уә -л-мулук) деген елеулі еңбек жазған ат Табари да парсылық болатын. Ат- Табари
халифаттың әр түрлі қалаларын аралап, көп саяхат жасады, сонон соң Бағдатқа орын тепті
де, өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнадаы. Оның замандасы,
Бағдатта туған, энциклопедиялық білімі бар адам
әл-Жаһиз (ІХғ.) «түріктердің қасиеттері»
(Манакиб әл атрак) деген кітабында Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын тұңғыш рет
этнографиялық тұрғыдан суреттеп берді, Әл-Жаһиз Аббас халифтары ұланының түрік
гулямдарымен жақын таныс араб оқырмандарына оның әр түрлі себептермен ерекше
қызықты болған тақырыптарды іріктеп алған. Ол түріктердің әскери қасиеттерін, олардың
қалада тұратын арабтың көзіне әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша көрінген немесе
халифтардың саяси төңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын суреттейді, өйткені
Аббас халифатының уәзірлеріне «түрік істерімен» едәуір жиі кездесуіне туар келетін.
Араб Тамим ибн Бахрдың солтүстік- шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында жатқан
кимектер елі арқылы Тоғыз-ғұз қағанының астанасына уақыты жағынаан алғандағы алғашқы
саяхаты ІХ ғ. І ж. жатады. Тамим ибн Бахр саяхатының сипаты белгісіз, оның сапары әлдебір
дипломатиялық тапсырмаларға байланысты болуы мүмкін. Ол кимектрдің орналасуы,
шаруашылығы туралы мәліметтер келтіреді, Тараздан (қазіргі Жамбыл) кимектер
патшасының ордасына барған жолын да айтып өтеді.
Нақ сол ІХ ғ. араб тілді географиялық шығармаларда да Қазақстан аумағында мекендеген
тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байланыс және хабар беру қызметінің бастығы Ибн
Хордадбектің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» деген әкімшілік- географиялық
анықтамалығы сақталып қалған әлгіндей шығармалардың ең ертедегі болып табылады. Ол
сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекендер арасындағы қашықтықты көрсеткен,
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы жол бойында орналасқан қалалар мен
қоныстарды тізіп келтірген. Ибн Хордадбектің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс,
почта қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә,оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің
көбі, соның ішінде түрік тйпаларының жиі-жиі дәйексөз келтіретін тізімі де УІІІ ғ. жататын
болса керек. Әл-Якуби (ІХ ғ.)
Мен Кудама ибн Жафардың (Х ғ.) шығармалары жанры жағынан Ибн Хордадбектің
еңбегіне жақын.
Тарихшы әрі гоеграф Әл-Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб әл- бұлдан) деген -
географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы ауқымды тарихи-этнографиялық
материал бар. Оның кең хабардарлығы мен хабардар, қарлұқтар, кимектер, тоғыз-ғұздар
мемлекеттіліг туралы мәліметтері ереркше маңызды. Араб географы және филологы Кудама
ибн жафардың «Харадж және хатшы өнері туралы кітап» (Китаб әл-харадж уә санъат әл-
китаба) деген - географиялық - әкімшілік шығарма жазған. Ол арамей болатын. Ол өз
шығармасын жазған кезде өзі қолына түсірген ресми құжататрды кеңінен пайдаланған. Онда
халифаттың әкімшілік бөлінісі, аса маңызды қалалар , атулар, өзендер, жеті климат (белдеу)
туралы мәлімететр бар. Байланыс жолдарына және жерге орналасуы мен алынатын салықтар
туралы деректер келтіреді, провинцияларды суреттеуге едәуір көңіл бөлген. Онда мұсылман
елдерімен көршілес жерлер туралы да құнды мәліметтер келтірілген: мәселен, түрік
тайпалары: қарлұқтар, кимектер, оғыздар, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шегіндегі сауда
жолдары туралы, маршруттар, қалалар, қоныстар және олардың арақашықтығы туралы
нақытыл материал бар.
Қарастырылып отырған дерекктемелер кешені арасында араб географы Ибн әл –
Факихтің (ІХ ғ. аяғы – Хғ. басы) «Елдер туралы әңгімелер кітабын» (Китаб ахбар әл-бұлдан)
да тапа өткен жөн. Ол өз кітабын көбінесе өзінен бұрынғы авторлардың шығармаларын
негізге ала отырып, 903 жылдар шамасында құрастырған. Онда Азия мен Шығыс Европаның
көптеген еледрі туралы тарихи-- географиялық материалдар жеткілікті. Түріктер туралы
тарау ерекше назар аударарлық, онда түрік тайпалары (қарлұқтар, кимектер, қыпшақтар,
оғыздар, тоғвз-ғұздар және басқалар) туралы, олардың елдері, қалалар, сауда жолдары,
орналасуы, шаруашылық және мәдени қызметі туралы құнды мәліметтер келтіреді. Ибн
Русте көп томды энциклопедиялық шығармасын Ибн әл-Факихпен бір мезгілде жазды деуге
болады. Түркі тілдес тайпалар мен олар мекендеген жерлер туралы бөлімдерінің зор маңызы
бар.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».
2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б.
3. История Казахстана в арабских источниках. А., 2006.
4. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. А.,
1972.
2 кредит сағат
Дәріс №12
Тақырыбы: ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб және парсы деректері.
Дәріс мазмұны:
1.
Х ғасырдағы араб, парсы деректері (әл-Истахри, бн Хаукаль, Ибн
Фадлан, Әбу Дулаф, әл-Масуди, әл-Макдиси тб.).
2.
ХІ-ХІІ ғасырдағы араб, парсы деректері (Исхак ибн әл-Хусейн,
Гардизи, әл-Бируни, әл-Марвази, әл-Идриси).
Араб географиялық әдебиетінің ең гүлденген шағы – Х ғ. Араб географы әрі саяхатшысы,
Орталық Иранның тұрғыны әл-Истахри (Хғ.) – сол дәуірдің танымал өкілі. Оның «Жолдар
мен мемлекеттер туралы кітап» деген еңбегі әл-Балхидің неғұрлым ертедегі, бізге дейін
жетпеген географиялық еңбегінің өңделегн және толықтырылған нұсқасы болып табылады.
Кітапта Парсы теңізі, Аравия, Мағриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Иран,
Хазар теңізі, Армения, Азербайжан, Хорасан және Мауеренахр суреттеледі. әрбір ел жөнінде
шекаралары , қалалары, қашықтығы, маршруттары туралы мәліметтер; өнімдері, саудасы,
қолөнері туралы жекелеген деректер келтіреді. Қазіргі Қазақстан аумағында тұрған түрік
тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы маңызды да нақты материалдар кездеседі.
Онда «Дүние жүзінің картасы» келтіріліп, түрік тайпаларының шоғырланған жерлері
көрсетілген. Әл –Истахридің еңбегін өз кезегінде Х ғ. аяғында Ибн Хаукаль редакциялап,
толықтырда және оны «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әл –масалик уә-л-
мамалик)деп атады.
Ибн Хаукаль солтүстік Месопатамиядан шыққан, өз кезінде көп саяхат жасаға. Түрік
тайпалары туралы тарихи-географиялық мәліметтері әл-Истахридің хабарларымен көп
жағдайда сәйкес келеді. Оның түрік тайпаларына берген лингвистикалық сипаттамасы ден
қоярлық: оның айтуынша, олардың бәрі бір тілде сөйлейді. Әл-Истахри мен Ибн Хаукальдың
еңбегінің маңызды бөлігі «Жер келбеті» (Сурад әл-ард) деген географиялық карта болып
табылады. Тексімен бірге картаны зерттеу түрік тайпаларының орналасуы туралы мәліметі
әлдеқайда жақсы анықтауғы мүмкіндік береді. Х ғ. арабтың екі саяхатшысы Ибн Фадлан мен
Әбу Дулаф Қазақстан жері арқылы жүріп өткен. Ибн Фадлан «Жазба» (Рисала) деген елеулі
еңбек жазған, онда хазарларға қарсы араб- бұлғар одағын орнату және бұлғарлар арсында
ислам негіздерін орнықтыру мақстаында араб халифатының астанасынан Еділ бұлғарларына
бірнеше адам болып барған делегацияның сапары суреттелген. Елшілік Бағдаттан 921 ж.
маусым айында шығып, бұлғарларға 922 ж. мамырында жеткен. Жолды Хамадан, Рей,
Нишапур, Мерв, Бұхара, содан соң Хорезм, Үстірт және Жайық арқылы Еділ бойына қарай
жүріп өткен. Қайтар жолдағы мерзімдері мен карталар белгісіз. Онда орыстардың,
хазарлардың әлеуметтік және рухани тарихы жөнінде маңызды мәліметтер келтіреді.
Этнографиялық сипаттағы мәліметтре толып жатқан көшпелі түрік тайпаларына:
печенегтерге, башқұрттарға және әсіресе қазіргі Қазақстанның батыс облыстарында
мекендеген оғыздарға қатысты.
Әбу Дулаф Самани билеушісі ІІ Насырдың сарай қызметшісі болған. 942 ж. Әбу Дулаф
Қытай мен Үндістанға сапар жасап, өз замандастары арасында саяхатшы атанған. Әбу Дулаф
саяхаттаыр туралы өз естеліктерін екі «Жазбада» баяндаған, оларда кимектердің,
Достарыңызбен бөлісу: |