Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет11/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім бар болғанда қолданылады.

4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу меншігіне мынадай:

1) сақтандыру холдингтерінің:

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын;

талап етілетін ең төменгі рейтингі бар облигацияларды. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:

тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржы құралдарын (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.

Осы тармақта белгіленген шектеулер бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді осы ұйымның қайта құрылымданатын міндеттемелері тізбесіне енгізу шартымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің бұдан бұрын сатып алынғандардың орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:

1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге түрлерін шығаруға;

2) банктерден меншікті капиталының мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын үш айдан астам мерзімге тартуға;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға қаржылық көмекті қоспағанда, өтеусіз негізде қаржылық көмек көрсетуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кез келген тәсілдермен қарыз беруге тыйым салынады.

6. Сақтандыру холдингтері осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызметтен басқа мынадай қызмет түрлерімен:

1) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғадан өз мұқтажына сатып алынған мүлікті сатып алумен;

2) қаржылық қызметімен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен;

3) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғаға меншікті мүлкін сатумен айналысуға құқылы.



7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру холдингтеріне тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасалған операцияларды қоспағанда, туынды бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын лимиттерден аспауға тиіс.

9. Осы баптың талаптары:

1) мынадай талаптардың бірін:

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің
А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуын;

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің


А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуын орындаған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге;

2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банктік холдингтер болып табылатын сақтандыру холдингтеріне;

3) аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына тікелей иелік ететін (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер етуге мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде ие (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерінен асатын қабылдап алған сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беруге міндетті. Рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бір үлестес тұлғасымен жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша өзіндік ұстап қалудың жиынтық мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік капиталының он пайызынан аспауға тиіс.

11. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі резервтік қорының активтерін инвестициялауға қолданылмайды.»;

18) 9-тарау мынадай мазмұндағы 52-1 және 52-2-баптармен толықтырылсын:

«52-1-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктер мен функционалдық міндеттерді, олардың жауапкершілігін;

2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің түрлері бойынша тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне жеке-жеке лимиттерді;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;

5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін құрауға тиіс тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

2. Сақтандыру тобында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.

Сақтандыру тобының бас ұйымы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды шоғырландырылған негізде сақтауды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру тобының бас ұйымы сақтандыру тобына қатысушылардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауы үшін жауапты болады.
52-2-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жариялану күні олардың қызметі шындыққа сай келмейтін жарнама жасауға тыйым салынады.

2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.

Бұл талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не оларды мұндай жарнаманы жариялаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есебінен нақтылауға құқылы.

3. Мынадай тұлғаларға:

«өмірді сақтандыру» немесе «жалпы сақтандыру» салалары бойынша, сондай-ақ қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге жарнама беруші ретінде әрекет етуге тыйым салынады.»;

19) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«53-бап. Ертерек ден қою шаралары

1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:

 1) төлем қабілеттігі маржасы жеткіліктілігінің нормативін төмендетуді;

 2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін төмендетуді;

 3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.

2. Сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:

1) сақтандыру тобының төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің төмендеуін;

2) сақтандыру тобына қатысушылар болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларының қолданылуын;

3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру тобының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында аталған факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөнінде ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын тапсыру жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға тапсыруға міндетті.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оны орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне төменде көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеуді, оның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін шектеу жолымен шектеуді;

3) уәкілетті орган белгілеген мерзімге дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтатуды;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайтуды;

6) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сақтандыру делдалдарына комиссиялық сыйақыларды төмендету, еншілес ұйымдарды жабу жолымен қысқартуды қолданады.

4. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобына қатысушыларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында аталған факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оған ірі қатысушыға сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөнінде ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын тапсыру жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.

Сақтандыру холдингі және (немесе) оған ірі қатысушылар аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға тапсыруға міндетті.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру холдингі және (немесе) оған ірі қатысушылар жоспарда белгіленген мерзімде оны орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы сақтандыру холдингіне және (немесе) оған ірі қатысушыларға төменде көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:



1) сақтандыру тобына қатысушылардың жай акциялар бойынша олардың акционерлері (қатысушылар) арасында дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді (таза кірісті бөлуді) тиісінше уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтатуды;

2) басшы немесе өзге де қызметкерлерді лауазымынан шеттетуді;

3) сақтандыру тобының меншікті капиталын, оның ішінде сақтандыру тобына қатысушылардың жарғылық капиталын ұлғайту арқылы сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайтуды;

4) сақтандыру тобының активтерін қайта құрылымдауды;

5)   әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін азайту арқылы қысқартуды;

6) сақтандыру холдингі және сақтандыру тобына қатысушылар арасындағы оларды тәуекелге әкеп соғатын операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды қолданады.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде тапсырмаған немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру тобына) және (немесе) олардың акционерлеріне (ірі қатысушыларға) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;

20) 53-1-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігінде:

1) тармақша «ірі қатысушы» деген сөздердің алдынан «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына» деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы» деген сөздерден кейін «(оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдар)» деген сөздермен толықтырылсын;

5) тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының» деген сөздерден кейін «(оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдар)» деген сөздермен толықтырылсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) осы Заңның 53-бабында аталған факторлардың анықталуына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жай-күйі нашарлаған;»;

мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) сақтандыру холдингі пруденциялық нормативтерді жүйелі түрде (бір жыл ішінде екі және одан да көп рет) орындамаған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде уәкілетті орган:

1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыдан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында оның тікелей немесе жанама түрде иелік ететін үлесін дауыс беретін акциялардың он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;

2) сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен оның тікелей немесе жанама түрде иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және олар мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі акционер (қатысушы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан және сақтандыру холдингінен олардың арасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен еншілес ұйымды немесе капиталында өздерінің қомақты қатысуы бар  ұйымдарды иелену немесе бақылау үлесін иеліктен шығаруды талап етуге;

5) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардан олар мен олардың сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге душар ететін үлестес тұлғалары арасындағы операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту мақсатында сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыдан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы не сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға, осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға үш айға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.

Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленетін тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленетін тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берген жағдайда акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде анықталады.

Уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органның алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі барлық акцияларын қолдаухатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы ұсыныс беруге құқылы.

Акцияларды сатып алушылар қолдаухатта көрсетілген Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган қолдаухатты қанағаттандырады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім өткенге дейін сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сенімгерлік басқарудағы акцияларын оларды сату туралы шешім қабылдау күніне қалыптасқан нарықтық құн бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында оларды сату жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда акцияларды сату бағасын бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.


жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау