Соның өзінде Л. Н. Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері
туралы» жазған шежіресі деп біледі.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2. Қазақстан тарихы туралы түрік деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітіктастары
мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас).– А.: Дайк-Пресс, 2005.- 252 б.
3. Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического
письма. – СПб.: Филологический факультет СПб ГУ, 2003. – 560 с.
4. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
5. Зәкенұлы Т. Күлтегін ескерткішіндегі қытайша мәтіннің зерттелуі // Қазақ
тарихы, 2006, №1, 12-14 б.
2 кредит сағат
№8 дәріс
Тақырыбы: Қазақстан халқы мен территориясы туралы ежелгі
түріктердің руникалық ескерткіштері (VІ-Х ғғ.).
Дәріс мазмұны:
1.
Түркі ескерткіштерінің формалары, түрлері. Сыныптау проблемасы.
2.
Буғыт жазбасы, Орхон, Енисей жазбалары. Талас ескерткіштері.
Орхон –Енисей жазба ескерткіші түркі тілдерінің шығыс бұтағына жатады. О.-Е. ж.т.
руникалық ескерткіштерінің кейбір бөлігі жазылған ежелгі ұйғыр әдеби тіліне өте жақын
(«Мойын –шорға арналған ескерткіш», Терхин және Тесин жазбалары, «Бал ашу кітабы»
және басқалар болуы мүмкін). Ескерткіштердің таралуының негізгі аймақтары –қазіргі
Моңғолия жері, Орхон, Онгин, Селенгі өзендерінің жазығы және басқа да жерлер, сондай –ақ
Ресейдің Енисей бассейні мен Минусинск ауданындағы Хакасия, Туваға қарасты жерлер.
Неғұрлым ірілері әрі қомақтылары орхондық ескерткіштер 732 және 775 жылдарғы, екінші
шығыс түркі қағанаты (б.э. VII-VIII ғасырлардың ) деп аталатын, Күлтегін мен Білге қағанға
арналған жазба –эпитафиялар; Тоныкөк (шамамен 716 ) пен Кули шорға (722) арналған
ескерткіштер; қалғандары ортаазиялық жазбалар, оларда VIII ғасырдікі болуы әбден мүмкін,
олардың бір –екеуі, сірә, VII ғ. ең соңындағы енисей жазбалары. Қазіргі кезде олардың 150-
ден астамы ашылған, ең көбі жазба –эпитафиялар, сонымен бірге заттар мен жартастардағы
жазбалар, олар, негізінен, IX-XI ғасырларға қатысты. Басқа географиялық аймақтар түркі
руникалық ескерткіштеріне оншалықты бай емес.Ортағасырлық ұйғыр князьдықтарының
орындарындағы Шығыс Түркістанда, басқа еш жерде ұсынылмаған руникалық
қолжазбалардың аз ғана көлемі сақталған, сонымен бірге «Бал ашу кітабы» деп аталатын
тәмсіл мен алтын болжауға арналған ерекше кітабынан фрагменттер сақталған; барлық осы
ескерткіштер, шамасы , ескі ұйғыр әдеби тілінде жазылған X ғасырға қатысты.
Салыстырмалы түрде Алтайда ашылған қысқаша жартас жазбаларының аз бөлігі, Байкал
бойы мен Ленада - өте аз ашылды. Орта Азиядағы түркі руникасы Ферғана жазығында
табылғаны – керамика мен дөңгелек тастардағы тоғыз эпитафия. Енисей мен шығыс
Түркістан ескерткіштері, сондай –ақ жазылған уақыты бойынша да Моңғолияда түркі
руникалық жазбасының орталық аймағына қабысатын болса, ал Алтай, Байкал бойы, Лена
және ортаазиялық жазбалар –түркі руникасының ежелгі нұсқалары; олардың шыққан
уақыты әзірше анықталмаған, өйткені тарихи деректер жоқ, ал руникалық жазбаларды
палеографиялық зерттеу енді ғана басталуда. Шығыс Еуропа мен Солтүстік Кавказда металл
ыдыстар мен керамикадағы жазулар тіркелген, сонымен бірге таңбалары кей кезде азиаттық
руника әліпбиінің таңбаларымен сәйкес келетін, түркі руникасына кейбір ғалымдар түсірген
эпиграфиялық үзінділер бар, бірақ көрсетілген мәтіндерді қысқаша немесе үзінді түрінде
анық оқу мүмкін емес.Ғалымдардың болжағанындай, О.-Е. ж.т. диалектүстілік
(наддиалектілік) койненің жазбаша түрде белгілеген түрі болып табылады, яғни алғашқы
руникалық ескеркіштер уақытына дейін ұзақ өңделуі мүмкін; сөйтіп, сірә, X ғасырдың
аяғына бастап қолданыстан шыққан болуы керек. Көшпелі түркі империясы мен оның