Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет31/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48

Өтірік айту өзін-өзі таныту, ересектердің немесе бала-
лардың көзіне ерекше болып көріну ниетімен байланысты 
болуы мүмкін. Құрдастарының жетістіктеріне жауап ретінде 
бала өзінің ойдан шығарылған ерліктері, ата-анасының бай-
лығы және т.с.с. (өзін-өзі төмен бағалау нышаны болуы мүмкін) 
туралы айтып беруі мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, тұрмысы 
нашар отбасыларынан шыққан балалар өтірікті жиірек айтады. 
Негізді себептерге байланысты оларға құрдастарымен оқуда, 
ойыншықтар санында, уақытты қызықты өткізуде бәсекелес 
болу қиынға соғады, олар өз мәртебесін өтірік айтумен демеп 
отырады.
Көбінесе балалардың өтірік айтуына ересектердің 
оны сыпайы, мейірімді, зиялы адам етіп тәрбиелеуде 
алдына жан салмауы себеп болуы мүмкін. Тек ізгі ниет-
пен ғана ата-анасы баласына өз сезімдерін жасыруды 
үйретеді, оған (өздеріне де) жағымсыз сезімдері туралы 
айтуға тыйым салады. Мысалы, бала бауырын жақсы 
көрмейтінін айтса, оның еститіні: «Олай деуге болмай-
ды!»
Өтірік айтуға, сондай-ақ, баланың намысына тию де 
себепші болуы мүмкін. Мысалы, егер бала өзін ренжіткен 
адамдарға жауап қайтара алмаса, ол өзін батыр етіп көрсе-
тетін оқиғалар ойлап таба бастауы мүмкін. 
Мұндай оқиғалар психотерапиялық әсерге 
ие және балақайға шындықты жеңуге 
көмектеседі.
Балалардың өтірік айтуына бала сөздердің әре-
кеттерге сай бола бермейтінін, ал берген уәделер 
тез ұмытылатынын көргендегі ересектер көрсеткен 
мінез-құлық үлгісі себепкер болуы мүмкін. Бала өзінің 
алданып жүргенін білген күн ата-ана абырой-беделінің 
күл-талқаны шығатын күнге айналады. Сол күннен 
бастап, ол өзіне іштей ересектерге қатысты дәл өздері 
сияқты әрекет етуге рұқсат береді (онысын саналы түрде 
сезінсе де, сезінбесе де, маңызы жоқ). Есте сақтаңыз, 
еліктеу баланы үйретудің ең маңызды тәсілдердің бірі, 
ал ата-ана – еліктеу үшін басты үлгі.
4
6
5
7
125
БАЛАЛАРДЫҢ ӨТІРІК АЙТУЫ
19


Балалар жолдасын қорғау үшін немесе ренжітпеу 
үшін өтірік айтуы мүмкін, бұл «құтқару үшін өтірік 
айту» деп аталады.
Әрі, әлбетте, бала қасарысып өтірік айтуы мүмкін. 
Балалар өтірік айту ересектердің шамына тиетінін 
жақсы сезеді және кейде сол үшін – ата-анасының 
ашуын келтіру үшін, тіпті жазаланса да, өтірік айтады.
8
9
Егер сіз кенеттен балаңыз өтірік айтқанын біліп қал-
саңыз, бірден айғайға басып, балаға ұрсудың, баладан 
шындықты «шығару» үшін тергеуге алудың еш қажеті 
жоқ. Баланың өтірік айтқанына ашу шақыру тек оның 
жазаланбау үшін әрі қарай да өтірік айту және ай-
ла-шарғы жасап жалтару ниетін нығайта түседі.
Баланың сөзіне сенгендей кейіп танытпаңыз, бірақ бай-
салды түрде балаға оның сөздері күмән тудыратын ай-
тыңыз. Мұндай жағдайда дауыс көтерусіз байыпты және 
парасатты әңгімелесуден артық жақсы амал жоқ. Балаға 
міндетті түрде оның өтірігін әшкерелегенде қандай 
сезімде болғаныңзды жеткізіңіз. Бала сіздің аузыңыздан 
ренжігеніңізді естуі, шынайы қамыққаныңызды көруі 
тиіс. Ата-ананың өтірік айтуға қатысты көзқарасы нақты 
және анық болуы тиіс. Бір жағынан, «қылмыскерден» 
өтірігін мойындауын, оны тергеуге алуды және сот жүр-
гізуді талап етпеген жөн, екінші жағынан, еш қобалжы-
май, бәрін өз атымен атау қажет.
БАЛА ӨТІРІК АЙТСА, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК 
126
БАЛАЛАРДЫҢ ӨТІРІК АЙТУЫ
19


Кез-келген жағдайда бала ата-анасына өтірік айтудың 
қажеті жоқ екенін білуі тиіс. Ойланып көріңіз, балаңы-
зға сізбен ашық сөйлесуіне не кедергі, неге ол кейбір 
жайттарды жасырып қалады. Балаңызға еш өтірікті қажет 
етпейтін жақыны болуға тырысыңыз.
Балаларыңызға оларды ешбір шартсыз, жасаған қа-
теліктеріне қарамастан жақсы көретініңізді, әрбір адам 
өмірінде үлкенді-кішілі қателіктер жасайтынының, мұның 
еш сөкеттігі жоқ екенін жиі-жиі көрсетіп тұрыңыз.
Егер балаңызды ашық және адал болуға үйреткіңіз келсе, 
тек жаныңызға жайлы сөздерді ғана емес, кейде ащы 
шындықты да естіп тұруға дайын болыңыз.
Әрдайым берген сөзіңізде тұрыңыз. Егер қандай да 
бір себептермен берген уәдеңізді орындай алмасаңыз, 
балаға мән-жайды түсіндіріңіз, кешірім сұраңыз.
Балаға тек шындықты 
айтыңыз. Әлденені біл-
мей тұрсаңыз, балаңы-
збен ашық сөйлесуден 
қорықпаңыз, білместі-
гіңізді мойындаңыз.
Балаға өзін-өзі қорғау 
мақсатында өтірік 
айтуға мәжбүрлейтін 
арандатушы сұрақтар 
қоймаңыз. Егер, мысалы, 
балаңыз бақылау жұ-
мысын жаза алмағанын 
білсеңіз: «Бақылау жұ-
мысы қалай өтті? Жақсы 
өтті деймісің?! Бұл жолы 
өтірігіңе жол болсын! 
Бақылау жұмысын жаза 
алмағаныңды жақсы 
білемін» деудің қажет 
жоқ, Одан да балаға 
турасын айтқан жөн: 
«Бақылау жұмысын жаза 
алмағаныңды білемін. 
Біз алаңдап, саған қалай 
көмектесуді ойластырып 
жатырмыз».
127
БАЛАЛАРДЫҢ ӨТІРІК АЙТУЫ
19


Шындықты айтқанда, әсіресе, сол шындықты айту қиын 
болғанда, баланы мақтаңыз. Егер бала өтірік айтқанын өзі 
мойындаса, оны жазаламаңыз. Одан да өзіне деген сенімі 
артуы үшін жігерлендіріп қойыңыз: ол өтірік айтқанын 
мойындаса, демек ол – адал, енді ешкімге де өтірік айт-
пайды.
Ал егер бала өтірігін мойындағысы келмесе, оны мәжбүр-
лемеңіз, одан да өтірік айту неге алып келетіні және 
қаншама ұнамсыз жайттарға тап келтіретіні туралы 
ертегі айтып беріңіз немесе бірге құрастырыңыздар. Бұл 
масаттанып, жақсылық пен жамандық, шындық пен өтірік 
туралы ой бөліскеннен гөрі балаға пайдалырақ болады. 
Баланы тым көп ережелерді сақтауға мәжбүрлемеңіз, 
есіңізде болсын: ереже көп болған сайын, баланың олар-
дың бұзу мүмкіндіктері де көбейе береді, әрі көбінесе, 
бала жазалаудан құтылудың тәсілі ретінде өтірік айтуға 
бейім тұратын болады.
Егер бала еш себепсіз өтірік айтса, қиялға берілсе, тым 
арманшыл болса, бірақ, өз армандарын жүзеге асыруға 
мүлдем күш салмаса, оны байыппен «жерге қайтару» 
қажет және нағыз іске араласу талғамын қалыптастыру 
қажет.
128
БАЛАЛАРДЫҢ ӨТІРІК АЙТУЫ
19


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау