Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56

оғыздардың, қарлұқтардың, жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмысы туралы мәліметтер 
айтылады. Көзімен көргендері туралы хабарларға қосылған есіткендері аз емес. 
     
Бағдатта  туған  араб  таихшысы  әрі  географ  әл-Масудидің  (Хғ.)  шығармалары  бағалы 
тарихи  деректеме  болып  табылады.  Оның  білімінің  негізгі  көзі  Үндістаннан  Атлант 
мұхитына,  Қызыл  теңізден  Каспий  теңізіңе  дейінгі  елдерді  қамтыған  саяхаттар  мен 
халықтың  мейлінше  алуан  түрлі  топтарының  өкілдерінмен  нақты  қарым-қатынас  жасау 
болды.  «Уақыт  тарихы»  (Ахбар  әз-заман)  деген  30  томдық  тарихи-географиялық 
энциклопедиядан бізге жетккені-  «Алтын жуғыштар мен асыл тастар кешені» (Мурудж әз-
захаб уә маадин әл-джавахир, 943 ж.) мен «Тәлімгерлік және қайта қарау кітабы» (Китаб ат-
танбих уә-л- ишраф, 956 ж.) Әл Масудидің еңбектерінде үрік тайпалары (кимектер, оғыздар, 
қарлұқтар,  барысхандар,  тоғыз-ғұздар,  хазарлар)  туралы  тарихи-географиялық  мәліметтер 
мен алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи географиясы жөнінде деректер келтіреді. 
ІХ  ғ.  ІІ  жартысында  Батыс  Қазақстанда  болған  тарихи  оқиғалардың  қысқаша  баяндалуы 
елеулі ынта –ықылас туғызады. 
      
Әл-  Максидидің  (Хғ.)  шығармаларында  өз  көзімен  көргендерге  негізделген  тарихи-
географиялық  деректер  бұдан  да  маңызды  орын  алады.  Араб  геолграфы  әрі  саяхатшы, 
Иерусалимде  туған  ол  Шығыстың  барлық  мұсылман  елдерін  аралап  шықты  деуге  болады. 
Оның шамамен 985 ж. жазылған «Климаттарды тануға араналған ең жақсы бөлініс» (асхан 
ат-  такасим  фи  марифат  әл-  акалим)  деген  шығармасында  елдер  мен  аймақтардың  араб 
әдебиетіндегі толық және жүйелі суреттемесі беріледі, соның ішінде Орта Азия мен Оңтүстік 
Қазақстан  халықтарының  тайпалық  құрамы,  қалалары  мен  қоныстары,  сауда  жолдары 
жасайтын заттары, шаруашылығ мен діни көзқарастары, тілі мен ғұрыптары туралы маңызды 
мәліметтер бар.  
       
Испан  –араб  географы  Исхак  ибн  әл-Хусейннің  (ХІ  ғ.)  Андалусияда  жазылған  «Кез-
келген  жердегі  атақты  қалалар  суреттелетін  інжулер  үйінділері»  деген  шығармасында 
Қазақстанның  түркі  тілдес  тайпалары  суреттеледі.  Оның  түрікер  туралы  тарауда  келтірген 
мәліметтеріне  Гардизидің  (ХІ  ғ.)  әл-Бирунидің  (ХІғ.)  және  әл-Марвазидің  (ХІІ  ғ.) 
ақпараттарында ұқсас сиаттар аңғарылады.  
   
Кітапта  түркі  халықтары  туралы  этнографиялық  және  тарихи  –  географиялық  сиаттағы 
деректер  бар.  әл-Марвивзвдің  (ХІІ  ғ.)  «Жануарлардың  табиғи  қасиеттері  »  (Табаи  әл-
Хайауан)  деген  шығармасын  Қазақстанның  орта  ғасырлардағы  тарихының  құнды 
деректемесі  деп  атаған  жөн.  Оның  туындыларында  түркі  халықтары  туралы  бірегей 
этнографиялық мәліметтер бар. ХІ ғ. б. кимек, оғыз, қыпшақ тайпаларының қоныстануына 
елеулі  ықпал  жасаған  халықтардың  қоныс  аударуы  хабары  ерекше  құнды.  ХІІ  ғ.  орт. 
Арабтың  географ  –  ғалымы  әл-Идриси  арабтардың  рта  ғасырлары    жөнінде  «Аймақтың 
аралап қажыған адамның көңіл көтеруі»  деген аса ірі географиялық шығарма жазды. Онда 
қазіргі Қазақстан аумағында тұрған түрік тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы 
маңызды  да  нақты  материалдар  кездеседі.  Қалалары  туралы  мәліметтер  саудасы,  қолөнері 
туралы жекелеген деректер келтіреді. 
      
Әл Идрисидің бізге келіп жетпеген жазбаша деректерге негізделген мәлімететрі көбінесе 
бірегей  сипатта  болып  келеді.  Мәселен,  кимектер  елін  суреттеген  кезде  ол  Қазақстан 
далаларында туған кимек ханзадасы Жанақ ибн Хакан әл-Кимеки (Х-ХІ ғ.) жазған кітапты 
пайдаланған. 
 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».     
    
2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б. 
3. История Казахстана в арабских источниках. А., 2006. 
4. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. А.,   
    1972.  
Апта №7 
1 кредит сағат  


Дәріс №13 
Тақырыбы: ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан тарихының деректері. 
Дәріс мазмұны: 
1. 
Монғол деректері. 
2. 
Араб деректері. 
3. 
Парсы деректері. 
       
ХІІІ  ғ.  бастап  ортағасырлық  араб  тілдес  авторлар  көбіне  құрастырушыға  айналып,  өз 
заманындағы  жағдайды  сирек  суреттейді  және  өздерінің  алдындағы  географтар  мен 
тарихшылардан  дәйексөздер  келтіруді  жөн  көреді,  оның  есесіне  бізге  келіп  жетпеген 
бірқатар деректемелердің құнды мәлімететрісақтап қалған. Араб географы Ибн Саид (ХІІІ ғ.) 
әл  Идрисидің  тікелей  ізбасары  болып  табылады.  Оның  «Жеті  климат  туралы»  шығармасы 
бұрынғы  деректемелерге  едәуір  тәуелді  екеніне  қарамастан,  Қазақстанның  Еділ  бойы  мен 
Орта Азияның ХІІІ ғ.орта шеніне дейінгі тарихи географиясын зерттеу үшін өз бетінше ынта 

ықылас  аударады.  Қыпшақтар  мен  куманлар  туралы,  олардың  қоныстануы,  қалалық 
қоныстары мен діні туралы қызықты мәліметтер жеткілікті. Тарихшы және географ Закария 
әл- Казвинидің (ХІІІ ғ.) туындылары да деректемелердің осы тобына жатады. Автордың есімі 
«Жан-жануарлардың  кереметтері»  және  «Қалалар  ескерткіштері»  деген  екі  тарихи  – 
географиялық  еңбектерімен  әйгілі  болды.  Мұнда  ІХ-Х  ғ.  қазіргі  Қазақстан  аумағында 
мекендеген  түркі  тілдес  тайпалар:  оғыздар,  қарлұқтар,  жікілдер,  кимектер  туралы  тарихи 
этнографиялық  маңызды  деректер  де  ккелтірілген.  Суфизмді  ұнатқан  және  тегінде  соны 
ұнатудың  салдарынан  болар,  өмірінің  ақырында  Палестинаға  кетіп  қалған  сириялық  әд-
Димашки «Құрғақтағы және теңіздегі уақыт пен ғажайыптардың таңдаулылары» (нухбат әд- 
дахр  фи  аджаиб  әл-барр  уә-л-  бахр)  деген  ғарышнамалық  үлкен  еңбек  жазған.  Оның 
шағармасы араб авторларының едәуір дәрежеде ІХ-ХІ ғ. дәстүрлі бағыттағы шығармаларына 
негізделген. Сонымен бірге онда түркі халықтары және олардың орналасуы, қыпшақтардың 
тайпалық  құрамы  туралы  бұрын  белгісіз  деректер  келтіріліп,  кумандар  қыпшақтардың 
этникалық компоненттерінің бірі деп көрсетілген.  
     
ХІІІ  ғ.  Сирия  ғалымы  Якут  «Елдер  тізбесі»  (Муджан  әл-бұлдан)  деген  географиялық 
әмбебап  түсіндірме  сөздік  жасады.  Онда  мұсылмандар  тобының  да,  оның  шегінен  алыс 
жатқан  жерлердің  де  халықтарының  географиясы,  тарихы,  лингвистикасы,  фольклоры, 
материалдық және рухани мәдениеті жөніндегі автор білетін мәліметтердің бәрі қамтылды. 
Якуттың  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  мен  оғаншектес  жерлердің  ХІІІ  ғ.  басына  дейінгі 
көшпелі  түрік  тайпалары  туралы  деректері  едәуір  толық  әрі  маңызды.  Сөздікте  сондай-ақ 
моңғол шапқыншылығы, моңғол әскерлерінің қыпшақтар, аландар, бұлғарлар және Саксин 
аймағы арқылы жүріп өтуі келтірілген. Месопатамияда туған көрнекті араб тарихшысы Ибн 
әл-Асир  (ХІІ  ғ.)  Якуттың  замандасы  әрі  жақын  танысы  болған.  Ол  бірқатар  тарихи-
библиогеографиялық еңбектер, соның ішінде «Тарихтың толық суреттемесі» (Әл-камил фи- 
т-тарих)  деген  іргелі  тарихи  хроника  жазған,  онда  моңғол  шапқыншылығы  қоса  алғанға 
дейінгі  мұсылман  дүниесінің  тарихы  баяндалған.  Ғалым  орасан  зор  нақтылы  материал 
жинаған,  бірқатар  жағдайларда  ол  бізге  келіп  жетпеген  жазбаша  деректемелерді 
пайдаланған.  Мұсылман  әулеттері  мен  оларға  шектес  мемлекеттердің  саяси тарихы  егжей-
тегжейлі  суреттеледі.  Ертедегі  түріктер,  қарлұқтар,  оғыздар,  қыпшақтар  жөніндегі  саяси-
этникалық, этнографиялық және мәдени сипаттағы деректердің Қазақстан тарихы үшін зор 
маңызы  бар.  Ол  заманындағы  оқиғалар  ретінде  моңғол  шапқыншылығының  жойқын 
зардаптарын суреттеген. Саяси оқиғаларды баяндауын ол 1232 жылға дейін жеткізеді. 
    
Хорезмнен  шыққан  араб  тілді  тарихшы,  ең  соңғы  хорезмшах  Жалал  ад-диннің 
сарайындағы хатшысы және өмірбаяншысы ән-Насави Ибн әл-Асирдің замандасы болатын. 
Оның  моңғол  шапқыншылығының  қарсаңындағы  және  сол  кездегі  хорезмшахтар 
мемлекетіндегі  оқиғалараға  арналған.  «Жалал  ад-дин  Манкубирти  сұлтанның  өмірбаяны» 
деп аталатын шығармасында сол кезеңде қыпшақтармен және түріктердің басқа да көршілес 
тайпалармен  тұрақты  қарым-қатынас  жасап  отырған  Хорезмнің  ішкі  және  сыртқы  істері 
туралы  мәліметтер  бар.  Еңбекте  Қазақстан  даласы  қыпшақтарының  Хорезммен  бейбіт 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау