Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56

тұжырымдамаларына неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталған. Бұл фактінің маңызы бар, өйткені 
ол  Орталық  Азия  халықтары    туралы  материалдар  іріктеп  алуға  және  олардың  Қытай 
тарихнамасында  көрсетілуі  мен  бағалануына  ықпал  жасады.  Қытайдың  феодалдық 
тарихында  көршілес  халықтардың  тарихын  баяндау  ұлыхандық  шовинизм  мен  қытайлық 
центризм тұрғысынан жүргізілген. 
     
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».  
     
2005.      Т.1: Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 б. 
3. Сиуңну (Хань кітабынан). Аударып, алғы сөзін жазған және құрастырған  
    
Қ.Салғараұлы. Алматы, 1998. 
4. Материалы по истории кочевых народов в Китае. ІІІ- V в.в. Перевод с  
    
китайского В.С.Таскина. Выпуск 1. Сюнну. М., 1989. 
5. Бичурин Н.Я. Собрание сведении о народных обитавших в Средней Азии в  
    
древние времена. Том ІІ. Часть 3. / Ср.Азии и вост.Туркестан. /М-Л., 1995. 
6. Мұқаметханұлы Н. Қазақ мемлекеттігіне қатысты қытай деректері // Қазақ  
    
тарихы, 2006, №2, -26-29 б. 
7.  Рахметілдаев Е., Төлемісов А. Ғұндар Қытай тарихында // Қазақ тарихы,  
     2006, 
№5,  -12-16 б. 
 
2 кредит сағат 
№6 дәріс 
Тақырыбы: Қазақстанның халқы мен жергілікті аймақтары туралы   
                       
Қытай деректері (б.з.д. ІІ ғ.) 
Дәріс мазмұны:  
1. 
Бань Гу «Ежелгі Хань әулетінің тарихы» (Цянь Ханьшу»). 
2. 
Фань Е «Кейінгі Хань әулетінің тарихы» (Хеу Ханьшу). 
Хань әулеті билік еткен  кезеңде (б.з.б. ІІ ғ. – б.з.ІІ ғ.) Жібек жолының негізі салынып, 
Қытай  мен  Орталық  Азия  мемлекетінің  сауда  және  саяси  байланыстары,  Орталық  Азия 
халықтарының  мәдениеттері  мен  қытай  мәдениетінің  өзара  әсері  мен  ықпалы  жанданды. 
Қытайға және Қытайдан үлкен сауда керуендерін ілестірген бірнеше елшілік аттандырылды, 
Қытаймен саудаға Орта Азия көпестері дәнекер болды.  
     
Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік еткен кезеңге (618-907) 
тұстас келеді. Орталық Азия халықтары, олардың тарихы туралы мәліметтердің келесі үлкен 
кешені сол дәуірге арналған екі хроникада бар. «Тан әулетінің ескі тарихын» («Цзю Таншу») 
Қытайдың бөлшектенуі кезеңінде – авторлар тобы, ал «Тан әулетінің жаңа тарихын» («Синь 
Таншу»)  да  Сун  дәірінде  (1043-60)  Қытайдың  аса  көрнекті  ғалымы  әрі  ақыны  Суян  Сю 
(1007-
72)  бастаған  авторлар  ұжымы  жазған.  Тан  әулетінің  тарихы  жөніндегі  екінші  еңбек 
біріншісінене  жаңсақтықтар  мен  қателер  көп  табылуына  байланысты  жазылған.       
Хроникаларда  батыс  түріктер,  түргештер,  олардың  этногенезі,  Батыс  түрік  қағанатының, 
Түргеш қағанатының құрылуы мен олардың ыдырауы туралы саяси тарих пен этнологиялық 
мәліметтер берілген. Қарлұқтар, олардың Жетісуда және Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-
ақ қазіргі Қырғызстанда орналасуы туралы қытай материалдары өте құнды.  Ертедегі дәуір 
мен  б.з.  VІІІ  ғасырына  дейінгі  Орталық  Азия  тайпалары  мен  олардың  мемлекеттік 
құрылымдары тарихының негізгі арқауын нақ қытай деректемелері бойынша біршама толық 
жасауға  болады,  бұл  әсіресе  усундердің,  кангюйлердің,  ежелгі  түріктердің,  түргештердің, 
қарлұқтардың саяси тарихына байланысты.  
     
  
Орталық  Азияға  саясатшылардың  жазбалар  жанры  Тан  әулеті  билеген  кезеңде  де, 
ХІІІ  ғасырда  да  ең  басты  деректеме  болып  қала  береді.  «Синь  Таншу»  мен  «Цзю  шуда» 
Жетісуға  Шығыс  Түркістан  полистері  арқылы  жүріп  өткен  қытай  саяхатшыларының 
маршруттары;  Шу,  Талас  өзендерінің  аңғарлары,  Ыстықкөл  суреттелген.  Алайда  олардың 
ішінде буддаға тауап етуші Сюань Цзан ( шамамен 596- 664) қалдырған жазбалар мейлінше  


толық болып табылады. Ол жазған шығарма «Ұлы Тан әулеті кезіндегі Батыс өлкесі туралы 
жазбалар»  («Да  Тан  Сиюйцзи»)  деп  аталады  және  Сюань  Цзанның  Орта  АЗия  арқылы 
Үндістанға саяхатына арналған. Сюань Цзан Суяб, Невакет, Талас арқылы жүріп өткен. Ол 
қаһан сарайын, түрік тайпалары мен басқа да тайпалар кәсібінің әдет-ғұрпын суреттеген.  
      
Батысқа саяхат жасаушылардың жолжазба жанры моңғол дәуірінде толыға түсті, бұл 
кезде  қытайлардың  география  мен  этнография  бойынша  түсініктері  едәуір  кеңейді.  Бұл  – 
«Сопы Чан Чунның Батысқа саяхаты туралы жахбалар» («Чжан Чунь Чжэн және Си Юцзи»). 
Чан  Чунның  солтүстік  Қытайдан  Орта  Азияға  1220-1224  жж.  Шыңғыс  хан  жорықтары 
кезінде  саяхат  жасаған,  ол  Жетісу,  Шу  және  Талас  аңғарларымен  жүріп  өтіп,  саяхатшы 
жергілікті  тайпалардың  мал  шаруашылығымен  және  егіншілікпен  айналысуын  суреттеген. 
Басқа бір «Батысқа саяхат суреттемесін» билік етуші Ляо үйінің ұрпағы Елюй Чуцай жазған, 
ол Шыңғыс хан Орта Азияға жорықтар жасағанда оған еріп жүрген еді.  
       
Ертедегі  және  орта  ғасырлардағы  қытай  деректемелері,  сыңаржақ  болғанына 
қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.  
 
Әдебиет:  
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. Т.1. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».  
    
2005.      Т.1: Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 б. 
3. Сиуңну (Хань кітабынан). Аударып, алғы сөзін жазған және құрастырған  
    
Қ.Салғараұлы. Алматы, 1998. 
4. Материалы по истории кочевых народов в Китае. ІІІ- V в.в. Перевод с  
    
китайского В.С.Таскина. Выпуск 1. Сюнну. М., 1989. 
5. Бичурин Н.Я. Собрание сведении о народных обитавших в Средней Азии в  
    
древние времена. Том ІІ. Часть 3. / Ср.Азии и вост.Туркестан. /М-Л., 1995. 
6. Мұқаметханұлы Н. Қазақ мемлекеттігіне қатысты қытай деректері // Қазақ  
    
тарихы, 2006, №2, -26-29 б. 
7. Рахметілдаев Е., Төлемісов А. Ғұндар Қытай тарихында // Қазақ тарихы,  
    
2006, №5,  -12-16 б. 
 
Апта 4.  
1 кредит сағат  
№7 дәріс.  
Тақырыбы: Қазақстан халқы мен территориясы туралы ежелгі   
                       
түріктердің руникалық ескерткіштері (VІ-Х ғғ.). 
Дәріс мазмұны:    
1. 
Түркі  руникалық  жазбаларының  шығу  теориясының  Томсе,  О.Доннер,  Готьо, 
Коули, Киселев еңбектерінде зерттелуі. 
2. 
Ежелгі  жазба  түркі  ескерткіштері:  пайда  болуын  сынау,  мәтінін  оқу  және 
түсіндіру. 
Енисей  өзені  аңғарынан  құпия  жазуы  бар  құлпытастар  табылғаны  туралы  алғашқы 
хабарды  Н.К.Видзен,  С.У.Ремезов,  Сондай-ақ  Сібірде  айдауда  жүрген  швед  офицері 
И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б бергенін XVIIIғасырдың 
бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз. 
    
Скандинавия  халықтарының  тілінде  «рунь»,яғни  «руна»  деген  сөз  қазақшаға 
аударғанда  «сыры  ашылмаған,құпия»  деген  мағына  береді.И.Т.Страленберг  өзі  тапқан 
құлпытастардағы бұрын соңды тарихта белгісіз болып келген,ешкім түсінбейтін жат-жазуды 
өз  елінің  тілінде  руна  жазуы  деп  атап  кетті.Бұл  тіл  білімінің  термині  ретінде  бертін  келе 
кеңінен тарап кетті. 
      
Орыс  География  қоғамының  Шығыс  Сібір  бөлімі  1889  жылы  Монғолияға  арнайы 
экспедиция  ұйымдастырды.Оны  белгілі  орыс  саяхатшысы,әрі  ғалымы  Н.М.Ядринцев 
басқарып  барып,  Орхон  өзені  аңғарынан  «құпия»  жазуы  бар  үлкен-үлкен  екі  ескерткіш 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау