1. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
2. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. А., 1985.
3. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. А., 1985.
4. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. А., 1994
5. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973.
6. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. А., 1982.
7. Сыдықов Т. Қазақтың тарихи жырлары және бүгінгі ғылым // Қазақ
фольклорының тарихилығы. А., 1993.
8. Қасқабасов С. Миф пен әпсананың тарихилығы // Қазақ фольклорының
тарихилығы. А., 1993.
9. Сейдімбек А. Қазақ жырлары: кеше, бүгін, ертең // Қазақ әдебиеті. 1994,
№11-12.
10. Бердібай Р. Эпос мұраты. А., 1997.
Апта 2.
1 кредит сағат
№3 дәріс
Тақырыбы: Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының деректік
базасы.
Дәріс мазмұны:
1.
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар
тарихының деректік
базасының жалпы жағдайы.
2.
Деректердің негізгі басылымдары.
3.
Сыныптау мәселелері.
Қазақстанның тұрғындары туралы мәліметтер ертедегі Грекияға Персия арқылы, сондай-
ақ Қара теңіз өңіріндегі грек отарлары арқылы жетіп тұрды. Тегінде, бұл аймақтың тарихи
тағдырлары жөнінде бірсыпыра анық мәліметтер беретін «Тарих» деген тамаша еңбекті
жазған Геродот (б.з.б. 484-425жж.) болар. Қазақстан тарихын зерттеу үшін грек
тарихшыларының Александр Македонскийдің жорықтарын суреттейтін шығармаларының
бірсыпыра маңызы бар, олардың арасында Диодарды, Помпей Трогты, Полибийді атап өткен
жөн. Олардың көшпелілер мен Парфия, Грекия мен Бактри арасындағы саяси қақтығыстар
туралы жеткізген мәліметтері ерекше маңызды. Алайда оларда Қазақстанның ертедегі
тайпалары туралы нақты ақпарат көп емес. Ертедегі Қазақстан тарихы үшін географиялық
антик әдебиеті маңызды деректеме болып табылады.
Б.з.б. ІІ ғасырдан бастап Қазақстан тарихын зерттеуде қытай деректемелері айтарлықтай
рөл атқарады. Антик авторларына қарағанда, қытай авторлары жалпы алғанда Қазақстандағы
жағдайды жақсырақ білетін еді. Қытайдың экспансиясының батысқа жылжуы Шығыс
Түркістандағы, Қазақстан мен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу қажеттігін туғызды. Бұл
орайда халықтар мен тайпалардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, олардың өмір салты, саяси
құрылысы мен соғыс оқиғалары туралы материал мақсатты түрде жиналды. Бұл ақпарат
әдетте барлауды мақсат ететін елшілердің, саудагерлердің, саясатшылар мен
миссионерлердің Орта Азия иеліктеріне сапарларының нәтижесінде алынып, жеткізіліп
отыратын. Сонымен бірге мәліметтер жинау қытай әскерлерінің жорықтары кезінде жүзеге
асырылды. Ертедегі және орта ғасырлардағы қытай деректемелері, сыңаржақ болғанына
қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.
Деректеметануда ІХ-ХУІІ ғ. араб, парсы және түркі әдебиті ерекше орын алады, онда
Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір
құнды материалдар бар.
Араб халифаты дәуірінде арабтардың Шығысты жаулап алуы, синкретикалық
мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман
дүниесінің саяси шекарасынан тыс жатқан алыс аймақтармен сауданың дамуы арабтарды
Шығыс Европа мен Орталық Азияның көршілес елдерімен және алыстағы халықтар мен
тайпалар туралы ақпарат жинауға құлшындырады. Арабтардың орта ғасырладағы
тарихнамасының Қазақстан аймағына ерекше ден қоюы олардың Орта Азиядағы жаулап
алған жерлерін нығайту және Қазақстанның жауынгер көшпелі тайпаларынан сыртқы
қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігімен де байланысты болды.
Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тілді шығармалармен біріктірілген және
негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тілді әдебиет ескерткіштері
соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақстан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер
арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ
халқы құрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуымен және дамуымен, сондай-ақ ХV-ХVІІ
ғ. б. қазақ қоғамы өмірінің көрінісін жаңғыртып, көрсетумен байланысты кезеңнің ерекше
маңыздылығын баяндайтын едәуір мәліметтер бар.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том. А., 1998.
3. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
4. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».
2005. Т.1: Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 б.
Т.2: Антикалық Грекия және Рим тарихи ойы. – 2005. – 416 б.
Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б.
5. Қазақстан тарихы туралы түрік деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітіктастары
мен ескерткіштері (Орхон,Енисей,Талас).– Алматы: Дайк-Пресс, 2005.- 252 б.
6. Қазақстан туралы түркі деректемелері. І том. Өтеміс қажы. Шыңғыс наме. –
Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 400 б.
7. Қазақстан туралы түркі деректемелері. V том. XV – XIX ғасырлар
шығармаларынан үзінділер. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 440 б.
8. Қазақстан тарихы туралы монғол дерктемелері. І том.
Моңғолдың құпия
шежіресі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 400 б.
9. Қазақстан тарихы туралы монғол дерктемелері. ІІ том. Лұбсанданзан.
Ежелгі
хандар негізін салған төрелік жосығының туындыларын құрастырып,
түйіндеген Алтын тобчы (Алтын түйін) демек-дүр. – Алматы: Дайк-Пресс,
2005. –
364 б.
10. Қазақстан тарихы туралы монғол дерктемелері. ІІІ том.
Деректемелер мен
мұрағаттық құжаттар. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 180 б.
11. История Казахстана в персидких источниках. Том V. Извлечения из
сочинений ХІІІ-ХІХ веков. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 476 с.
12. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. А.,
1972.
13. Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического
письма. – СПб.: Филологический факультет СПб ГУ, 2003. – 560 с.
14. Материалы по истории Казахских ханств XV – XVІІІ веков (Извлечения из
персидских и тюркских сочинений). – Алматы: «Наука», 1969. -652 с.
15. Захир ад-дин. Бабыр-нама. – А., Жалын, 1990.
16. Мұхаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди. – А., Туран, 2003.
17. Қадырғали бек Қосымұлы Жалайыр. Жами ат-тауарих. – А., 1997.
18. Әбілғазы Бахадүр хан. Түрік шежіресі. – А., Ана тілі, 1992.
19. Өтеміс қажы. Чингиз-наме. – А., Ғылым, 1992.
2 кредит сағат
№4 дәріс
Тақырыбы: Орта Азия мен Қазақстан көшпелілер тарихы туралы антик авторлары.
Дәріс мазмұны:
1.
Грек авторлары: Геродоттың «Тарихы», Страбонның «Географиясы».