7. Сүлейменова Р.А., Елисеева И.Г., Карипжанова Ш.Ж. Б19 Математика. Арнайы
мектепке арналған байқау бағдарламасы. -Алматы, 2004. - 48 бет.
1000 ШАМАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ КӨПТАҢБАЛЫ САНДАРДЫҢ НӨМІРЛЕНУІН
ЖӘНЕ ОЛАРМЕН АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫ ОРЫНДАУДЫ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация Арнайы мектепте 1000 шамасындағы және көптаңбалы сандарды
оқыту (уақыт, кезең). 1000 шамасындағы және көптаңбалы сандарды нөмірлеуде
оқытудың міндеттері.
1000 және көп таңбалы сандардың нөмірлеуін окыту кезектілігі. 1000 және көп
таңбалы сандарды нөмірлеуді оқытудың құрылымы. Арифметикалық амалдарды
орындаудағы негізгі ерекшеліктері: арнайы мектепте 1000 және көп таңбалы сандарды
көбейту және бөлу. 1000 және көп таңбалы сандардың көбейту және бөлу амалдарын
кезектілікпен оқытуды қалыптастыру. Оқыту барысында қолданатын көрнекі -
дидактикалык құралдар.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың 1000 шамасындағы және көптаңбалы
сандардың нөмірлеуін және олармен арифметикалық амалдарды орындауын
меңгерудегі кездесетін қиыншылықтары.
Кілт сөздер: 1000 шамасындағы
және көптаңбалы сандар,
сандарды нөмірлеуді
оқыту.
Жоспар
1. Арнайы мектепте 1000 шамасындағы және көптаңбалы
сандарды оқыту
міндеттері.
2. 1000 және көп таңбалы сандарды нөмірлеуді оқытудың құрылымы.
3. 1000 көлеміндегі сандарды көбейту мен бөлу.
Көп таңбалы сандарды қосу мен азайту әдістемесін жазбаша түрінде орындаймыз.
Қайсыбір сыныпта болмасын негізгі алгоритмдік қосу мен азайту разрядтық сандарды
қосу мен азайтуда ешқандай ерекшелік жоқ.
Кейбір оқулықтарда қанша сан болса, сонша сан шығады деген тұжырым бар.
Дегенмен, бұл ақыл-ойы бұзылған балалар үшін ең қиыны. Осы көп таңбалы сандарды
шығарғанда олар көп қателер жіберіп отырады, кейде осы қателердің болуы:
оқушылардың зейіннің тұрақсыз, қабылдауының ойлауының әлсіздігі салдарынан болады.
Есептерді шығаруда мынадай реттілікті сақтауы қажет.
1) 1-ші кезекте. Қосу мен азайту орындалады, келесі разрядтың қатарға өтпей
тұрғанда...
2) 2-ші кезекте. 1 таңбалы разрядтың сандарымен, содан кейін 2 және көп т.с
жұмысын жасаймыз.
3) 3-ші кезекте. Азайту амалы орындалады. Яғни азайғыш 1 немесе бірнеше «0»
санынан тұруы қажет. Мысалы:
97000-378
801000-57528
Бұл есептер ақыл -ойы кем балалар үшін, шығаруына қарай бірдей болмауы
мүмкін.
Қосу мен азайту амалдарын орындау барысында бағандау реті сақталып
отырады. Қосу мен азайту амалы рет-ретімен, яғни бірліктен бастап орындалады.
Мысалы:
355784 385457
12115
4325
367899
381132