Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет33/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56

тұрғысынан  зерттеле  басталғандығы  белгілі.  Бұл  ретте  тарих  ғылымы  үшін  ғасыр  айнасы 
іспетті  болған  мерзімді  басылымның  деректік  орны  ерекше.  Негңзңнен  ғасыр  басында 
дүниеге келіп, ғасырмен бірге дамыған қазақ баспасөзінің деректік орнын, олардың өзіндік 
ерекшеліктерін, олармен жұмыс істеу тәсілдерін білу үшін ең алдымен ұлттық басылымның 
тарихи зерттелу жағдайын білу қажет. Себебі, біріншіден, тоталитарлық жүйе, коммунистік 
идеология  қазақ  халқының  тағдыры  сияқты,  баспасөз  тағдырын  да  шешуші  роль  атқарды. 
Екіншіден қазақ мерзімді басылымының өз дәрежесінде ұлт мүддесі тұрғысынан зерттелуі, 
оның  деректік  маңызын  ашуға,  ондағы  салынған  ақпаратттардың  шынайылық  дәрежесін 
айқындауға, сол арқылы халық тарихын жазуға көмектеседі. 
   
Тарихи шындық қазақ баспасөзі тарихын қайта қарауды талап етеді.Ешкімге жалтақтамай 
өз  ұлтыны,  өз  елінің  аласапыран  оқиғаларға  толы,  XX  ғасырда  өз  тарихын  білу  мақсатын 
қойған  зерттеушілер  үшін  тарихи  шындықты  білу  аса  қажет.  Тек,  сол  жағдайда  ғана 
зерттеуші  мерзімді  басылымды  тарихи  дерек  ретінде  дұрыс  пайдаланып,  одан  объективті 
мағлұмат ала алады.  
   
1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін, бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында етек алған 
саяси  және  экономикалық  дағдарыстарға  қарамастан  жалпы  азаматтық  өркениетті  даму 
жолына  бағыт  алған  Ресей  тағдырына  қазан  төңкерісі  келіп  араласты.  Әкені  балаға,  ағаны 
ініге  қарсы  айдап  салған  ала  құйын  дауыл  басталды.  Ғасырларға  созылған  қара  түнек 
патшалықтан соң, демократияның таза ауасын қана жұтып үлгермеген бұрынғы империяның 
құрамында болған миллиондаған халықтың тағдыры, оның ішінде қазақ халқының тағдыры 
да  дүлей  күш  арқылы  зорлықпен  шешілді.  Ұзақ  жылдарға  созылған  атып  –  асу,  алдап  – 
арбау, халықтарды мәңгүрттендіру саясаты басталды. Зымияндықпен үкімет басына келген 
большевиктік  партияның  қанқұйлы  саясатының  құрбандығына алғашқылырдың  бірі болып 
қазақ  халқы  шалынды.  Қазақ  жеріне  алдымен  азамат  соғысы  болып  өнген,  кейіннен  күні 
кешеге дейін әр түрлі тәсілдермен жалғасқан бұл кесепаттың аты коммунистер ойлап тауып 
халыққа күштеп таңылған тап күресі еді. 
    
Әрине, халықтың қайғылы тағдыры оның баспасөзіне де тікелей әсер етті. XX ғасырдың 
басында қалыптасып енді ғана дами бастаған, қоғамдық ой сананың қалыптасуына өз әсерін 
тигізген,  тұтас  бір  халықтың  көзі  мен  құлағына  айнала  бастаған,  қай  жағынан  қарасаң  да 
айқын  демократиялық  сипатта  болған  қазақ  мерзімді  басылымы  күшпен  өмір  сүруін 
тоқтатты.  Оның  орнына  партиянң  тап  күресіндгі  қуатты  қарулы  міндетін  атқарған 
большевиктік баспасөз пайда болды. 
     
Осылай, ғасыр бойында ел өмірінде болған күрделі өзгерістерге байланысты, баспасөз де 
бірнеше  рет  мақсаттық,  мазмұндық,  сипаттық  өзгерістерге  ұшырады.Зерттеуші  үшін  бұл 
өзгерістерді  білу  және  өз  зерттеулерінде  оларды  ескеру  басты  деректанулық  шарт  блып 
табылады.  Демек  бүгінгі  Қазақстандағы  мерзімді  басылым  тарихының,  әсіресе 
республикамыздың  негізгі  халқы  қазақтар  туралы  мол  деректер  көзі  сақталған  қазақ 
баспасөзі тарихын қайта зерттеу айқын қажеттілік. Ол, әрине, қиын да күрделі іс. Келешектің 
ісі. 
   
Дегенмен, ұлттық баспасөз тарихын зерттеудің негізгі бағыттары мен кезеңдері туралы өз 
пікірімізді  айтлсақ,  олар  мыналар:  біріншіден,  өмір  айнасы  аталған  мерзімді  басылым 
тарихын еліміз тарихының контекстісінде қарау; екіншіден, әр тарихи кезеңнің өзгешелігінен 
шыға  отырып,  баспасөздің  негізгі  мақсатын,  бағыт  –  бағдарын,  сол  уақытқа  тән 
ереклшеліктерін  анықтау;  үшіншіден,  мерзімді  басылымға  әр  түрлі  дәрежеде  әсер  ететін 
факторларды  анықтау;  төртіншіден,  әрбір  нақты  газет  не  журоналдың  шығарушыларын 
авторларын  анықтау;  бесіншіден,  нақты  мақала  авторы  туралы  мәліметтерді  толық  беруге 
ұмытылу;  алтыншыдан,  нақты  деректің  дүниеге  келуінің  объективті  алғышарттарын, 
себептерін  анықтау;  жетіншінден,  егер  мүмкіндік  болса  құнды  деректік  маңызы  бар 
түпнұсқасымен салыстыру, сол арқылы автор айтқысы келген, бірақ бетінде жарияланбаған 
мағлұматтарды  табу;  сегізіншіден,  әр  түрлі  жағдайларға  байланысты  автор  ашып  айта 
алманған, бірақ меңзеген нәрселерді анықтау т.б. 


    
Мұның  бәрі  зерттеушілерге  баспасөздегі  деректердің  шынайылық  дәрежесің,  оның 
ғылыми құндылығын анықтауға көмектеседі. 
   
Мерзімді  басылым  тарихының  келесі  бір  үлкен,  принциптері  мәселесі  оның  дамуының 
негізгі кезеңдері туралы мәселе. 
   
Егер баспасөздің негізгі даму кезеңдерің коммунистік партияның алдымен  «социалистік» 
кейіннен «дамыған социалистік» қоғам орнату жолындағы «ерлік істерінің» тарихына қарай 
емес,  қоғамдық  базис  пен  қондырмалардың  түбегейлі  өзгеруінен,  соған  байланысты  саяси 
жүйенің  өзгеруінен  шығар  болсақ,  онда  алғашқы    қазақ  тілінде  жарық  көрген  «Түркістан 
уалаятының  газетінен»  бастап  бүгінгі  күнге  дейін  ұлттық  баспасөз  тарихын  төмендегідей 
басты кезеңдерге бөлуге болады: 
   I.1870-
1917 жылдың наурызы, «Түркістан уалаяты газетінің» шыққан күннен бастап патша 
өкіметінің құлатылған күніне дейінгі қазақ баспасөзінің тарихы. 
II.1917  жылдың  наурызы-1918жылдың  ортасы.Уақытша  үкімет  тұсындағы  демократиялық 
бастамалар кезіндегі ұлттық баспасөз.  
III.1918жылдың  ортасы  мен  –  1920жылдың  аяғы.  Демократиялық  күштердің  большевиктік 
авантюраға қарсы жанталасқан күресі кезеңіндегі баспасөз. 
IV.1921жыл-1991жылдың  аяғы.  Кеңес  өкіметі  немесе  большевиктік  диктатураның  толық 
орнауы  тоталитарлық  жүйенің  қалыптасуы  және  коммунистік  партияның  шексіз  үстемдік 
етуі жылдарындағы мерзімді басылым. 
V.1991  жылдың  соңынан  күні  бүгінге  дейінгі,  тәуелсіз  Қазақстан  тұсындағы  ұлттық 
баспасөз. 
   
Сондықтан  қазақ  халқының  да,  оның  баспасөзінің  де  тарихында  терең  із  қалдырған  сол 
жылдары, біздің ойымызша келесі шартты кезеңдерге бөлуге болады: 
1. 
1921жылдың  басы    –  1925  жылдың  наурызы,  қазақ  баспасөзіндегіеркін 
ойлаушылықтың  қандай  түріне  болмасын  толық  тиым  салынған,  РКП  (б)ның 
Орталық комитетінің белгілі қаулысына дейін. 
2. 
1925  жылдың  наурызынан  1936  жылғы  Қазақстанды  қағаз  жүзінде  болса  да 
«одақтас» республикалар санатына қосқан КСРО конституциясына дейін. 
3. 
1936  жылдың  соңынан    1941жылы    22маусымына  дейін.  Жаппай  саяси  қуғын 
сүргіннің ең шарықтау жылдарындағы және соғыс қарсаңындағы баспасөз. 
4.  1941- 
1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы баспасөз. 
5.  1945- 
1956жж.  Жеңіс  күнінен  бастап,  сталиндік  жеке  басқа  табынушылықты 
айыптаған партияның XX съезіне дейінгі басылымдар тарихы.  
6.  1956- 
1985 жылдың сәуірі. «Жылымық жылдар» мен тоқырау кезеңіндегі баспасөз. 
7. 
1985  жылдың  сәуірі  мен  –  1991жылдың  соңы.  Тарихқа  «  қайта  құру»  деген  атпен 
енген жылдардағы мерзімді басылым 
8. 
1991  жылдың  аяғынан  бүгінге  дейін.  Тәуелсіз  Қазақстан  жағдайындағы  ұлттық 
баспасөз. 
Кеңестік дәуірді мұндай шартты кезеңдерге бөлу ең алдымен ғылыми қажеттіліктен 
туындайды. 
Көрсетілген  тарихи  кезеңдердің  ерекшеліктерін  білу,  оларды  ғылыми  ізденістерге,  сол 
кезеңдегі  басылымдарды  тарихи  дерек  ретінде  пайдалануға  олардан  құнды  материалдар 
алып,  сол  арқылы  шындыққа  жақындауға  көмектеседі.  Мысалы,  1985  жылдың  сәуірінен 
басталған  «қайта  құру»  жылдарында  партияның  «қуатты  қаруы»  ретінде  енген  ұлттық 
басылымдардың  көпшілігінің  аз  ғана  жылдар  ішінде,  КСРО  сияқты  әлемдегі  ең  үлкен 
империясының  күйреуі  қарсаңында,  атын  да,  затын  да  өзгертіп,  таптық  орнына  ұлттық 
бағыт-бағдар алып шыға келуін қалай түсінеміз? Кеше ғана желтоқсан оқиғасына қатысқан 
«нашақорлар» мен «маскүнемдерді» әшкерелеген газет – журналдардың арада 3-4 жыл өтпей 
жатып желтоқсан ерлерін мадақтауын қалай түсінеміз? 
    
Зерттеуші бір басылымның, бір редактордың тұсында бір оқиға туралы айтқан бір-біріне 
қарама-қайшы екі түрлі мәліметтердің қайсысына сенуі керек? Тарихи шындық қай деректе 
дұрыс бейнеленген? 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау