Әрбір кестенің меңгерілуінен соң, көбейту мен бөлу кестелерін салыстыру
пайдалы. Салыстыру жұмысы көбейту мен бөлудің өзара қайтармалы екендігін
дәлелдейді.
4.100 көлеміндегі көбейту мен бөлуді оқытудың әдістемесі
Төртінші сыныпта ақыл-ойы кем тар оқушылар 20 көлемінде 2, 3, 4, 5-ке көбейту
мен бөлуді меңгереді, оны жатқа біледі. Бұл тоқсанда (2т) 6-ға көбейту мен бөлуді оқуды
бастайды. Көбейту мен бөлудің компоненттері балалардың белсенді сөздіктеріне
енгізіледі. Оқушылар көбейтудің алмасу қасиетімен танысады. Бұл заңдылықты
қорытындылау үшін мына тапсырмалар беріледі:
¨ 2 мен 3-тің көбейту кестесінен жауаптары бірдей амалдарды теріп жаз
2*3=6
3*2=6
¨ қандай сандар бірінші жағдайда көбейтілді? Екінші жағдайда ше?
¨ Бірінші амалдың жауабы қандай? екінші амалдың жауабы қандай?
¨ Амалдар немен ұқсас? Қандай айырмашылығы бар?
¨ Қандай ерекшелікті байқадыңыз?
Осылай 3 пен 4 және 4 пен 3 сандарының амалдары қарастырылады. Нәтижесінде
кемтар оқушылар өздері алмастыру заңдылығын қорытып шығарады.
Төртінші сыныптың 3-ші тоқсанында оқушылар 7, 8, 9, сандарының көбейту мен
бөлудің кестелерін құрайды, және оны жатқа білулері тиісті.
7, 8, 9-ға көбейту кестесін құрғанда қосу амалдарының көбейтумен алмасуына ғана
емес, көбейтудің алмасу қасиетіне сүйену керек. Мысалы,
2*7=14 7*2=14
3*7=21 7*3=21
Кестенің қалған бөлігі қосу амалдарына сүйеніп жазылынады:
7+7+7+7+7+7+7=49 7*7=49
7+7+7+7+7+7+7+7=56 7*8=56
Кестені құрастырғаннан соң, ақыл-ойы кемтар оқушылар оны жаттайды. Бұл кезде
2-ге көбейту әдістерімен қолданады.
8 бен 9-ға көбейту кестесін осы жолмен құрап, жаттайды.
7, 8, 9 сандарының бөлу кестелері, оқушылардың көбейту мен бөлудің байланысы
жөніндегі білімдерді қолдана отырып, құралады.
7*1=7 7:7=1
7*2=14 14:7=2
Құрастырылған кестелерді оқушылар жатқа білулері тиісті.
5. 100 бен 20 көлеміндегі көбейту мен бөлу кестелерінің айырмашылықтары
¨ 20 көлеміндегі көбейту мен бөлу кестелері тең екі қосындысы бар амалдарына
сүйеніп құрастырылады. 100 көлеміндегі көбейту мен бөлу кестелері көбейтудің алмасу
заңдылығына сүйеніп құрастырылады.
¨ 20 көлеміндегі көбейту мен бөлу кестелерін құрғанда, заттық-тәжірибелік
әрекетке тіреледі. 100 көлеміндегі көбейту мен бөлу кестелерін құрастырған көбейту мен
бөлу амалдарының байланысына сүйенеді.
Кестелерді жаттау әдістері бірдей болып келеді. Көбейту мен бөлу кестені жаттау
үшін көптеген тапсырмалар, жаттығулар орындалады. Сондықтан, мұғалімнің бұл кезде
қолданатын әдістердің әртүрлілігі қажет. Жаттығудың ең әсерлі формасы дидактикалық
ойын болып табылады. Дидактикалық ойын балалардың әрекеттерін қызықтандырып,
оқуға талпынушылықты арттырады.
Тапсырма
Көбейту мен бөлу таблицасын бекіткенде дидактикалық ойындар жүйесін
құрастыру
Арнайы мектеп оқушыларына көбейту мен бөлуді оқыту әдістемесі (әлі де болса
ғылыми және тәжірибелік дәлелдеулерді қажет етеді ) мынадай жүйемен беріледі.
1. Көбейту амалын бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде таныстыру.
2. Тең бөліктерге бөлумен таныстыру.
3. 2 санының көбейту кестесін құру.
4. 2 санының көбейту кестесін тең бөліктерге бөлу кезінде қарастыру.
5. 20 көлеміндегі сандардың көбейту кестесін құру.
6. 20 көлеміндегі сандардың көбейту кестесін тең бөліктерге бөлу арқылы үйрету.
7. Практикалық түрде көбейтудің ауыстырымдылық заңдылығымен таныстыру.
8. 100 көлеміндегі сандардың көбейту және бөлу кестесін құру.
9.Қалдықпен бөлу.
10.Мазмұнына қарай бөлу.
12. Көбейту мен бөлудің.
13. Бірліктерге көбейту және бөлу.
14. Ноль көбейтудің компоненті ретінде. Ноль бөлу ретінде.
Көбейту мен бөлуге үйретудегі мұғалімнің негізгі міндеті әрбір арифметикалық
амалды нақты материалдың мазмұны арқылы ашу. Оқушылардың нақты материал
көлемінде қорытынды, анализ, салыстырулар жасауына қол жеткізу керек.
Қорытындысында көбейтудің бірдей қосылғыштардың қосындысы екендігін түсіндіруіміз
керек.
20 көлеміндегі сандарды таблицалық көбейту мен бөлуге үйрету әдістемесі
Арнайы мектептің 3-ші сыныбында 20-дан аспайтын 2, 3, 4, 5 сандарының көбейту
және бөлу кестелерімен танысады. Көбейту амалымен таныстырудағы дайындық жұмысы
ретінде заттарды тең бөліктерге, 3-ке, 4-ке, 5-ке бөлуге үйрету жұмыстары
ұйымдастырылады. Аталған жұмыстар кезінде көрнекі құралдар, дидактикалық
материалдар, табиғи материалдар, ойыншықтар, трафареттер кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар, тұрмыста келетін жұп заттардың тобын, қолғап, шұлықтар, саусақтар,
жұмыртқа, машинаның дөңгелектерін пайдаланған тиімді.
2+2+2+2=8 2x4=8
Бірте-бірте көрнекі құралодардың көмегінсіз мынадай мысалдарды шығаруға
дағдыландырамыз. 3+3+3+3+3=3x5 2x7=2+2+2+2+2+2+2
Қосу мен көбейтудің айырмашылығын түсінуі үшін мынадай тапсырмалар
беруге болады. мысалы,
1)
2+2+2+2 = 8. Мына жағдайда қосу мен көбейтуді ауыстыруға бола
ма? Неліктен?
2+1 + 2 + 3=8. Мына жағдайда қосу мен көбейтуді ауыстыруға бола ма?
Неліктен?
20 көлеміндегі сандарды таблицалық бөлу
Арнайы мектеп оқушылары көбейту аламымен анық танысып болғаннан кейін тең
бөліктерге бөлоу және мазмұнына қарай бөлуге үйрету реттілігімен бөлу амалымен
таныстырады.
100 көлеміндегі сандарды таблицалық көбейту
Достарыңызбен бөлісу: |