Интеллектісі бұзылған балалар үшін өлшемдермен таныстыру жұмысы ұзақ уақытты
қажет етеді.
Баға өлшем бірліктерін үйрету
Баға туралы ұғым қалыптастыру жұмысы күрделі процесс. Баға өлшемдері теңгемен,
тиынмен таныстыру жұмысы практикалық әрекет түрінде түсіндіріледі.
Теңгемен таныстыру жұмысының реттілігі былайша құрылады:
1. Тиынның сыртқы түрі, түсі, формасы, жазылған цифрмен таныстыру.
2. Көрсетілген тиынды басқалардың арасынан табу.
3. Аталған тиынды табу.
4. Дәптерге тиынды қоршап салу.
5. Тиынның бағасымен бірдей заттармен танысу.
6. «Дүкен» ойынын ұйымдастыру.
7. Тиынды ауыстыру және айыру.
Сурет -4. Ұзындық өлшемдерімен таныстыру.
Ұзындық өлшемдерінің барлығымен бастауыш сыныпта танысады.
Ұзындық өлшемдерімен таныстыру жұмысының міндеттері:
1) ұзындық өлшемдері үшін қажетті сызғышпен таныстыру.
2) Сызғыштың бірліктері мен сандардың қатынасымен таныстыру.
3) Сызғышпен өлшеуге үйрету.
4) Өлшеуге арналған құралдармен таныстыру.
5) Өлшеуге арналған құралдармен ұмыс жасауға үйрету.
Заттың бегілерімен танысуда ұзын-қысқа, кең-тар, жоғары-төмен ұғымдарымен
таныстыру жұмыстары жүргізіледі.
Жаңа өлшем бірлігі дециметрмен таныстыруда 2-сыныптағы өткен 20 көлеміндегі
сандар нумерациясымен байланыстыру керек.
Миллиметр — арнайы мектеп оқушылары үшін ең қажетті өлшем бірлігі болып
табылады. Сантиметр мен миллиметр арасындағы қатынастарды оқушылар өздері санап
көздерін жеткізеді.
Километр —ұсақ өлшм бірліктерімен танысқаннан кейін түсіндіріледі.
Сыйымдылық өлшемдерін үйрету.
Пропедевтикалық кезеңде басталған құмды, шекерді, суды өлше жұмыстары 2-
сыныпта жалғасады.
Масса өлшемдерімен таныстыру.
Масса өлшемдерімен ауыр-жеңіл түсініктері арқылы таныс 1-сыныпта басталады. 3-
сыныпта кесемен салмақты өлшеу, 5- сыныпта граммен танысады.
Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Интеллектісі
бұзылған балалармен жұмыс кезіндегі қиындықтар»
тақырыбында хабарлама дайындаңыз.
2. Өлшем бірліктерімен таныстыру жұмысына
қойылатын
жалпы
талаптарды атаңыз.
3. Масса
өлшемдерімен таныстыру жұмысы неліктен барлық сандар
нумерациясымен өткен соң беріледі?
4. Өлшем бірліктермен жұмысқа арналған сабақ жоспарын құрыңыз.
5. «Метрлік өлшемдер жүйесін оқыту» тақырыбына сабақ жоспарын құрыңыз.
Әдебиеттер:
1.Перова Н.М. Методика преподавания математикти во вспомогательной школе.
М., 2001 г.
2.Эк В.В. Обучение математике в младших классах вспомогательной школы.
Просвещение М., 1990.
3.Программы специальной школы 1-2-го вида. Алматы 2002.
4.Программы по математике для коррекционных школ 7-го, 8-го вида. Алматы.,
2002 г.
5.Стабильные учебники математики для вспомогательной школы.
6.Моро М.И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в 1-3 классах. М.,
Просвещение, 1998.
7. Сүлейменова Р.А., Елисеева И.Г., Карипжанова Ш.Ж. Б19 Математика. Арнайы
мектепке арналған байқау бағдарламасы. -Алматы, 2004. - 48 бет.
КӨЛЕМДІК ӨЛШЕМДЕРДІ ОРЫНДАУДАН ШЫҚҚАН САНДАРДЫ ОҚЫТУ
ӘДІСІ
Аннотация Арнайы мектепте көлемдік өлшемдерді орындаудан шыққан сандарды
оқыту әдісі (уақыт, кезең).
Көлемдік өлшемдерді орындаудан шыққан сандарды оқыту әдісі, олардың
практикалық мәні. Арнайы мектепте мүмкіншілігі шектеулі балаларға көлемдік
өлшемдерді орындаудан шыққан сандарды оқыту әдісі ерекшеліктерін меңгеру. Көлемдік
өлшемдерді орындаудан шыққан сандарды практикалық жаттығуларда қолданудың мәні.
Көлемдік өлшемдерді орындаудан шыққан сандарды оқытудың әдісі. Көлемдік
өлшемдерді орындаудан шыққан сандардың арифметикалық амалдарын орындау әдісінің
кезектілігі. Өлшем бірліктеріе сандарға қосу және азайту амалдарын ажырата білу
(ұзындық, масса, баға, бір және әр түрлі өлшемдер). Негізгі есептеу тәсілдері: үлкен
өлшемдерді кіші өлшемдерге ауыстыру, керісінше кіші өлшемдері үлкен өлшемдерге
ауыстыру.
Көрнекі және дидактикалық жабдықтар.
Арнайы мектеп оқушыларының көлемдік өлшемдерді орындаудан шыққан
сандарды оқытуда кездесетін қиындықтар мен ерекшеліктері.
Кілт сөздер: Көлемдік өлшемдер, көлем, ұзындық.
Жоспар:
1. Көлемдік өлшемдер
2. Көлемдік өлшемдерді орындаудан шыққан сандарды
оқыту әдістемесі
Арнайы мектепте ұзындық, масса, сыйымдылық, аудан сиякты нақты көлемдер
туралы түсінік қалыптыстырылады.
Көлем-бізді қоршаған дүниенің заттар, құбылыстар
т.б жалпылаған қасиетін көрсететін математикадағы ең маңызды ұғым. Көлемдерді оқыту
оны өлшеумен тығыз байланысты болып табылады.
Балалардың
ұзындық туралы түсініктері мектепке дейінгі іс-әрекеттерде, әсіресе
ойын кезінде қалыптасады. Бірақ балалардың кесінді, оның ұзындығы туралы түсініктері
әр түрлі болады. Кез келген заттың 3 өлшемі болады. Жалпы суретте көрсетіліп тұрғандай
ұзындық деп – бұл белгілі бір заттың басынан соңына дейінгі арақашықтықты айтамыз.
Сурет -5.
Ұзындықты өлшеу
Заттың ұзындығын сызғышпен өлшеуге болатындығын, сызғыштағы ең кіші
аралықтар - миллиметр деп, ал одан үлкен аралықтар- сантиметр деп аталатынын
оқушыларға айта кеткен жөн.
Сурет -6.
Ұзындық өлшемі
Ұзындық түсінігімен практикалық әдіс және түрлі жаттығулар орындау арқылы
таныстырады. Мысалы түрлі түсті, ұзындықтары әр түрлі, бірдей қарындаш, шашбау,
қайсысы ұзын, қысқа немесе ұзынырақ екенін анықтау керек болады. Оқушыларды
ұзындықты табуға үйрету барысында мынадай нұсқауларды ескерту қажет:
Әр түрлі нәрселердің ұзындықтарын салыстыру үшін бір өлше бірлігі
пайдаланылуы қажет
Кез келген нәрселерді беттестіру арқылы салыстыруға болмайды, сондықтан
оларды
әуелі өлшеп, нәтижесінде шыққан сандарды салыстырады.
Белгілі бір тәртіппен стандартты өлшем бірліктерін еңгізу.
Ұзындықтың алғашқы бірлігі сантиметр туралы көрнекі түсінік үшін,
көптеген
жаттығулар орындаған жөн. Балалардың өздеріне тор көз қағаз жіңішке жолағынан
ұзындығы 1 см жолақ қиғызып алып, сантиметрдің моделін жасайды: 1 см мөлшерін екі
тор көз арқылы көрсетіп, дәптерлеріне 1 см кесінді сызу тапсырылады; екі тор шамамен 1
см екенін көрсетеді. Әрі қарата кез келген кесіндіні сантиметр көмегімен өлшеу
қарастырылады.
Дециметр(
лат.
decem – он және
гр.
metron –
өлшем
) –
метрдің
оннан бір бөлігі.
Дециметр туралы түсінік беру үшін нақты заттың, мәселен столдың ұзындығын өлшеу
тапсырылады. Оқушылар өздеріне белгілі сантиметрлік сызғышпен оны өлшей бастайды.
Ұзындықтары үлкен заттарды дециметрмен өлшеу ыңғайлы екендігін айтылады. 1 дм =
10 см болатынын оның моделінен көрсетеді. Әрі қарай дециметрлік лента жасалып,соның
көмегімен столдың, партаның, түрлі жолақтардың, кесінділердің ұзындықтарын өлшейді.
Келесі кезеңде лентаның ұзындығын өлшеу ұсынылады. Енді осы уақытқа дейін белгілі