Ауыз әдебиеті туындыларының осындай ерекшліктерінен шыға отырып, оларды
ғылыми талдау мақсатында біраз жұмыстар атқарылды.
Ол ең алдымен фольклорды халқымыздың асыл мұрасы ретінде жинау, жүйелеу және
жариялау жұмыстарынан басталған еді. Бұл іспен өз кездерінде Ш. Уәлиханов, Ы.
Алтынсарин, В. Радлов, Г. Потанин, Ә. Диваев т.б. айналасты. Фольклор жинау ісі кеңестік
кезеңдеде жалғастырылды. Қортындысында ҚР ҰҒА Орталық Ғылыми кітапханасының
қолжазба қоры мен М.О. Әуезов атындағы әдебиет жән өнер институтының текстология
және қолжазба бөлімінде фольклордың мол қоры жинақталды. Соған байланысты аталған
институт жанынан 1989 жылы қазақ қолжазбаларының ғылыми орталығы құрылды. Қазір
бұл орталықта қазақ фольклорының ірілі - ұсақты 200 мыңдай нұсқасы сақтаулы. Олардың
ішінде батырлар жырының – 92 (вариантымен 300), тарихи өлең - жырлар мен әңгімелерінің
–
98 (вариантымен 400), шығыс сарындағы астандардың -81 (вариантымен 215), ертегілердің
-
500 үлгісі бар. Сондай – ақ, 6 мың бетке жуық тарихи шежіре жинақталған.
Кезінде олардың 150 том етіп жариялау жоспарланған еді. 1994 жылға дейін олардың
14
томы жарық көріп, 10 томнан астамы баспаға өткізуге дайындалған (10).
Қазақ фольклорын ғылыми талдау ісі де Ш. Уәлихановтан басталды деуге болады. Ол
ғасырлар қойнауында дүниеге келген ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаумен қатар, оларға
талдау жасап, ғылыми құндылықтарын көрсете білді. Мысалы, « Қазақ шежіресі» деген
еңбегіндегі қазақ халқының даму ерекшелігіне сай, ел арасына кең тараған тарихи деректер
тобына жататын аңыз - дастандар туралы осыны айтуға болады. «Дала жыр - дастандары
өзінің қарапайым ұғымды шынайылығымен, нақтылы өмірден алшақтамайтындығымен
құнды. Онда ертедегідей сенімсіз сиқырлы қимыл - әркеттер кездеспейді. Сондықтан болар,
халық тарихы жыр - дастандарды өте жоғары бағалайды» (11) – деп, жыр – дастандардың
тарихи дерек ретіндегі ерекшелігін көрсетсе, «Аңыз – дастандардағы тарихи оқиғалар, тегі
қазаққа жақын Әбіғазы жазған «Түрік шежіресі» атты және сондай – ақ, әсіресе (Жами ат –
тауарих), шежіредегі деректерден алшақтамайды» (12) – деп, бір деректі екінші дерекпен
салыстыру арқылы оның ғылыми маңыздылығын, ондағы айтылған мәліметтердің
шынайылығын айқындаудың жолын ұсынды.
Ш. Уәлиханов жыр – дастандардың тарихи дерек ретінде сақталу, өмір сүру формасын,
олардың ғасырдан ғасырға, атадан балаға жету құпиясы мен жолдарын, түрлі ерекшелігі мен
қазақ қоғамындағы алатын орнын, халықтың өз дерегіне деген көзқарасында көрстіп берді.
Мысалы, қазақ халқының жыр - дастандарға деген сүйіспеншілігін, олардың дерек
ретіндегі сақталуы мен ел арасына таралуы туралы «Қазақ шежіресінде»: «Ата бабаларының
ерлігі туралы тарихи жыр - дастандарға дегенде, халықтың сүйіспеншілігінде шек жоқ.
Соншалықты мол мұраны ауыздан ауызға, жазбасыз, баспасыз алып даланың бір шетінен
екінші шетіне жеткізіп, ғасырлар бойы ойда сақтау, олардың суырып салма
(импровизаторлық) ғажап қабілетінің көрнісі болса керек», - деп (13),
өз халқының қабілетіне
ризашылық білдіре отырып, сол деректердегі тарихи оқиғалардың бейнелену дәрежесі
туралы: «Көне жыр - дастандардың сол бәз қалпында, ұшы қиыры жоқ даланың бір шетінен
айтылатын шығармасының оқиғасы боз даланың екінші бір шетіне айна қатесіз қайталануы
таңдандырмай қоймайды. Көне түрік салт - сана, әдет - ғұрыптардың қаймағы бұзылмаған
қазақтарда, өмірдің бар саласын қамтитын оқиғалармен байланысты адам аттары, жер су
аттары, т.б.
есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады» - дейді.
Деректану ғылымы үшін деректердің сақталу және өмір сүру формасын айқындаудың
да үлкен маңызы бар десек, Шоқан Уәлиханов жыр - дастандардың тарихи тәрбиелік
мәнімен қатар, олардың нақты өмір сүру формасын, ұрпақтан - ұрпаққа жетуінің жолдарын
айқын көрсетіп берді. Ол: «Осы тарихи мәні бар мол мұраны біреулер домбырамен
сүйемелдеп әндетсе, енді біреулер мынау сонау замандарда жасаған пәленше деген күйшінің
аты, өшпес күйі еді деп, сыбызғыда ойнап, қобыз тартып, өнерлі адамдардың аты ел -
жұрттың есінде мәнгі қалып қоюына себепші болады. Қазақтардың әрбір ру басылары өз ру -
тайпаларының шежіресін, шыққан тегін, елдің әдет - ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын,
халықтардың басынан өткен тарихи жағдайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен