Оқулық: Ұзындық. Метр. 52, 53-беттер. Жұмыс дәптері: 41-жұмыс парағы. «Ұзындық. Метр». 43-бет



жүктеу 1,5 Mb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі1,5 Mb.
#21180
түріОқулық


60

3-тарау. Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Шамалар және олардың 

өлшем бірліктері

Ұзындық. Метр

Оқу мақсаттары:

•  ұзындық (м)/ масса (ц) өлшем бірліктерін 

қолданып өлшеу;

•  әртүрлі өлшеу аспаптары шәкілдерін бір 

бірінен ажырату және шамалардың сәйкес 

мәндерін анықтау.



Тірек сөздер:

метр;


сантиметр.

Оқулық:

Ұзындық. Метр. 52, 53-беттер.



Жұмыс дәптері: 

41-жұмыс парағы. «Ұзындық. Метр». 43-бет.

42-жұмыс парағы. «Өлше және салыстыр». 44-бет.

Ресурстар:

• сызғыш, метр;

• ламинатталған парақтар;

• бойөлшеуіш;

•  әр оқушыға арналған белгі кеспеқағаздары (бір 

жағы жасыл, екінші жағы қызыл түсті).



Сабаққа қатысты деректі материалдар

Метр – халықаралық ондық жүйе бірлігінің – 

ЖБ бірі – ұзындық пен қашықтықты өлшейтін негізгі 

бірлік болып табылады. Қалған өлшем бірліктер 

метрден жасалады: сантиметр метрдің жүзден 

бір бөлігі («санти» сөзі – «жүз» деген мағынаны 

білдіреді), дециметр – метрдің оннан бір бөлігі, 



миллиметр – метрдің мыңнан бір бөлігі болып 

табылады. Бұл сабақта «метр» ұғымы 1 м = 100 см-

ге қатынасы түсіндіріледі.

Сабаққа арналған ескертулер

Сабақты оқушыларға ұзындық өлшем бірлігі 

туралы қазіргі уақытта өздері білетін білімнің 

маңыздылығынан бастаңыз.



Кіріспе тапсырма. Оқушылардан сынып 

бөлмесінің ұзындығын өлшеуге көмектесуін 

сұраңыз. Олардың осы тапсырманы қалай 

орындайтыны туралы ұсынысын тыңдаңыз. Содан 

соң осы тапсырманы қарапайым сызғыштың 

көмегімен орындауға мүмкіндік беріңіз. Сонда 

мынадай  проблемалық жағдаяттар орын алуы 

керек: 


— егер ұзындықты сантиметрмен өлшесе, онда 

100-ден артық сандарды пайдалануға тура келеді;

— егер ұзындықты дециметрмен өлшесе, онда 

тапсырма орындалады және нәтижені көрсете  

алады.

Оқушыларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, 



ұзындығын алдын ала хабарламай, 1 м ағашты 

көрсетіңіз. Енді қабырғаны осы өлшеуіш ағашпен 

өлшеуді ұсыныңыз. Өзіңіз өлшеп көрсетіңіз.  

Нәтижесінде үлкен ұзындықтарды дециметрмен 

емес, одан да ірі өлшем бірліктерімен өлшеген 

тиімді деген қорытынды шығаруына бағыт беріңіз. 

Демек оқушылар үлкен ұзындықтарды өлшеуге 

жаңа ірі өлшем бірліктің керек екенін түсінеді. 

Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлаңыз. 

Метрлік сызғышты (ұзындығы 100 см) көрсетіңіз:

— метр мен сантиметрдің өзара қатынасын 

анықтаңыз;

— метр мен дециметрдің өзара қатынасын 

анықтаңыз;

— метрмен оңай өлшенетін заттарға мысалдар 

келтіріңіз.



Әлихан мен Мерейдің бойлары. Осы тапсырманы 

орындау барысында оқушылар 1 метрдің ұзындығы 

туралы түсініктерін бекітеді. Балалардың бойын 

визуалды түрде (биік – аласа) салыстыра отырып, 

«1 метрлік» сызғышта өлшеп салыстырады.

Тапсырманың саралануы үшін оқушыларға өз 

бойын өлшетіп, оның 1 метрден биік немесе 

аласа екендігін анықтатыңыз. Нәтижесін кестеге 

жазуын сұраңыз. Кестені толтыру үлгісі оқулықта 

көрсетілген. Зерттеудің нәтижесінде оқушылар 

1 метрден жоғары және 1 метрден төмен 

оқушыларды санап қорытынды шығара алады. Бұл 

тапсырманы сыныпты 4 адамнан тұратын топтарға 

бөліп орындатқан тиімді. Оқушылар өзара оқу 

диалогын жүргізеді. Нәтижелерді талдайды да, өзге 

топтардың нәтижелерімен өз  қорытындыларын 

салыстырады. Әр топ нәтижелерін параққа жазып, 

магнитті тақтаға іледі. Онымен әр оқушы танысып, 

сыныптағы қанша оқушының өзінен биік немесе  

аласа екенін анықтайды.



Орындап көр.  Топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. 

Әр топқа кезекпен есіктің ұзындығы мен енін 

өлшеп,  нәтижесін метрмен және сантиметрмен 



61

1-сабақ. Ұзындық. Метр

жазуын сұраңыз. Содан соң нәтижелерін 

салыстырып, талдатыңыз. Тапсырма дұрыс 

орындалған жағдайда нәтижелері өзара сәйкес 

келеді.

Шығарып көр. Бұл айдардағы тапсырма зейінді 

дамытуға және заттарды ұзындығына қарай 

визуалды салыстыруға бағытталған. Оқушылар 

оқулықтағы суретке қарай отырып, қай затқа – 

пештің енін өлшеуге қатысты 1 метрлік сызғышты 

қолдану керектігін анықтайды. Интерьердегі басқа 

заттарды өлшей отырып, визуалды түрде пештің 

енімен салыстырады. Салыстырудың нәтижесінде 

қай заттың 1 метрден ұзын немесе қысқа екендігін 

қорытындылатыңыз. 



Есте сақта! Оқушылардан айдар мәтінін оқып, 

есте сақтауын сұраңыз. Бұл сабақта оқушылардың  

білгені: 1 м = 100 см = 10 дм өлшем бірліктері 

қатынасы туралы түсінік. 



Тілдік құзыреттілікті дамыту

Тірек сөздерді 

қолдану

Тірек сөздерді айтылымда 



қолдану. Оқушылардың назарын 

жаңа «метр» терминінің 

«сантиметр» және  «дециметр» 

сөздерінің негізі екендігіне 

аударыңыз.

Айтылым және 

тыңдалым

Математикалық тілде сауатты 

сөйлеу дағдыларын дамыту.  

Сұрақтарға берген жауабын 

негіздей алуы мен өз әрекетін 

түсіндіру дағдысын дамыту.

Оқылым

 «Есте сақта!» айдарының 



мәтінін оқу барысында түсініп 

оқу мен негізгі идеяны есте 

сақтау дағдысын дамытуға  

мүмкіндік туады.

Жазылым

Оқушылардың назарын мм



см; дм; м өлшем бірліктерінің 

қысқаша дұрыс жазылуына 

аударыңыз.

Бағалау мүмкіндіктері

Сабақ соңында оқушылар: 

•  метрмен атаулы сандарды айтады;

•  қандай қашықтық пен ұзындықты сантиметр 

немесе миллиметрмен емес, метрмен өлшеу 

керектігін түсінеді;

•  метрдің дециметр мен сантиметрге 1 м = 10 дм = 

= 100 см қатынасын білуі керек.

Оқушылардың сабақ барысында қол жеткізген 

жетістіктерін жұмыс дәптеріндегі жеке 

тапсырмаларды орындау нәтижесі мен  сұрақ-жауап 

арқылы бағалаңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды 

қойыңыз:

–  1 метрде неше сантиметр бар?

–  1 метрге ең көбі неше 1 дециметрлік жолақтар 

сыяды?


–  Метрмен өлшеуге болатын заттарды (оның 

ұзындығы, ені немесе қалыңдығы, биіктігі) мысалға 

келтіріңдер.

Жұмыс дәптерінде берілген суреттер арқылы өзін-

өзі бағалау жұмысын жүргізіңіз. 

Жұмыс дәптерінде орындалатын 

тапсырмаларға қатысты ұсыныстар

Түсіп қалған сөздер. Тапсырма суретке негізделе 

отырып орындалады. Оқушылар берілген мәтінге 

түсіп қалған «артық» немесе «кем» сөздерін 

мағынасына қарай орналастырады. Тапсырманы 

орындау нәтижесі оқушының екі заттың ұзындығын 

салыстыра алуы мен өлшемдерінің өзара 

пропорционалды қатынасын анықтауын бағалауға 

көмектеседі. 



Ұзындығы, биіктігі, ені.  Берілген тапсырмада 

оқушы үш жауаптың біреуін «құстұмсық» белгісі 

арқылы белгілеуі керек. Жауаптың бірінші нұсқасы 

болжам болса, екінші нұсқасы сол сұрақтың нақты 

жауабы, яғни ол зерттеуден кейінгі қорытынды 

болып табылады. Тапсырма оқушының кеңістіктік 

ойлауын дамытуға, заттардың ұзындығының 

пропорционалды қатынасын анықтауға және сабақ 

материалдарын өз бетінше бекітуге бағытталған.

Қосымша тапсырмалар

Қосымша тапсырмаларды оқушыларды қоршаған 

нақты заттар негізінде құруға болады. Мысалы, 

метрлік сызғышпен (1  м ұзындықтағы сызғышпен) 

өлшеуді ұсыныңыз:

•  сынып қабырғасының ұзындығын; есіктің енін;

•  шкафтың биіктігін және т.б.;

•  сыныптың ойын бөлігіндегі кілемнің ұзындығын;

• үстелдің периметрін; терезенің периметрін 

және т.б.;

•  бір қабырға екіншісінен неше метрге кең;

•  дәліз вестибюльден неше метрге ұзынырақ және 



т.б.

жүктеу 1,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау