Осы және басқа да сұрақтарға жауап табу үшінзерттеуші жалпы мерзімдібасылымдардың,
оның ішінде қазақ баспасөзінің де бағыт-бағдарының, мазмұнының өзгеруіне әкеліп соққан
факторларды, сол жылдағы қоғамда болған саяси-әлеуметтік өзгерістерден, олардың ұлттық
сана-сенімге тигізген әсерінен іздеуі қажет. Баспасөз тарихын қоғам тарихымен
байланыстыра зерттегенде ғана дұрыс жауап табуға болады.
Сонымен ұлттық баспасөздің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын еліміздің
тәуелсіздік алуына байланысты қайта зерттеу, оның жүріп өткен жолын, қилы кезеңдерін
айқын бейнелеу мерзімді басылымды халқымыздың XX ғасырдағы тарихының дерегі ретінде
пайдаланудың басты алғы шарттарының бірі болып табылады.
б) Ұлттық басылымдар тарихының бұрмалануы
Соңғы жылдары баспасөз бетінде ұлттық мерзімді басылымдарды тарих дерегі ретінде
қарастыру әрекеті жасалып жүр. Ол,сөз жоқ, қуанарлық іс. Дегенмен, кей жағдайда
зерттеушілердің нақты басылымдарға қатысты мәліметтерді жеткізудің орнына, шындыққа
сай келмейтің мәліметтер ұсынған жағдайлары да кездеседі. Мысалы, Р.Құдабаеваның,
1993жылы жарық көрген «Газета» , «Казах как исторический источник» деген мақаласында,
М.Дулатұлының 1992 жылы жазған «Ахмет Байтурсынович Байтурсынов» атты
мақаласындағы, «Қазақ» газетінің жабылар қарсаңындағы жағдайы және таралымы туралы
ақпарат беретін: «...газета перед закрытимем имала свою собственную типографию, большой
запас бумаги, небольшую библиотеку, тираж перевышал 8000» - деген жолдар «...газета
перед закрытием имела свою собственную типографию, большой запас бумаги, небольшую
библиотеку, тираж превышал 18000» - деп келтіріліп, газет таралымы сол уақыттың
өлшемімен қиял жетпейтін санға өсіп кеткен.
Жалпы қазақ тарихының күрделі мәселелерінің бірі болып табылатын 1916 жылғы
июньжарлығына қатысына туындаған оқиғаға қатысты «Қазақ» газетінің шығарушыларының
ұстаған бағытын Д.Белғамыш: «Орыс үкіметінің сенімінеие болып, жер мәселесінде өз
мүдделерін өткізу үшін «Қазақ газетінің шығарушылары 1916 жылғы патша жарлығына
қолдау көрсетті» - деп, өзінше түсіндірген.
Қорыта айтсақ, ғасыр басындағы ұлттық басылымдармен жұмыс істеу барысында
зерттеушілер жалпы басылымдарға тән ортақ проблемалармен немесе нақты басылымға ғана
тән ерекшеліктермен кездесіп отырады. Сондықтан, олар деректану ғылымымен таныс
болулары тиіс. Ол зерттеушілерге деректерден «сыннан» өткен, ғылыми құндылығы жоғары
мәліметтер алуға көмектеседі.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002.
2. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
3. Энциклопедия «Айқап» (Құрастырушылар: Субханбердина Ү., Дәуітов С.). –
Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. – 367 б.
4. «Қазақ» газеті. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас ред-сы, 1998. – 560 б.
5. Галиев В.З. Казахстан на страницах дореволюционной печати: Сибирская
газета, Тургайская газета. – Алматы, 2001.
2 кредит сағат
Дәріс №22
Тақырыбы: Мерзімді басылым.
Дәріс мазмұны:
1.
Мерзімді басылымдарлы деректанулық талдаудың негізгі принциптері және
проблемалары.
2.
Қазақстандағы газет ісінің тарихы (ХІХ-ХХ ғғ.).
Газеттер мен журналдарды талдаудың ерекшеліктері олардың жазба деректердің түрі
ретіндегі күрделілігі мен өзіндік орнынан туындайды. Біріншіден, мерзімді басылым әр
алуан жазба деректердің қзіндік түрлерінен тұрады.