3 сынып – ұзындық өлшем бірлігі “метр”. Бірліктің арақатынасы: 1м=100 см, 1м=10дм.
4 сынып – ұзындық өлшем бірлігі – миллиметр, арақатынасы 1см=10 мм.
5 сынып – ұзындық өлшем бірлігі – километр, арақатынасы – 1км=7000м.
Ұзындық өлшемдерді оқытудың міндеттері:
1. Балаларға ұзындықты, енді, биіктікті ұзындық өлшеммен өлшеуге болатынын түсіндіру.
2. Ұзындық өлшемдерімен және олардың арақатынасын таныстыру.
3. Өлшем инструменттерін (сызғыш) қолдануды үйрету, нәтижесін қысқаша дұрыс
жазуды үйрету. 5км. 5м. 5см.
Ұзындық өлшемі – сантиметр.
Білімділік міндеттері: ұзындық өлшемі “сантиметрмен” таныстыру. Сандарды
жазудың қысқа түрімен таныстыру, см.жайлы дұрыс ұғым қалыптастыру. Өлшем ұғымын
және өлшем көмегімен өлшей білуді қайталау. Тапсырманы орындау алдында жұмыс
барысы әрдайым талқыланады.
Берілген ұзындыққа кесінді жасау алгоритмі:
1. Тігінен жасау.
2. Кесінді басына нүкте қою.
3. Осы нүктемен нөлдік бөлуді қосарлау және одан берілген см.есептеу.
4. Нүктелерді сызғыш бойынша түрлі-түсті қаламмен сызу, осы кесінді ұзындығын атау.
Ұзындық өлшемі – дециметр.
Білімділік міндеті:
См.ұзындық өлшемін қайталау. Балаларды дециметр ұзындық өлшемімен таныстыру.
Дециметр туралы дұрыс ұғым қалыптастыру.
Дециметр моделі көмегімен биіктікті, енін, ұзындықты өлшеуге үйрету.
Сандарды қысқаша жазумен таныстыру.
Тапсырма: Партаның енін өлшеңдер, см.өлшеу өте ұзақ жүреді, партаның енін өлшеу
ыңғайсыз, оқушылар шатасады. Ұзындық, ені, биіктікті өлшеуге үлкен өлшем – дециметр
бар. Міндетті түрде сөздермен сөздік жұмыс жүргізілуі керек.
5 сынып 2 тоқсан. Өлшеуден алынған сандарды түрлендірумен таныстыру.
Дециметр моделін оқушылар ұсынған соң, сантиметр мен дециметр өлшемдері
салыстырылады.
- Ал енді парта енін дециметр өлшемімен өлшеп көріңдер. Өлшеу нәтижелері
жазылады. Оқушылар қысқа жазбаша белгіленуімен танысады.
Ұзындық өлшемі – метр. Ұзындық өлшемі метрді таныстыру. Аналогиялы түрде
таныстырады.
Ұзындық өлшемі – миллиметр.
Тапсырма: Оқушыларға 2 кесінді бірінің астына бірі сызылған карточкалар беріледі.
Бірінің ұзындығы 4см, екіншісі – 4 см. 5мм.
- Кесінділердің ұзындығы бірдей ме?
- Қай кесінді ұзын? (қысқа)
Біреуі 4 см, екіншісі 4 см және кішкене 1 см жетпейтін қалдығы бар.
- Қалдығын өлшеуге бола ма?
- Ұзындық өлшемінің қай өлшемімен өлшеуге болады?
Мұғалім оқушыларға миллиметрді сызғышта миллиметрлік қағазда көрсетеді.
Сөздік жұмыс жүргізіп, қысқаша жазылуымен таныстырады. Мысалы: 2мм, 5мм.
Оқушылар см.және мм. сәйкестігін өздері сантиметрлік сызғышта неше мм. бар
екені анықтайды. Одан кейін кесінділерді см, мм, өлшеп, ретімен жазу тапсырмасы
беріледі. Нәтижесін дәптерге жазады.
Ұзындық өлшемі – километр.
“км” ұғымын сыныпта таныстыра алмаймыз. Жаңа өлшеммен экскурсия
барысында таныстырамыз. Мұғалім алдын-ала мектептен 1км қашықтықты белгілеп қоюы
керек. Мүмкіндігінше жол түзу болғаны дұрыс.
Салмақтық өлшемдерді оқыту әдістемесі
3 сынып. I тоқсан – салмақ өлшемі – килограмм. Белгіленуі – кг.
4 сынып. I тоқсан – салмақ өлшемі – центнер. Салмақ өлшемдерінің арақатынасы.
1ц=100кг.
5 сынып. I тоқсан – салмақ өлшемі грамм, тонна. Арақатынасы: 1кг=1000г.
1т.=1000кг.
Тапсырма: Оқушылар заттың салмағын қолмен емес, шашкалық таразымен өлшеп
үйренеді. Құрал-жабдықтар: шашкалық таразы, қант, тары.
Бақылау көрсеткендей арнайы мектеп оқушылары салмақтық өлшем туралы білім,
бірақ оларда шынайы елестету жоқ. Осы өлшем туралы әңгіме ұйымдастыру керек.
Алғашқы тапсырма: бұлшықет арқылы сезінуге арналған оқушыларға 1 кг гирді
алдымен оң қол сосын сол қолмен көтеру тапсырылады. Бұлшықеттерге сүйеніп заттың 1
кг тең екендігі анықталады. Салыстыруға 0,5 кг, 1кг, 2 кг заттармен қапталған азықтар
беріледі. Оқушылар заттың салмағы мен гирдің салмағын салыстырады. Одан кейін
заттарды шашкалық таразымен өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі міндетті түрде
дәптерге жазылады.
Сыйымдылық өлшемі – литр.
Сыйымдылық өлшемімен танысу дайындық кезеңінде басталады. Көп, аз
ұғымдарымен танысу арқылы жаңа өлшеммен 3 сынып 2 тоқсанында танысады. Ол үшін
әр түрлі көлемдегі ыдыстар қажет. Мысалы: банка 1л, 2л, 3л; Сондай-ақ оқушылардың
осы өлшеммен қандай сұйықтықтарды өлшейтінін сұраймыз. (сүт, шырын, сұйық май,
бензин). Нақты ұғым қалыптастыру үшін әртүрлі көлемдегі ыдыс қолданылады: өлшеуіш
кружкасы, шелек, банка, бөтелке.
1 кезеңде оқушыларға 1 л көлеміндегі әртүрлі бірнеше ыдыстар беріледі.
Нәтижесінде оқушылар берілген ыдыстардың көлемдерінің бірдей екендігін анықтайды.
Осындай тапсырмаларды әр оқушы өзі жасау керек. Нәтижесін дәптерге жазады. Сөздік
жұмысын жүргізіп, қысқаша жазылуымен таныстырады. Мысалы: 2л, 10л, 5л.
Баға өлшемін оқыту әдістемесі.
Баға бірлігі – тиынмен 1 сыныпта ондықтарды үйрену барысында танысады.
1 кезекте 5т, 10т, 20т, 50т. танысады. 1 теңгемен 3 сыныпта 100 шамасындағы
сандармен танысу кезінде танысады.
Арнайы мектеп оқушылары ұзындық, масса, салмақ, сыйымдылық, аудан, көлем өлшем
бірліктерімен қарапайы құралдардың көмегімен танысады.
Аталған тақырыптармен таныстыру жұмысы оқушыны бастаған істі аяқсыз
қалдырмауға, өз әрекетін жоспарлай білуге үйретеді. Өлшем бірліктерімен танысуда сан
туралы ұғымды тереңірек түсінуге дағдыланады.
Өлшем бірліктерді пайдаланып практикалық әрекеттер орындау кезінде оқушылар
сандардың орындарын, өлшем бірліктердің атауларын шатастыру сияқты қателіктерге
жолығады.
Мұндай қателіктерді түзету үшін бастауыш сыныптарда мынадай жұмыс түрлері
орындалады.
1. Бастауыш сыныптарда ұғым қалыптастыру, жоғары сыныптарда түсінік беру,
өлшемдерді пайдаланып әрекеттер орындауға үйрету
2. Өлшем бірліктермен таныстыру жұмысын өмірмен байланыстыру керек.
3. Өлшем бірліктерімен жұмыс жасауда баланың сезім органдарының барлығы сезінуін
қадағалау керек.
4. Өлшемдерді үйретуде оқышылардың өздері сызғышпен, квадратпен жұмыс жасау
дағдыларын шыңдаулары керек. Мысалы, дәптердің, кітаптың ұзындығын, класс бөлмесінің
ауданын, адамның бойын, өзінің бойын өлшеу түріндегі тапсырмаларды орындауы керек.
5. Өлшемдермен таныстыру жұмысы көзбен өлшеу, бұлшық етпен сезіну түрінде
игерілуі тиіс.
Өлшемдермен таныстыру жұмысы кезінде пәнаралық байланыс сақталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |