Ал, “мемуар” туралы айтсақ, оның термин ретінде біздің тілімізден берік орын алғаны
рас. Дегенмен А.Байтұрсынов жазба деректің бұл түріне кезінде “заман хат” деп ат қойып,
“Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан, яки өз ішінде болған істерден дерек беруі
заман хат деп аталады” – деп, оның мәнін толық ашатын анықтамасын да берген еді. Мүмкін,
біздің де сол атқа қайта оралғанымыз дұрыс болар.
Соңғы жылдары “деректеме” деген термин орыс тіліндегі “источники” деген терминнің
баламасы ретінде қолданылып жүр. Әрине, деректануға қатысты барлық терминдерге талдау
жасап шығу мүмкін емес. Ол арнайы зерттеу жұмысының тақырыбы. Дегенмен, деректану
ғылымы үшін маңызы үлкен өзекті терминдердің тағы біріне тоқталайық. Деректануда
“классификация” деген термин жиі қолданылады. Қазақ тілінде ол “топтау”, “жіктеу” деп
жазылып жүр. ( “Орыс деректану мектебінде жазба және басқа да тарихи деректерді әр түрлі
белгілеріне қарай топтау, жіктеу әрекеттері жасалынған”. “Қазақ тарихы”. 1995.№ 1. 74 б.).
А. Байтұрсынұлының “Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу
керек” (Ақ жол. 352 бет) деген қағидасына сай жүргізілген ізденістер “топтаудың” да
“жіктеудің ” де “классификациясының” мағынасына сай келмейтіндігін көрсетті. Олай
дейтініміз, біріншіден, деректерді категорияларға бөлу зерттеушіге тәуелсіз объективті
өлшемдерге негізделуі тиіс. Олар деректердің өзіне тән объективті қасиеттерінен шығуы
керек.
Екіншіден, онда деректегі шындықтың ену және бейнелену заңдары көрінуі қажет.
Сондықтан деректерді бөлу, яғни “классификация” проблемасы тек таза техникалық емес,
методологиялық та проблема болып табылады және тек қалың деректер арасында бағыт
көрсету қызметін ғана атқарып қоймайды, сонымен қатар олар зерттеу тәсілі қызметін де
атқарады. Орыс тілінде “классификация” осы мағынада қолданылады.
“Топтау” да “жіктеу”де ол мағынаны бере алмайды. Біріншіден бұл сөздер орыс тілінде
басқа мағына білдіреді. ( “группировать”, “склонять”). Екіншіден, олар деректерді тек
механикалық бөлшектеуді білдіреді. Сондықтан біз “классификацияның” баламасы ретінде
“сыныптау” деген араб сөзін қолдануды ұсынар едік. Себебі, түркі тілінде бұрыннан да кең
қолданылап жүрген бұл сөз соңғы жылдары біздің тілімізге де ене бастады. Қазіргі
мектептерде бұрынғыдай “класс” демей “сынып” деп айтылуы соның дәлелі. (“Бірінші
орынды Алматы қаласындағы № 161 көп салалы гимназияның 11 сынып оқушысы
Нұрмахаметова Гүлжан жеңіп алды”. “Қазақ тарихы”, 1999. № 4 – 57, 81 б.).
Екіншіден, араб тілінде белгілі бір жүйені соған сай келетін майда жүйелерге бөлу
“сыныптау” деп, ал оның нәтижесінде алынған бөлшектерді “сыныптар” деп атайды. Бұл
“классификацияның” мағынасымен сай келеді. ( “Сыныф – рот, сорт, класс, категория”.
Баранов Х.К. Арабско – русский словарь. М.
Русский язык, 1984,С.447).
Әдебиет:
1. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
2. Атабаев Қ.
Деректану, А., 2007.
3. Источниковедение истории СССР / Под. ред. Ковальченко И.Д. М., 1981.
4.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2 кредит сағат
№2 дәріс
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде.
Дәріс мазмұны:
1.
Ауыз әдебиеті туындыларының деректік маңызы мен ерекшеліктері.
2.
Фольклорды сыныптау проблемасы.
3.
Қазақ халқында ауызша тарих айту дәстүрінің қалыптасуы және дамуы,
құрылымы.
Ауыз әдебиеті – фольклор әр түрі тарихи дерек көздері арасында қазақ халқының өткен
өмірін бейнелеу жағынан теңдесі жоқ деректер тобын құрайды. Тарихымыздың қамтитын
хронологиялық шеңберінің кеңдігі, беретін мәлеметтерінің молдығы, көлемінің көптігі