық жүйеден өту қажеттігімен айқындалады. Олар заң актілерінің құрылымын
шартты түрде былай көрсетеді:
1.
Заң актісінің аты (егер оған енгізлген өзгерістер мен толықтырулар болса, олардың
да көрсетілуі мүмкін)
2.
Кім және қашан қабылдады?
3.
Мәтіні:
3.1 преамбуласы,
3.2
нормативтік баптар,
3.3 қосымшалары.