Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56

үйреніп,өзінің шешендік өнерін шыңдауға көптеген аңыз - әңгімелерді, мақал - мәтелдерді, 
маңызды  оқиғаларға  қатысты  ұлағатты  асыл  сөздерді  ұзақ  уақыт  жаттайды.  Сондай 
дайындағы  бар  билердің  аузынан  шыққан  сөздерді  толық  ұйып  тыңдайды.  Ол  нақыл 
сөздердің мәні өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет - өнеге, тәлім - тәрбилік патриоттық 
мазмұнда болып келеді» - дейді . 
          
Сонымен  қатар,  ғалым  өткен  ғасырдың  орта  кезінде  халық  арасында  бой  көтере 
бастаған келеңсіз жағдайларға көңіл аудара келе, « Өкінішке орай, енді бір он жылдан соң, 
бұрын солай болып еді,содан не қалды дейтін уақыт алыс емес сияқты,біздің халық қалай тез 
өзгеріп,  құбылады  десеңші!»  -  дейді  .  Көп  ұзамай  -  ақ  бабамыздың  бұл  қаупі  өмір 
шындығына айналды. 
         
Фольклорға жүйелі деректанушылық талдау жасамағандармен, халық ауыз әдебиетінің 
туындыоарына  қатысты,  егер  қазіргі  тілмен  айтсақ,  деректанулық  көзқарастарын  білдірген 
келесі  қазақ  ғалымдары  Ә.  Бөкейхан  және  А.  Байтұрсынұлы  болды.  Ә.  Бөкейхан  Шәкәрім 
Құдайбердіұлының  «  Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  хандар  шежіресі»  және  «Қара  қыпшақ 
Қобыландыға»жазған рецензияларында шежіре мен батырлар жырына қатысты өз ойларын 
айтса, А. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышында» шежіренің дерек көздері ретінде маңызы 
мен  ерекшеліктері  туралы  айтқан  .  Алаш  көсемдерінің  өткен  ғасырдың  басында  айтқан 
деректанулық  ойлардың  ғылыми  маңызын  бүгінге  дейін  жоғалпауы,  олардың 
тұжырымдарының дұрыстығының дәлелі. 
         
Кеңес  өкіметі  жылдарында  С.  Сейфуллин,  М.  Әуезов,  Л.  Соболев,  Ә.  Марғұлан,  С. 
Мұқанов,  В.  Жирмунский,  Қ.Жумалиев,  Н.  Смирнова,  Е.  Ысмайлов,  М.  Ғабдуллин,  Б. 
Кенжебаев,  Е.  Тұрсынов,  Р.  Бердібаев,  С  Қасқабасов,  Б.  Уахатов  т.б.  өз  еңбектерінде 
фольклорды дерек көздері ретінде қарастыруға және пайдалануға мүмкіндік беретін әр түрлі 
деректанулық  ойлар  айтты.  Аталған  авторлардың  еңбектерінің  бірінде  фольклордың 
түрлік,жанрлық  ерекшеліктер,  сақталу  формаса  туралы  айтылса,  екінші  бір  еңбектерінде 
олардың  пайда  болуының  алғышарттары,  деректік  маңызы,  объективтілігі  т.б.  туралы 
айтылған. 
          
Мысалы, М. Әуезов «Уақыт және әдебиет» атты еңбегінде: « Халық арасында әлде бір 
батырдың қостаушы және соны жақтауға байланысты таралған өлең - жырларды алғашында 
бір  ақын  жинап,  басын  құрауы,  сөйтіп  тұңғыш  эпостық  дастанның  тууына  негіз  қалануы 
ықтимал»  -  деп,  эпостық  дастандардың  тұрмыс  -  салт  жырларының  негізінде  пайда  болуы 
мүмкін  екендігі  туралы  болжам  айтады.  Ұлы  әдебиетші  өзінің  бұл  ойының  негізсіз  емес 
екендігі  туралы  «  Батыр  жорыққа  аттанарда  айтылатын  қоштасу  жыры  ,  ол  қалындық 
әкелгенде  айтылатын  қоштасу  жыры,  ол  өлгенде  жанкүйерлері  жылап  -  сықтап  айтатын 
жоқтау жыры сол батыр жайындағы эпостық жырдың негізін құрамауы мүмкін емес» - деп, 
оған « Ер сайын » жырынан нақты дәлелдер келтірілген . 
        
Белгілі әдебиеттанушы ғалым, Қ. Жумалиев: « Тарихи оқиғаның ізі, сәулсі болып әдеби 
мұралар  туып  отырады.  Олардың  кейбірулері  оқиғаның  жалпы,  ұлы  сорабын  сақтаса... 
кейбірулері  күні  кеше  ғана  болып  өткен,  ізі  суымаған  тарихи  оқиғаның  негізінде  туды. 
Бұлардың  ішінде  айтылытын  оқиға  да,  қатысушы  адамдардың  іс  -  әрекеттері  де  тарихи 
шындыққа жақын, қиял – ғажайып оқиғалар мейлінше аз. Осы жағынан қарап, алды,ғы әдеби 
нұсқаларды эпостық жырлар деп айтсақ, соңғысын тарихи жырлар деп айтамыз. Бұл екеуінің 
негізі  бір,  екеуінің  де  түбінде  тарихи  оқиға  жатыр»  -деп  ,  әдеби  мұралардың  ерекшелігін, 
эпос пен тарихи жырлардың ортақ белгілері мен айырмашылығын көрсткен. 
          
Батырлар жыры мен тарихи жырларды зерттеу ісімен ұзақ жылдар бойы Е. Ысмайылов 
айналысты. Ол батырлар жырын: « XIV ғасырға дейінгі болған қаңлы - қыпшақ заманының 
батырлар  жыры...  XIV  –  XVI  ғасырлардағы  ноғайлы  заманының  батырлар  жыры...  XVII  – 
XVIII  ғасырдағы  қазақ  -  қалмақ  арасының  қарым  -  қатынасына  байланысты  батырлар 
жыры... XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт - азаттық қозғалысына байланысты батырлары 
жыры...» – деп (22), қазақтың жалпы батырлар жырларын шыққан уақыты мен заманының 
ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлген. 


         
Осындай,  т.б.  тарих  ғылымының  негіздерінің  бірі  болып  табылатын  деректанудың 
зерттеу  объектісіне  жататын,  әр  түрлі  дәрежедегі  проблемалар  туралы  құнды  пікірлер 
басқада аталған авторлардың еңбектерінде көптеп кездеседі. Оларды жан – жақты зерттеп, 
жинақтап,  бір  жүйеге  келіру  үшін,  біріншіден,  фольклортану  мен  деректану  ғалымдарын 
жақындастыруға,  сол  арқылы  біртұтас,  жүйелі  деректану  ғылымын  қалыптастыруға 
мүмкіндік  жасаса,екіншіден,  тарихшыларға  фольклор  мәлеметтерін  деректанулық  талапқа 
сай талдау арқылы өздерінің зерттеу объектілерін тереңірек аша түсуге көмектесер еді. 
         
Халқымыздың  ауызша  тарих  айту  дәстүрінің  негізінде  пайда  болған  туындыларының 
тарихилық  проблемасын  зереттеуде  1993  жылы  жарық  көрген  «  Қазақ  фольклорының 
тарихилығы  »  атты  монаграфияның  алар  орны  ерекше.  Еңбекке  елімізге  кеңінен  танымал 
фольклортанушы  ғалымдар:  Р.  Брдібаев,  С.  Қасқабасов,  Т.  Сыдықов,  З.  Сейтжанов,  Б. 
Абылқасымов  т.б.  зерттеу  жұмыстары  енген.  Оларда  орыс  және  қазақ  ғалымдарының 
фольклорды  зерттеу  тәжірибесі  талданып,  жеткен  нәтижелері  жинақталған.  Фольклортану 
ісінің  қиындықтары  мен  проблемалары  көрсетіліп  оларды  одан  әрі  зерттеу  жолдары 
айтылған. Мысалы, Р. Бердібаев ғылыми дәстүрі бұрыннан қалыптасқан орыс фольклортану 
ғылымында  эпос  зерттеуге  арналған  күрделі  монаграфияларға  шолу  жасай  отырып,  қазақ 
эпостарының шынайылық деңгейінің анықтау ісінің қиындықтарына тоқталса, С. Қасқабасов 
ауыз  әдебиетінің  үлкен  бір  тобын  құрайтын  миф  пен  әпсананың  түрлік  ерекшеліктерін 
анықтап, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми негізделген пікір айтқан. Ал, Т. 
Сыдықов болса, өзінің « Қазақ фольклорында тарихи жыр жанрының туу, қалыптасу, даму 
жолдары  мен  кезеңдері,  оның  тұрмыс  –  салт,  батырлық  эпос  жырларымен  генетикалық 
байланыстары  мен  айырмашылықтары  сөз  болып,  тарихи  жырдың  мазмұны,  кейіпкерлері, 
тақырыптары талданған» - деп, қортынды жасаған . 
        
Осындай фольклорды дерек көзі ретінде зерттуге көмектесетін құнды пікірлер басқа да 
монография авторларының еңбектерңнде кездеседі. Оларды жете меңгерудің тарихшыларға 
нақты құбылыс тарихын зерттеуде өз көмектерін тигізері даусыз. 
Фольклордың түрлік ерекшеліктері (сыныптау проблемалары) 
          
Ауыз  әдебиеті  туындыларының  мыңдаған  жылдарға  созылған  пайда болу,  қалыптасу 
және  даму  процессінің  барысында  уақыт  ерекшеліктері  мен  қоғамдық  өзгерістерге 
байланысты,  әр  алуан  түрларі  мнжанрлары  дүниеге  келді.  Олар  негізінен:  ертегі,  миф, 
әпсана,  аңыз  әгімелер,  батырлар  жыры,  тарихи  салт  жырлары,  романдық  эпостар,  толғау, 
арнау,  тұрмыс салт жырлары, мақал мәтелдер, шешендік сөздер, айтыс, шежіре т.б. болып 
бөлінді. Ең бастысы, олардың бәрі де нақты бір оқиға немесе қоғамдық құбылыс негізінде 
пайда болған объективті дүниелер. Демек, олардың бәрінде халық өмірінің көрнісі белгілі бір 
дәрежеде бейнеленеді. Мәселе, тек қай жанрдың оқиғаны қалай, қай деңгейде, қай қырынан 
бейнелейтіндігінде.  Сондықтан  зерттеушілер  ең  алдымен  сол  жанрлардың  түрлік 
ерекшеліктерін,  олардығ  пайда  болуының  алғышарттарын,  нақты  тарихи  жағдайларын, 
сипатын  т.б.,  тек  сол  жанрға  ғана  тән  қасиеттерін  жете  білулері  керек.  Бұл,  біріншіден, 
зерттеушіге  өз  жұмысын  тиімді  ұйымдастырып,  деректер  арасынан  дұрыс  жол  табу 
мақсатында  фольклорлық  туындыларды  сыныптауға  кқмектессе,  екіншіден,  олардың 
ғылыми құндылығы жоғары мәлеметтер алуға көмектесді. 
      
Бұл  орайда  зерттеуші  -  тарихшылар  жоғарда  аталған  монографияның  тигізер  пайдасы 
мол  екендігі  күмәнсіз.  өткені  авторлар  фольклордың  көптеген  түрлеріне  ғылыми  талдау 
жасап,  олардың  біразына  анықтама  берген  және  бірнеше  нақты  жанрлардың  қашан,  қалай 
пайда  болып  қалыптасқандығы,  дамығандығы,  эволюциялық  өзгерістерге  ұшырағандығы 
туралы пікірлер айтқан. Мысалы, С. Қасқабасов миф туралы: « Миф – фольклордың ең көне 
жанры,  тіпті  фольклордың  төркіні  десе  де  болады.  Ол  адамзаттың  алғашқы  қауым  болып 
өмір  сүрген  шағында  пайда  болған.  Онда  сол  кездегі  адамның  өзін  қоршаған  табиғаттың 
аспан мен жердің, әлемнің қалай пайда болғаны,әр түрлі құбылыстар мен жан – жауарлардың 
сыры мен аоғашқы адамдардың дүниге келуі, адамның өмірі, жаны, өлімі, т.б. жаратылыстың 
түсініксіз жәйттрі туралы ойлары мен түсініктері көрініс тапқан. Міне, мифтің тарихилығы 
деген  осы.  Демек,  мифтік  сана  мен  ойлаудың  өзі  –  тарихи  заңды  кезең.  Оны  аттап  не 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау