Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56

қатынастары  мен  қарулы  қақтығысының  фактілері  көрсетілген,  сондай-ақ  қыпшақ 
қоғамының ішкі құрылымы туралы бірсыпыра деректер келтірілген. 
      
Билік  басына  мамлюктер  (қыпшақтар)  әулетінің  келуі  және  олардың  Алтын  Ордамен 
байланыстарының  жандануы  себепті  ХІУ-ХУ  ғ.  Мысырда  тарихи  әдебиеттің  едәуір 
дамығандығы  байқаладаы.  Әкімшілік  мақсаттры  үшін  іргелі  энциклопедяилар  жасалады, 
оларға  түрік  әулеттері,  халықтары  және  олардың  елдері  туралы  тарихи-  этнографиялық 
деректер  де  енгізіледі.  Мысырда  қыпшақтан  шыққан  сұлтан  Рукн-ад-дин  Бейбарыстың 
(1260-
1277)  өмірбаянына  арнап,  оның  хатшысы  Әбді  әз-заһир  жазған  тарихи  еңбек  ХІІІ  ғ 
өзінде –ақ пайдаболды. Бұл шығармада Алтын Ордамен өзара қатынастар туралы мәліметтер 
келтіреді.  Қырымнан  Ительге  (Еділге)  дейінгі  қысқаша  жолнұсқа    беріледі,  сол  кезде  –ақ 
Дешті  Қыпшақтан  шықққандар  көп  тұратын  Қырым  халқының  тайпалық  құрамы,  Алтын 
Ордадағы діни және идеологиялық жағдай туралы хабарланады. «Әдеп тәртіптері жөнінідегі 
тілектер  шегі»  деген  энциклопедиялық  жинақ  көрнекті  тарихшы  ән-Нувайридің  (ХІУ  ғ.) 
қаламынан туған. Еңбек 5 бөлімге бөлінеді, олардың соңғысы тарихқа раналған және бүкіл 
еңбектің  жартысын  алады  деуге  болады.  Тарих  бөлігі  негізінен  құрастырма,  тек  соңғы 
жылдар хроникасы ғана тұпнұсқа сипатында, баяндау 1331 ж. дейін жеткізілген. Автор түркі 
халықтары  туралы  тарихи-этнографиялық  деректер  келтіреді.  «Қыпшақтар  елін»  қысқаша 
сипаттап,  қыпшақ  рулары  арасындағы  өзарар  қырқыс  туралы  хабарлайды,  қыпшақ 
тайпаларының  құнды  тізімін  келтіреді.  Дамаскіде  туған  әл-Омари  жазған  «Қалалардың 
иеліктері  жөніндегі  шолу  жолдары»  (Масалик  әл-абсар  фи-  мамалик  әл  амсар)  деген 
энцияклопедия  да  қызықты  және  оның  деректік  маңызы  аз  емес.  Моңғол 
шапқыншылығының  Орта  Азия,  Кавказ  бен  Еділ  бойы  тағдыры  үшін  зардаптары  туралы, 
Дешті  Қыпшақты  қалалары  мен  сауда  жолдары,  қыпшақтардың  орналасуы,  олардың 
әдетғұрыптары туралы мәліметтер едәуір ынта-ықылас туғызады. Белгілі араб саяхатшысы 
Ибн Батуттаның (ХІУ ғ.) еңбегі де сол дәуірге жатады, ол 25 жыл (1325-1349) саяхат жасапғ 
150 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен. Ол көптеген сапарлары туралы «Қалалардың 
ғажайыптары мен саяхаттары, кереметтері туралы пайымдушыларға тарту» деген кітабында 
айтып береді. Қырымнан оңтүстік орыс даласымен Еділге дейінгі маршрутты суреттеуінде 
құнды  материал  бар.  Бұл  жерлер  Алтын  Орданың  қарамағында  болған  еді.  Ғалым 
Астраханна Константинопольге барған, сонан соң Алтын Ордаға қайтып келіп, хан ордасы 
Сарайда болған, Еділден жүзіп өтіп, Үстіріт, Хорезм, Бұхара мен Ауғанстан  арқылы жүріп 
өткен. 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том. А., 1998. 
3. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».   
    
2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б. 
4. Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. І том. Моңғолдың құпия  
    
шежіресі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 400 б. 
5. Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. ІІ том. Лұбсанданзан.  
    
Ежелгі хандар негізін салған төрелік жосығының туындыларын құрастырып,  
    
түйіндеген Алтын тобчы (Алтын түйін) демек-дүр. – Алматы: Дайк-Пресс,  
    2005. – 
364 б. 
6. Қазақстан тарихы туралы монғол дерктемелері. ІІІ том. Деректемелер мен  
      
мұрағаттық құжаттар. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 180 б. 
7. История Казахстана в персидких источниках. Том V. Извлечения из  
      
сочинений ХІІІ-ХІХ веков. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 476 с. 
8. Материалы по истории Казахских ханств XV – XVІІІ веков (Извлечения из 
      
персидских и тюркских сочинений). – Алматы: «Наука», 1969. -652 с. 
2 кредиттік сағат  
Дәріс №14    
Тақырыбы: ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан тарихының деректері. 


Дәріс мазмұны: 
1. 
Европа тіліндегі деректер. 
2. 
Түркі және қазақ деректері. 
3. 
Орыс деректері. 
    
Жалпы  дәстүр  мен  мәдениет  негізінде  парсы  тілді  шығармалармен  біріктірілген  және 
негізінен  Орта  Азия  мен  Шығыс  Түркістанда  жазылған  түркі  тілді  әдебиет  ескерткіштері 
соңғы  орта  ғасырлар  дәуіріндегі  Қазақстан  тарихы  жөніндегі  нарративтік  деректемелер 
арасында  маңызды  орын  алады.  Оларда  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихының  қазақ 
халқы құрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуымен және дамуымен, сондай-ақ ХV-ХVІІ 
ғ.  б.қазақ  қоғамы  өмірінің  көрінісін  жаңғыртып,  көрсетумен  байланысты  кезеңнің  ерекше 
маңыздылығын баяндайтын едәуір мәліметтер бар.  
     
Жалпы  тарих  бойынша  «Зубдат  әл-  асар»  («Маңызды  жылнамалар»)  деген  шығарманы 
басқа бір деректемелер бойынша Абдаллах Балхи (ХVғ. аяғы- ХVІ ғ. басы) ретінде белгілі 
Абдаллах бен Мұхаммед Шайбани біржола жаулап алғанға дейін Темір ұрпақтарына қызмет 
еткен.  Құрастырма  хорника  болып  табылатын  шығармада  мұсылман  әулеттерінің  тарихы 
баяндалады.  Оқиғаларды  суреттеу  1525  жылға  дейін  жеткізіледі.  Еңбектің  ХІV  ғ.алғашқы 
ширегі үшін ғана түпнұсқа деректеме ретінде маңызы бар. Мұнда қазақтардың саяси тарихы 
мен олардың билеушілері жөнінде нақты материал бар. Мұхаммед Шайбани ханның 1510 ж. 
өзбектердің жеңілісімен аяқталған қазақстарға жорығы туралы айтылады.басқа деректермен 
қатар,  Қасым  ханның  Түркістан  мен  Ташкентке  жорығына  байланысты  мәліметтер  де 
келтіреді.  
     
Тарихшы,  ақын,  билеуші  –  Үндістанда  Ұлы  Моғолдар  империясының  негізін  салушы 
Бабырдың  (1483-1530)  тарихнамада  «Бабар-наме»  («Бабыр  жазулары»)  деген  атпен  белгілі 
болған еңбегі ора ғасырлардың тамаша тарихи-әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады.  
    
Бабыр  сол  дәуірдегі  көптеген  оқиғалардың  куәгері  ғана  емес,  тікелей  қатысушысы  да 
болды.  «Жазбалар»  Орта  Азия,  Ауғанстан  және  Үндістан  тарихы  жөніндегі  өте  құнды 
деректеме болып табылады. Бұл кітапта сол замандағы ғұрыптың мейлінше толық көрінісі 
берілген.  
     
Қазақстан  тарихы  үшін  Бабырдың  Жетісі  моңғолдары,  Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы 
Әбілқайыр мемлекеті туралы, Мұхаммед Шайбанидің саяси іс-қимылдарына қатысу туралы, 
қазақтану  институты,Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісудың  тарихи  географиясы,  өзбектер 
сияқты, қазақтардың, қырғыздардың және Орта Азиядағы басқа да түркі тілдес халықтардың 
этникалық тарихы туралы мәліметтреі ерекше маңызды.  
     
ХVІ  ғ.  «Шыңғыс-  наме»  деген  құнды  тарихи  шығарма  туды.  Оның  авторы-Елбарыс 
ханның (1512-1525) қызметінде болған ықпалды отбасынан шыққан Хиуа тарихшысы Өтеміс 
Қажы ибн Маулана Мұхаммед Дост. 
      
«Шыңғыс-наме» мәліметтерінің орта ғасырларағы Қазақстан халқының саяси, этникалық, 
шаруашылық,  әлеуметтік-мәдени  өмірінің  проблемаларын  шешу  үшін  зор  маңызы  бар. 
Өтеміс  қажының  туындысы  Шыңғыс  хан  мен  оның  ұрпақтары  билік  еткен  уақытты  және 
онда  Алтын  Орданың  хандары  туралы  мәліметтер  бар.  ХІV  ғ.  Қазақстанды  зерделеу  үшін 
ғылыми ынта-ықылас туғызатыны күмәнсіз.   
      
Қашқариядағы  белгілі  суфылық  қайраткер  Қожа  Мұхаммед Шарифке  арналған,  авторы 
беймәлім  агиографиялық  шығарма  «Тазкира-  йи  Ходжа  Мухаммад  Шариф»  (Қожа 
Мұхаммед Шарифтің ғұмырнамасы) ХVІ ғ. ІІ жартысына жатады.оның бірінші бөлігі аңызға 
құрылған  және  суфылық  ізгілік  рухына  толы,  нақтылы  тарихи  мағлұмататршығарманың 
екінші бөлігінде айтылады, онда, атап айтқанда, Шағатай ұрпағы Абд ар-Рашид ханның ұлы 
Абд  әл-Латифтің  қырғыздарға  шапқыншылығы  туралы  және  кейіннен  оның  өлуі  туралы 
мағлұмат  бар.  Осы  оқиғаға  қатысты  мәлімететр  айтылған  басқа  шығармалардан  Абд  әл-
Латифтің  қазақ  хандарының  басшылығымен  ататнған  қазақтар  мен  қырғыздардан  қаза 
тапқаны мәлім. 
     
Шайбани  ханның  ресми  тарихының  авторы  ақын  әрі  ғалым  Мұхаммед  Салих  болып 
табылады.  Оның  «Шайбани  -  наме»  ретінде  белгілі  шығармасында  Шайбани  ханның 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау