а) Жазба деректердің барлық түрлері: акт, грамоталар, заңдар, бұйрықтар, хаттамалар,
шағымдар, күнделіктер, заманхаттар т.б.
ә) Әр түрлі мақалалар: публицистикалық, ғылыми зерттеу, тарихнамалық деректанулық,
сын библиографиялық т.б
б) Қосымша сипаттағы мәтіндер: сілтемелер, ескерпелер, әдебиеттер, тізімі.
Мәтін деректер асинхронды және синхронды деп бөлінуі мүмкін.
Асинхронды мерзімді басылымнан немесе оның жеке сандарынан бұрын пайда болғандар.
Бұл мәтін деректер өзінің дүниеге келуі жағынан қөздерін жарияланған басылымнан тіптен
тәуелсіз.
Синхронды мерзімді басылыммен не оның белгілі бір томдары, сандарымен тікелей
байланысты, сол басылымды дайындау барысында дүниеге келген мәтін деректер.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002.
2. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
3. Энциклопедия «Айқап» (Құрастырушылар: Субханбердина Ү., Дәуітов С.). –
Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. – 367 б.
4. «Қазақ» газеті. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас ред-сы, 1998. – 560 б.
5. Галиев В.З. Казахстан на страницах дореволюционной печати: Сибирская
газета, Тургайская газета. – Алматы, 2001.
Апта №12
1 кредит сағат
Дәріс №23
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті – ХVІІІ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан
тарихының дерегі ретінде.
Дәріс мазмұны:
1. Жекелей поэзиялық шығармашылықтың пайда болуы және дамуы.
2. Халық ауыз әдебиетінде тарихи оқиғалардың бейнеленуі.
Е. Бекмаханов фольклордың дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
туралы
Е. Бекмаханов « Қазақстан ХIX ғасырдың 20 – 40 жылдарында » деген еңбегінде мұрағат
деректер мен қатар фольклорлық деректерді де – тарихи жыр – дастандарды, өлеңдер,
әңгімелер, естеліктер, мақал – мәтелдер т.б. молынан пайдаланған және» принципті маңызы
бар үлкен мәслеге, атап айтқанда - тарихи (этнографиялық) дерек ретінде тұтас алғанда
фольклор туралы мәселеге және оны ғылыми пайдалану әдістеріне өысөаша тоқталып
кеткен».
Фольклордың Қазақстан тарихының дерегі ретіндегі маңызын, зерттеуші, қазақ
халқының XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жазба әдебиетінің болмағандығымен,
сондықтан тарихи ірі оқиғалардың ауызша тарих айту дәстүрі арқылы ұрпақтан – ұрпаққа
жеткізіліп отырғандығымен түсіндіріледі. Ауыз әдебиетінің маңыздылығы ол: «тарихи
оқиғалармен жеке адамдарға дәл және көбінесе дұрыс бағасын береді, себебі тарихты
жасаушы және суреттеліп отырған оқиғалардың тікелей қатысушы халықтың өзі болып
табылады» - деп, фольклордың халықтық табиғатымен дәлелдейді.
Өмір халық тарихына дәл келмейтін нәрсені халықтың қабылдап өз жырына
айналдырмайтындығын, оған халықты ешқандай күш зорлап көндіре алмайтындығын талай
рет көрсетіп береді.
Ал, фольклордың ғылыми құндылығы туралы Е. Бекмаханов: « ... сан алуан оқиғалардың
бірін қалдырмай баяндайтындықтан, талайлардың атын атап, түсін түстеп беретіндіктен, іші
не қилы дректерге толы болғандықтан бұл фольклор дегеніміз тарихшы үшін, әсіресе
қоғамдық қатынастар саласын зерттейтіндер үшін шын мәнінде баға жетпес қазына» –дейді.
Осылай, Е. Бекмаханов фольклорлық деректердің қазақ тарихы үшін деректік маңызы
мен құндылығын жоғары бағалай отырып, олардың деректік ерекшеліктері мен
кемшіліктерінде көрсетіп берді. Ол: «Фольклордың өзіне тән негізгі ерекшеліктері – оның