№1 дәріс
Тақырыбы: Кіріспе. Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі электр энергияні тарату
Электрэнергиясын өндірістік кәсіпорындарының тұтынушыларына жеткізу, таратуды электр желісі арқылы іске асады.
Электр қабылдағыштар цех ішінде қосалқы станциямен тарату құрылғыларына қорғаныстың, қосқыш аппараттар арқылы қосылады.
Өндірістік кәсіпорындарында электр желісі ішкі, сыртқы жағдайда жұмыс істейді.
Ішкі желі ашық түрде болады,олар қабырғаның жоғарғы жағында төселеді, олар құбырларда, коробкаларда, лотокторда орналасады. Ал сыртқы желі ғимаратының сыртында орналасады, ғимарат аралық және тіреу арқылы.
Электр желісінің өткізгіштері оқшауланған және оқшауланбаған болып төселеді.
Оқшауланған өткізгіштер қорғалаған және қорғалмаған түрде орындалады қорғалған өткізгіштердің оқшауламасының сыртынан металл қаптамамен қапталады, ол механикалық бұзылудан қорғау үшін. Қорғалмаған өткізгіштерде ондай қаптамалар болмайды.
Сымның, кабельдің, өткізгіштердің маркаларын таңдау қоршаған ортанаң сипаттамаларына байланысты баяндалады. Ал цехтың ішіндегілерін басқа да сипаттамалар арқылы аламыз. Өндірістік кәсіпорындардың электр желісінде шинаөткізгіш кеңінен қолданады. Олар құрылымы бойынша ашық және жабық, тағайындалуына қарай радиальды, магистральды болады, таратушы (ШМА, ШРА) ШМА-айнымалы ток, ШМАД-тұрақты токқа арналған алюминиға жасалады. ШРА - алюминиден және мыстан жасалады.
1кВ-тан жоғарғы электр желісінде күштік кбельдер үлкен электр қабылдағыштарында қолданылады. Кабельдердің төселу саны шектелмеген, шартты орталарда арнайы құбырлардың ішінде төселеді.
Сымдарды қорғанысы бар құбырларда төсеу. Бұл қорғаныс механикалық зақымдалудан қорғайды, ол құбырлардың қосымша шығынына байланысты.
Кемшілігі: көбінесе құбырлар болаттан жасалады, бұл жерде сымның оқшауламасы бұзылып кету қаупі бар және эксплутация кезінде зақымдалған сымдарды мұндай жағдайларда арнайы кабельдер қолданылады ВБВ, АВБВ.
Сымдарды ашық жағдайда төсеу. Бұл арнайы роликтерде орнатылады оқшаулатқыштарда, тростар арқылы төселеді, ол өте қарапайым және арзан, бірақ сымдарды механикалық зақымдаудан қорғау сенімділігі жеткіліксіз.
Ең сенімді кабельдерді төсеу. Бұл құбырларда, латоктарда, қорабшаларда олар әсіресе кабельдер саны көп болғанда көп қозғалтқышты агрегаттармен автоматты желілерде қолданған ыңғайлы.
Жарықтандыру желісінде ШОС түрлі шиноөткізгіштер кеңінен қолданылады, ол төрт өткізгіштерден тұрады. Шамды штепселді терезе арқылы қосамыз, штепсельді фазалық, нөлдік қорғаныс өткізгіштері болады.
Троллельлік торапта төсеу. Мұндай төсеу қозғалмалы қозғалтқыштардың қорегі үшін қолданылады (көпірлік кран, тележкалар т.б.) Троллельлік торапта арнайы троллельлік шиноөткерме арқылы іске асырылады ШТМ (Iн=100,200, 400 А) болаттан жасалады орналастыруға ыңғайлы әр түрлі жағдайда, ток азайытқыштар орналасады және конструкциячына байланысты. ПУЭ бойыннша өндірістік ғимараттарды қоршаған ортаның сипаттамасына байланысты құрғақ, ылғал, ыстық, шаңды, химиялық орта, өртке қауіпті, жарылуға қауіпті болып бөлінеді. Сондықтан тораптарда кабельді төсеу, таңдау шартта әр ғимараттың сипаттамасына байланысты электр тораптары үшін өзекшелі өткізгіштігін қолданған жөн. Мысалы өткізгіштер көп жағдайда қолданылмайды, өйткені олар тапшы метелл мысты тек арнайы жағдайларда қолданады, мысалы: электр жетегінде қозғалушы аппараттар үшін қолданылады. Өртке қауіпті аймақтарда В-I В-Iа класстарында желі өткізгіш қолданылады.
Күшті және жарықтық тораптардағы сұлбалардың құрылымдық орындалуы. Сұлбада орналастыр кезде ыңғайлы және электрэнергиясымен қоректеленетін тұтынушылар үшін сенімді болуы керек. Электрэнергияның шығыны, өткізгішткрге керекті шығындар машинады болуы керек.
Электроаппараттың қосылу сұлбалары радиальды және магистральды түрде қосамыз.
Радиалды сұлба.
Радиалды сұлбамен жанғандарға торап, көлік ресорлы, станциялық тораптар және де отқа қауіпті және шаңды өндірістерде қолданылады.
Электроэнергиясының таратылуы радиалды желі бойынша іске асады. Радиалды сұлбаның жақсы жағы өте жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді, ол жерде автоматиканың элементтерін оңай түрде қолдануға болады.
Бірақ оның кемшілігі шығыны өте көп, тарату құрылғыларындағы щиттарды, кабельдерді төсеуге, қымбат түседі.
а) 1кВ-қа дейінгі электр қабылдағыштарының магистральды сұлбасы;
б) 1кВ-қа дейінгі электр қондырғыларын қоректендіретін трансформаторлы магистралінің блоктық сұлбасы.
ТП
0,4 кВ
ТП 10/0,4
ШМА
ШРА1
ШРА3
б) 1000 В дейінгі ЭЖ қоректендіруге арналған «трансформатор-магистраль» блогының сұлбасы
а) 1000 В дейін ЭЖ магистралдық қоректендіру сұлбасы
0,4 кВ
ТП
кабель
СП1
СП2
СП3
в) СП күштік пунктерін магистралдық қоректендіру сұлбасы
2 Сурет - Магистралдық сұлбалар
а және б сұлбасы цех ауданы бойынша тең дәрежеде таратуға қолданылады, б сұлбасы тарату щитын орнатуға тура келеді, энергияны тарату «трансформаторлы –магистральды» сұлба арқылы іске асырылады.
ШМА және ШРА шинасымдармен магистралдық қорек берген кезде технологиялық жабдықтың орнын ауыстыру желіні қайта өндеу мәселесін қозғамайды. Кемшіліктері - егер де магистральда қандай бір апатты жағдай болса, онда ол жердегі барлық электр құрылғыларын түгел ажыратуға тура келеді. Егер олардың барлығы бар магистральға жалғанса. Кейбір жағдайда радиальды және магистральды сұлбаларды араластырып қосады, қоршаған ортаның, өнеркәсіптердің сипаттамасына байланысты.
Шинаөткізгіштік ШМА сериясы жабық жағдайда цехтарға электроэнергиясын жеткізеді, ол 3-фазалық өндірістік жиіліктегі токты U -660-қа дейінгі арлықта дейін. Оларды түзу және бұрыштық жағдайда құрастырып, кранштейін немесе арнайы тіреулерге орналастырады. ШРА сериялы шиноөткізгіш 3-фазалық өндірістік жиілікті токты 380 және 660 В арқылы цехтарға электроэнергиясын тарату үшін қолданады.
ШМА-ны КТП-ға қосу ШМА-ның қосу сексиясында іске асады, бұл секцияда коммутациялы қорғаныштық аппараттар қосылады, олар КТП-ның шкафында орналастырылған. ШРА қосалқы станцияның шинасына қосу кабель немесе сыммен іске асырылады, ол шығыс қорапшасы арқылы жұмыс істейді.
ШРА-ны ШМА-ға қосу қарапайым тәсілмен іске асады, шығыс қорапша арқылы ол ШРА-да орнатылған кезде, ол ШМА-ның кабельді тұйықтаушына қосылады.
Жарықтандыру жүктемесі цехтағы радиальды сұлба бойынша жеке желі арқылы қосылады, ал магистральды жағдайға магистральдың басқа бөліктері арқылы қосылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Кабель желілерін жүргізу әдістері.
2. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі желілер қалай орындалады?
3.Өнеркәсіптік өндірістің жарықтану сұлбалары қалай орындалады?
4. Ашық және жабық тұрде орындалған электржелілердің ерекшеліктері.
5. Күшті тарату пункттері не үшін қажет
7. Магистралды және радиалды сұлбалардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Зертханалық жұмыс 1
Ток трансформаторларының екінші ретті орамаларының қосылу схемаларын зерттеу
Тапсырма: Релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларында қолданылатын ток трансформаторларының екінші ретті орамаларының қосылу схемаларымен танысу
Бақылау сұрақтары
Ток трансформаторларының үшбұрыш бойынша әр схема үшін қысқаша тұйықталу түріне сәйкес Ксх шамасын анықтау?
Неге оқшауланбаған бейтараптамалы тораптарда ток трансформаторларын орнатады (әр шеткі фазаға бір-бірден), ал тікелей жердендірілген бейтараптамалы тораптарда – үш ток трансформаторлары (әр фазаға бір-бірден)?
1.1,б-суреттегі схемада приборлардың көрсетулері бойынша екінші ретті фазадағы токты қалай білуге болады?
Екі фазаның токтарының айырымына қосылған бір релелі қорғаныстың схемасын сызыңыз. Егер реле ТА желідегі ток кезінде орындалуы керек болса, онда реленің тағайыншамасы қандай болу керек?
Толық жұлдызша схемасындағы нөлдік сымның тағайындалуы?
1.1,в-суретте келтірілген реленің токтық орамаларының қосылу схемалары қолданылатын қорғаныстың түрлерін көрсету.
1.1,б-суреттегі схемада қалыпты режимде әр амперметр қай фазаның тогын өлшейді?
Зертханалық жұмыс 2
Индукциялық ток релесін қолдана отырып максималды токтық қорғанысты сынақтан өткізу
Тапсырма: Қорғаныстың қолданылу ерекшеліктерін, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін, ииндукциялық реленің құрылысы мен жұмысын оқу
Бақылау сұрақтары:
РТ-84 релесінің құрылысы?
Реленің индукциялық элементінің жұмысы және тағайындалуы?
Реледегі токтық қорғаныстың (электрмагниттік элементінің) жұмысы, қорғаныстың орындалу тогын реттеу?
Реледегі тұрақты магниттің тағайындалуы?
Реле электрмагнитінің қысқаша тұйықталған орамдарының тағайындалуы?
Қорғаныс схемаларындағы РТ-84 релесінің РТ-40 релесіне қарағанда артықшылығы?
Реленің орындалу уақытының реле орамасындағы токқа тәуелділігі?
Зертханалық жұмыс 3
Жүктеменің қуат коэффициенті өзгергенде айнымалы ток электрді беру желісі жұмысының режимдерін зерттеу
Тапсырма:
1.Айнымалы ток электр берілісі желісінің негізгі пайдаланымдық сипаттамаларымен оқып танысу.
2. Жүктеменің параметрлерін эксперименталды түрде анықтау.
3. Жүктеменің қуат коэффициенті өзгергенде желі жұмысының режимдерін зерттеу.
Бақылау сұрақтары:
Желідегі кернеудің түсуі мен кернеудің шығыны арасындағы айырмашылық неде?
Электр берілісі желісінің пайдалы әсер коэффициенті жүктеменің сипатына тәуелділігін қалай түсіндіруге болады?
Неге активті қуат P2 токтың активті құраушысына пропорционалды, ал реактивті Q2 – реактивті құраушысына?
Токтар резонансы дегеніміз не, және оның пайда болу шарттары?
Реактивті қуатты қарымталауға техникалық талаптар.
Зертханалық жұмыс 4
Жоғары вольтты электр қозғалтқышының релелік қорғанысын сынақтан өткізу
Тапсырма
1.Электр қозғалтқыштарының қорғаныстарын оқып білу.
2. Берілген стендте электр қозғалтқышының қорғанысын жасау.
Бақылау сұрақтары:
Электр қозғалтқыштарында қорғаныстың қандай түрлері болады және қандай ақаулардан орнатылады?
Электр қозғалтқыштарында қорғаныстың қай түрлері уақыт ұстамымен орындалады?
Қорғаныс схемаларында аралық реленің тағайындалуы?
Қорғаныс схемаларында көрсеткіш реленің тағайындалуы?
Фазааралық тұйықталудан қорғаныстың орындалу тогын таңдау қалай жүргізіледі?
Зертханалық жұмыс 5
Төмендетуші трансформатордың қорғанысын сынақтан өткізу
Тапсырма
1. Күштік трансформатордың қорғаныстарымен оқып танысу.
2. Қорғаныстарды іс-жүзінде жасау.
Бақылау сұрақтары:
Максималды токтық қорғаныстың жұмыс істеу принципі.
Дифференциалды қорғаныстың жұмыс істеу принципі.
РНТ565 типті реленің құрылымы?
Схема коэффициенті Ксх деген не?
Күштік трансформатордың қорғанысы қай уақытта орындалады?
Зертханалық жұмыс 6
Реактивті қуатты қарымталау
Тапсырма:
Қуаттардың балансы шарты бойынша қарымталаушы құрылғыларды таңдау
Бақылау сұрақтары:
Реактивті қуатты қарымталау мәселелері неде?
Электрэнергия қабылдағыштарының реактивті энергияны тұтынуды азайтудың қандай әдістерә бар?
Қарымталаушы құрылғылардың конструкциясын, қосылу схемаларын, техникалқы және экономикалық сипаттамалрын түсіндіріңіз.
Синхронды қозғалтқыштардың қарымталаушы қабілеттілігін қалай анықтауға болады?
Арнайы қарымталаушы құрылғыларды қолданбай реактивті қуатты азайту тәсілдері.
Зертханалық жұмыс 7
Өндірістік кәсіпорындардың электрмен жабдықтау схемаларын оқып танысу
Тапсырма:
Кәсіпорындардың әр түрлі электрмен жабдықтау схемаларын оқып танысу
Бақылау сұрақтары:
Жоғарғы кернеу жағында бөлгіштер мен қысқаша тұйықтағыштар болатын бас төмендеткіш қосалқы станциялардың электрлік схемаларын сызыңыз, схеманың жұмысын түсіндіріңіз.
І, ІІ, ІІІ категориялы тұтынушылар үшін 6-10кВ кернеуге кәсіпорындардың біржелілік электрмен жабдықтау схемаларын сызыңыз.
Радиалды электрмен жабдықтау схемаларының артықшылықтары.
Электрмен жабдықтаудың айналма схемалары.
Электрлік жарықтандыру тораптарын есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |