“Туған жер- алтын бесігім”


Аудандық тұтынушылар кооперациясын Г.Қойшығұловтан кейін Л.М.Бубликов, Ғайнолла Ахметов (1972-1981), Омаров (1981-1986), Сағынбай Имашев (1986-1988) және Төлеген Нұрашев (1988-1993) басқарды



жүктеу 136,98 Kb.
бет9/9
Дата25.11.2017
өлшемі136,98 Kb.
#1478
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Аудандық тұтынушылар кооперациясын Г.Қойшығұловтан кейін Л.М.Бубликов, Ғайнолла Ахметов (1972-1981), Омаров (1981-1986), Сағынбай Имашев (1986-1988) және Төлеген Нұрашев (1988-1993) басқарды.

Аудандық тұтынушылар одағының алғашқы төрағалығына Печеный деген азамат сайланса, одан әрі Кожаев, Чудиновтер басқарды. Соғыстан кейін тұтынушылар кооперациясының жетекшілігіне Ф.К.Дроздецкий сайланып, ол 1948 жылдан 1959 жылға дейін жетекшілік етті. Қазақстан тұтынушылар кооперациясының ІІ съезіне делегат болып сайланды. Бұдан әрі, яғни алпысыншы жылдары сауда саласын басқарған Г.Қойшығұлов тұтыну кооперациясының одан әрі өркендеуіне өзіндік үлес қосты. Бұл кезеңде мекеме тек саудамен ғана емес қоғамдық тамақтандыру, дайындау қызметімен, көкөніс тұздау, отын әзірлеу, мал азығымен айналысты.Жетпісінші жылдары тұтыну кооперациясының жұмысы одан әрі өріс алып, жаңа нан зауыты, шұжық, вино және алкоголсыз сусындар цехтары салынды, аудандағы дүкендер саны 85-ке жетіп, жылдық тауар айналымы миллион сомға жуықтады.

Аудандық тұтынушылар кооперациясын Г.Қойшығұловтан кейін Л.М.Бубликов, Ғайнолла Ахметов (1972-1981), Омаров (1981-1986), Сағынбай Имашев (1986-1988) және Төлеген Нұрашев (1988-1993) басқарды.

Аудандық өсімдік қорғау стансасы

Аудандық өсімдік қорғау стансасы сонау кеңес заманында құрылып, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес жүргізіп, зиянды және аса хауіпті организмдерге және карантинді нысандарға қарсы, меншікке қарамастан аудан, қажет болса республика көлемінде мониторинг пен жүйелі зерттеу өткізеді. Аталған станса негізінде 2006 жылдың қаңтар айының 20 жұлдызында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі БҚО Тасқала аудандық филиалы құрылды. Содан бергі алты жылға таяу уақытта 1130,7 мың гектар алқапта аса хауіпті организмдерді анықтау үшін мониторинг, 2307,7 мың га алаңда зиянкестерді анықтау мақсатында жүйелі бақылау, 20,7 мың га жерде карантинді нысандарды айқындауға арналып бақылау жүргізілді.

Кеңес дәуірінде аудандық өсімдік қорғау стансасын О.А.Черекаева, Махсат Залиев, Шайдулла Есенбаев, Сәбит Сапарғалиев басқарса, қазіргі жетекшісі Талғат Залиев.

Тұрғындарды қамту орталығы (ЦОН)

«Батыс Қазақстан облысының тұрғындарды қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының 2007 жылғы 8 маусымдағы бұйрығымен филиал ретінде құрылды. Қызметі: «Бір терезе» қағидасы бойынша тұрғындардан арыздар қабылдау және дайын құжаттарды беру сияқты мемлекеттік қызметтер көрсету. Мекемеде 10 адам жұмыс жасайды. Филиал басшысы Назым Ерболатқызы Курмышева.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Аудандық ішкі саясат бөлімі аудан әкімдігінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы №2 қаулысымен құрылды. Негізгі қызметі ауданның ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты, мемлекеттік басқару және бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: қоғамдық-саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, қоғамдық процестерді демократияландыру, топтастыру және іске асыруға қатысу, демократиялық институттарды нығайту, ҚР заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау, түсіндіру. Аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік –саяси зерттеулер жүргізу. Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасау тағы тағылар. Бөлімді 2006-2007 жылдары Айгүл Төкешева, 2007-2008-де Люция Жұбанышқалиева басқарса, 2008 жылдың қаңтарынан А.Дүйсенова жетекшілік етеді.

Аудандық ішкі істер бөлімі

Тарихи деректерге көз жіберсек Тасқала (бұрынғы Камен) ауданының 1933 жылғы 28 қазанда құрылғанын білеміз. Ал, сарғайған құжаттар милиция учаскесінің аудан ұйымдастырылған кезеңнен әлдеқайда бұрын, яғни 1921-1922 жылдары жұмыс жасай бастағанын дәлелдейді. Камен милициясының бірінші бастығы болып большевик – революционер, 1919 жылы Шежін аймағында атаман Анюхиннің бандасын жоюға атсалысқан қызыл партизандар отрядын басқарған Баймырза Карменов тағайындалды. Бұдан әрі аудандық милиция бөлімін Михаил Андреевич Лозгачев, Гаврил Матвеевич Сурганов, Николай Михайлович Самойлов, Дмитрии Гаврилович Гаврилов, Михаил Александрович Бровин, Павел Константинович Шуков, Павел Константинович Разваров, Яков Евсеевич Иваницкий басқарса, одан әрі Хасан Рахметов (1960-1967 жылдар аралығында), Жұмабек Ғабдулов (1967-1978), Берман Өтешқалиев (1978-1986), Бисенбай Өтегенов (1986-1992), Владимир Анатольевич Скоробогатов (1992-1994), Жасқайрат Жұмағалиев (1994-1997), Дүкенбай Құлжанов (1997-1998), Рамазан Исенов (1998-2001), Бисен Төремұратов (2001-2003), Берік Аймурзин (2003-2005), Бейбіт Зиналиев (2005-2008) Сатхан Ізімов (2008-) жетекшілік жасады. 2015 жылдан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция майоры Алишер Сағындықұлы Сары.

Аудандық мемлекеттік санитарлық қадағалау басқармасы

Аудандық мемлекеттік санитарлық қадағалау басқармасы 1948 жылға дейін аудандық денсаулық сақтау бөлімінің безгекке қарсы бөлімшесі болған. Алғашқы меңгерушісі Тамара Александровна Шкирман. 1952 жылы ауруханадан бөлініп аудандық денсаулық сақтау бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық бөлімшесі болып құрылды. Бас дәрігерлікке Н.А.Гунько тағайындалды. Мекеме Панфилов көшесіне орналасты. Бұдан әрі яғни 1953 жылдан осы кезге дейін санэпидстансаны Н.З.Бронштеин, М.Е.Неделько, В.Г.Антонов, қайтадан М.Е.Неделко, Т.А.Шкирман, А.Н.Москвин, Н.А.Дудников, 1977-1980 жылдары А.С.Глазков, А.Шуақпаев (1980-1985), Ж.Бекентаев (1985-2003), С.Өтемісова (2003-2007), Ш.Қалақов (2007-2009), 2010 жылдан Е.Қанатбаев басқаруда. Басқарма мамандары 2004 жылдан мемлекеттік қызметші лауазымында жұмыс атқаруда.

Басқармада ескертпелік санитарлық қадағалау, коммуналдық және жұқпаны бақылау, өнеркәсіп нысандарын және радиациялық қадағалау, тамақ нысандарын санитарлық-гигиеналық бақылау және басқа да бөлімдер бар. Мақсатты қызмет түрлері: халықтың денсаулығына қоршаған ортадағы қолайсыз факторлар зиянды әсерінің алдын алу, анықтау, жою және басқалары. Штатта 13 қызметкер еңбек етеді.

Аудандық қазынашылық басқармасы

ҚР Президентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы №1526 «ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығын құру туралы» жарлығымен қазынашылық бас басқармасы ұйымдастырылған болатын. Оған бюджеттің орындалуы, бухгалтерлік есеп, сонымен қатар бюджеттік мекемелер мен қаржылық жүйедегі бухгалтерлік есептің әдістемесі бойынша бюджеттік басқарманың функциялары берілді.

Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 29 желтоқсанындағы бұйрығына сәйкес жаңа бірыңғай бюджеттік сыныптама енгізу басталды. Ол республикалық және жергілікті бюджеттердің құрылуы мен орындалуына, сонымен қатар мемлекеттік бюджет бойынша есептілікті құруға арналған негізгі құжаттардың бірі болды. Біздің ауданда қазынашылық бөлімі өз жұмысын қазан айында бастады. Бастапқыда бұл мекеме республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 7 мекемеге қызмет көрсетті. Аудандық бөлімнің алғашқы бас қазынашысы болып Д.Шынтемірова тағайындалды.

1997 жылдың 30 қазанында Қазақстан үкіметі «ҚР Мемлекеттік Бюджеттік банкасын тарату туралы» қаулы қабылдап, оның өкілеттігі, барлық функциялары Қазынашылық басқармасына берілді. Ал, 1998 жылдың қыркүйегінде ҚР ҚМ Қаржылық комитетінің таратылуына байланысты қазынашылыққа заңға сәйкес бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету бойынша оның барлық сатысына бақылау жүргізетін функциялары тапсырылды. 2008 жылдың 24 сәуірдегі ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес аудандық қазынашылық бөлімі қазынашылық басқармасы болып өзгертілді. Бүгінгі күні мекеме 44 ұйымға қызмет көрсетеді, 9 адам жұмыс жасайды.

Аудандық сот

Аудандық соттың тарихы ауданның құрылуымен өзектес қарастырылады. Алғашқы халық судьясы Тимофей Иванович Швидун, хатшысы Василий Александрович Радченко болған. Кеңес заманында аудандық халық соты деп аталған. 1967-1972 жылдары Исхақ Зекенов, одан кейін Григорий Николаевич Беркутов (1972-1977), Құрамыс Ешматов (1978-1986), Қайрош Бекенов (1986-1989), Сейтхан Шакеев (1990-1993), Айгүл Маштақова (1993-1999) судья болды. 1999 жылдың қаңтарынан аудандық сот екі құрамды болды. Осы жылдың мамырында төрағалыққа Ғизатолла Қырықбаев тағайындалды. Бұл міндетті 2003-2008 жылдар аралығында Роза Сариева, 2008-2010 жылдары Ербол Құтпанбаев атқарды. Екінші судья болып осы мерзімде Риза Хамзина және Әлібек Ахметов жасады.

2017 жылдың бастапқы айларынан аудандық соттың төрағасы Әлия Бахытжанқызы Теберикова.

Аудандық салық басқармасы

Салық органдарының да тарихы тым тереңде. Ол ауданмен бірге қаржы бөлімінің бір бөлімшесі ретінде жасасып келді. Қызметі салықтар, басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық, уақтылы түсуін қамтамасыз ету; салық төлемеу, сомаларын кеміту, не төлеуден жалтару фактілерін анықтау; салық төлеушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдарына енгізілген өзгерістер туралы хабардар ету; өз аумағында салық заңдарының сақталуына бақылау жасау, салық аудиті мен мониторингін жүзеге асыру, салық заңдарын тексеру, салық төлеушілері арасында салық заңдарының қолданылуы туралы түсінік жұмыстарын жүргізу және басқалары.

Қазақ КСР-ы Министрлер кабинетінің 1991 жылғы 9 қыркүйектегі №550 қаулысы мен облыстық мемлекеттік салық инспекциясының осы жылғы 13 қарашадағы №Л-44 бұйрығы негізінде Тасқала аудандық мемлкеттік салық инспекциясы құрылып жұмыс жасай бастады. Инспекция бастығы болып Әбуғали Ахметов тағайындалды. Содан кейін мекемеге Нұрлы Есқалиева, Бейбіт Айтжанов, Ғалым Жұбанышев, жетекшілік етсе, 2008 жылдан бергі басшысы Есенжол Бердіғалиев. Салық басқармасы қызметкерлерінің саны-9 адам.

Аудандық прокуратура

Орынбор қаласында 1922 жылдың 13 шілдесінде өткен Қазақ Орталық Атқару комитетінің үшінші сессиясында «Прокурорлық бақылау ережесі» бекітіліп, бұл республика прокуратурасы құрылуының негізі болды. Ал,еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұзамай, яғни ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 17 қаңтардағы қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы Прокуратура туралы» бірінші заң қабылданды.

Тасқала аудандық прокуратурасы Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының құрылымдық бөлігі болып есептеледі. Ол 1932 жылы құрылды. Сонау алғашқы жылдары ауданаралық статусына ие болып, штаты екі оперативті қызметкерден: прокурор және тергеушіден тұрды.

Алпысыншы жылдардың аяғында аудандық прокуратура бұрынғыша облыстық прокуратураның құрылымдық бөлімшесі аталып, алғашқыда кеңсесі орталықтың шығыс бөлігінде Маметова орамында болса, 1973 жылы Молодежная көшесі №1 үйге қоныс аударды. 1968 жылдан аудан прокурорлары болып Е.Таңатаров (1968-1972 жылдары), М.Оразбаев (1972-1981), Ш.Мұхамедерьяров (1981-1985), Ғ.Капизов (1985-1995), Ж.Қапезов (1995-2001), Ж.Мұсағалиев (2001-2004), В.Нұртазаева (2004-2006), А.Сейтжанов (2006-2007), Р.Жақсылық (2007-2008), Қ.Төремұратов (2008-2011), С.Хұдайбергенов (2011-2012), А.Сатбаев (2012-2016), А.Ақпанов (2016-2017) жұмыстанса қазіргі кезде Мерхан Ерболатұлы Изимов басшылық жасайды.

Осы жылдар ішінде прокуратура қызметкерлерінің бір тобы тәрбиеленді. Олардың арасында салаға жетекшілік жасаған, ұзақ жылдар табысты жұмыс атқарған жандар баршылық. Бұлардың қатарына З.Ажхановты, М.Ильясовты, Н.Ажғалиевты, К.Тюмелиеваны, Н.Жұмалиевті, Е.Есенәлиевті, М.Зайнуллинді, С.В.Кузнецовты, Р.Хисаметдиновты, А.Жамансариеваны, Қ.Сейдазимовты және басқаларын атауға болады.

Аудандық ауа райын бақылау стансасы

Аудандық ауа райын бақылау стансасы 1954 жылдан жұмыс жасап келеді. Міндеті ауаның ағымын, температурасын, қысымын сағат сайын өлшеу, топырақтың ылғалдығын, қыста түскен қардың биіктігін, көлемін, деңгейін анықтау, судың ағысын, тереңдігін, ластануын тексеру, нәтижесін жоғарғы метеобақылау орталықтарына хабарлау, тағы басқалары.

Аудандық метеостансаның бірінші басшылығына Н.Г.Давыденко деген азамат тағайындалып, бір жыл жұмыстанғаннан кейін оны В.Н.Шарлов алмастырды (1955-1961 жылдар). Бұдан кейін қайтадан Н.Г.Давыденко жіберілді (1961-1964), одан әрі ауа райын бақылау метеорологиялық стансасын Т.С.Шарлова (1964-1967), М.И.Шевихина (1967-1979), М.А.Кузнецова (1979-1985), А.Сапақова (1985-1997), Т.Жұбаншалиев (1997-2011), Ж.Данилова (2011-2016) басшылық жасаса, 2016 жылдан Вера Данилова жетекшілік етеді. Штатта бес адам істейді.

Аудандық телекоммуникация торабы

Аудандық телекоммуникация торабы 1933 жылдың 28 қыркүйегінде Зеленов аудандық пошта бөлімшесі негізінде құрылды. Осы жылдың 1 желтоқсанында Камен аудандық байланыс конторы атауына ие болып, қарауында 22 радио торабы, МК-10 с МБ коммутаторын пайдалану арқылы байланыстыратын телефон байланыс жүйесі болды. Ауданда алғашқы байланысты ұйымдастырған және басшылық жасаған Т.П.Шмонин, Г.С.Хохлов, В.Е.Мищенко, М.Ф.Таршилов деген азаматтар еді. Ал, 1974-1997 жылдар аралығында 23 жыл бойы «Халықтар Достығы» орденінің иегері Валентин Михайлович Севрюгин басқарды. Аудандық байланыс торабы екіге бөлінген 1993 жылы В.Севрюгин «Қазпоштаның» аудандық филиалы пошта байланыс торабына ауысып, 1994-2007 жылдары телекоммуникация торабын Қазақстанның Құрметті байланысшысы Николай Алексеевич Киричков жетекшілік етті. Бұл міндетті Бақытжан Шоқаев (2007-2010жж), Асқар Шаманаев (2010-2015жж), Серик Тажмұқанов пен Арман Жусупов (2015-2016жж) атқарса, 2016 жылдан Гүлсара Бакитқызы Молдашева басшылық жасауда.

1995 жылдың соңында аудандық телекоммуникация торабының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл байланыс қызметін жақсартып, жоғары сатыға көтеруге мүмкіндік тудырды. Ұжым мүшелері кәсіпорында әр жылдары еңбектенген әріптестері Антонина Алексеевна Соколенконың, Лидия Ивановна Севрюгинаның, З.Н.Повытчикованың, А.И.Киричковтың, М.Г.Манаеваның, Б.Ерғалиевтің, М.Тастамбекованың, Р.К.Мамышеваның, Ю.В.Ишимовтың, Г.П.Макарованың, Н.Н.Другакованың, В.А.Титованың, В.А.Пашаеваның, М.Қадырқұлованың және басқаларының есімдерін қадыр тұтады.

Аудандық пошта байланысы торабы

Аудандық пошта байланысы торабының 1993 жылға дейін телекоммуникация торабымен бір мекеме болғанын жоғарыда жаздық. ҚР Министрлер кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі «ҚР Байланыс саласы құрылымын жетілдіру туралы» қаулысына орай бұл күн Қазақстан поштасының құрылған күні болып саналады. Тұңғыш рет ауданымызда байланыс конторы 1933 жылдың 1 желтоқсанында ұйымдастырылса, оның атауы 1974 жылы Қазақ КСР Байланыс министрлігінің Камен аудандық торабы болып өзгертілді. Министрліктің 1993 жылғы 30 сәуірдегі №59 бұйрығымен тағы да түзетулер енгізіліп, Камен аудандық пошта байланысы қызметі торабы деп аталды. 1996 жылы 4 қаңтардан облыстық мемлекеттік пошта байланысы кәсіпорнының филиалы болды.

Тасқала аудандық пошта байланысы торабы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалының құрылымдық бөлігі болып саналады. Міндеті аудан аумағындағы пошта, қаржы, агенттік қызметтерді пайдаланушыларды қамту. Кәсіпорын қарамағында 1 аудандық, 8 ауылдық пошта байланысы бөлімшелері бар. Бұларда 33 адам еңбек етеді.

Аудандық пошта байланысы торабының алғашқы бастығы болып В.М.Севрюгин тағайындалды. Бұдан әрі кәсіпорынды Тамара Григорьевна Фофонова (1997-2002), Шынгелді Саратаев (2002-), Марзия (), басқарса, жылдан жетекшілік етеді.

2010 жылдың 6 маусымында аудандық пошта байланысы торабының жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Аудандық электр желісі

Аудандық электр желісі 1970 жылы Зеленов аудандық электр жүйесінің құрамында Камен мастерлік учаскесі болып ашылып, мастерлікке Мақсот Шапенұлы Ізмұхамбетов тағайындалды. 1972 жылы өз алдына аудандық электр жүйесі болып құрылып М. Ізмұхамбетов 1983 жылға дейін басшылық жасады. Бұдан әрі кәсіпорынға Бари Кульчиков (1983-1985 жылдар), Ильдар Ищанов (1985-1995), Арыстан Боранбаев (1996-2005), Қуат Мусин (2005-2008) жетекшілік жасаса, бұл міндетті 2008 жылдан Қали Машанов атқарып келеді.

Қазіргі кезде аудандық электр жүйесі жүзден астам мекеме, ұйымдарды, жеке сектордағы 4300 абонентті қамтиды. Әртүрлі кернеудегі электр желісінің жалпы ұзындығы 1058 шақырымға созылады.

Аудандық өрт сөндіру бөлімі

Аудандық өрт сөндіру бөлімі 1947 жылы аудан колхоздарын өрттен қорғау жабдықтармен қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі қоғамдық ұйым болып құрылды. Оған Акимов, соңынан Б.Нечаев деген азаматтар жетекшілік жасады. Ал, 1955 жылы аудандық ішкі істер бөлімінің құрамына енетін ерікті өрт сөндіру қоғамы құрылып оны басқаруға аға лейтенант Мамбеталиев тағайындалды. Осы жылы аудан орталығында колхоз, совхоздарды қамтып, жеткізетін өрт сөндіру ыдыстарын толтыратын арнайы пункт ашылып жұмыс жасай бастады. Аталған пунктке алғашында Тлепбергенов, содан кейін Н.Жұбандықов жетекшілік етті.

1960 жылы аудандық өрт сөндіру депосы құрылып, тұңғыш рет автокөлікпен қамтылды, мемлекеттік өртбақылау инспекторлығына Соколенко тағайындалды. 1981 жылы ерікті өрт сөндіру қоғамы ішкі істер бөліміне берілді, басшылық қызметті Мәлік Бисенбаев атқарды.

Біздің қолда бар мәліметтерге қарағанда бұдан әрі өрт сөндіру бөліміне Қабидолла Төлебаев, подполковник Александр Салмин (1999-2002 жылдары), ішкі қызмет майоры Берік Мәмбетов (2003-2004), капитан Талғат Есенбаев (2004), подполковник Ұлықпан Мушағалиев (2005-2008), Қайрат Сапарғалиев (2008), Мырзағали Батырашев (2008-2011), Марлен Аманғалиев (2011-2016) басшылық жасаса, бұл міндетті осы 2017 жылдан бастап өртке қарсы қызмет майорының міндетің атқарушы Бейбит Қайнулаұлы Қонатаров атқарып келеді. Жеке құрам 16 адамнан тұрады.

Аудандық қариялар үйі

1991 жылғы көктемде, сол кездегі аудан әкімі Табылғали Сапаровтың тікелей қолдап, атсалысуымен ашылды. Алғашқы кезде мұнда 13 адам тәрбиеленді, директоры Марина Валериевна Рзалиева болды. (1991-1996 жылдар аралығында). Мекемеге содан кейін, яғни 1996-2005 жылдары Мария Қажыбайқызы Исқалиева басшылық жасаған жылдары тәрбиеленушілер саны 30-ға жетіп, материалдық база жақсарды, жаңа мүлік, жабдықтармен жарақтандырылды.

«Тасқала аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» мемлекеттік мекемесі қазіргі кезде толықтай бюджет есебінен қаржыландырылады. Мұнда бүгінгі таңда 30 қызмет алушы қариялар, еңбек ардагерлері мен түрлі топтағы мүгедектер тәрбиеленуде. Директоры Турганалиев Гамерлан Гусманович.

Аудандық газ шаруашылығы мекемесі

Ауданды газдандыру жұмысы 1988 жылы бастау алды. Осы жылдың күзінде аудан орталығындағы бірнеше жылыту қазандығы табиғи көгілдір отынға қосылды. 1990 жылы мектептер мен аурухана, басқа да қамту мекемелерінің көпшілігі, бірсыпыра тұрғын үйлер газ қуатын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. 1988-1991 жылдар аралығында мекемені Серік Құйымбетов басқарса, бұдан кейінгі кезеңде Бақытжан Жасыбаев (1991-1994 жылдары), Майдан Айтжанов (1994-2001), Марат Қиматов (2001-2008), Айбын Өтепов (2008-2010), Асхат Кущанов (2010-2012), Дастан Ибраимов (2012-2015), 2015 жылдан бастап Акылбек Мухитович Наурызов басшы болып жасайды.

1989 жылы «Уральскоблгаз» өндірістік бірлестігінің Тасқала аудандық пайдалану учаскесі, 1992-1998 жылдар аралығында «Уральскоблгаз» ашық акционерлік қоғамы, 1998 -2007 жылдарда «Оралоблгаз» акционерлік қоғамы, 2007 жылдың сәуірінен «КазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облыстық өндірістік филиалы атауына ие болған мекемеге Асхат Абатұлы Қошанов жетекшілік жасайды.

Күні бүгін аудан аумағында 277 шақырым әр түрлі диаметрдегі газ құбыры тартылған. 6 газ бөлу пункті, 80 шкаф жұмыс жасайды, 4088 абонент табиғи газ қуатын пайдаланады. Штат бойынша 27 қызметкер жұмыс атқарады. Тасқала барлық дерлік ірі-ірі елді мекендеріне көгілдір отын желісі тартылған облыстағы санаулы аудандардың бірі.

«Тасқала дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Тасқала дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғашында астық қабылдау пункті ретінде 1933 жылы ұйымдастырылған, сыйымдылығы 14000 тонна болған. 1973 жылы 50 мың тонна дәнді-дақылдар сиятын жаңа элеватор салынып, пайдалануға берілді. Астық қабылдау пунктінің алғашқы ашылған кезде басшысының кім болғаны белгісіз. Қолымызда бар деректер бойынша 1939-1946 жылдары кәсіпорынға Миронов деген азамат жетекшілік жасаған. 1946-1948 жылдары Скатов директор болса содан кейін Миронов қайтып келіп 1952 жылға дейін төрт жыл еңбек еткен. Бұдан әрі астық дайындау пунктін Кунин (1952-1957 жылдары), Шабский (1958-1960), И.А.Гриценко, Ғ.Қайдашев (1971-1975), Г.М.Турченко (1975-1976), Ә.Иманов (1976-1979), В.Г.Мозгунов (1979-1984), В.А.Палаткин (1984-1985), С.Әлиев (1985-1990), В.В.Рыбалко (1990-1992), Х.Аймұратов (1992-1996), 1996 жылдан Әлібек Нәубетұлы Сәрсенбаев басшылық етеді.

Штатында бір кездерде 125 адамға дейін еңбек еткен Шипов элеваторы 1993 жылы акционерлік қоғамға, ал 1996 жылы ашық акционерлік қоғамға айналдырылып, акционерлер оның директорлығына Ә.Сәрсенбаевты сайлады.

2004 жылы «Шипов элеваторы» ашық акционерлік қоғамы «Тасқала дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылды.

 Уханов П.А. -1933 жыл

  •  Уханов П.А. -1933 жыл
  • Мартынов -1934-1936 жылдар
  • Андреев Н.А. -1937 жыл, қаңтар-мамыр
  • Семенов П.Н. -1937 жыл маусым айынан
  • Анастасьев Х.Л. -1937, қараша айынан
  • Шестаков А.П. -1939 жыл қаңтар-қыркүйек
  • Копылев С.Ф. -1938-1939 жылдар
  • Буровцев П.М. -1940-1942 жылдар
  • Селянин А.Д. -1943-1945 жылдар
  • Новиков С.Н. -1946 жыл
  • Ғайсин М.Ж. -1947-1948 жылдар
  • Сыздықов Қ. -1948-1949 жылдар
  • Олексенко П.Г. -1950-1955 жылдар
  • Сидякин Г.А. – 1956-1958 жылдар
  • Казанцев С.И. - 1959-1961 жылдар
  • Сапаров С.С. – 1961-1962 жылдар
  • - 1967- 1972 жылдар
  • Сабыров Ә.А. -1972-1983 жылдар
  • Шамшаева Г.Г. -1983-1986 жылдар
  • Мәжитова Г.М. -1986-1988 жылдар
  • Сапаров Т.С. -1988-1994 жылдар
  • Карин Р.О. -1994-2001 жылдар
  • Нұрғалиев С.Ғ. -2001-2004 жылдар
  • Шәкімов Б.Ә. -2004-2007 жылдар
  • Оразов С.Х. -2007-2008 жылдар
  • Мырзағалиев Ө.У. -2008 жылдан

Аудандық партия комитетінің әр кездегі бірінші хатшылары мен аудан әкімдері

  Сентяй -1933 жыл Филатов А. -1934 жыл Елин Ф.В. -1935 жыл Ишкова П.С. -1936-1937 жылдар Елин Ф.В.-1938-1941 жылдар Хлыстов И.Д. -1942-1945 жылдар Нұрымбаев Т. -1946 жыл Ғабдуллин И. -1947-1948 жылдар Қойшығұлов Ғ. -1947 жыл Сниченко А.С. -1949-1952 жылдар Кенжин С.-1953-1957 жылдар Едігин Х.-1958-1960 жылдар Дүйсекенов Қ. -1960-1961 жылдар Шонаев Ғ. – 1961-1962 жылдар Подубный И.Г. -1967-1969 жылдар Ражев А.И. -1969-1974 жылдар Погодаев В.У. -1974-1976 жылдар Белинский А.З. -1976-1983 жылдар Донец Н.А. -1983-1987 жылдар Ефимушкин Г.М.-1988, ақпан –тамыз Пурахин В.В.-1988-1991 жылдар Сапаров Т.С. -1991-1992 жылдар Жақсығұлов Қ.Ш. -1992 -2007 жылдары маслихат хатшысы Нұрмұханов Қ.Ж. -2007 жылдан бастап


Халық депутаттары Тасқала аудандық атқару комитетінің төрағалары және маслихат хатшылары

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!


жүктеу 136,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау