Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет13/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

4) корпоративтік басқару мәселелерін регламенттейтін, оның ішінде директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің қызметін, корпоративтік хатшының қызметін, сондай-ақ жария компанияның аудитін жүргізу мәселелерін регламенттейтін өзге де ішкі құжаттар.

Осы тармақта аталған құжаттарды жария компания, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруы мүмкін.»;

3) 9-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген адам қол қоятын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген жарғыға (оның ішінде жарғының жаңа редакциясы түрінде жазылған) өзгерiстер мен толықтыруларды қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысын, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды нотариат куәландыруға тиiс.»;

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) оларға қатысты алтын акция (ол болған кезде) иесінің вето құқығы белгіленген мәселелер, сондай-ақ алтын акция иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);»;

7) тармақшадағы «құралының» деген сөз «құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 13-бапта:

2-тармақтың екінші бөлігінде:

«Қоғамның» деген сөз «Орналастыру кезеңінде қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жарияланған» деген сөз «орналастырылған» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы шешімі бойынша артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді. Шектеу қоюға орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі.

Олар бойынша шешімдер қабылдау артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселелерге:

артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтердің мөлшерін азайту не мөлшерін есептеу тәртібін өзгерту;

артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібін өзгерту;

артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына ауыстыру туралы мәселелер жатады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғам артықшылықты акцияларды осы Заңға сәйкес ұйымдастырылмаған рынокта сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесіне (егер құрылтай жиналысы әдістемені бекітпесе, оны бекіту) өзгерістерді бекіту туралы мәселені қарайды;»;

5) 14-бапта:

1-тармақтың 1) тармақшасындағы «және» деген сөз «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Акционерлердің осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген құқықтарын шектеуге жол берілмейді.

Акционерлердің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарынан басқа, қоғамның жарғысында акционерлердің қосымша құқықтары көзделуі мүмкін.»;

6) 16, 18, 20 және 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«16-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы

1. Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған аталған бағалы қағаздарды сату ниетi бар қоғам осы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы бағалы қағаздарды өздерiнде бар акциялар санына пропорционалды тең жағдайларда бағалы қағаздарды орналастыру (өткiзу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу) бағасы бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) туралы хабарлаған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беруге құқылы.

Бұл ретте қоғамның жай акцияларын иеленетін акционердің жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алуға құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленушi акционердің қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алуға құқығы бар.

Акционер басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады. Қоғамның жарғысымен акциялардың ақысын төлеудің өзге де мерзімі көзделуі мүмкін, ол акциялар орналастырыла бастаған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.

2. Жарияланған акцияларды орналастыруға, сондай-ақ бұрын сатып алынған акцияларды сатуға ниетi бар қаржы ұйымы уәкілетті органның талабы бойынша пруденциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы бағалы қағаздарды өздерiнде бар акциялар санына пропорционалды тең жағдайларда бағалы қағаздарды орналастыру (өткiзу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу) бағасы бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) туралы хабарлаған күнінен бастап бес жұмыс күні iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беруге құқылы.

Қаржы ұйымының басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акцияларына ақы төлеуді акционер оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлемеген жағдайда аталған мерзім аяқталғаннан кейін өтінім жарамсыз болып есептеледі.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеу мерзімдері бойынша талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның акцияларды сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган басымдықпен сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың ақысын төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырады.

4. Акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзім өткенге дейін ақысын төлемеген жағдайда өтінім жарамсыз болып саналады.

5. Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

6. Осы Заңның 83-бабында көзделген тәртіппен оған басқа қоғам қосылған кезде қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) кезінде қоғамның акционерлеріне басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.»;

«18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру

1. Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бiр немесе бiрнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы.

Қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде оның акцияларын орналастыру туралы шешiмдi қоғамның директорлар кеңесi қабылдайды.

Акцияларды орналастыру акционерлердің акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыруы, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион не ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион арқылы, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) ақшалай міндеттемелерін қоғамның акцияларына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.

2. Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағазды сатып алуға өтінім беру үшін берілген күнтізбелік отыз күннің ішінде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағазды иеліктен айырған кезде, егер бұрынғы меншік иесі мұндай өтініш бермеген жағдайда бұл құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздың жаңа меншік иесіне ауысады.

3. Акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшін белгілеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкін ең төменгі бағасы болып табылады.


Акционерлер акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғамның орналастыру туралы шешiм қабылдаған органы белгiлеген осы акциялардың бiрыңғай ең төменгі орналастыру бағасы бойынша сатып алады.

Қоғамның акциялары осы орналастыру шегiнде акцияларды жазылу арқылы сатып алатын барлық тұлғалар үшiн бiрыңғай баға бойынша сатылуға тиiс.

4. Қоғамның уәкілетті органы орналастырылатын акциялардың санын ұлғайту және (немесе) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру шеңберінде акционерлерге ұсынылған бағаны азайту арқылы жарияланған акцияларды орналастыру туралы бұрын қабылданған шешiмнің талаптарын өзгерту туралы шешімді қабылдаған жағдайда, қоғам акционерлерге осы акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын қайта ұсынады.»;

«20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары

туралы есеп

1. Қоғам уәкiлеттi органға:

қоғамның жарияланған акцияларын толық орналастырғанға дейiн не оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн әрбiр алты айдың (есептi жарты жылдық аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде) қорытындылары бойынша өз акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді;

акцияларды айырбастау рәсімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының екінші түріне айырбастаған жағдайда, өз акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерге өзгерістер мен толықтыруларды беруге мiндеттi.

2. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің және оған өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын және оларды беру тәртібін, сондай-ақ осы есепті қарау және бекіту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;

«21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеу

1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге ақша, мүлiктiк құқықтар (оның iшiнде зияткерлiк меншiк объектiлерiне құқықтар) және өзге де мүлiк енгiзiлуi мүмкiн.

Ақшадан басқа, өзге де мүлiкпен (бағалы қағаздарды қоспағанда) ақы төлеу Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес берiлген лицензия негiзiнде әрекет ететiн бағалаушы белгiлейтiн баға бойынша жүзеге асырылады.

Қор биржасында айналыстағы және қоғамның орналастырылатын акцияларының ақысын төлеуге берілетін бағалы қағаздардың құнын бағалау қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Осындай бағалы қағаздарды аталған әдістеме бойынша бағалау мүмкіндігі болмаған не акциялардың ақысын төлеуге енгізілетін бағалы қағаздар түріне қатысты әдістеме болмаған жағдайда олардың құнын бағалауды Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес берiлген лицензия негiзiнде әрекет ететiн бағалаушы жүргізеді.

2. Егер қоғамның орналастырылатын акцияларының ақысын төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, қоғамның оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім біткенге дейін мұндай мүлікті қоғам акционерлері жалпы жиналысының келісімінсіз алып қоюға тыйым салынады.

3. Акцияларды орналастырған кезде қоғамға:

1) орналастырылатын акцияларды сатып алуға;

2) талаптарында (шығару талаптарында) эмитенттің орналастырылған акцияларын эмитенттің сатып алу құқығы немесе міндеті көзделетін шарттар жасасуға (туынды бағалы қағазды сатып алуға) тыйым салынады.»;

7) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Осы Заңның 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның» деген сөздер «Қоғамның» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) 25-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында осы акцияларды сатып алу нәтижесінде осы тұлғаға өз бетінше немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесе отырып қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тиесілі болатын қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын не дауыс беретін акцияларының өзге санын өз бетінше немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесе отырып сатып алғысы келетін тұлға бұл туралы қоғамға және уәкілетті органға ол белгілеген тәртіппен хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада сатып алынатын акциялардың саны, болжамды сатып алу бағасы туралы мәліметтер және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өзге де мәліметтер болуға тиіс.»;

3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «отыз және одан да көп процентін» деген сөздер «отыз және одан да көп пайызын не сатып алуының нәтижесінде осы тұлғаға өз бетінше немесе оның үлестес тұлғаларымен бірлесіп, қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тиесілі болатын дауыс беретін акцияларының өзге санын» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 26-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орналастырылған акцияларды сатып алу оларды кейіннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы мен қоғамның жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда қоғамның бастамасы бойынша акционердiң келiсiмiмен жүргізілуі мүмкін.

Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу қоғам акцияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен сатып алған жағдайларды қоспағанда, қоғамның оларды сатып алған кезінде акциялардың құнын айқындаудың осы Заңда белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.»;

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) акцияларды құрылтайшылар арасында орналастыру қорытындылары туралы бірінші есеп бекітілгенге дейін;»;

10) 27-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасындағы «және қоғамның» деген сөздер «және (немесе) қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-1-тармақ «қоғамның акцияларды» деген сөздерден кейін «ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында» деген сөздермен толықтырылсын;

11) 28-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) акционердің талап етуі бойынша орналастырылған акцияларды сатып алған кезде:

акционерлердің жалпы жиналысында осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шешімдер қабылданған;

сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;

оның жасалуында қоғамның мүддесі бар ірі мәміле және (немесе) мәміле жасасу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша;»;

12) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«30-бап. Эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай

міндеттемелерін қоғамның жай акцияларына айырбастау

1. Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға, егер өзінің жарғысында мұндай шығару мүмкiндiгi көзделген жағдайда ғана құқылы.

Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ.

2. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегiнде жол берiледi.

3. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары, мерзімдері мен тәртiбi айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектiсiнде көрсетiледi.

4. Бағалы қағаздарды және қоғамның кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау мынадай құжаттардың бірі:

1) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспектісі;

2) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банкті қайта құрылымдау жоспары;

3) егер қоғам дәрменсіз борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған оңалту жоспары негізінде жүзеге асырылады.

5. Егер бұрын қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды орналастырған кезде акционерлерге осы бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы берілсе, осы бағалы қағаздар шығару проспектісі негізінде бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастау кезінде қоғамның акционерлеріне акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы беріледі.

6. Бағалы қағаздар банктің активтері мен міндеттемелерін қайта құрылымдау рәсімі аясында немесе қоғамның оңалту процесінде қоғам акцияларына айырбасталатын жағдайда, егер қоғам дәрменсіз борышкер болып табылса, басымдықпен сатып алу құқығы акцияларын бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы орналастырған кезде банктің (қоғамның) акционерлеріне берілмейді.

7. Қоғам бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға, осындай айырбастау нәтижесінде жай акцияларды сатып алатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыратын қоғам акционерлеріне (акцияларды сатып алуды жоспарлаған тұлғаларға) қатысты белгіленген талаптарды орындаған жағдайда құқылы.

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға тыйым салынады.»;

13) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:

«30-1-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы

қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау

1. Егер осындай айырбастау мүмкіндігі оның жарғысында және акцияларды шығару проспектісінде көзделген жағдайда ғана қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастауды қоғам жүзеге асыруға құқылы.

2. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаудың шарттары, мерзімдері және тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және акцияларды шығару проспектісінде белгіленеді.»;

14) 33-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «және қоғам» деген сөздер «және (немесе) қоғам» деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 34-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда (Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен басқа), акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі қағидасы негізінде жүзеге асырылады.»;

16) 35-баптың 1-тармағында:

үшінші бөліктегі «шақырылуы және өткізілуі мүмкін» деген сөздер «екі ай ішінде шақырылуға және өткізілуге тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қоғамның директорлар кеңесі акционерлердің бірінші жалпы жиналысында сайланады.»;

4-тармақтың екінші сөйлеміндегі «және қоғамның» деген сөздер «және (немесе) қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 36-бапта:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-2) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау;

3-3) орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттары мен тәртібін айқындау;»;

5) тармақшадағы «сыйақы төлеудің мөлшері мен талаптарын» деген сөздер «олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;»;

10) тармақшадағы «беру арқылы қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы» деген сөздер «беру (алу) арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы не өзге де заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуы» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) тармақша «осы Заңға сәйкес» деген сөздерден кейін «ұйымдастырылмаған рынокта» деген сөздермен толықтырылсын;

18) тармақшадағы «және қоғам» деген сөздер «және (немесе) қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірінші бөлік «3)» деген цифрдан кейін «және 14)» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер осы Заңда және (немесе) қоғам жарғысында өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешімдері қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. Бұл ретте, қоғамның жарғысында өзге мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қажетті көп дауыс саны ғана көзделуі мүмкін.»;

үшінші бөлік алып тасталсын;

18) 41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Акционерлерге («алтын акцияның» иесіне) алда жалпы жиналыс өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күнге дейін – күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей, ал сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей хабарлануға тиіс.

Қаржы ұйымы болып табылатын қоғам акционерлерінің, уәкілетті органның талабы бойынша пруденциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында күн тәртібіне қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы мәселе енгізілген жалпы жиналысы өткізілген жағдайда, акционерлерге («алтын акцияның» иесіне) алда жалпы жиналыс өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күнге дейін – он жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарлануы тиіс.»;

19) 46-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «оның алқалы органдары мүшелерінің,» деген сөздер «қоғамның алқалы органдары мүшелерінің, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«47-бап. Акционерлердің жалпы жиналысындағы өкілдік

1. Акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша жеке өзі немесе өз өкілі арқылы дауыс беруге құқылы.

Қоғамның атқарушы органы мүшелерінің акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде сөз сөйлеуге құқығы жоқ.

Мұндай өкілдік акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша дауыс беру туралы нақты нұсқаулары бар сенімхатқа негізделген жағдайларды қоспағанда, қоғам қызметкерлерінің акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде сөз сөйлеуге құқығы жоқ.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығы бар тұлғадан акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.»;


жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау