“Туған жер- алтын бесігім”



жүктеу 136,98 Kb.
бет6/9
Дата25.11.2017
өлшемі136,98 Kb.
#1478
1   2   3   4   5   6   7   8   9

“Сәулет” мектеп- лицейі


Орта білім беретін аталған білім ұясы 2002 жылы негізі қаланған жаратылыстану және математика бағытындағы оқушылармен жұмыс жасайтын қазіргі заманға сай жаңа жобадағы мектептердің сапында. Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашуда, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруде 23 ұстаз ынтымақтастықпен еңбек етуде. Ұжымды тәжірибелі педагог Бақтығұл Тасмағамбетов басқаруда. Ұстаздар арасында білім саласына зор үлес қосқан Роза Ізімқызы, Досымғали Қабдешұлы, Марина Ивановна және басқаларының есімі құрметпен аталады.

Шәкірттердің қызығушылығын және шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында түрлі үйірме, факультатив, арнайы курс, клубтар жұмыс жасайды. Олар «Логикалық есептер шығару», «Ән-саз», «Сәулет редакциясы», «Бизнес негіздері», «Спорт-туризм», «Хореография», спорттық үйірмелер-шахмат, теннис, қазақша күрес, тоғызқұмалақ. Мектеп-гимназия тәрбиеленушілері аудандық, облыстық, республикалық пән байқауларына қатысып жеңімпаз, жүлдегер атанып келеді.

Саз мектебі


1969 жылдың 15 маусымында ашылды. Алғашқы директоры болып А.Г.Демяшев тағайындалды. Сол кезде педагогикалық ұжым екі адамнан – Ю.Н.Махов пен О.А.Погожевадан тұрды. 1970-1971 оқу жылында В.С.Думчева, В.А.Кравченко, Н.С.Борщевалар жіберілді, оқушылар саны 50-ге жетті. 1971 жылы директорлыққа В.И.Ларшин тағайындалса, 1973 жылы оны М.И.Сергеев алмастырды. Ал 1975 жылы бұл жұмысқа Шапағат Мәжитов жіберіліп, ол мектепті үзіліссіз 14 жыл басқарды. Осы кезде көптеген игілікті істер атқарылды, кең ғимарат берілді. Жаңадан бес ұстаз келіп, көпшілігі тұрғын үймен қамтылды. 1989-1994 жылдары мектепті Р.П.Козина басқарса, 1995 жылы В.В.Кондудаева жіберілді. Осы кезеңде білім ұясы Орал саз училищесінің түлектері В.Н.Новеньков, Р.Бисембаев, Р.Буланова, С.Жұбанышқалиева, А.Нұртазина, Х.Елжанова, М.Айтжанова, Р.Хисаметдинова сияқты дарынды жастармен толықты. Мектеп құрылғаннан бері 150-ден астам түлегін қанат қақтырды. Олардың бірқатары шет елдерде, еліміздің қалаларында табысты еңбек етуде. Мәселен, Инна Ищанова Алматыда, Олег Бойко Самарада, Рада Бушук Краснодар өлкесінде, Дина Халиуллина, А.Шукеев Оралда жұмыс жасаса, Мәншүк Мусағалиева Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінде, Айгүл Құрманова Астана корнсерваториясында оқиды.

2009 жылы жаңа саз мектебі пайдалануға берілді

.

Тасқала колледжі


Кәсіптік – техникалық мектеп аудандағы бастауыш кәсіптік білім беретін оқу орны. Ол 1960 жылы 8 қаңтарда №177 шағын механикаландыру училищесі ретінде ашылып, оған алғашқы директорлыққа Виктор Михайлович Рыбкин тағайындалды. Оқу орны 1996 жылдың тамызында №20 кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылды. Жұмыс жасай бастағаннан бергі 45 жыл ішінде 10 мың маман қызметкерлер даярлап шығарды. Осы жылдар ішінде білім ұясына В.М.Рыбкиннен соң А.Савицкий, А.П.Рогожкин, В.Х.Снопков, М.Искалиев, Н.Сабырғалиев, Х.Мерғалиев, А.Алдамжаров басшылық жасаса қазіргі директоры Б.Жәнекенов. Лицейде ауыл шаруашылығы және басқа сала мамандарын, механизаторлар даярлауда ұстаздар: С.В.Повытчиковтің, Н.Жұбандықовтың, К.Б.Мұхамбетжановтың, А.Д.Корниенконың, Т.Ғабдуллинаның, Ж.Көпболсынованың, Т.Төрегелдиевтің, М.Мусағалиевтің және басқаларының нәтижелі жұмыстарын атап өтуге болады. 2012 жылы Тасқала колледжі болып өзгертілді. Қазіргі танда директор - Жанекенов Бауыржан Мақсотұлы.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.

Ауданда қазіргі кезде 500 орындық «Жастар», бір жүгіру стадионы, 38 баскетбол, 45 волейбол, 6 футбол алаңдары және 13 спорт залдары тұрғындардың игілігіне қызмет көрсетеді. Ауданның спорт тарихында «Тасқала» футбол командасы жанкүйерлер мақтанышына айналды. Орал қаласы әкімінің жүлдесі мен облыс чемпионатына қатысып жүлделі орындардан көрініп жүр. 2001 жылы ҚР біріншілігінің финалдық ойындарына қатысып республика чемпионатының бірінші тобына жолдаманы жеңіп алды. Жыл сайын Кеңес Одағының Батыры С.Жақсығұлов атында қазақша күрестен турнир өтіп келеді. 2006 жылдан ол республикалық жарыс болып ұйымдастырылуда. Ауданның спорт тарихында халықаралық спорт шебері, 1995 жылы Болгарияда жастар арасында өткен жарыстың күміс жүлдегері 1997 жылы Ақтөбеде өткен әлем, 1999 жылы Оралдағы ерлер арасындағы Азия чемпионатында әлем, Азия чемпионы, самбо күресінен әлем кубогының жеңімпазы Бауыржан Мәмбетовтың, пауэрлифтингтен халықаралық спорт шебері, 1992 жылғы Азия чемпионы, ТМД елдерінің рекордсмені және чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін және республика кубогының жеңімпазы Владимир Шкирманның, самбо күресінен спорт шебері, халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Жанболат Құспановтың, қазақша күрестен ҚР спорт шебері Өтеп Молдабектің есімдері аудан тарихына алтын әріптермен жазылды.

Сондай-ақ, ауданда спорт пен физкультураны дамытуға спорт ардагерлері Сағын Досщанов, Базар Мусин, Болат Садықов, Қазбек Көшалиев, Т.Маширов, И.И.Хорохорин, М.Исқалиев, Нұрлан Дакешев, С.В.Повытчиков, А.В.Кравченко, А.Д.Корниенко зор еңбек сіңірді.

Жалпы спорт қозғалысы ауданда алпысыншы жылдары дами бастады. Оған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі зор үлес қосты. 1968 жылдың 15 тамызында ашылған бұл білім ошағының алғашқы директоры Сағын Досщанов болды. Мектепті бұдан әрі Өтеп Молдабеков (1981-1986 жылдары), Болат Садықов (1986-2003), Қазбек Кушалиев (2003-2004), Бауыржан Имашев (2005-2006) басқарса, 2007 жылдан Қайыржан Баймағамбетов жетекшілік етеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасай бастаған 43 жыл ішінде 15 мыңға тарта спортшылар даярлап шығарса, олардың үш мыңнан астамы спорт шебері, шеберлікке кандидат атанып, түрлі разрядқа ие болды. Қазір мектепте 408 ұлдар мен қыздар спорттың 8 түрінен жаттығады.

Балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы

«Тасқала аудандық балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК 1973 жылы ашылып, директорлығына Надежда Петровна Балаханова тағайындалып, ол 2009 жылғы тамыз айына дейін басшылық жасады. Алғашқы кезде Панфилов көшесінде орын тепкен мекеме 1977 жылы сол кездегі Ленин көшесіндегі мекенге орын алмастырды. Ал,1981 жылғы 17 қыркүйекте жаңадан салынып, пайдалануға берілген Абай көшесіндегі № 5 үйдегі жалпы алаңы 295,2 шаршы метрлік ғимарат «Пионерлер мен оқушылар үйі» атауымен ашылды. Мектептен тыс жұмыс саласында 2003 жылдың 10 қыркүйегінен бастап қосымша білім беру құқығына облыстық білім басқармасының осы жылдың 5 қыркүйектегі №454 бұйрығы негізінде ие болды. №0009042 мемлекеттік лицензия берілді. Балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңірді. Бұл істе мекемені ұзақ жыл үзіліссіз басқарған Н.П.Балахонованың үлесі өте зор. 2009 жылдың қарашасынан бастап орталыққа Светлана Мусина жетекшілік етеді.


жүктеу 136,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау