Ісқағаз жүргізу қызметін көрсетумен айналысатын қызметкерлердің ірілендірілген салааралық үлгілік уақыт нормалары



жүктеу 406,47 Kb.
бет1/3
Дата14.05.2018
өлшемі406,47 Kb.
#13382
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

2012 жылғы ____________

№ ___ бұйрығымен бекітілген




Ісқағаз жүргізу қызметін көрсетумен айналысатын қызметкерлердің ірілендірілген салааралық үлгілік уақыт нормалары

1. Жалпы бөлім
1. Ірілендірілген үлгілік уақыт нормасы ісқағаз жүргізумен айналысатын қызметкерлердің және мұрағаттық істермен айналысатын қызметкерлердің санын (бұдан әрі - салааралық үлгілік уақыт нормалары) белгілеу және еңбегін нормалау үшін арналған.

2. Мұрағат ұйымдарының қызметкерлері мен ісқағаздарын жүргізу қызметтерін көрсетумен айналысатын қызметкерлерге белгіленген уақыт нормалары.

3. Уақыт нормаларына қамтылған жұмыс түрлері: істер номенклатурасын құру және жүргізу; құжаттарды өңдеу, тіркеу, санын есепке алу; құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмыстар; азаматтардың өтініштері, шағымдары мен ұсыныстары бойынша жұмыстар; құрылымдық бөлімшелерде істерді қалыптастыру және ресімдеу; құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама; істер тізілімінің жылдық тарауларын құрастыру; ведомстволық мұрағатқа істерді жіберу; ұйым мұрағатының құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппаратты құру; құжаттарды каталогтау; азаматтар мен мекемелерге ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану, ведомство (ұйымдар) мен мекемелерде және құрылымдық бөлімшелерде құжаттарды ұйымдастыруды бақылау; құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; құжаттарды есепке алу; жұмыстарды техникалық ресімдеу.

4. Жинақ жұмыс көлемінің өлшем бірлігіне қабылданатын адам-сағатына (бұдан әрі - ад/сағ.) өлшемімен жедел уақыттың нормативтерін қамтиды.

5. Нормаланған жұмысты орындауға жұмсалатын уақыт нормасы жедел уақыт және 1 формула бойынша есептеледі:

Нвр = Н x Кн, (1)

онда: Нвр – нақты нормаланған жұмыс түрін орындауға жұмсалатын уақыт шығыны, сағ;

Н- жинақ бойынша белгіленген осы жұмысты орындауға жұмсалатын жедел уақыт нормативі, сағ;

Кн – жұмыс орнының, демалыстың (дене шынықтыру сәтін қосқанда) жеке мұқтаждыққа қызмет көрсетудің ұйымдастыру- техникалық уақыт шығынын ескеретін баламасы. Талдау нәтижесі бойынша Кн қызметкерлердің жұмыс уақытының фотографиялары мен хронометражды карталарына 1,1 тең
уақыт алынады.

6. «Іс» өлшем бірлігіне 210х297 миллиметр (бұдан әрі – мм) (формат А 4) мөлшерімен 150 парақ көлеміндегі іс қабылданады. 150 парақтан артық немесе кем істер 150 парақ бір шартты іске есептеледі.

7. Жұмыс көлемінің өлшем бірлігіне – авторлық парақ – 40 мың баспа белгілері бар, 16,7 машинамен жазылған бетті құрайтын, 1,5 интервал, әрбіреуі 2450 белгіні қамтитын материал қабылданады.

8. Жинақтың нормативтік бөлігіндегі кестелерде атқарылатын жұмыстардың мазмұны мен атаулары және уақыт нормасы белгіленген.

9. Құжаттың құрамы, оларды әзірлеу ережелері және ресімдеу қолданыстағы ережелер мен басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттарға сәйкес белгіленеді.

10. Егер жоспарланған жұмыс көлемін осы жинақтағы нормативтер негізінде есептелгенмен салыстырғанда аз қызметкер толығымен нормативтік құжаттарға сәйкес орындайтын болса, онда осы нормативтер нақтылы санын өзгерту үшін негіз болмайды.

11. Нормативтік кестелерде келтірілген «дейін» деп көрсетілетін сандық мәндерді олармен қоса деп түсіну керек.

12. Мұрағат қызметкерлері мен ісқағаз жүргізу қызметінің есептеу үлгісі салааралық үлгілік уақыт нормаларының 3- қосымшасына сәйкес көрсетілген.



2. Еңбекті ұйымдастыру
13. Ісқағаздарын жүргізу қызметін көрсетуші қызметкерлердің функциялары басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілердің лауазымдық біліктілік анықтамалығына сәйкес әзірленген лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.

14. Ісқағаздарын жүргізу қызметін көрсету функциясына мыналар кіреді: ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттармен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуге стандарттарды енгізу және басқа нормативтік-әдістемелік құжаттар; құжаттарды қабылдау; құжаттарды өңдеу және есепке алу-анықтамалық жұмыс; құжаттарды орындауды бақылау; құжаттарды ресімдеу және жіберу; істерді қалыптастыру, пайдалану және сақтау; істерді мұрағатқа дайындау және жіберу және тағы басқа да.

15. Мұрағаттың функциясына мыналар кіреді: ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамаларын жинақтау; құжаттарды есепке алу және мұрағатқа қабылданған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; мұрағатқа қабылданған құжаттарды қорландыру; мұрағатта сақталатын құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат құру; құжаттардың құндылықтарына сараптама жүргізу, ұйымның ісқағаздарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету; құжаттарды мемлекеттік сақтауға дайындау және беру; статистикалық есеп нысанын мемлекеттік мұрағатқа ұсыну; мұрағатта сақталатын құжаттарды қолдану; ұйымның ісқағаздарын жүргізуде істерді дұрыс қалыптастыру және ресімдеу, сақтауды тексеру; мұрағат ісі және ұйымның ісқағаздарын жүргізуді ұйымдастыру бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттарды (нұсқаулықтар, ұсыныстар, ережелер және тағы басқа да) әзірлеуге қатысу.

16. Жинақта қабылданған ұйымдастыру-техникалық шарттарда жұмыс орындарын қолайлы ұйымдастыру; қызметкерлердің уақытында қажетті ақпаратты, кеңесті, нұсқаманы алуы; еңбек және демалыс режимін қолайлы сақтау; белгіленген санитарлық нормаларды сақтау қарастырылады.

17. Ісқағаздарын жүргізу қызметі қызметкерлерінің жұмыс орындары ұйымдастыру техникасы мен еңбек заттары, тиісті құжаттар мен кеңсе заттары сақталатын үстел жәшіктерінде қолайлы орналастырылуын қамтамасыз ететін бір тумбалы үстелмен (қосалқы қондырғысымен) жабдықталады. Үстелде папкаларды қолайлы орналастыру үшін (тура немесе көлденең) салынатын лоток болуы тиіс. Арнайы, анықтамалық әдебиетті сақтау үшін шкаф болуы керек.

18. Ісқағаздарын жүргізу қызметінің қызметкерлері қажетті анықтамалық материалдармен (оның ішінде: ісқағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықтар және басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттармен, қолданыстағы заңнамалар бойынша анықтамалықтармен, әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша анықтамалықтармен, орфографииялық және терминологиялық сөздіктермен, жеке сөздердің жазылуы бойынша анықтамалықтармен, телефондары мен мекенжайы көрсетілген ұйымдар мен құрылымдық қызметкерлердің тізімдері, осы ұйымның қызметіне байланысты жоғарыда тұрған және басқа органдардың жинағына қаулылар мен бұйрықтарын көрсететін картотека-көрсеткіштерімен қызметкерлердің телефондары мен мекенжайының алфавиттік кітапшаларымен) қамтамасыз етіледі.

19. Мамандардың жұмыс орны жеке компьютермен, принтермен және қажетті ұйымдастыру техникасымен жарақтандырылуы тиіс.

20. Клавиатура үстелдің жоғарғы жағында қызметкерлердің қолын сүйеу үшін клавиатураның алдында жеткілікті кеңістік болатындай орналастырылады (қызметкерге қарай 300 мм кем емес арақашықтықта).

21. Ақпаратты тез және анық көруі бақылау қолайлылығын қамтамасыз ету үшін монитор экранының тегістігі қызметкердің көз деңгейінен төмен, қызметкердің қалыпты көру сызығына перепендикуляр орналасады (қалыпты көру назары – көлденең сызықтан 15 градус төмен).

22. Электромагниттік сәуле деңгейінің артуы әсерін болдырмау үшін экран мен қызметкердің арасындағы арақашықтық 500 мм (ең тиімдісі 600-700 мм) кем болмауы тиіс. Жұмыс үстелі (кресло) орнықты, отыру орны биіктігі бойынша реттелуі тиіс. Жұмыс орнына табиғи жарық қырынан түсуі тиіс (сол жақтан болса қолайлы). Табиғи жарық жағдайында көру өрісінде жарықтың қанықтығын төмендету үшін реттелетін жалюздер, қалың перделер болуы керек.

23. Жалпы және жергілікті жарық түсіру шамдары жарық түсіргенде қалыпты жағдайлар жасалуы тиіс және жұмыс түрі мен қызметкер тарапынан талаптарды ескеріп, экран мен қоршаған ортаның тиісті айырмашылығының арасында қалыпты жағдайлар жасалуы тиіс. Үстелдің үстіндегі жарық жұмыс құжатын орналастыру аймағында 300-500 люксті құруы тиіс.

24. Шағын ахуалды оңтайлы параметрлермен қамтамасыз ету үшін жұмыс күні ішінде жұмыс орнының ауасын жиі тазарту керек.

25. Монитор экранының алдындағы жұмыс қабілеті мен денсаулықты сақтау немесе экрандағы жұмыс жүктемесін қысқарту мақсатында басқа жұмыспен ауыстыруды қамтамасыз ету үшін белгіленетін мерзімді реттелген үзілістермен болуы тиіс.

26. Маманның жұмыс орны еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай болуы тиіс.

27. Сегіз сағаттық жұмыс ауысымында және жеке компьютермен жұмыста реттелген үзілістер: 2 сағаттан кейін жұмыс ауысымы басталғаннан бастап және 2 сағаттан кейін түскі үзілістен кейін әр 15 минут сайын үзіліс ұзақтығы белгіленеді.

28. Жабдықты қосулы күйінде бақылаусыз қалдыруға болмайды. Біраз уақытқа жұмысты тоқтату қажет болғанда барлық белсенді жабдықтар сөндіріледі.



3. Нормативтік бөлім
3.1. Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары
Істер номенклатурасын құру және жүргізу
29. Жұмыс мазмұны:

Нормативтік және әдістемелік құжаттарды, анықтамалық оқу құралдарын, аталмыш құрылымдық бөлімшенің функцияларын, ісқағаздар ерекшеліктерін, құжаттардың құрамы мен мазмұнын, олардың сақтау мерзімін белгілеу, құру, істер тақырыбын жүйелеу, құрылымдық бөлімше басшыларының бұрыштама жазуын, істерді дұрыс қалыптастыруға бақылауды зерделеу.

Орындаушылар: кеңсе меңгерушісі, ісқағаздарын жүргізуші, құжат жүргізу.

Істер номенклатурасын құру және жүргізу бойынша жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттарды тіркеу
30. Жұмыс мазмұны: хат-хабарды қабылдау, конвертті ашу, тіркелетін және тіркелмейтін құжаттарды жүйелеу, тіркеу карточкасын құрастыру, тіркеу мөрін қою, толтыру, қарау және бұрыштама қою үшін ұйым басшысына берілетін құжаттарды және құрылымдық бөлімшелерге орындау үшін жіберілетін құжаттарды бөлу.

Орындаушылар: кеңсе меңгерушісі, ісжүргізуші, құжат жүргізуші.

Құжаттарды тіркеу бойынша жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжатты есепке алу


31. Жұмыстың мазмұны: құжатты есепке алу нысандарын толтыру, басшыларға есепке алу мәліметтерін беру.

Орындаушылар: тапсырмаларды орындауды бақылау жөніндегі инспектор.

Құжатты есепке алу жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмыстар


32. Жұмыс мазмұны: егер тіркеу қызметінен берілмесе, тіркеу-бақылау карточкасын (бұдан әрі - ТБК) құрастыру, ТБК және құжатта «Б» (бақылау) белгісін қою, картотекада ТБК бірінші данасының орналасуы, ТБК екінші данасын орындаушыға құжаттармен бірге жіберу, құжатты орындауды бақылау, орындалу мерзімі туралы ескерту, ТБК мәліметтерді жазу, орындалу жағдайы жөнінде басқаларды хабардар ету, құжатты бақылаудан алып тастау. Мерзімінде орындалмаған құжаттардың жинағын жасау; бақылауға жататын құжаттарды орындау жөнінде жинақтау жасау; құрылымдық бөлімшелерде құжаттардың орындалу нәтижесін қорыту, мекемедегі құжаттардың орындалу жағдайын талдау.

Орындаушы: тапсырманың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор.

Құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдары мен ұсыныстарымен жұмыс


33. Жұмыстың мазмұны: құжаттарды ашу, тіркеу журналында құжаттарды жолдаудың дұрыстығын тексеру, ақпараттық парақты құру, оның мазмұнын тіркеу карточкасына (бұдан әрі - ТК) басу, басшылық пен құрылымдық бөлімшеге жіберу, ТК–ға бұрыштаманы ауыстыру, картотекада карточканы орналастыру, өтінішті орындауды бақылау, құзыреттігі бойынша өңірлерге өтінішті қайтару, талдау, азаматтардың жүгінуі бойынша қорытындылау және анықтамалық қызмет көрсету, жинақ ведомості мен орындалуы жөнінде анықтаманы құрастыру.

Орындаушылар: ісқағаз жүргізуші, тапсырмаларды орындауды бақылау жөніндегі инспектор, хатшы-машинист, басшының хатшысы.

Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдары мен ұсыныстарымен жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құрылымдық бөлімшелерде істерді қалыптастыру және ресімдеу,

құжаттардың құндылығына ғылыми және практикалық сараптама,

істер тізімдемесінің жылдық тарауларын құрастыру,

істерді ведомстволық мұрағатқа жіберу
34. Орындаушылар: кеңсе меңгерушісі, ісжүргізуші, басшының хатшысы, құжат жүргізуші.

Құрылымдық бөлімшелерде істерді қалыптастыру және ресімдеу, құжаттардың құндылығына ғылыми және практикалық сараптама, істер тізімдемесінің жылдық тарауларын құрастыру, істерді ведомстволық мұрағатқа жіберу бойынша жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.



3.2. Ұйым мұрағатының жұмысына жұмсалатын уақыт шығыны
Сақталу мерзімін көрсетіп құжаттардың тізімін құрастыру
35. Жұмыс мазмұны: есепке алынатын материалдар бойынша мәліметтерді іздеу, тізімді құрастыру, басып шығару.

Орындаушы: архивариус.

Сақталу мерзімін көрсетіп құжаттардың тізімін құрастыру жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

«Мұрағатты толықтыру бойынша мәліметтер» есебін құрастыру


36. Жұмыс мазмұны: есептерді құрастыру үшін есепке алу материалдары бойынша мәліметтерді іздестіру.

Орындаушы: архивариус.

«Мұрағатты толықтыру бойынша мәліметтер» есебін құрастыру жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

«Мұрағат құжаттарын пайдалану мәліметтері» есебін құрастыру


37. Жұмыс мазмұны: есептерді құрастыру үшін есепке алу материалдары бойынша мәліметтерді іздеу.

Орындаушы: архивариус.

«Мұрағат құжаттарын пайдалану мәліметтері» есебін құрастыру жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Жеке жасалған құжаттарды іздестіру бойынша уақыт нормасы


38. Жұмыс мазмұны: сұранысты қарау, қарау үшін қорларды анықтау, ғылыми-анықтамалық аппаратты зерделеу.

Орындаушы: архивариус.

Жеке жасалған құжаттарды іздестіру бойынша уақыт нормасы салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Қорлар бойынша анықтамаларды құрастырудың уақыт нормасы


39. Жұмыс мазмұны: каталогтар мен картотекалар бойынша мәліметтерді іздестіру.

Орындаушы: архивариус.

Қорлар бойынша анықтамаларды құрастырудың уақыт нормасы салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Тақырыптық сұраныстарды орындаудың уақыт нормалары


40. Жұмыс мазмұны: аппаратты ғылыми-анықтамалық зерделеу, сұраныс тақырыбы бойынша мәліметтерді анықтау.

Орындаушы: архивариус.

Тақырыптық сұраныстарды орындаудың уақыт нормалары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Ұйым мұрағаты құжаттарының ғылыми – анықтамалық аппаратын құру


41. Орындаушы: мұрағат меңгерушісі, архивариус.

Ұйым мұрағаты құжаттарының ғылыми – анықтамалық аппаратын құру жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттарды каталогтау
42. Орындаушылар: мұрағат меңгерушісі, архивариус.

Құжаттарды каталогтау жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттарды пайдалану және мекемелер мен азаматтарға ақпараттық

қызмет көрсету


43. Орындаушылар: мұрағат меңгерушісі, архивариус.

Құжаттарды пайдалану және мекемелер мен азаматтарға ақпараттық қызмет көрсету жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Ведомствоның (ұйымның) құрылымдық бөлімшелері мен мекемелердің ісжүргізуіндегі құжаттардың ұйымдастырылуын бақылау
44. Орындаушылар: кеңсе меңгерушісі, мұрағат меңгерушісі, архивариус.

Ведомствоның (ұйымның) құрылымдық бөлімшелері мен мекемелердің ісжүргізуіндегі құжаттардың ұйымдастырылуын бақылау жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету
45. Орындаушылары: мұрағат меңгерушісі, қорлардың аға сақтаушысы, қорлар сақтаушысы, архивариус.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттарды есепке алу
46. Орындаушылары: мұрағат меңгерушісі, қорлар аға сақтаушысы, қорлар сақтаушысы, архивариус.

Құжаттарды есепке алу жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Техникалық ресімдеу
47. Орындаушылары: қорлардың аға сақтаушысы, қорлар сақтаушысы, архивариус.

Техникалық ресімдеу жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.


Қолданылған әдебиеттер тізімі салааралық үлгілік уақыт нормаларының 4-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Ісқағаз жүргізу қызметін көрсетумен айналысатын қызметкерлердің

ірілендірілген салааралық үлгілік уақыт нормаларының

1-қосымшасы

Істер номенклатурасын құру және жүргізу


Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшем бірлігі

Уақыт нормасы,

сағат


Құрылымдық бөлімшенің істер номенклатурасын әзірлеу

Істер номенклатурасында позициялар саны:

10 дейін


11-25

26- 50


57-75

76-100


5,0


12,0

24,0


36,0

45,0


Құжаттарды тіркеу




Жұмыс атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Дәстүрлі технология

Автоматтандырылған

технология



Тіркеу карточкасында деректерді тіркеу толтыру

1 Тіркеу карточкасы

0,152

0,054

Шығыс деректерін журналдарда толтыру

1 жазу

0,10

0,01

Кіріс құжаттарын, бұйрықтарын журналдарда тіркеу

1 жол

0,08

0,01



Жұмыстың атауы

Жұмыстың мазмұны

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Факс бойынша алынған құжаттарды өңдеу

А 4 парағы форматында бөлінген мәтінді алу, тіркеу-бақылау карточкаларын (ТБК) құрастыру, тіркеу мөрлерін қою және толтыру және құжаттарды орындауға жіберу.

1 парақ

0,12


Факс бойынша жіберілетін құжаттарды өңдеу

Орындалған құжаттарды алу, құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексеру, негізгі құжатта көрсетілген қосымшалардың болуы, құжаттарды тіркеу, факсты қосу, жолдаушымен байланыс орнату, мәтінді жіберу, аппаратты сөндіру

1 парақ

0,03

Келіп түсетін телефонограммаларды өңдеу

телефонограммаларды қабылдау, тіркеу, журналда мәтіннің жазылуы, алынған телефонограммалардың мазмұны жөнінде басшыны хабардар ету, орындау мерзімінің сақталуын бақылау

1 телефонограмма

0,20

Жіберілетін телефонограммаларды өңдеу

Мәтінді жіберу, журналда тіркеу

1 телефонограмма

0,18

Құжатты есепке алу




Жұмыс атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Дәстүрлі технология

Автоматтандырылған

технология



Жіберілген құжаттарды есепке алу кітабында жазу

1 жазу жолы

0,08

0,01

Жіберілген бұйрықтарды есепке алу кітабында жазу

1 жазу жолы

0,05

0,04

Экспедицияны есепке алу дәптерінде жазу

1 жазу жолы

0,02

0,015

Есепке алу нысанын толтыру:

әуе поштасына тапсырысқа тізімді құрастыру



1 тізім



0,4

0,20

жіберілетін құжаттардың тізілімі

1 тізілім

0,26

0,13

кіріс құжаттарының тізімдемесі

1 тізімдеме

0,35

0,20

жүктеу 406,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау