Қаржы-экономика факультеті “Экономика және қаржы” кафедрасы



жүктеу 0,65 Mb.
бет1/3
Дата10.02.2018
өлшемі0,65 Mb.
#9155
түріДиплом
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Қаржы-экономика факультеті

“Экономика және қаржы” кафедрасы



Шалимбетова Нурсулу
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:

Салық механизмі және қазіргі кезеңдегі қызмет етуі




Мамандығы: “Қаржы және Несие”



Қорғауға жіберілді Ғылыми жетекшісі:

Кафедра меңгерушісі к.э.н., доцент: Умирзакова Т.А.

Э.ғ.д., профессор

_______________Рогачев А.А.

«___»____________2005ж.

Алматы, 2005

МАЗМҰНЫ


КIРIСПЕ
1-ТАРАУ. САЛЫҚТАР ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДIҢ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI РЕТIНДЕ

    1. Салық салу жүйесiн құрудың теориялық негiздерi

    2. Қазақстан Республикасының салық жүйесiнiң қалыптасуы

және даму кезеңдерi
2-ТАРАУ. САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

2.1. Салықтық реттеу: әдiстерi, мақсаттары және критерийлерi.

2.3. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы салықтық

реттеу ерекшелiктерi


3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДI ЖЕТIЛДIРУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Салық жүйелерi, мемлекеттiң экономикаға қатысу формасы ретiнде ұдайы өндiрiстiк процесстiң барлық кезеңдерiндегi капиталға әсер етедi. Салық жүйелерi арқылы мемлекет бюджеттiң табыстық және шығыстық бөлiгiн реттеп отырады, ондағы оның мақсаты-экономиканың перспективтi салаларын дамытуға қолдау көрсету, экономиканы дағдарыстан шығару және экономикалық жүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Салық салуды ұйымдастыру мемлекеттiң өз функцияларын тиiмдi атқаруға мүмкiндiк бередi, бұл экономиканы салықтық реттеудiң қажеттiлiгiн және мiндеттiлiгiн анықтайды. Осыған байланысты, тиiмдi құрылған салық салу жүйесi экономиканың керi беталыстардан тәуелдiлiгiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Мұндай жағдай салық салуды ұйымдастыруды бiрiншi кезектегi маңызды мәселелердiң қатарына жатқызады және жүргiзiлiп жатқан салықтық реформалардың теориялық және әдiстемелiк негiзделуiн қажет етедi. Аталмыш проблема салықтық базаның және салықтарды есептеу сұрақтарын, сондай-ақ салық салудың хұқықтық аспектiлерiн қалыптастыру мәселелерiн қозғайды. Бiздiң ойымызша, бұл мiндет салық салу жүйелерiнiң құрылымын оптимизациялау негiзiнде шешiлуi керек.

Салық салу проблемаларын шешудегi мұндай кең тәсiлдемелер диапазоны, ең алдымен, салық салу тәжiрибесiн теориялық негiздеу әрекетiмен түсiндiрiледi. Мұндай тәсiлдемелер салық теорияларында көрiнiс тапты: неоклассикалық, оның өзi неолибералдық, кейнсиандық және тұрақты даму бағыттарынан тұрады. Неолибералдық бағыттың әсiресе көрнектi өкiлдерi болып А.Смит, Д.Рикардо, А.Лаффер, М.Фридман және т.б. табылады. Олар экономиканы тұрақты және өзiн-өзi реттейтiн жүйе ретiнде қарастырды. Салықтар мен салық салу жүйесiне тек бюджеттiң табыс бөлiгiн құрайтын құрал ретiнде ғана қарады. Олар негiзiнен салықтардың экономикалық процестердi реттеудегi жанама ролiн таныды.

Қазақстанда салық салу мәселелерiне үлкен назар аударылады. Көптеген қазақстандық ғалымдардың еңбектерiнде салық салудың теориялық, әдiстемелiк және тәжiрибелiк проблемалары көрiнiс тапқан. Осы жұмыстарды оқу Қазақстандағы салық жүйеснiң жағдайы туралы тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi. Сөйтiп, батыс экономистерi мен ТМД елдерiнiң ғалымдарының салық салу тұрғысындағы теориялық және әдiстемелiк еңбектерiн шығармашылық көзбен талдап, салық салу қағидаларының, формаларының, әдiстерiнiң ұдайы өндiрiстiң әлеуметтiк-экономикалық даму шарттарына сәйкестiгiн айқындау және салық салудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмiнiң бейiмдiлiгiн жүргiзу қажет.

Осыған орай дипломдық жұмыс өте өзектi проблемаға арналған және кiрiспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.

Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi негiзделген, зерттеу мақсаттары мен мiндеттерi анықталған.

Бiрiншi тарауда салық салу жүйесiн құрудың теориялық негiздерi қарастырылған және Қазақстанның салық салу жүйесiнiң қалыптасу және даму кезеңдерi талданған.

Екiншi тарау салықтық реттеу проблемаларын және салықтық жеңiлдiктер сипаттамасын қарастырауға, сондай-ақ олардың өндiрiстi дамытуға тигiзетiн әсерiн анықтауға, нарықтық қатынастар жағдайындағы салықтық реттеу ерекшелiктерiн қарастыруға арналған.

Үшiншi тарау салықтық реттеудi жетлiдiру проблемаларын қарастырады.

Дипломдық жұмысты жазу кезiнде Қазақстанның және ТМД елдерiнiң ғалым экономистерiнiң монографиялары, Қаржы Министрлiгiнiң деректерi, ағымдық баспа материалдары қолданылды.



1-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАР ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДIҢ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI РЕТIНДЕ


    1. Салық салу жүйесiн құрудың теориялық негiздерi

Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерiнiң iшiнде ерекше орынды салық саясаты алады. Тәжiрибе дәлелдегендей, салықтық саясаттағы басымдықтарды өзгерту арқылы экономиканың конъюнктуралық ауытқуларын бәсеңдетуге, ұлттық шаруашылықтық ұзақ мерзiмдi тұрақтануына қол жеткiзуге болады.

Дұрыс ойластырылған, ғылыми негiзделген салық саясатын қолдану арқылы мемлекет елдегi экономикалық жағдайды реттей алады. Бiрақ бұл кезде бюджетке салықтың көп түсуiн қамтамасыз етудi салықтық ауыртпашылық арқылы емес, керiсiнше салық ауыртпашылығын азайту арқылы салық базасын кеңейту жолымен жүргiзген дұрыс.

Салықтар бойынша жүргiзiлген зерттеулер көрсеткендей, үш негiзгi салықтар-корпоративтiк табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздердiң жиынтық ауыртпашылығы қазiргi экономикалық жағдайжа 60-70 %-тi құрайды екен. Егер бұларға қоса басқа салықтарды да ескеретiн болсақ, салық ауыртпашылығының жоғары екндiгiн байқауға болады.

Соның нәтижемiнде салық төлеушiлердiң көп бөлiгi одан жалтаруға тырысады, әсiресе салықтар шамасы шектi шамадан тыс болып кетекн кезде. Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей, салық ауыртпашылығының оптималды шектi мөлшерi салық салынатын табыстың 36%-iнен аспауы тиiс.

Қазақстан Республикасындағы салықтар-өте күрдерi проблемалардың бiрi. Салық заңдылығы өзiнiң маңыздылығы жағынан мемлекеттi нығайтуда Азаматтық Кодекстен кейiн екiншi орында тұр. Өкiнiшке орай, салық саясаты әрқашанда салық төлеушiнiң мүддесiн қорғай бермейдi. Бүгiн әлi де салық салу жүйесi салық төлеушiлердiң мүддесiн және заң жүзiндегi хұқықтарын әлеуметтiк қорғайтын жүйе деп айту ертерек.

Қазiргi қолданылып келе жатқан салық салу жүйесi Қазақстанның стратегиялық даму жоспарларының шеңберiнде салық заңдылығының негiзiн құрайтын қағидалардың тұрақтылығын ары қарай қамтамасыз етудi және жетiлдiрудi қажет етедi. Бұл елдегi жеке кәсiпкерлiктiң iскерлiк белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi, сайып келгенде бұл мемлекет экономикасының тұрақты дамуына және соның нәтижесiнде халықтың тұрмыс деңгейiнiң көтерiлуiне әкеледi. Осы проблемаларды шешу үшiн кешендi шаралар жүйесi қажет, соның iшiнде маңызды рольдi салық салу жүйесi атқарады.

Баршаға мәлiм, салықтар мен салық саясаты-қуатты ресурстық фактор, яғни мемлекеттiң қолындағы экономикаға араласу құралы сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiң шаруашылық субъектiлерiмен керi байланысын көрсететiн механизм болып табылады. Сондықтан да әр нақты жағдайға қарай, соның iшiнде ел экономикасының даму ерекшелiктерi мен даму жағдайына, елдегi мемлекеттiк билiктiң тұрақтылығына қарай бұл фактор оның экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн құрал ретiнде, немесе оның жоғары тәуекелдiк көзi ретiнде болуы мүмкiн.

Салықтар және салық жүйесі-бюджеттің табыс көзін құраушы ғана емес, сонымен қатар нарықтық типтегі экономиканың маңызды құрылымдық элементтері. Кәсіпкерлік қызметті басып тастамайтын, тиімді бюджеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік беретін тиімді салық жүйесін құрусыз Қазақстан Республикасының экономикасын құрылымдық қайта құру мүмкін емес.

Салықтар адамзатқа ертеден белгілі, алғашқыда олар жан басына шаққандағы алымдар түрінде болды. Салықтардың пайда болуы мемлдекеттің құрылуымен байланысты. Олардың міндеттілігі сөзсіз, ол туралы 1789 жылы Б.Франклин былай деп жазған: «Бұл әлемде ештеңеге сенімді болу мүмкін емес, тек салықтар мен өлімнен басқа».

Мемлекеттік орталық және жергілікті органдардың заңды және жеке тұлғаларға салатын, бюджетке түсетін міндетті төлемдері мен алымдар- салықтар болып табылады. Сонымен, салықтар дегеніміз заңды және жеке тұүлғалардың мемлекеттік қаржылық ресурстарды қалыптастыруға қатысу формасы. Салықтар, ұлттық табысты қайта бөлу факторы ретінде бөліп-тарату сферасының дұрыс жұмыс істеуіне, адамдары белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға қызықтыруға бағытталған.

Салық салуды ұйымдастыру салық механизмін құруға және оның әрекет етуінен көрінеді, ол салықтық қатынастар элементтерін, яғни нақты салық түрлерін, оларды қолдану әдістері мен тәртібін қамтиды. Салық элементтеріне салық субъектісі, объектісі, ставкасы, жеңілдігі және т.б. жатады. Салық субъектісі дегеніміз- салық төлеуші-тұлға. Яғни ол заң жүзінде салық төлеуге міндетті тұлға. Алайда бағалар механизмі арқылы салықтық ауыртпашылық басқа тұлғаға ауыстырылуы мүмкін, сондықтан тағы бір тұлға-салықты көтеруші болады.

Салық объектісі- салық салынатын табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар,жылжымайтын мүлік).

Салық ставкасы (салық салу нормасы)-салық салу бірлігіне келетін салық шамасы. Салық ставкасы әдетте табысқа қатысты процентпен бекітіледі, және салық квотасы деп аталады.

Салық оклады-субъектінің бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салықтық жеңілдік-салықтан толық немесе ішінара босату.

Салық салынбайтын минимум- салықтан толық босатылған салық объектісінің ең кіші бөлігі.

Кез-келген міндетті төлем салық болып табылмайды. Салықтардың ерекше сипатты белгісі сол, олар белгілі бір қағидаларға сүйенеді. А.Смит өзінің «Халықтардың байлықтарының табиғатын және себептерін зерттеу» атты еңбегінде (1977) салық салудың келесі қағидалары бекітілген:



  1. Салық әр салық төлеушінің табысының мөлшеріне қарай салыну керек;

  2. Салық мөлшері және оны төлеу мерзімі төлеушіге алдын-ала және дәл анық болу керек.

  3. Әр салықты жинау және алу тәсілі мен уақыты салық төлеуші үшін ыңғайлы болу керек.

  4. Салық жинау шығындары барынша төмен болу керек.

Сонымен қатар, салықты төлеу схемасы салық төлеушіге түсінікті, ал салық объектісі екі рет салық салудан қорғалу керек.

Жоғарыда келтірілген салық салудың тарихи қағидалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ, яғни бүгінде де олар тиімді салық салу жүйесінің негізін құрайтын қағидалар. Мемлекеттің реттеуші функциялар дамыған сайын салық салу қағидаларын кеңейту қажеттілігі туындады, осыған байланысты Смиттің тұжырымдаған классикалық қағидалары келесі қағидалармен толықтырылды:



  • жалпылық-салық төлеу барлық экономикалық субъектілерге таралуы керек;

  • тұрақтылық-салық түрлері мен ставкалары уақыт аралығында тұрақты болуы керек;

  • төлем қабілеттілігі-салық салу мөлшері бірдей табыс алатын тұлғаларға және бірдей мүлік құнына бірдей таралу керек;

  • міндеттілік-салықтарды төлеу заң бойынша барлық салық төлеушілер үшін міндетті болып табылады;

  • әлеуметтік әділеттілік-салық ставкаларын бекіткен кезде тұрмыс деңгейі төмен халықтар мен төмен табысты кәсіпорындарға көп ауыртпалық түсірмейтін болуы керек;

  • көлденең әділеттілік-табыс деңгейі жағынан біркелкі дәрежеде тұрған төлеушілерге заң жүзінде бірдей салық ставкалары қолданылу керек;

  • тік әділеттілік-табыс деңгейі бойынша бірдей емес жағдайда тұрған салық төлеушілерге әртүрлі салық ставкалары қолданылуы керек.

Салық жүйесінің қалыптасуы нарықтық механизмдердің және әкімшілік-нұсқаушылық механизмдерінің өзара әрекеттесуі негізінде жүреді. Сондықтан, бір жағынан салықты енгізу және жинау билік органдарының функциясы, ал екінші жағынан, салық тізімін қалыптастыру және салық ауыртпашылығының деңгейін бекіту нарық жағдайына және экономиканың даму деңгейіне қарай анықталады.

Жоғарыда келтірілген салық салу қағидаларымен бірге оларды тағы да 3 пунктпен толықтыруға болады:



  1. Салықтар пайда немесе табысты арттыруға деген ынтаны басып тастамауы керек.

  2. Салықтар баланстылығы сақталуы керек, яғни ол дегеніміз олардың бюджтеке түсімі оның шығындарымен тең болуы керек.

  3. Салық салу адамдардың нақты табысын шекті деңгейден төмендетуге әкелмеуі керек.

Әрине, салық салу жүйесі барлық жоғарыда келтірілген қағидаларға жауап беруі өте қиын. Көптеген қағидалар бір-бірімен үйлеспейді және қарама-қайшы келеді. Сондықтан осы қағидалардың ішінен өзара үйлесімді оптималды арақатынасын таңдап алу- өте күрделі проблема. Салық заңдылығы сондықтан да тұрақсыздықпен сипатталады. Салық салудың мәні ең алдымен оның функцияларынан көрінеді.

Салықтар негізгі 3 маңызды функция атқарады:



  1. Фискалдық функция;

  2. Бөліп-таратушылық функция;

  3. Реттеушілік.

1.2. Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері


Мемлекетте жиналатын салықтар түрлерінің жиынтығы, оларды құру формалары мен әдістері мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салық жүйелері өте күрделі модельдер түрінде болуы мүмкін. Салықтарды әртүрлі қағидалар бойынша жіктеуге болады: салық салу объектісіне және төлеуші мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастарға қарай; пайдаланылуына қарай; салық жинайтын органға қарай; экономикалық белгісі бойынша.

Бірінші белгі бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей салықтарға тікелей табысқа немесе мүлікке салынатын салықтар жатады.

Тікелей салықтар өз кезегінде нақты және жеке-дара болып бөлінеді. Нақты салықтар мүліктің сырт белгілеріне қарай салынады, яғни салық салу кезінде объектінің пайдалану тиімділігі емес, оның сырт белгісі назарға алынады; нақты салықтарға жер салығы, мүлік салығы, қолөнер салығы, ақша капиталына салынатын салықтар жатады.

Жеке-дара салықтар салу кезінде табыс қана емес, төлеушінің қаржылық жағдайы ескеріледі, мысалы жанұя жағдайы. Мұндай салықтарға табыс салығы, мұраға салынатын салық, жан басына салынатын салық және т.б. жатады.

Жанама салықтар товар бағасы арқылы жанама түрде салынады. Оларға қосылған құн салығы, акциздер, кедендік салықтар жатады.

Пайдаланылу белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Арнайы салықтардың мақсаты қатаң белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мысалы, транспорт құралдарына салынатн салық.

Салықтарды жинайтын органдарға қарай салықтар орталықтандырылған және жергілікті болып бөлінеді.

Объектілердің экономикалық белгілеріне қарай салықтар табысқа салынатын және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді: біріншілері салық төлеушінің кез-келген салық объектісінен алынатын табыстарына салынады, ал екінші жағдайда салық товарлар мен қызметтерді тұтыну кезінде кететін шығындарға салынады.

Салық салудың объектісін есепке алу және бағалау тәсілдеріне қарай 4 тәсілі бар:



  • кадастрлық;

  • салық төлеушінің декларациясы бойынша;

  • табыс алу көзі бойынша;

  • патент бойынша.

Кадастрлық әдіс бойынша салықты есепке алу және жинау салық объектілерінің сипаттамасы бойынша нақты табыстылықты ескерусіз жүргізіледі.

Салық төлеушілер декларациясында табыс мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді шегерістерді көрсетеді және салық сомасын өзі есептейді.

Табысты алу көзіне қарай салық салық төлеуші жұмыс істейтін заңды тұлғаның бухгалтериясында табыс алу көзінде ұсталады.

Патент негізінде салық төлеу әр түрлі қызмет түрлерінен алынатн табысты анықтау және олардың көлемін есептеу қиын болған жағдайда қолданылады.

Салықтық есептің 2 әдісі бар:


  1. кассалық

  2. есептік әдісі

Бұл әдістерді қолдану арқылы салықтар мен салықтық емес түсімдердің бюджтеке дер кезінде түсуін қамтамасыз етуге болады. Бюджетке түсетін түсімдердің көп бөлігін салықтық түсімдер алады, мұны төмендегі кестеден көруге болады. (Кесте 1.1.)

2003 жылы салықтық түсімдердің көлемі 38,6 млрд.теңгені құрады, бұл 2002 жылғы көрсеткіштен 43,6%-ке артық.

Кассалық әдіс бойынша табыстар мен шегерістер жұмыстың атқарылған, мүлік жіберіліп, оның ақысы түскеннен кейін ғана танылады.

Есептік әдіс бойынша табыстар мен шегерістер жұмыс атқарылған, мүлік жіберілгеннен кейін оның ақысы түспей тұрып танылады.

Салық қызметтері үшін екінші әдіс қолайлы, сондықтан Қазақстандық төлеушілер осы әдісті қолданады. Оның салық төлеуші үшін кемшілігі сол, товар сатылса да, оның ақысы келіп түспей тұрып салық төлеуші бекітілген мерзімде салыықты төлеуі керек, ал бұл оның айналым құралдарын айналымнан шығаруға мәжбүр етеді.

Кесте 1.1.

Республикалық және жергілікті бюджеттерге түскен түсімдер (млн. тг)


Көрсет

кіштер


бюджеттің 1.01.2003 жылға орындалуы

(республикалық)



Қорытын

дысына %-пен



бюджеттің 1.01.2003 жылға орындалуы

(жергілікті)



Қорытын

дысына %-пен



Салықтық түсімдер

265732

83,6

2582294

95,9

Салықтық емес түсімдер

28710

9,0

9912

3,7

Капиталмен жасалған операциялардан түскен табыстар

23392

7,4

1086

0,4

Барлық табыстар

317734

83,3

269292

85,9

Ресми трансферттер

56591

14,8

41914

13,3

Негізгі қарыздың жабылуы

6909

1,8

2441

0,8

Барлық түсімдер

381234

100

313648

100

Алынған көзі: Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі. Стат.бюллетень, 2004г.

Кесте 1.2.

Салықтық түсімдер құрылымы (млн.тг)


Көрсеткіштер

1.01.2003

қорытындысына

%-пен


2002жылмен салыстырғанда, %

корпоративтік табыс салығы

163529

31,2

298,6

жеке табыс салығы

51016

9,7

144,4

әлеуметтік салық

99076

18,0

140,6

қосылған құн салығы

115132

22,0

129,3

меншікке салынатын салық

26693

5,1

108,8

табиғи ресурстарды пайдалану үшін төленетін салықтар

22044

4,2

221,2

кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін алынатын алым

5095

1,0

77,3

халықаралық саудаға салық

18472

3,5

157,4

Басқа да салықтар

3684

0,7

41,4

барлығы

524026

100

158,7

Алынған көзі: Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі

Салық механизмдерінің маңызды құралдарының бірі салықтық ставкалар болып табылады.

Салықтық ставкаларды бекіту әдістемесі, атап айтқанда олардың базалық шамасы өте маңызды. Оны қарастыра отырып, ең алдымен батыста кең таралған экономикалық теорияны- «Ұсыныс экономикасын» еске алу керек. Осы теорияға сай экономикалық өсу салық жүйесінің функциясы болып табылады.

Мемлекеттің салықтық ставкалары өндірістің тікелей шығындарын, (басқару шығындары, әлеуметтік бағдарламалар шығындары және т.б.), сондай-ақ, жанама шығындарды жалақының өсуі арқылы арттырады. Бұл қорлану мүмкіндіктерін арттырады, сәйкесінше инвестициялау мүмкіндіктерін төмендетеді, ал бұл өндірістің өсуін тежейді және ұсынысты төмендетеді. Қарастырылып отырған теория «Лаффер қисығына» негізделген, бірдей табыс салық салудың екі деңгейін беруі мүмкін: жоғары және төмен. Мысалы, мемлекет егер салық ставкасын 0 немесе 100 процентке тең етіп бекітсе, нольдік табыс алады. 100%--тік салықтық ауыртпалық жағдайында өндіріс қарқыны күрт төмендеп, қысқа мерзімде салықтың шамасы 0-ге тең болуы мүмкін. Жалпы алғанда кәсіпорынның табыстылығы салық ставкасына байланысты, ол «Лаффер қисығы» деп аталады.

Теория жүзінде мемлекетке жоғары табыс әкелетіндей және сонымен бір мезгілде рентабельді кәсіпорындардың жұмысын ынталандыратындай эффект беретіндей оптималды ставка деңгейі болады, бірақта оны іс жүзінде табу мүмкін емес.

«Ұсыныс экономикасы» теориясынан товар өндірісін өсуге қолдау көрсету үшін шектен тыс салық ставкасын бекітпеуі керек, бұл өндіріс өндірісті кеңейтуге деген ынтаны жоғалтады, кәсіпорынның соңғы нәтижелеріне деген қызығушылықты төмендетеді. Салықтың төмен ставкасын орнату мемлекетке жоғары табыс әкелмейді.

Сөйтіп, салық ставкасы осы жағдайлардың барлығында нақты уақыт кезеңіндегі экономика ерекшеліктерін ескеруі керек. Оптималды салық ставкасын жүргізу енгізу үшін экономиканың тұрақты жағдайы және төмен инфляция жағдайы (3-5%) орналасуы керек.

Нарықтық жағдайда әлемдік тәжірибеге сай, салықтық ставка 35-40% деңгейінде болғаны дұрыс, одан жоғары болса салық төлеушілерде өндірісті кеңейтуге деген ынтасы жоғалады.

Көптеген ірі елдердегі жүргізілген салықтық реформалардың нәтижесінде ірі өнеркәсіптік компанияларға салық ставкасы төмендетілді.

Кесте 1.3.

Дамыған капиталистік елдердегі компаниялар пайдасына салынатын салық ставкалары


Елдер

1985

1986

1987

1991

АҚШ

46,0

46,0

40,0

34,0

Жапония

43,3

43,3

42,0

37,5

Германия

56,0

56,0

56,0

37,5

Франция

50,0

45,0

44,0

42,0

Италия

43,37

43,37

43,37

43,37

Ұлыбритания

45,0

35,0

35,0

35,0

Канада

36,0

36,0

36,0

28,0

Алынған көзі: Галкин В.Ю. «Некоторые вопросы теории налогов»./Финансы,1993г.
Жоғарыда келтірілген кестеден көрініп тұрғандай, 90-шы жылдардың басында көптеген елдердегі салық ставкаларының мөлшері айтарлықтай төмендеді. Тек Италия мен Германия бұл тізімге кірмейді. 1991 жылы Германия Үкіметі корпорациялық салық ставкасын 7,5%-ке көтерді, бұл батыс және шығыс жерлерін біріктіру процесімен байланысты болды.

Қазақстанда қысқа мерзім ішінде салық жүйесіндегі пайда салығы бірнеше дүркін өзгеріске ұшырады. Ең алдымен, айта кету керек, салықтық реформа нәтижесінде пайдаға салық салу жүйесі табысқа салық салумен ауыстырылды. 1995 жылға дейін пайда салығының ставкасы бірнеше рет төмендеді.

Мысалы, 1992 жылы пайда салығының ставкасы дифференциалды болды, оның шамасы кәсіпорынның атқаратын қызмет түріне және алатын пайдасының мөлшеріне қарай анықталды, ал 1994 жылы екі негізгі ставка қолданылады: 30% және 45%.

Көптеген салықтық жеңілдіктердің болуы мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда көптеген түсініспеушіліктерді тудырады, сондықтан оларды мейлінше азайтып, арнайы есеп жүргізу керек. Алғаш рет мұндай талдау және есеп беру «салықтық шығындар» формасында 1960-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қолданыла бастады, және өнеркәсіптік дамыған елдердің мемлекеттік бюджетті құруда «салықтық шығындарды» жоспарлайды. Қазіргі кезде салықтық түсімдердің және салық жүйесінің өзгерісінен болатын салдарының болжамы перспективті және оперативтік салықтық жоспарлау кезінде жүргізіледі.

Салықтық жоспарлау салықтық реттеу тиімділігін арттырады, мемлекеттік саясаттың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде әрбір елде салықтық реттеу механизмінің құрылымы салық жүйесінің құрылатын қағидаларына, қолданылатын реттеу құралдарының жиынтығына байланысты ұлттық ерекшеліктерге ие, және ол саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.

Экономиканы мемлекеттік басқару ұлттық мақсаттарды жүзеге асыруды ұзақ мерзімді салықтық жоспарлаудың, салық заңдылығының және салық жүйесінің өзара байланыстылығына негізделуі керек. Салық механизмінің қазіргі құрылымы келесі негізгі бөліктерден тұрады:

а) Салықтық жоспарлау:



  1. салықтық түсімдер мен «салықтық шығындарды» мемлекеттік жоспарлау;

  2. салықты салық төлеушілердің төмендетуін жоспарлауды есепке алу;

б) салықтық қатынастарды хұқықтық қамтамасыз ету:

  1. заңның сақталуын бақылау;

  2. салық заңдылығын бұзушылық үшін жауапкершлік;

в) салық жүйесі (салықтық реттеу):

  1. салық элементтері: объект, салық салу көзі, субъект, салық ставкасы, салық жеңілдігі, салық санкциялары, салық оклады;

  2. салық түрлері;

  3. салық жүйесінің құрылымы: тікелей және жанама салықтардың арақатынасы;

  4. салықтарды әкімшілік деңгейлері бойынша бөліп-тарату;

  5. салықтарды алу тәртібі;

  6. салықтарды есептеу және бухгалтерлік есепке алу әдістері;

  7. салықтарды жинау уақыты және мерзімі.

Қазақстанда салықтық әсер етудің механизмінің құрылымын қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Экономиканы мемлекеттік басқарудағы салықтық механизмді зерттеу көрсеткендей, қазіргі уақытта салықтық реттеу механизмінің құрылымы дұрыс құрылған жоқ.

Салықтық механизмнің қызмет етуі үшін қажетті шарт- салық салу қағидаларын сақтау. Мемлекеттің салық салу ісіндегі ғылыми негізделген қағидалар негізінде көп ғасырлық қызметінің дамуы оптималды салық түрлерін, оларды алу әдістері мен тәсілдерін, әр елдің өзіне тән ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді. Салықтар теориясында бекітілген және әлемдік тәжірибемен дәлелденген салықтар оптималды салық жүйесін қалыптастыру үшін, салықтық реттеуді жүзеге асыру үшін, салықтардың экономикаға тигізетін әсерін, құрамын, құрылымын анықтау үшін қажетті шарт болып табылады.




жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау