“Туған жер- алтын бесігім”



жүктеу 136,98 Kb.
бет4/9
Дата25.11.2017
өлшемі136,98 Kb.
#1478
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Атақты комбриг В.И.Чапаев басқаратын атақты 25-ші дивизияның командирімен бірге азамат соғысы жылдарында аудан аумағында болып, елді мекендерді ақ казактардан азат еткені жөнінде, болашақ Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков 1919 жылдың маусым айында Мәскеудің 1-ші кавалерлік дивизиясы құрамында Шипов стансасында бір жұмадан астам уақыт болып, Каменканы тап жауларынан тазартуға қатысқанын жаздық.

1939 жылдың шілде айының орта кезінде Шипов темір жол бекетінде орнатылған К.Маркс пен Ф.Энгельстің бюсті жанында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың болғанын көпшілік біле бермейді. Ұлы Отан соғысына қатысушы, елімізге еңбегі сіңген әділет қызметкері, қазіргі кезде Астанада тұратын Ізгілік Дабаев деген ақсақал былайша жазады. Шалқар стансасына Алматы –Мәскеу жүрдек поезы келіп тоқтады. Он бір вогонның орта тұсына халықаралық арнайы Францияда қызыл ағаштан жасалған ашық шие түстес ерекше вогон тіркеліпті. Поезға отырған мені қызықтырғаны соншалық әлігі әдемі вогонның ішін көрмекке бекіндім. Өттім. Мұнда астанаға бара жатқан Жамбыл ақын да бар екен. Оралдан түске таман күн қызған шақта қозғалдық. 70-80 шақырым шықаннан кейін бір стансаға аялдап, паровозға су құйылды. Жамбыл баба вогоннан түсіп, перронға таяу орнатылған пролетариат көсемдері К.Маркс пен Ф.Энгельстің бюстілеріне ұзақ қарап тұрып «Апырай» деп таңғала бас шайқады. Бұл аялдаманың Шипов стансасы екеніне ешкім шек келтірмес.

1954 жылдың маусым айының бір күнінде түс кезінде Алматы-Мәскеу арнаулы поезы паравозға су құю үшін Шипов стансасына келіп тоқтайды. Негізінен бұл поезд кеште келіп, тоқтамастан өте шығуы тиіс болатын. Вогоннан пижам киген, үй тапкасымен тақыр бас біреу түсіп, К.Маркс пен Ф.Энгельстің бюсіне қарай жақындады. Басқа вогондардан жай киінген қарауылдар да түсіп оны айнала тұрды.

1954 жылдың маусым айының бір күнінде түс кезінде Алматы-Мәскеу арнаулы поезы паравозға су құю үшін Шипов стансасына келіп тоқтайды. Негізінен бұл поезд кеште келіп, тоқтамастан өте шығуы тиіс болатын. Вогоннан пижам киген, үй тапкасымен тақыр бас біреу түсіп, К.Маркс пен Ф.Энгельстің бюсіне қарай жақындады. Басқа вогондардан жай киінген қарауылдар да түсіп оны айнала тұрды.

Осы кезде аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісі милиция офицері Наурыз Мусинге облыстық ішкі істер басқармасынан суыт телефон шалынып, аудандық партия комитетінің бірінші секретары Т.Алексеенкоға, милиция бастығы Абайимовқа арнайы поезд жөнінде тез хабар беру тапсырылды. Бұйрық орындалып, аталған басшылар сол сәтте темір жол бекетінде болды. Бұл Кремьлге азық-түлік мәселесі бойынша өтетін кеңеске бара жатқан республиканың бірінші басшысы Шаяхметов болатын.

Әлемге аты әйгілі орыс жазушысы М.А.Шолохов көзінің тірі кезінде облысымызға жиі-жиі келіп тұрды. Ол біздің ауданда да екі мәрте болды. Біріншісі 1956 жылдың тамыз айында. Тың игерудің алғашқы өнімін жинау кезінде ұлы жазушы өзінің құтты мекені Вешенскден Орал қаласына жанұясымен келе жатып атшалдырды. Екіншісінде 1961 жылдың қараша айында ағыл-тегіл күздің жаңбырына тап болған Михайл Александрович келе жатқан үш автокөлік Крупская атындағы совхозда болып, сонда қонып жауынның ашылуын, жолдың кебуін күткені бар.

1993 және 2003 жылдың жаз айларына облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Н.Назарбаев ауданда болып, жұртшылық өкілдерімен жүздесті, атқарылып жатқан іс барысымен танысты.

Әр жылдары ауданға КСРО және ҚР Министрлер Кенесінің төрағалары А.Рыжков, Терещенко, салалық министрлер, жазушылар, сазгерлер, өнер адамдары, солардың ішінде КСРО Халық әртістері Ришат Абдуллин, Нұрғиса Тілендиев, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық әртістері Мүсілім Абдуллин, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, «Екі капитан» көркем фильміндегі басты рөлдерді орындаған Ромашов және Григорьев, басқа белгілі адамдар жұмыс, творчестволық, гастрольдық сапарлармен келді.

Тасқала өңірінің ғалым ұл-қыздары

  • Хисмет Қапанов-тарих ғылымдарының кандидаты, Орал
  • Қайдар Қапанов –философия ғылымдарының кандидаты, Орал
  • А. Қадырғалиев-ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,Орал
  • Н. Қадырғалиев –ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,Орал
  • С. Кахимов –ветеринария ғылымдарының кандидаты, Алматы
  • Т.Төлеуғалиев –биология ғылымдарының докторы, Алматы
  • М. Имашев – техника ғылымдарының кандидаты, Шымкент
  • Н. В. Решектаев –медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы
  • М. Сейітқазиев - медицина ғылымдарының кандидаты, Алматы
  • О. Өтешев –техника ғылымдарының кандидаты, Алматы
  • С. Мақпозов –ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Алматы
  • Ж. Мақпозов –ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Алматы
  • Д. Ибрашев –медицина ғылымдарының кандидаты, Орал
  • К. Зайнуллин- техника ғылымдарының кандидаты, Атырау
  • Т. Есенғалиев -ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Орал
  • Р. Есенәлиева – медицина ғылымдарының кандидаты, Алматы
  • Б. Жұмағалиев – тарих ғылымдарының кандидаты, Алматы
  • А. Рзалиев – техника ғылымдарының кандидаты, Алматы
  • С. Қабесова –медицина ғылымдарының кандидаты, Орал
  • Г. А. Бойко - медицина ғылымдарының кандидаты, Алматы
  • А. Мұқтарова –заң ғылымдарының кандидаты, Алматы
  • Райхан Сабирова –психология ғылымдарының кандидаты, Қарағанды

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардағы сан-сапат қиыншылықтар жаңа мың жылдықтың бастапқы кезеңінен бастап шешімін тауып, ел экономикасы дамып, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсара түсті. Әсіресе, 2007-2010 жылдар аралығында алға басу ерекше қарқын алып, барлық сала бойынша да айтарлықтай табыстарға қол жетті. Біздің аудан жағдайына тоқталар болсақ ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласының жәйін жоғарыда айтып өттік. Ал, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, жұмыспен қамту, ауылдың жағдайын жақсарту, тұрғын үйлер салу, қамту, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, оларды жөндеуден өткізу, елді-мекендерді көгалдандыру, тазалық сақтау, тағы басқа шараларды іске асыруда біраз мәселелер шешімін тапты. Аудан орталығының оңтүстік жағында 35 үйден тұратын «Самал», «Көктем», солтүстігінде жаңадан 17 үй бой көтерген «Сәулет» шағын аудандары пайда болды. Бұлардан басқа жекелеген адамдар өз күштерімен және қаражаттарымен осы мерзімде 58 тұрғын үй салып алды, 18 жалдамалы пәтерлер бой түзеп, соғыс және еңбек ардагерлеріне, жас мамандарға, басқа да жұмысшы - қызметкерлерге берілді.


жүктеу 136,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау