Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Арнайы мектеп оқушыларына мәтіндік арифметикалық есептерді шығаруға
үйрету» тақырыбында хабарлама дайындаңыз.
2. Қарапайым және күрделі арифметикалық есептерді игерту жұмысының реттілігін
көрсетіңіз.
3. Қарапайым арифметикалық есептердің классификациясын атаңыз.
4. Қарапайым арифметикалық есептерді шығаруға арналған сабақ жоспарын немесе
фрагментін құрыңыз.
5. Күрделі арифметикалық есептерді шығаруға арналған сабақ жоспарын немесе
фрагментін құрыңыз.
Әдебиеттер:
1.Перова Н.М. Методика преподавания математикти во вспомогательной школе.
М., 2001 г.
2.Эк В.В. Обучение математике в младших классах вспомогательной школы.
Просвещение М., 1990.
3.Программы специальной школы 1-2-го вида. Алматы 2002.
4.Программы по математике для коррекционных школ 7-го, 8-го вида. Алматы.,
2002 г.
5.Стабильные учебники математики для вспомогательной школы.
6.Моро М.И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в 1-3 классах. М.,
Просвещение, 1998.
7. Сүлейменова Р.А., Елисеева И.Г., Карипжанова Ш.Ж. Б19 Математика. Арнайы
мектепке арналған байқау бағдарламасы. -Алматы, 2004. - 48 бет.
АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ МЕТРЛІК ЖӘНЕ ӨЛШЕМДЕР ЖҮЙЕСІ
Аннотация Арнайы мектепте метрлік өлшемдер жүйесін оқыту (уақыт, кезең).
Тарауларды оқытудың міндеттерінің мәні: «Уақыт», «Ұзындық», «Масса».
Уақыт өлшемдері. Ұзындық өлшемдері. Масса өлшемдері. Көлем өлшемдері.
Арнайы мектепте өлшем бірліктерді оқытудың жалпы және әдістемелік талаптары.
Арнайы мектепте метрлік өлшемдер жүйесін оқытудың мазмұны мен әдісі. Тараудың
негізгі тақырыптары: Уақыт өлшемдерін оқытудың әдісі; Ұзындық өлшемдерін оқыту
әдісі; Массалық өлшемдерді кезектілікпен оқытудың әдістерінің міндеті; Сыйымдылық
өлшемдерін оқытудың әдісі - литр; Баға өлшемдерін оқыту әдісі.
Көрнекі және дидактикалық материалдар.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды метрлік өлшем жүйелерін оқытуда кездесетін
қиыншылықтары мен ерекшеліктер.
Кілт сөздер: «Уақыт», «Ұзындық», «Масса».
Жоспар:
1.
Арнайы мектепте метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі
2.
Ұзындық өлшемдеріне байланысты ерекшеліктер.
Бағдарлама мазмұны:
1) Аталған бөлімді оқытудың мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына тигізетін әсері,
міндеттері мен маңызы.
2) Арнайы мектепте осы материалды оқытуға қойылатын талаптар.
3) Арнайы мектепте метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі.
а) Ұзындық өлшемін оқыту әдістемесі.
б) Салмақ өлшемін оқыту әдістемесі.
в) Сыйымдылық өлшемін оқыту әдістемесі.
г) Баға өлшемін оқыту әдістемесі.
-1-. Сандарды оқумен қатар көлемдік өлшемдермен танысады: баға, ұзындық,
салмақ, сыйымдылық және қарапайым құралдармен өлшеп, өлшем бірліктерін
түрлендіреді. Осы бейімді оқытуда қойылатын міндеттер:
- білімділік
- коррекциялық-тәрбиелік
- тәжірибелік маңызы
Білімділік: сан туралы түсінігін кеңейту. Көлемдік өлшемді білдіретін сандарды
түрлендіру. Осы материалды оқығанда санның ондық жүйесін саналы түрде түсінеді және
арифметикалық амалдар туралы білімдері кеңейеді.
Коррекциялық-тәрбиелік маңызы: Танымдық үрдістерін дамытуда және
тәжірибелік дағды мен біліктілігін қалыптастырады. Материал ойлау операцияларын, ес,
зейін, бақылаушылық, қимыл-қозғалысын, бұлшық ет және сипап сезу, көз мөлшерін,
елестетулерін, сөйлеу тілін дамытады. Жасаған әрекеттің нақты және мақсатты
орындалуын, бастаған істі аяқтауын, өзін-өзі басқаруын қалыптастырады.
Тәжірибелік маңызы: математикалық материалдар өмірмен тығыз байланысты:
оқушылар өлшеу дағдысын және тәжірибелік біліктілікті меңгереді, өлшеуіш құралдарды,
приборларды қолдануды үйренеді.
Материалды меңгеруде кездесетін қиындықтар:
Материал балаларға қиындық туғызады, ұзындық өлшем (бірліктерін
шатастырады. Мысалы: 1т. 5 км. Мысалы: км.С кг немесе кв метр, мл.кг.) Ақыл ойы төмен
оқушылар ұзындық өлшемдерді меңгеруде бірліктердің арақатынасын шатастырады.
Мысалы: 1 км=10 см.
Өлшем бірліктерді түрлендіргенде: 2км=20 см. 10дм=10м. Өлшеуден шыққан
сандармен арифметикалық амалдар орындағанда өлшем бірліктерін ескермейді.
5см+60см=65 см
Ұзындық өлшемдерінің атауын атағанда көп қате жібереді. 125*80=10000м=1000м
Ұзындық өлшемдерін жазғанда орындарын ауыстырып жазады, тастап кетеді,
өлшем бірлігін дұрыс жазбайды.
5км 52см 152м 5см
52см 5м
Ұзындық өлшемдеріне байланысты ерекшеліктер.
1. Мектепте бағдарлауының ерекшеліктері. Мысалы: өлшеуді 1 см-ден бастайды.
2. Ұсақ моторикасының дамымауы салдарынан өлшемдерді толық өлшемейді.
3. Сызылған ұзындықтың шешімін есептеудің қиындығы.
-2-. Кездесетін қиындықтарды жою үшін жалпы ұзындық өлшемдердің жүйесін
келесі әдістемелік талаптарына сай жүргіземіз:
1. Жаңа өлшеммен таныстырғанда оқушылар заттық-тәжірибелік әрекет ұйымдастыру
керек.
–күнделікті өмірде қолданатын іс-әрекет тәжірибесін бақылау. Болмаса қалыптастыру.
Тәжірибелік әрекет және жаттығулар өлшеудің барлық кезеңдеріне бағытталған
болуы керек.
2. Мөлшерлердің біркелкі және әртүрлі өлшем бірліктермен өлшеуге болатынын
түсіндіреді.
3. Жаңа өлшем түсінікті болу үшін жаңа өлшемге байланысты мақсатты ситуациялық
жағдай туғызу қажет.
5. Аталған материалды математика сабағында емес, басқа сабақтарда (сурет, еңбек, дене
шынықтыру, география т.с.с.) сабақтан тыс уақытта бекіту.
3.
Ұзындық
өлшемдерін
оқыту
әдістемесі.
Ұзындық өлшемдер сандармен қатар оқытылады.
2 сынып – ұзындық өлшемдерімен танысады: сантиметр, дециметр, олардың
арақатынасымен: 1дм.
Достарыңызбен бөлісу: |