Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56

2. 
Рим авторлары.  
3. 
Ахеменид  жазбалары:  І  Дарий  патшаның  жазбалары.  Бехистун  жазбалары, 
Персополь жазбалары және т.б. «Авеста». 
      
Қазақстанның  тұрғындары  туралы  мәліметтер  ертедегі  Грекияға  Персия  арқылы, 
сондай-ақ Қара теңіз өңіріндегі грек отарлары арқылы жетіп тұрды. Тегінде, бұл аймақтың 
тарихи  тағдырлары  жөнінде  бірсыпыра  анық  мәліметтер  беретін  «Тарих»  деген  тамаша 
еңбекті жазған Геродот (б.з.б. 484-425жж.) болар. Қазақстан халықтары туралы хабарлар 
ең  көп  дәрежеде  төртінші  кітапта  шоғырландырылған,  онда  көшпелі  скиф  тайпаларының 
орналасу  географиясы,  олардың  тарихы,  рухани  мәдениеті,  әдет-ғұрыптары  туралы 
баяндалады.  Геродот  хабарларының  негізгі  деректі  материлдар  да,  Қазақ  стан  мен  Орта 
Азияның    (скиф) тайпаларына барып тіркелетін ауызша фольклорлық дәстүр де алынған. 
Ктесийдің  куәліктерінде  ахеменид  уақытының  тарихы  жөнінде  бірқатар  құнды 
деректер  бар,  олар  оның  «Персия  тарихы»  деген  шығармасында  жиналған.  Бұл  еңбекті 
Диодор  (б.з.б.  І  ғ.),  Үлкен  Плений  (б.з.  Іғ.),  Клавдий  Элан  (б.з.  ІІ-ІІІ  ғ.)  сияқты  авторлар 
деректеме  ретінде  пайдаланған.  Неғұрлым  кейінгі  авторлар  Ктесийді  «тарихи  романның 
атасы»  деп  атайды.  Ктесийдің  әңгімелерінде  кейде  анахронизм  сарыны  сезіледі.  Дегенмен 
ежелгі  грек  жазушысының  ақпаратында  ертедегі  Қазақстан  этнотары,  олардың  орналасқан 
жерлері,  қоғамның  саяси  ұйымдастырылуы  туралы  анық  деректердің  жекелеген  маңызды 
ұшықтары  әр  жерде  шашырап  жатыр.  Ктесийдің  бірқатар  қызықты  новеллалары  шын 
мәнінде жергілікті халық дәстүрінен мәліметтер береді.  
    
Қазақстан  тарихын  зерттеу  үшін  грек  тарихшыларының  Александр  Македонскийдің 
жорықтарын  суреттейтін  шығармаларының  бірсыпыра  маңызы  бар,  олардың  арасында 
Диодарды,  Помпей  Трогты,  Полибийді  атап  өткен  жөн.  Олардың  көшпелілер  мен  Парфия, 
Грекия  мен  Бактри  арасындағы  саяси  қақтығыстар  туралы  жеткізген  мәліметтері  ерекше 
маңызды. Алайда оларда Қазақстанның ертедегі тайпалары туралы нақты ақпарат көп емес. 
Ертедегі  Қазақстан  тарихы  үшін  географиялық  антик  әдебиеті  маңызды  деректеме  болып 
табылады. Страбонды (б.з.д. І ғ.- б.з.  І ғ.) оның көрнекті өкілдерінің бірі деп санау керек. 
Оның «Географиясында»  Қаақтан мен Орта Азяның табғи жағдайлары мен халықтарының 
тұрмыс  салты  туралы  мәліметтер  олардың  саяси  тарихының  әр  түрлі  оқиғаларымен 
ұштастырылды.  Страбон  географиялық  әдебиетті  үстірт  бағдарға  ала  отырып,  кейде  нағыз 
географиялық жағдайды онша біле бермеді. Мәселен, ол Каспий теңізін тұйық бассейн емес, 
мұхит шығанағы деп санады және Арла теңізі жөнініде ешнәрсе білмеді, мұның өзі, әлбетте, 
жалпы  көріністің  бұрмалануына  әкеп  соқты.  Птоломейдің  (б.з.  І  ғасырдың  аяғы  –  ІІ  ғ.) 
«География» атты шығармасы күрделі болса да, бағалы деректеме болып табылады. Тексте 
қалалардың, өзендердің тау тізбектерінің, көлдердің географиялық координаттары беріліп, әр 
түрлі  аймақтардың,  соның  ішінде  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  шекаралары  көрсетілген. 
Птоломей  сақтар  елімен  (сірә  Қазақстанның  оңтүстігі,  Сырдария  алабының  бойы  болар) 
қатар Скифияны да біледі, ал Еділден Балқаш көліне дейінгі кең – байтақ жер Скифия деп 
қарастырылды.  Бұл  мәліметтердің  құндылығы  өте  зор  екені  даусыз,  алайда  оларды 
пайдаланғанда  өте  сақ  болу  қажет,  өйткені  Птоломейдің  түрлі  деректемелерден  алынған 
деректерді сын көзбен байыптап тексеріп алмай қоса салатыны да кездеседі.  
 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».  
     
2005.      Т.1: Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 б. 
      
Т.2: Антикалық Грекия және Рим тарихи ойы. – 2005. – 416 б. 
 
Апта 3. 
1 кредит сағат 
№5 дәріс.  
Тақырыбы:   Қазақстанның халқы мен жергілікті аймақтары туралы   
                         
Қытай деректері (б.з.д. ІІ ғ.) 


Дәріс мазмұны:   
1. 
Деректердің негізгі түрлері. 
2. 
Сыма Цян «Тарихи жазбалар» («Шицзи»). 
3. 
Бань Гу «Ежелгі Хань әуілетінің тарихы» (Цянь Ханьшу»). 
4. 
Фань Е «Кейінгі Хань әулетінің тарихы» (Хеу Ханьшу). 
Б.з.б.  ІІ  ғасырдан  бастап  Қазақстан  тарихын  зерттеуде  қытай  деректемелері 
айтарлықтай рөл атқарады. Антик авторларына қарағанда, қытай авторлары жалпы алғанда 
Қазақстандағы жағдайды жақсырақ білетін еді. Қытайдың экспансиясының батысқа жылжуы 
Шығыс Түркістандағы, Қазақстан мен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу қажеттігін туғызды. 
Бұл  орайда  халықтар  мен  тайпалардың  мінез-құлқы  мен  әдет-ғұрпы,  олардың  өмір  салты, 
саяси  құрылысы  мен  соғыс  оқиғалары  туралы  материал  мақсатты  түрде  жиналды.  Бұл 
ақпарат  әдетте  барлауды  мақсат  ететін  елшілердің,  саудагерлердің,  саясатшылар  мен 
миссионерлердің  Орта  Азия  иеліктеріне  сапарларының  нәтижесінде  алынып,  жеткізіліп 
отыратын. Сонымен бірге мәліметтер жинау қытай әскерлерінің жорықтары кезінде жүзеге 
асырылды,  сондай  жорықтардың  ең  ертедегі  б.з.б  104-102  жылдардағы  Хань  әскерлерінің 
Ферғана  алқабындағы  Давань  иелігіне  жасаған  жорығы  болатын.  Қазақстан  халықтары 
туралы  алғашқы  анық  мәліметтер  император  У-ди  (б.з.б.  140  –  86  жж.)  батыс  облыстарға 
жіберген тұңғыш қытай елшілігінің жетекшісі Чжан Цяннан алынған. Чжан Цянь «батысқа» 
б.з.б. 138 жылы және б.з.б. 115 жылы екі саяхат жасады. Басқасын былай қойғанда, оларда 
сюндарға  (ғұндар)  қарсы  Орта  Азия  тұрғындары  юэчжилермен  және  Жетісу  усундерімен 
доақтасуға  қол  жеткізу  мақсаты  көзделген  еді.  Чжан  Цянь  өз  миссиясы  барысында  жат 
жерліктер  шаруашылығының  жай-күйіне,  олардың  әскерлері  санына,  қару-  жарақтарына 
ерекше назар аударды, сондай-ақ  олардың әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, киім- кешегінің 
ерекшеліктерінің бәрін жазып алып отырды. 
Әлеуметтік тарихтар ішінде Қазақстан мен Орта Азия халықтары туралы ең көлемді 
және  бағалы  деректер  Сыма  Цянның  (б.з.б.  145—86  жж.)  «Тарихи  жазбалар»  («Шицзи») 
деген тарихи еңбегінде, атап айтқанда,  «Өмірбаян» бөлімінің  «Сюнну  туралы хикая»  және 
«Давань  туралы  хикая»  деген  екі  тарауларында,  сондай-ақ    Хань  императорлары  мен 
қолбасшыларының  өмірбаяндық  суреттемелерінде  келтірілген.Мұнда  Орталық  Азия 
иеліктері,  олардың  өзара  және  Қытаймен  қатынастары  туралы  маңызды  мәліметтер 
жиналған.  Сыма  Цянның  еңбегінде  аңызға  айналған  кезден  аса  көрнекті  тарихшы  өмір 
сүрген кезге дейінгі көз жететін бүкіл тарихи кезең қамтылады.  
    
«Шицзиден» кейін «Ежелгі Хань тарихы» («Цянь Ханьшу») келеді, оны негізінен б.з. І 
ғ.  Бань  Гу  жазып,  оның    оқымысты  қарындасы  Бань  Чжао  аяқтаған.  Бань  Гудың  еңбегі 
ортодоксалдық конфуцияндық еңбектер қатарына жатады, ол тарихи шығармалардың жаңа 
жанрын – бір әулеттің басқару тарихын бастап берді. Қытай мен Орталық Азияның б.з.б. ІІ ғ. 
бастап жаңа заманға дейінгі тарихы баяндалатын 26 әулет тарихыҚытйдың  бірегей тарихи 
мұрасы  болып  табылады.  Бань  Гудың  шығармасында  орталық  Азияның  жат  жерлік 
халықтары суреттелетін мәліметтерге «Сиюй чжуань»  («Батыс өлке туралы  хикая» ) деген 
арнаулы  тарау  бөлінген.  Хроникада  Хань  империясынан  Орта  Азияға  апаратын  негізгі 
жолдар  көрсетіліп,  оның  этникалық  топтары,  олардың  айналысатын  жұмыс  түрі, 
экономикалық және әскери жағдайы, Шығыс Түркістанның полистері, олардың арасындағы 
соғыстар  мен  сауда,  саяси  одақтар  суреттелген.  Онда  Қытайдың  Батыс  өлкедегі 
дипломатиясы  да  да  сипатталған.  Бань  Гудың  еңбегі  200  жылдай  кезеңді  қамтиды,  онда 
Давань,  Усун,  кангюй,  сондай-ақ  Сюнну  иеліктері  туралы,  соның  ішінде  сюнну  билеушісі 
(шаньюй)  Чжичжидің  Солтүстік  –  Батыс  Тянь-  Шандағы  иеліктері  туралы  мәліметтер бар. 
Алайда  Бань  Гу  өзінің  еңбегінде  өз  кезінде  оқиғалар  туралы  жазбаған,сондықтан  да  оның 
еңбегі «Ертедегі Хань әулетінің тарихы » деп аталады. Бұл жөнінде осы еңбекке қосымшаны 
V  ғ.  ғалым  Фань  Е  жазған.  Фань  Е  «Цянь  Ханьшу»  мәліметтерін  толықтыра  келіп,  Бань 
Гудың  еңбегіне  баға  берген,  Бань  Гудың  бауыры  Бань  Чжао  жұмыс  істеген  Сиюйддегі 
қызмет  пен  жағдайларды  бірінші  рет  жазған.  Фань  Е  Қытайдың  сыртқы  саясаты  мен 
Орталық  Азиядағы  дипломатиясына,  Қытайдың  дәстүрлі  «батыс»  саясатының  саяси 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау