“Туған жер- алтын бесігім”



жүктеу 136,98 Kb.
бет8/9
Дата25.11.2017
өлшемі136,98 Kb.
#1478
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Н.Ә.Назарбаев саябағы

Ауыл мәдениетін көтеру, тазалық сақтау, елді-мекендерді көгалдандыру мәселесінде де аз жұмыстар атқарылған жоқ. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша соңғы үш-төрт жылда 25 мың дана жас көшеттер отырғызылды, тұңғыш Президент Н.Назарбаев атындағы саябақ ашылды. Жыл сайын аудан бойынша санитарлық-экологиялық айлықтар өткізіліп, соған орай сенбіліктер ұйымдастырылып, оған аудан тұрғындарының дені қатысып келеді.

Аудандық киножүйесі

Аудандық кинофикация бөлімі мемлекеттік мекеме ретінде 1958 жылы құрылған. Материалдық базасы негізінен автокөліктік және тұрақты киноқондырғылардан тұрған. Киножүйесінің директоры болып Құспан Есқалиев, Т.Қажымов, Майдан Айтжанов, Айсұлу Елжанова жемісті еңбек етті.

Тоқсаныншы жылдардағы қаражат қиыншылығына байланысты ауылдағы киноқондырғылардың жұмысы тоқталды. Аудандық кинотеатр мәдени-көпшілік шаралар өткізілуіне байланысты сақталып қалған. Аудандық киножүйесі аудандық мәдениет бөлімінің 2000 жылғы 15 қазандағы №18-1 бұйрығымен қайта құрылды, жүйе мәдениет бөлімінің құрамына кірді. Сол кезде 1 кинотеатр, бір киноқондырғы болды. 2000 жылы аудандық киножүйесінде 7 бірлік штатқа сай ашылса, бертін келе бес ауылдық округ орталығында, 2004 жылы Мереке, Кузнецов ауылдарында тұрақты киноқондырғылар іске қосылды. Жүйенің осы кездегі директоры Ғильман Оразалиев болса, 2001 жылдың қараша айынан бұл міндетті Нағима Төлебаева атқарады.

Бүгінгі күні бір аудандық кинотеатр, 8 ауылдық киноқондырғы ауыл тұрғындарына тұрақты кино көрсетеді. Штаттық кесте 28 бірлікті құрайды.

Аудандық мемлекеттік банк бөлімшесі

Үстіміздегі жылы Қазақстанның халық банкасына 86 жыл толады. Оның тарихы республика жинақ жүйесінің қалыптасу кезеңімен тұспа-тұс келеді. «Қазақстанның халықтық банкасы» акционерлік қоғамы таратылған ҚР-ның Жинақ банкасы негізінде құрылды. Біздің ауданда «Қазақстанның халықтық банкасы» акционерлік қоғамының бөлімшесі 2006 жылдың наурызында ашылды. Штаттық бірлігі төрт адам.

Бөлімшенің қызметі: еңбек ақы жүйесіне байланысты келісім-шартқа отырған мекеме, ұйым жұмысшы қызметкерлеріне жалақы төлеу, кредиттеу қызметін көрсету, валюта ауыстыру операциясы, төлемдер, депозиттер қабылдау, пластикалық карточкалар шығару, есеп-шотқа қаражат қабылдау, шұғылдатылған ақша аудару.

Жинақ банкасының аудандық бөлімшесін кезінде Нығымет Қалықов, Шаштықыз Мусина, Евгения Андреевна Шапошникова, Мария Ивановна Яловалар басқарса, 2006 жылдан жетекшілік жасайды. Ол 1959 жылы Молдава ССР-нің Камен ауданының, Камен қалашығында туған.

Аудандық мемлекеттік орталық зейнетақы төлеу бөлімі

Елімізде зейнетақы жүйесі ҚР 1997 жылғы 20 маусымда жарық көрген №136-1 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңынан кейін ретке келтіріле бастады. Аудандық мемлекеттік орталық зейнетақы төлеу бөлімі 1997 жылдың 18 қазаңында ашылды. Алғашқы жұмысқа қабылданған маман Айман Мұқашева болса, кейінірек оның қатарын Алтын Мұқтарова мен Күланда Қасымова, Татьяна Вознюк толықтырды. 1998 жылдың 30 сәуірінде К.Қасымова басшылыққа тағайындалды.

Орталық аудан халқын зейнетақымен, жәрдемақымен және арнаулы әлеуметтік жәрдемақымен қамту мақсатында жұмыс істейді. 1998 жылдың бірінші қаңтарынан қосымша әлеуметтік жеке код беру, жас мөлшеріне байланысты және асыраушысын жоғалтқандар мен мүгедектігіне, жас мөлшеріне орай әлеуметтік пособиялар төлеу қосымша жүргізілсе, 1999 жылы барлық зейнетақы төлеудің 16 түрі бөлім арқылы атқарылатын болды. Келесі кезеңде дүниеге келген сәбилерге жәрдемақы беру қолға алынды, зейнетақы жинақтау қоры ұйымдастырылды, басқа да шаралар жүзеге асырылды.

К.Қасымовадан кейін аудандық мемлекеттік орталық зейнетақы төлеу бөліміне 2007-2008 жылдары Марфуға Исмағұлова, 2008 жылы Қазбек Тәшімов, 2008 -2009 жылдары қайтадан Күланда Қасымова, 2009 жылы Берік Бурбаев, 2009-2015 жылы Ғұбайдолла Байдушев, ал 2015 жылдан Шынгелді Сүндетқалиұлы Саратаевбасшылық жасайды

Аудандық ветеринарлық-бактериологиялық лаборотория

1963 жылы ашылып, директорлығына Геннадий Михайлович Шабаев тағайындалды. Лабороторияның міндеті инфекциялық паразитті (жұқпалы) ауруларды зерттеу, айыру. Осы мақсатпен мекемеде ветеринарлық дәрігерлер-лобаранттар Морковкина, Сиротин, Н.А.Черыкаев, М.Садықова, Плотникова және Мәскеудің Скрябин атындағы ветакадемиясының түлегі Нұржамал Оразалиева шұғылданды. Лабороторияда үш –бактериологиялық, серологиялық, ветеринарлық-санитарлық экспертиза бөлімдері болды. 1999-2007 жылдар аралығында лабороторияға Нұржамал Оразалиева жетекшілік жасады.

Аудандық ветеринарлық стансасы

Мал арасындағы жұқпалы аурулармен күрес, сырқаттың алдын алу шараларын жүзеге асырумен шұғылданатын мекеме ретінде 1967 жылы құрылған болатын. Ветстансаның алғашқы басшысы Алексей Павлович Мячин. Ол мұнда бес жыл бойы еңбектенді. Мекемеде бірнеше тәжірибелі мал дәрігері, орта буын мамандар жұмыс атқарды. Бұдан әрі аудандық ветеринарлық стансаны Борис Сапашев (1972-1976 жылдар), Абдолла Телекабель (1976-1981), Талап Жақсығұлов (1981-1991), Әділбек Әкішев (1991-1999) басқарды.

1999 жылдың қараша айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тасқала аудандық аумақтық басқармасының құрылуына байланысты аудандық ветеринарлық станса өз жұмысын тоқтатты.

Аудандық тұтынушылар одағы

Тұрғындарға сауда қызметін көрсететін бұл ұйым аудан мен тұспа – тұс, яғни 1933 жылы ұйымдастырылды. Ал, 1935 жылы ауданның колхоз, совхоздарын қамтитын 6 селолық тұтынушылар кооперациясы өмірге келіп, 35 дүкен, лавкалар жұмыс жасады. Сонымен қатар әрбір кооперацияның селолық дүкендері мен наубайханасы, шикізат (живсырья) қабылдау пункттері болды.

Аудандық тұтынушылар одағының алғашқы төрағалығына Печеный деген азамат сайланса, одан әрі Кожаев, Чудиновтер басқарды. Соғыстан кейін тұтынушылар кооперациясының жетекшілігіне Ф.К.Дроздецкий сайланып, ол 1948 жылдан 1959 жылға дейін жетекшілік етті. Қазақстан тұтынушылар кооперациясының ІІ съезіне делегат болып сайланды. Бұдан әрі, яғни алпысыншы жылдары сауда саласын басқарған Г.Қойшығұлов тұтыну кооперациясының одан әрі өркендеуіне өзіндік үлес қосты. Бұл кезеңде мекеме тек саудамен ғана емес қоғамдық тамақтандыру, дайындау қызметімен, көкөніс тұздау, отын әзірлеу, мал азығымен айналысты.Жетпісінші жылдары тұтыну кооперациясының жұмысы одан әрі өріс алып, жаңа нан зауыты, шұжық, вино және алкоголсыз сусындар цехтары салынды, аудандағы дүкендер саны 85-ке жетіп, жылдық тауар айналымы миллион сомға жуықтады.


жүктеу 136,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау