_______________________________________________________________
өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз үйіңізді қалай жөндеуге болады
___________________________________________
Алматы 2017 жыл
1. Жасалған жұмыс туралы қысқаша ақпарат.
Алматы қаласында 8228 көппәтерлі тұрғын үй есептеледі, оның 4 452 жөндеуді қажет етеді, сондай-ақ 5237 лифтінің 1269 данасы ауыстыруды қажет етеді.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың барлық кезеңінде 827 тұрғын үй жөндеуден өтті.
2. Бағдарламаға қатысу үшін қажетті іс-шаралар.
Бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар жалпы жиналыста тұрғын үйді жөндеу және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасынан жауапты тұлғаларды таңдау туралы шешім қабылдайды (Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42-1 бабының 5 тармағына сәйкес меншік иелерінің қолдары 66% -дан кем болмауы керек және жалпы санының 51% -дан кем емес келісімі керек). Осыдан кейін ПИК «Алматы тұрғын үй» ЖШС-ға қатысуға өтінім мен хаттаманы ұсынады. Жөндеу жүргізуге дейін алдын-ала смета жасалады және тұрғындарға бекітуге алдын ала смета ұсынылады. Осы құжаттар мақұлданған жағдайда, «Алматы тұрғын үй» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және үйді күрделі жөндеуге қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім береді.
Бағдарлама шарттарына сәйкес жөндеуге ақша қаражаттары пайызсыз негізде 8-15 жыл мерзіміне тұрғындар ай сайын қайтару шартымен бөлінеді.
Бұл ретте үй-жайға (пәтерге) жүктелген берешек меншік иесінің өтініші бойынша мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін. Ақша қаражатын қайтару кезінде пәтерге ешқандай ауыртпалық салынбайды.
*Ескерту: Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шарттарына сәйкес ортақ мүлікті күрделі жөндеу бойынша жұмыстар:
жұмыстардың минималды түрі – бұл жылу энергиясын есептеуіш жалпы үйлік құрылғыларын және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін орнатумен, тұрғын үйдің шатырын, подъездін және жертөлесін жөндеу;
жұмыстардың максималды түрі – бұл жылу энергиясын есептеуіш жалпы үйлік құрылғыларын және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде орнатумен, шатырды, подъезді, жертөлені, қасбетті жөндеу, лифт жабдығын жөндеу (ауыстыру) (бар болса).
3. Жөндеу жүргізу кезеңдері.
1 кезең. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғындардың келісімін алу үшін (меншік иелерінің жалпы санынан кем дегенде 66% даусы) «Алматы түрғын үйі» ЖШС тұлғасында мамандандырылған уәкілетті ұйым (МУҰ) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде ұсынған өтінімдер негізінде алдын-ала ақау актісін және сметасын жасайды, ол кейін жалпы жиналыста қарау және бекіту үшін тұрғындарға беріледі.
2 кезең. Жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу және сараптаманың қорытындысын алу - тұрғындар мақұлдағаннан кейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін жобалық ұйым тартылады және сараптама жүргізіледі.
3 кезең. Сараптамадан өткеннен кейін бекіту үшін тұрғындарға және басқару органына (ПИК) соңғы сметалық есептерді беру.
4 кезең. Мамандандырылған уәкілетті ұйым «Алматы тұрғын үй» ЖШС (бас мердігер), қосалқы мердігер, басқару органы (ПИК) және тұрғындар (бастамашыл топ) арасында жөндеу жұмыстарын жүргізуге шарт жасасу.
5 кезең. Жөндеу жұмыстарын жүргізу - жөндеу барысы мен сапасын бақылау үшін техникалық және авторлық қадағалауды тарумен, тұрғын үйді жөндеу.
6 кезең. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жасаған жұмыстарды қабылдау және әр пәтерді алып жатқан алаңдарға сәйкес есептелген орындалған жұмыс үшін ақы төлеуге есептерді шығару. Орындалған жұмыс үшін төлем коммуналдық төлемдерді төлеу бойынша түбіртектер арқылы жүзеге асырылады.
4. Тұрғын үй көмегін алу
Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді-мекенде тұрақты тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі:
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимараттар) күтіп- ұстауға арналған шығыстар;
2) телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемді арттыру бөлігінде коммуналдық және байланыс қызметтерін тұтыну;
3) жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы.
Тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданған тұрмысы төмен отбасылардың (азаматтардың) шығыстары жоғарыда аталған бағыттардың әрқайсысы үшін шығындар сомасы ретінде анықталады.
Тұрғын үй көмегін ресімдей алмайтын отбасылар:
1) егер отбасында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген, еңбекке қабілетті тұрмысы төмен отбасылар (азаматтар) болса, диспансерлік есепте тіркелген туберкулездің белсенді формасымен ауыратындарды қоспағанда, ауруханада бір айдан астам уақыт болған кезде, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, сексеннен асқан адамдарға күтім жасау, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын адамдар;
2) егер ата-анасы ажырасқан болса және олармен бірге тұратын балаларға алименттерді өндіріп алу туралы сотқа шағым бермеген болса;
3) егер меншiк құқығында тұрғын үйдiң бiрнеше бiрлiгi болса (пәтерлер, үйлер) немесе тұрғын үйді жалға (жалдауға) берсе.
Тұрғын үй көмегіне жүгіну тәртібі
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін уәкілетті органға өтінішпен жүгіну және келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе өтініш берушінің тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасы;
4) отбасының табыстарын растайтын құжаттар;
5) пәтерді күтіп-ұстауға төленетін ай сайынғы жарналардың мөлшерлері туралы шоттардың көшірмесі;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға шоттың көшірмесі;
7) телекоммуникация қызметтеріне түбіртек-шоттардың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алатын тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган талап еткен жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың көшірмесі;
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын, тәулік бойына сараланған есепке алу және энергия тұтынуды бақылауы бар кемінде 1 дәлдік класы бар бір фазалы электр энергиясының есептегішінің құны түбіртек-шотының көшірмесі.
Тұрғын үй көмегін төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейлі банктер арқылы есептелген сомаларды ағымдағы, карта шоттарына есептеу немесе үйде алушыларға төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |