Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекетін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
21) 53-2-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) міндеттеме хатты талап етуді;»;
2-тармақта:
«жазбаша міндеттемесі» деген сөздер «міндеттеме хаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кемшіліктерді және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі «жоюға бағытталған» деген сөздерден кейін «орындауға міндетті» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы бапта келтірілген шаралар сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін тұрақсыз қаржылық жағдайының белгілері пайда болған жағдайларда, сондай-ақ, егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаған жағдайда, оларға да қатысты қолданылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды тапқан, ұйымның лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерінің дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған шектеулі әрекет ету шараларын қолданады.»;
8-тармақтың екінші бөлігіндегі «жазбаша міндеттеменің» деген сөздер «міндеттеме хаттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 53-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға бұрын оларға қолданылған әрекет ету шараларына қарамастан, санкциялар қолдануға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті орган мынадай негіздемелердің бірі:
1) уәкілетті орган қолданған шектеулі әрекет ету шараларының талаптарын орындамауы;
2) осы Заңда белгіленген сақтандыру есептері мен ақпаратын беру тәртібі мен мерзімдерін бұзуы;
3) уәкілетті органға осы Заңның 82-бабы 1-тармағының
11) тармақшасында көзделген ақпаратты бермеуі немесе дәйексіз ақпарат беруі;
4) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға сақтандыру есептеріндегі ақпаратты ашуы немесе беруі бойынша ұйымның лауазымды тұлғасын дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету түрінде санкция қолданады.»;
23) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленуші ірі қатысушы – жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленуші жеке тұлғадан сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін қайтарып алған;»;
24) 56-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі бекіту үшін уәкiлеттi органға ұсынылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдап алу-беру актімен ресімделеді, ол төрт данада жасалады. Қабылдап алу-беру актісінің бір данасы – уәкілетті органға, екіншісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі.»;
25) 59-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «3» деген цифр «4» деген цифрмен ауыстырылсын;
26) 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және
сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта ұйымдастырылуы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы (қосылуы, бірігуі, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүргізіледі.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
Сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берілген барлық лицензияларды бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға өтiнiш беру үшін осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешiмiнің болуы негiз болып табылады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуының болжамды шарттарын, нысанын, тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттар;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) есептік балансын қоса алғанда, оның өз еркімен қайта ұйымдастырылуынан кейін және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың өз еркімен қайта ұйымдастырылу салдарынан туындаған қаржылық болжам.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға арналған өтiнiштi уәкiлеттi орган құжаттардың толық пакеті табыс етiлген күннен бастап екі ай iшiнде қарауға тиiс.
6. Қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды өткізуге рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде алдағы өзгерістер туралы өздерінің барлық сақтанушыларына тікелей хабарлау және тиісті хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы хабардар етуге міндетті.
7. Қайта ұйымдастырылу нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
9. Осы баптың талаптары:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің
А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің
А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы шарттарының бірі орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды.»;
27) 63-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац «ұйымының» деген сөзден кейін «(сақтандыру холдингінің)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдері болмаған;
2-2) болжамды қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған;»;
28) 67-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
29) 68-баптың 1-тармағы 3) тармақшадағы «болмаған жағдайларда бас тартады.» деген сөздер «болмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін оның қаражаты жетпеген;
5) сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қабылдамаған жағдайларда бас тартады.»;
30) 69-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасы «басшы» деген сөзден кейін «, ал қажет болған кезде өзге де» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс істеп тұрған органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.
3-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы баптың
2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көзделген салдар туындайды.»;
31) 70-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тарату комиссиясы тарату балансын және тарату туралы есепті бекіткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал аталған құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.»;
32) 73-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «орындамаған жағдайда» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 74-1-бапта:
1-тармақ:
«аяқталғаннан кейін» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
«түсіндірме жазбасын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы есепті» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац «аяқталғаннан кейін» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы (акцияларындағы) оған тиесілі қатысу үлестері, сондай-ақ оларды сатып алу көздері туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, сондай-ақ осы адамдар бақылау жасайтын ұйымдар туралы ақпаратты;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының салық органдарына ұсынатын жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін қамтитын есептілікті тапсыруға тиіс.»;
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны және есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны;»;
2) тармақша «аяқталғаннан кейін» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.» деген сөздер «түсіндірме жазбаны;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті тапсыруға тиіс.»;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
2) тармақшада:
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі» деген сөздер «ірі қатысушы (сақтандыру холдингі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қаржылық есептілігі» деген сөздерден кейін «, сақтандыру тобының құрылымы туралы есеп» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «мәліметтер көрсетілуге тиіс.» деген сөздер «мәліметтер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сақтандыру тобының меншікті капиталының он немесе одан да астам пайызын құрайтын үшінші тұлғалары (адамдар тобы) алдындағы сақтандыру тобының барлық міндеттемелері туралы есебі көрсетілуге тиіс.»;
екінші бөлікте:
«осы баптың 4-тармағында» деген сөздер «осы тармақта» деген сөздермен ауыстырылсын;
«есепті тоқсаннан кейінгі» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
«кезден бастап» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес уәкілетті органға жылдық қаржылық есептілікті ұсынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылады.
Заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингіне қатысты көзделген талаптар қолданылады.»;
7-тармақ алып тасталсын;
34) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы,
сақтандыру брокері және сақтандыру холдингі
қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тәуелсіз аудиторлық растаудан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдалар мен шығындар туралы есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, олардың аудиторлық растауынсыз тоқсан сайын жариялайды.
Сақтандыру холдингтері – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда –шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.
Осы баптың талаптары сақтандыру холдингтері болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қолданылмайды.»;
35) 79-баптың 1, 2, 3, 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Ұйым көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру мен жүргізуді осы Заң және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілері негізінде жүзеге асырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және Ұлттық Банк ұйымның акционерлері болып табылады.
Ұлттық Банк акционер болып табылатын жағдайды қоспағанда, ұйымның әрбір акционерінің үлесі оның үлестес тұлғаларымен бірлесіп, ұйымның орналастырылған (сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспауы керек.
Ұлттық Банктің үлесі ұйымның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, ұйымның әрбір акционері «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша дауыс береді.
3. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасымен директор кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелерден басқа, ұйымның директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
1) ұйымның жылдық бюджетін бекіту;
2) ұйымның резервтік және өзге де қорларын пайдалану;
3) ұйымға төленуге тиісті жарналардың мөлшерлемесін бекіту.
Ұйымның директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.
4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымға төлеуге тиісті жарналарының мөлшерлемесін келіседі.
Ұйымға қойылатын осы Заңда белгіленген талаптарды орындау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымға төлеуге тиісті жарналары мөлшерлемесінің жеткіліксіздігі одан уәкілетті органның бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары төлеуге тиіс жарналар мөлшерлемесін келісуден бас тартқан жағдайда оның мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.»;
«6. Ұйым өз қызметінде:
1) ақпараттық жүйелерді, дерекқорды қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін онда техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) дерекқорды және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға;
3) ұйым өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, ұйымды бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етудің жыл сайынғы аудитін жүргізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.»;
36) 80-баптың 1-тармағындағы «және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздер алып тасталсын;
37) 85-баптың үшінші бөлігіндегі «79-бабы 1-тармағының» деген сөздер «79-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Қазақстанның Даму банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат):
1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде банктерді, банктік конгломераттарды және резервтік талаптарды пруденциялық реттеу, басшы қызметкерлердің келісуі, активтерді, шартты міндеттемелерді сыныптау және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Даму Банкінің Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының Даму Банкiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.»;
2) 17-бап алып тасталсын.
14. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) айқын басым көпшілік – кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;»;
2) тармақшадағы «айырбасталуға» деген сөз «ауыстыруға» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «не» деген сөз «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) корпоративтік оқиғалар – акционерлік қоғамның қызметіне елеулі әсер ететін, осы Заңның 79-бабында айқындалған акционерлік қоғамның акционерлері мен инвесторларының мүдделерін қозғайтын оқиғалар;»;
20) тармақшадағы «осы акционерлік қоғамның аудиторы» деген сөздер «осы акционерлік қоғам органдарының отырысындағы акционердің өкілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жария компанияның корпоративтік интернет-ресурсында мынадай құжаттар ашық орналастырылуға тиіс:
1) жария компанияның жарғысы;
2) корпоративтік басқару кодексі;
3) соңғы екі қаржы жылының аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктері (жаңадан құрылған жария компанияларды қоспағанда);
Достарыңызбен бөлісу: |