Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы
(2016.18.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 18.08.03 № 1167 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының құрылымы бекітілсін.
ҚР Президентінің 11.02.02 ж. № 805 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 35, 436-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы «есепті» деген сөзден кейін «және тікелей бағынатын» деген сөздермен толықтырылсын;
4, 5-тармақтардың күші жойылған деп танылсын;
2) тармақшаның күші жойылды
3. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 наурыздағы № 2918 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 12, 88-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 қазандағы № 3692 Жарлығының 2-тармағы;
3) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 тамыздағы № 4034 Жарлығының 3-тармағының екінші абзацы, 1), 2), 3) және 4) тармақшалары.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде бұрын қабылданған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
ҚР Президентінің 2013.18.01. № 480 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы
21 сәуірдегі № 378 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мынадай ведомстволары бар:
1) «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңдары мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сипаттамасын Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы (бұдан әрі - Іс Басқарушы) бекітетін эмблемасы бар.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Іс Басқарушының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
9. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының орналасқан жері: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8.
10. Мемлекеттік тілдегі толық атауы - «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Орыс тіліндегі толық атауы - Государственное учреждение «Управление делами Президента Республики Казахстан».
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының миссиясы осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін уақтылы және сапалы материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық және көлікпен қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР Президентінің 2016.18.02. № 196 Жарлығымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Парламент Палаталары төрағаларының, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министр орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің, Парламент депутаттарының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, Парламент Палаталары аппараттары басшыларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі, Парламент Палаталарының аппараттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламенттің, Премьер-Министр Кеңсесінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша өзге де мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін органдар) қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Парламенті Палаталары төрағаларының, Парламенті депутаттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша өзге де тұлғалардың қызметін әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Ұлттық Банк, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағаларының, Іс Басқарушының, астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдерінің, Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мүшелерінің, Жоғары Сот Кеңесінің Аппарат басшысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін тұлғалар) қызметін көліктік және медициналық қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Парламент Палаталарының төрағалары, Мемлекеттік хатшысы өткізетін кеңестерді, конференциялар мен басқа да арнайы іс-шараларды қаржыландыру, материалдық-техникалық, медициналық қамтамасыз ету мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларды ақпараттық қолдау;
6) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экс-президенттерінің қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық, көлікпен және медициналық қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы бекітетін тізбе бойынша мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
16. Функциялар:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының функциялары:
қызмет көрсетілетін тұлғаларды дене шынықтыру-сауықтыру және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
қызмет көрсетілетін тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен өзге де тұлғаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
әкімшілік, өндірістік маңызы бар объектілерді, тұрғын үй мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, оның ішінде ведомстволық қарасты кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың объектілерін жобалауды, салу мен қайта жаңартуды ұйымдастырады;
күрделі құрылыс пен жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, құрылысты техникалық қадағалауды ұйымдастырады, құрылысы аяқталған және пайдалануға дайын объектілерді қабылдауға қатысады және оларды мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсынады;
мемлекеттік органдарды әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың аппараттарын әкімшілік ғимараттарда орналастырады, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы ғимараттарды пайдалану мен күтіп ұстауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Парламент Палаталары төрағаларының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министр орынбасарларының, Іс Басқарушының, Үкімет мүшелерінің және ресми делегациялар мүшелерінің әуе көлігімен ұшуын, Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің теміржол көлігімен жүруін, Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Парламент Палаталары төрағаларының, сондай-ақ өзге де қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдардың автомобиль көлігімен жүруін қоса алғанда, бірыңғай көлік саясатына сәйкес қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдарды көлікпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады, қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдарды көлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, автокөлік пен өзге де техниканы сатып алу мен жөндеуді ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының балансындағы объектілерді пайдалануды, оларға бекітілген орын-жайларды, жабдық пен өзге де мүлікті, сондай-ақ іргелес аумақты қалыпты жай-күйде күтіп ұстауды ұйымдастырады;
оның қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жұмыс істеуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
қоғамдық тамақтанудың ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асырады, дене шынықтыру-сауықтыру, мәдени және әлеуметтік іс-шаралардың өтуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы ғимараттарда қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
ведомстволар мен ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметіне басшылық етуді, оны үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады, ведомстволық қарасты республикалық заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты республикалық меншік құкығы субъектісінің құқықтарын атқарады;
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдарының және оның қарамағындағы өзге де ұйымдардың қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тапсырысты орналастырады және мемлекеттік тапсырысқа бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекітеді;
қызмет көрсетілетін органдардағы ақпараттандыру процестеріне мониторинг жүргізуді, оларды кешенді талдау мен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
республиканың ішінде және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Парламентінің Палаталары төрағаларының және делегациялардың қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға қызмет көрсетуді, оның ішінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
ведомстволық қарасты және өзге де кәсіпорындарда қажетті өнімнің шығарылуын және қызметтердің көрсетілуін ұйымдастырады;
полиграфия өнімін шығаруды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының полиграфия базасының дамуын үйлестіреді;
ведомстволық қарасты кәсіпорындардың жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарында және оның қарамағындағы өзге де ұйымдарда шарттық-құқықтық жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;
негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында оның қарамағындағы, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдардың қарамағындағы объектілерді қайта жаңарту, салу мен дамыту үшін инвесторлар тартады;
бухгалтерлік есептің жүргізілуіне әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз етеді және ведомстволар мен ведомстволық қарасты ұйымдардағы есеп пен есептіліктің жай-күйін бақылайды;
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді және қабылдайды;
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тиісті саласының уәкілетті органы және мемлекеттік мекемелердің қорлардың құрылтайшысы болады, олардың жарғыларын бекітеді;
оның қарамағындағы коммерциялық емес ұйымдардың (қорлардың) қызметін үйлестіреді;
заңды тұлғалардың мемлекеттік үлестері мен акциялар пакетіне иелік етеді, оларды пайдаланады және басқарады;
ведомстволық қарасты кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге бекітілген, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өзге де түлғаларға берілген мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдалану мен сақтауды бақылайды;
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының функциялары:
Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата мен саяси партиялардың фракциялары өткізетін мәжілістерді, конференциялар мен басқа да іс-шараларды қаржыландыруды, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын және оның Палаталары аппараттарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына тиісті тұрмыстық пен жұмыс жағдайын жасау жөнінде жұмыс жүргізеді;
белгіленген тәртіппен қызмет көрсетілетін тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуді, автокөлік пен өзге де техниканы сатып алу мен жөндеуді ұйымдастырады;
белгіленген тәртіппен қызмет көрсетілетін тұлғаларды дене шынықтыру-сауықтыру және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
құрылыстың, қайта жаңарту мен күрделі жөндеудің ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарының объектілерін салуды, қайта жаңарту мен күрделі жөндеуді ұйымдастырады, тұрғын үйді, әлеуметтік-тұрмыстық және ендірістік мақсаттағы объектілерді жобалау мен салуды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ақпараттандыру процестеріне мониторинг жүргізуді, оларды кешенді талдауды, әзірлеу мен сүйемелдеуді жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы ғимараттарда қоғамдық тамақтануды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының балансындағы объектілерді пайдалануды, сондай-ақ оларға бекітілген үй-жайларды, жабдық пен өзге де мүлікті, сондай-ақ іргелес аумақты қалыпты жай-күйде күтіп ұстауды ұйымдастырады;
қызмет көрсетілетін тұлғалардың қызметі үшін қажетті жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының жұмысына басшылық етуді, оны үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады;
республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми іс-шараларын өткізу жөніндегі шығыстар сметасын әзірлейді және бекітеді, сол шығыстарды қаржыландыруды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
полиграфия өнімін шығаруды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Парламентінің полиграфиялық базасын дамытуды үйлестіреді;
Қазақстан Республикасы Парламентінің басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруына қаржылық көмек көрсетеді;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің актілерінде және өзге де заңнамада оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының функциялары:
қызмет көрсетілетін тұлғаларға (тіркелген құрамға) диагностикалық, емдеу-профилактикалық, денсаулықты қалпына келтіру және консультативтік медициналық, оның ішінде шетелдік мамандарды тартумен көмек көрсетуді ұйымдастырады, сондай-ақ тіркелген құрамды шетелге емделуге жібереді;
медициналық көмектің қажетті түрлері мен көлемін қолданумен және тамақтану, аурудың алдын алу, денсаулықты қалпына келтіру мен медициналық сауықтыру мәселелерін үйлестірумен Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелеріне уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетеді;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының жұмысына басшылық етуді және үйлестіруді жүзеге асырады;
денсаулық сақтау ұйымдарымен - медициналық қызметтерді көрсетушілермен, оның ішінде шарт жасау арқылы, өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
тіркелген құрамды және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының емдеу-профилактикалық ұйымдарын дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
денсаулықты қалпына келтіру, сауықтыру мен демалу үшін тіркелген құрамды Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілеріне жіберуді ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
жұқпалы ауруларды, тіркелген құрамды профилактикалық егуді ұйымдастыру мен өткізуді эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
тіркелген құрамның санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етеді;
медициналық қызметтердің көрсетілуіне, медициналық қызметтер жарнамасына, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдардағы аурудың алдын алу, диагностикалау, емдеу мен медициналық сауықтыру әдістеріне сараптама жүргізу мен бақылауды жүзеге асырады;
ведомстволық қарасты ұйымдардың, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметін қаржыландыруды үйлестіреді және ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ведомстволық қарасты ұйымдарының жұмысына медицина ғылымының қазіргі заманғы жетістіктерін, ақпараттық, және инновациялық технологияларды енгізуді ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің актілерінде және өзге де заңнамада оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 2016.18.02. № 196 Жарлығымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құзыретіне кіретін барлық мәселе бойынша мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан бүкіл қажетті ақпаратты, анықтамалық деректерді сұратуға;
2) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қаражатын инвестициялық жобаларды дайындау мен іске асыруға бағыттауға;
3) ведомстволық қарасты ұйымдарды құру, қайта құру мен тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) ведомстволар мен ведомстволық қарасты ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының келісімі бойынша тағайындалатын қызметкерлерінің номенклатурасын бекітуге;
5) ведомстволық қарасты ұйымдармен оларға бекітілген мемлекеттік мүлікті пайдалану талаптары туралы шарт жасауға;
6) ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметін жоспарлауға және бекітілген жоспарлардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
7) қарамағындағы объектілерді қайта жаңарту мен салу үшін, сондай-ақ басқа да мақсаттар үшін инвесторлар тартуға;
8) табысқа қол жеткізу мақсатында ведомстволық қарасты ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде олар көрсететін ақылы қызметтер тізбесін бекітуге, олардың кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін талдауға, тексерістер мен құжаттық тексерулер жүргізуге;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы қызметінің бағыттары бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келісімдер мен шарттар жасауға;
10) қызмет көрсетілетін органдардың компьютерлік жүйелерін ақпараттық-техникалық қорғау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға;
11) мәдени және концерттік іс-шаралар ұйымдастыруға;
12) қызмет көрсетілетін органдарда ақпараттық технологияларды қолдануды ескерумен олардың даму перспективаларын зерделеу мен болжауға;
13) белгіленген тәртіппен оған мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, басқару құқықтары берілген жағдайда басқа заңды тұлғаны құруға, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) болуға;
14) қызмет бағыттары бойынша ішкі аудит жүзеге асыруға;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, оларға жол бермеу және болдыртпау жөнінде шаралар қабылдауға;
16) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің актілерінде және өзге де заңнамада оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына басшылық етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Іс Басқарушы жүзеге асырады.
19. Іс Басқарушыны Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Іс Басқарушының орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады, оларды Іс Басқарушының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
ҚР Президентінің 2016.18.02. № 196 Жарлығымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Іс Басқарушының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының, аппарат басшысының және Президент Іс Басқармасының ведомстволары басшыларының өкілеттіктерін белгілейді;
2) Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережені бекітуге ұсынады, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысын, ведомстволарының басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшыларын және олардың орынбасарларын тағайындайды;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволары мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының басшыларына қатысты тәртіптік жаза қолданады;
7) бұйрықтар шығарады, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;
8) өз өкілеттіктеріне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар келісуге енгізетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;
9) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының штат кестесін бекітеді, оған бекітілген штат саны шегінде өзгерістер енгізеді;
10) ҚР Президентінің 2016.18.02. № 196 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жарғыларын, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың еңбекақы төлеу қорын және басшыларының лауазымдық жалақысын бекітеді;
12) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың даму жоспарларын бекітеді;
13) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерді салу, қайта жаңарту мен күрделі жөндеу сметаларын, жобаларын, титулдық тізімдерін бекітеді;
14) ведомстволық қарасты кәсіпорындар көрсететін қызметтер тізбесін және олардың бағасын бекітеді;
15) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволары мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының штат кестелерін келіседі;
16) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мүддесін білдіреді;
17) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мен ведомстволық қарасты ұйымдардың жұмыс жоспарларын бекітеді;
18) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Іс Басқарушы орнында болмаған кезде оның өкілеттігін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетін атқарушы тұлға жүзеге асырады.
22. Іс Басқарушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
23. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мүлкі
24. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
25. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 2016.18.02. № 196 Жарлығымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мен оның
ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар
тізбесі
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«Қазқұрылысжүйесі» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы» акционерлік қоғамы;
«Астана-Өнім» акционерлік қоғамы;
«Алатау» қонақ үйі» акционерлік қоғамы;
«Астана қонақ үйі» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі:
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«Алматы» санаторийі» акционерлік қоғамы;
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамы;
«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан» санаторийі (Қырғыз Республикасы).
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер
тізбесі
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі
Достарыңызбен бөлісу: |