Педагогика және психология кафедрасы Қыпшақбаева С. А. 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі»



жүктеу 128,59 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.11.2018
өлшемі128,59 Kb.
#18952
түріБағдарламасы


Қосымша  3.

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

       Педагогика және психология  кафедрасы

Қыпшақбаева С.А.



 

5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі»

мамандығының студенттеріне арналған біртұтас

Практика бағдарламасы

                                              Шымкент,  2016 ж.




5В010200   –  Бастауыш   оқытудың   педагогикасы   және   әдістемесі

мамандығының   студенттеріне   арналған   біртұтас   практика   бағдарламасы.   –

Шымкент: Шымкент университеті, 2016 ж. 13 бет.

 

  Ұсынылған   практика   бағдарламасы   «Бастауыш   оқытудың   педагогикасы



және   әдістемесі»   студенттеріне   практикалық   іс-тәжірибелерді   өткізу   үшін

қажетті оқу-әдістемелік құрал болып табылады.

Рецензенттер:

Нуридинова Г.А.., М.Әуезов атындағы ОҚМУ,п.ғ.к. 

Сихынбаева Ж.С..,  Шымкент университеті, п.ғ.к.

  Практика   бағдарламасы   Шымкент   университетінің   оқу-әдістемелік

кеңесінде талқыланып құпталды.

 Шымкент университеті. 2016 ж.




Алғы сөз

Педагогикалық  практика  студенттер  үшін маңызды  оқу  үрдісінің бөлімі

болып   саналады.   Педагогикалық   практика   кезінде   студенттер   барлық

педагогикалық   пәндерден   алған   білімдерін   жалпы   білім   беру   мектебінде   іс

жүзінде қолдану арқылы машықтанады. 

Бұл практика түрі болашақ маман үшін соңғы іс-тәжірибе болып саналады.

Педагогикалық практика 4 курста өткізіледі. 

Мектеп бағдарламасна сәйкес сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу, тәрбие және

қоғамдық   жұмыстарды   жоспарлау,   бағалау   және   қадағалау   бойынша

машықтанады. 

5В010200 -«Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі студенттері

университетте   оқу   кезінде,   оқу   жоспарына   сәйкес,   оқу   және   педагогикалық

практика түрлерінен өтеді.  Сөйтіп, әр теориялық  курстан кейін практикалық

курс өткізіледі.Оқу практикалары базалық пәндерден бастап кәсіби пәндерді де

қамтиды. Оқу практикалары әр курс сайын өтілетін  базалық  пәндер бойынша

жүргізіледі.

Оқу практикасы 1-2  курста өтеді. Сонымен, оқу практикасының мақсаты

базалық   және   кәсіби   пәндер   бойынша   теориялық   білімдерін   іс-тәжірибелер

арқылы нақтылау саналады. Оқу жоспары бойынша келесі пәндер бойынша оқу

практикасы жүргізіледі:

1-   курста   өтілетін«Педагогикалық   қызметке   кіріспе»,   «Жаратылыстану



негіздері»  іс-тәжірибеде  педагогикалық   процестің   жай-күйін     және   оқушы

тұлғасын  зерттей отырып педагогикалық қызмет  міндетін айқындау  қабілетін

қалыптастырады.

   2-ші  курстағы ««Тәрбие жұмысының әдістемесі»   іс-тәжірибесі-бастауыш 

сынып  оқушыларымен жұмыс жасайтын  пән  мұғалімдерімен  байланыс 

орнатып ,сыныптағы  тұтас педагогикалық  процеске  жаңа  білім беру және 

тәрбие  технологияларының  элементтерін  ендіреді. 

Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық 

диагностикасы  іс-тәжірибесінің мақсаты-жалпы ғылыми, мәдениеттілік, 

психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша 

білімдерін тереңдету және сонымен қатар теоретикалық білім негізінде 

педагогикалық, дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады.



Меңгеру:

o пән  мұғалімнің  және сынып жетекшісінің оқу-әдістемелік құжаттарын;

o бекітілген     сыныптағы   тұтас     педагогикалық   процестің   жағдайын

диагностикалық   әдістемелердің     көмегімен   (оқу   үлгерімі,     оқушы   мен

ұжымның   даму   деңгейі,     әлеуметтік   белсенділігі,   тәрбиелік   деңгейі,

тұлғалық психологиялық процестерінің дамуы ес, ойлау,  ынта және т.б.);

o отбасының  педагогикалық процесі,  психологиялық ахуалы;

o бекітілген сынып   оқушыларының   ата-аналарымен, сынып жетекшісімен,

мектеппен өзара  байланысы;

o мектептің  психологиялық  қызметінің  жағдайы;




o мектептің дарынды балалармен жұмысы;

o мектептің  әдістемелік  қызметін ұйымдастыру;

o мектептің   мамандануына   сәйкес   пәндер   бойынша   оқу   және     мектеп

кабинеттеріндегі әдістемелік қор;

o инновациялық  әдістер және технологияларды талдап,  қорыту  және ендіру

бойынша  мектеп жұмыстары;

o мектеп  кітапханасының кітап қоры;

o тұтас педагогикалық  процесіне этнопедагогика  негіздерін ендіру



3-ші  курста өтілетін ««Сабақ беріп көру»  іс-тәжірибесі-  студенттерге

бастауыш сынып мұғалімі мамандығының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері

деген бейімділігін қалыптастыру,

- Бастауыш мектеп педагогикалық ұжымының іс-әрекетімен танысу.

- Оқу кабинеттерінің материалдық базасымен, сынып оқушыларымен танысу.

- Бастауыш сынып оқушылары тұлғасын зерттеу үшін мұғалімнің пайдаланатын

зерттеу әдістерімен танысу.

- Мектеп құжаттарымен және оны жүргізу тәртібімен танысу.

- Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әркетінің құрылымын зерттеу.

- Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас стилін бақылау және анықтау.

-сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру;

- педагогикалық шеберліктің негіздерін білу.



4-ші  курста өтілетін «Баланың мектептегі алғашқы күні»баланың 

мектептегі алғашқы күндеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды және 

оны бақылап, анализдеуді, іс-тәжірибеге белсене қатысуларына  жағдай

туғызады,іс-тәжірибе өту кезінде студенттер:

- бірінші сынып оқушыларының мектепке қабылдану ережелерімен жеке

құжаттарымен танысуды;

- бірінші   сынып   оқушыларының   ата-аналарымен   біріккен   жиналысқа

қатысу, оның өтілуі мен тәсілдерімен, ата-аналарға арналған анкетаны

құрастыруды;

- бірінші   сынып   оқушыларын   медициналық   тексеруден   өткізуге,   жеке

медициналық карталарымен танысуды;

- мектеп пен бала-бақша арасындағы қатынасты;

- балалардың мектепке дайындығының деңгейімен;

- мұғалімнің тапсыруымен көрнекіліктер дайындауды үйренесіздер!

Мұғалімнің   бірінші   сынып   оқушыларымен   жүргізілетін   мектептегі

алғашқы күндеріндегі жұмыс аспектілеріне назар аударуларыңызды ұсынамыз:

- Білім мерекесінің ұйымдастырылуы  мен өтілуіне;

- Мұғалімнің балалармен танысуына;

- Балаларды сыныпқа (парталарға) орналастыруына;

- Бірінші сабақтың өтілу әдіс-тәсіліне;

- Баланың мектепке  саяхат жасауына;

- Баланың тамақтануын ұйымдастыруына;

- Сабақ уақытысында сергіту минутын ұйымдастырылуына;

- Сабақ соңында оқушыларды шығарып салуды ұйымдастырылуына.




Өндірістік  практикада бастауыш мамандығының  студенттері 

кәсіби  құзыретін бекіту, кәсіби қызметінің  практикалық  дағдылары  мен 

тәжірибені игеру болып табылады. 

     -Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:

      мамандық   бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың 

функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;

    - теориялық  білімдерді  бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, 

дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;

      -инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді 

меңгеру;


      -ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру; 

      -өз бетінше өз қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы 

байланыстарды орнату, рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік 

сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады.

                        1.   Практика бойынша жалпы ережелер

1.1  Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері.

Оқу   практикасының   мақсаты   болып   теориялық   курстан   алынған

материалды іс-тәжірибелік жұмыстар арқылы бекіту болып саналады.

Оқу практикасы кезінде студенттер келесідей жұмыстар атқарады:

-

педагогикалық сынып жағдайын зерттеу және зерделеу:



-

кәсіби іс-әрекетімен бастапқы танысу;

-

таңдаған   мамандық   бойынша   бастапқы   тәжірибелік   білімдерін   және



дағдырларының қалыптасуы;

-

таңдаған   мамандыққа   қызығушылықты   тәрбиелеу   және   теориялық



білімдерді саналық игеруіне талаптану.

-

педагогикалық   іс-әрекет   объектісін   зерттеу   саласында   болашақ



оқытушының   болжамгерлік,   талдау     және     жоспарлау,   іскерліктерін

қалыптастыру; 

-

педагогикалық   процестің   жай-күйін     және   оқушы     тұлғасын     зерттей



отырып   педагогикалық   қызмет     міндетін   айқындау     қабілетін

қалыптастыру;

-

ғылыми-педагогикалық   зерттеу     әдістерін     жүйелі     қолдана   отырып



зерттеу     жүргізудің     негізінде     педагогикалық     процестің     жай-күйін,

оқушы  тұлғасын  зерделей  алу  қабілетін  қалыптастыру; 

- жаңа әдістемелеремен танысады;

- оқытудың жаңа инновациялық түрлерімен танысады;

- сабаққа   қажетті   көрнекіліктермен   жұмыс   атқару   және   оларды   сабақ

үстінде орында және тиімді пайдалануды меңгереді;

- практика   кезінде   студенттер   өздігінен   белгілі   практикалық   сабақты

меңгеруге үйренеді;



1.2 Оқу практикасының өткізілуне қойылатын талаптар

     Оқу практикалары пән бойынша практика жетекшісінің басшалығымен

жүргізіледі.   Практика   алдында   студенттерге   практикалық   сабақтың   мақсаты



мен   міндеттері,   сабақтың   жүру   ерекшеліктері,   практикадан   алынатын   соңғы

нәтиже мен оның маңызы түсіндіріледі. Практикалық тапсырманы орындауға

қажетті әдістемелік материалдар мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз

етіледі.Сабақтың   соңында   студент   практикалық   тапсырманы   орындағаны

туралы мәлімет өткізеді. 

Практика   жетекшісі   тпапсырманы   қабылдап   алады.   Тапсырма   нәтижесі

тиісті бағаланады.

1.3

Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері.

Педагогикалық практиканың мақсаты болып студенттің жалпы білім беріп

мектептің   мұғалімі   қызметін   атқаруға   дағдылану   болып   саналады.

Педагогикалық практика кезінде практикант келесі дағдыларды қалыптастыруы

қажет:

- мектеп   бағдарламасы   бойынша   бастауыш   сынып   оқушыларының



оқулығынан  сабақ жүргізуді меңгеру;

- пән бойынша жылдық жоспарды түзуді үйрену;

- тақырыптық жоспарды түзу;

- сабақта көрнекіліктермен жұмыс істеуді үйрену;

- сынып жетекшісі рөлін атқаруды үйрену;

- сыныптағы тәрбие сағаттарын өткізуге машықтану;

- пән бойынша  үйірменің жұмысын басқаруды меңгеру;

- белгілі тақырыпқа диспут өткізуді меңгеру;

- пән тақырыбына ашық сабақ өткізу;

- сынып оқушыларына писхологиялық мінездеме  түзуді меңгеру;

- сыныптағы   психологиялық   климатты   анықтау,   оқушылармен   қарым-

қатынас түзуге дағдылану;

- оқушылардың білімін бағалаудағы педагогикалық қағидаларды меңгеру;

- жалпы   мектеп   мұғаліміне   қажетті   педагогикалық   ұстанымдарды

меңгеруге дағдылану.

1.4 Педагогикалық практиканы  өткізуге қойылатын талаптар

Педагогикалық   практика   міндетті   түрде   мектепте   өткізіледі.   Практика

өтетін   мектеппен   заңды   бекітілген   келісім   шарт   болуы   тиіс.   Педагогикалық

практикаға студенттер университеттің ректорының бұйрығымен бекітілген және

оқу жоспарында көрсетілген мерзімде барады. Алдын ала, студенттердің қай

мектепке   және   қандай   сыныптарға   қай   сабақтардан   мұғалім   қызметін

атқаратыны   туралы   мағлұматтар   жиналады.   Студенттерге   арнайы     практика

жөніндегі   әдіскер   бекітіледі.   Практикаға   керекті   әдістемелік   және   келісім

шарттық   құжаттар   тапсырылады.   Практика   кезінде   студенттің   орындайтын

жұмыстары мен жинайтын материалдары  және практика туралы  есеп  беруге

қажетті   материалдар   мен   құжаттар   тізімі   нақтыланады;   практикаға   жолдама,

күнделік және практикаға арнайы тапсырмалар.

Мектепке   келгеннен   кейін   студенттер   мектеп   басшысының   нұсқауы

бойынша   белгілі   пән   мұғалімінің   қарамағына   бекітіледі.   Практикант   оқу

бағдарламалары және сабақ жоспарларымен еркін танысуы шарт. Практикант



мектептегі техника қауіпсіздігімен танысып арнайы журналға қол қояды. Сабақ

кестесімен танысады.

Практика   кезінде   студент   күнделікті   атқарған   жұмысы   туралы   жазбаша

есеп   жинайды.   Практика   соңында   студент   күнделігін   және   практика   өткені

туралы   құжаттарды   мектеп   басшысының   қолымен   және   мөрімен   нақтылап

жабады. Студентке мектеп басшысы мінездеме береді.

Студент   күнделіктен   басқа,   барлық   байқаған   және   үйренген   әдістемелік

материалдар   туралы   арнайы   дәптерге   материал   жинайды.   Практика   соңында

барлық   жиналған   материалдарды   қорытындылап   практика   туралы   есеп

жазады.Университетке келгеннен кейін келесі 1 апта ішінде студент практика

туралы  есебін   кафедраға  өткізуі  тиіс.  Есеп  университеттің  арнайы  кеңесінде

қорғалып бағаланады. 

        Практикаға   қатыспаған   студентке   және   практика   кезінде   барлық

педагогикалық   ережелерді   сақтамаған   және   оны   бұзған   студенттерге   мектеп

директоры  шара қолдануға құқықты  және ол туралы  университет  ректорына

хабарлайды. Университет ректоры ол хабарды талқылап ары қарай қандай шара

қолдануды шешеді.

 

      2. Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы

                       Оқу  практикалары 

2.1 Оқу   практикасы  туралы қысқаша  сипаттама

Бастауыш мұғалімдерін   даярлау жүйесінің ең негізгі бір бөлігі –  оқу

практикасы. 

Оқу   практикасы кезінде студенттердің бастауышта мамандығын  игеруге

жыл бойы лекцияларда, семинарларда  алған білімдері тиянақталады.

    Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты:

1. Студенттерді мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікке және тұрақты

қызығушылыққа тәрбиелеу;

2. студенттің   өзін-өзі   тұтас   педагогикалық   процестің   субъектісі   ретінде

сезініп,   үздіксіз   кәсіби-тұлғасын     дамытуға   деген   қажеттілігін

қалыптастыру;

3. студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту;

4. мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып әлеуметтік

психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;

5. тұтас   педагогикалық   процесті   құзырлылық   әдіспен   іске   асыруға

мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын

қалыптастыру;

6. педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық, зерттеушілік әдісін дамыту;

7. мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.

    Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті:

- Теориялық   сабақтарда   алған   жалпы   педагогикалық   шеберліктері   мен

дағдыларын одан әрі қарай дамыту және жетілдіру;

- Студенттер  сабақтарда алған алғашқы білімдерін толықтыру;

- Студенттерді   мектеп   ұжымымен,   бастауыш   кабинетімен   және   ондағы

құрал-жабдықтармен таныстыру.




Есеп беру құжаты:

1. Күнделік;

2. Дербес-өзіндік жұмыстары;

3. Көрнекіліктері;

4. Қорытынды есебі.

  Оқу (таныстыру) педагогикалық іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік 

нұсқаулар

   Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын

барлық   жұмыстар   көрсетіледі.   Бұл   жоспар   бастауыш     пәнінің   мұғалімінің

қатысуымен бірге түзіледі және әдіскер бекітеді.

Жеке   жоспар   бір   апта   мерзіміне   түзіледі.   Оның   мазмұны   нақты   және

тақырыпты болуы тиіс.

Күнделік. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет.

Әдіскер   студенттің   күнделікті   жұмысының   барысын   күнделік   арқылы

қадағалайды.  Іс тәжірибе біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте

алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан

кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге тапсырылады.

2.2 Педагогикалық практика туралы қысқаша сипаттама

Педагогикалық   практика   ұйымдастыру   конференциядан   басталады.

Конференцияда   практиканың   мақсаттары   мен   міндеттері   анықталады.

Студенттерді   практика   өтетін   мектеппен   таныстырады.   Мектеп   директорымен

және   бастауыш   секциясының       мұғалімдерімен   таныстырады.   Мектептегі

сыныптардың оқушылары   туралы және сабақ жүргізудің ерекшеліктері жайлы

мұғалімдермен және мектеп басшасымен әңгіме өткізеді. Студенттерді  бастауыш

сыныптарына  бөледі. Сабақ кестесімен таныстырады.

Мектеп   базасымен   танысу.Бастауышқа   бөлінген     кабинеттермен

таныстырады.   Сабаққа   қажетті   көрнекілік   материаладар   базасын   анықтайды.

Күнделікті  сабақтарға  қажетті  құрал-жабдықтарды   анықтайды.  Мұғалімдермен

кездесу   кезінде   мектептегі   сабақ   жүргізу   әдістемелік   кешендерінің

ерекшеліктерімен таныстырады. Сыныптағы оқушылардың тәртібі мен үлгерімі

туралы мағлұматтар беріледі.

 Жылдық жоспарға сай практика басталған кездегі өтілетін тақырыптармен

танысу.   Мектептегі   және   сыныптағы   көпшілік   және   қоғамдық   жұмыстар

жоспарларымен   танысады.   Студент   жалпы   практика   жоспарын   түзеді.

Оқушылардың   өз   бетімен   өтетін   сабақтардың,ашық   сабақтардың,   тәрбие

сабақтардың жоспарларын түзеді және конспектілер даярлайды.    

Педагогикалық   практика   студенттің   пән   мұғалімінің   сабағына   пассивті

қатысуынан басталады. Екі-үш сабақтар бойынша студент мұғалімнің сабағын

талдауы қажет. Сабақтың мазмұнына, әдістемелік құрылымына талдау жүргізеді.

Келесі екі-үш сабақты мұғалімге жәрдемші ретінде жүргізеді.

Жалпы практика мерзімінде студент жеке өзі  2-3 сабақ өткізуі тиіс. Сонымен

қатар,   мектептегі     басқа   студенттердің   сабақтарына   қатысуы   тиісті.   Пән

мұғалімінің   қатынасуымен   және   оның   қадағалауымен   сынақтық   сабақтарды

өткізуі тиіс.



Практика   соңында   бекітілген   сынып   оқушыларына   психологиялық-

педагогикалық мінездеме түзу қажет.

Практика   бойында   студент   мектеп   өміріндегі   қоғамдық   жұмыс   жоспары

бойынша көпшілік жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысуы  қажет.



Студенттердің  педагогикалық іс-тәжірибе кезінде жүргізілетін

жұмыстары туралы жеке жоспарының нұсқасы

Жеке жоспар

   


Күні

Жоспарланған оқу жұмысы

Жоспарланған тәрбие

жұмысы

1

Университеттегі педагогикалық практиканың



оқу жоспарымен танысу.

Жоспарланған тәрбие

жұмысы.

2

Мектептің педагогикалық ұжымымен танысу.



Берілген сыныппен

танысу.


3

Мектептегі бастауыш   үйірмесімен танысу.

Оқушылардың күнделігін

тексеру.


4

Күнделікті сабақ жоспарын жасау. 

Халық педагогикасының

маңызы. Сынып сағатын

ұйымдастыру.

5

Бастауышта   бөлінген   сыныптың       сабағына



қатысу.

Келесі тәрбие сағатын

өткізуге дайындық.

6

Сабақ көрнекілігін дайындау.



Мерекелік газет шығаруды

жоспарлау.



3.3 Өтілген сабаққа талдау жүргізу әдістемесіне бойынша қойылатын

талаптар:

1. Сабақтың мазмұнына талдау жасау.

2. Сабақтың алдына қойылған мақсатқа жетті ме?

3. Жаңа сабақтың мазмұны толық ашылдыма жоқпа?

4. Сабақтың әдістемелік негізі немесе тәсілі дұрыс анықталған ба?

5. Сабақ қай кездері сәтті немесе нашар  өтті?

6. Жаңа сабақты түсіндіру әдісі  дұрыс қойылдыма?

7. Мұғалімнің сабақ беру мәнері және білім деңгейі қандай болды?

8.  Сабақ кезінде тақырып аралық және пән аралық байланыстар болдыма?

9. Жаңа сабақты бекіту қалай өтті?




10. Сабаққа берілген уақыт тиімді пайдаланылдыма?

11. Сабақ   кезінде   оқушылардың   қызығушылығын   арттыратын   әдістер

түрлері пайдаланылдыма?

12. Сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қандай дәрежеде өті?

13. Оқушылар үй тапсырмасын қандай дәрежеде орындады?

14. Үйген тапсырма нақты және түсінікті берілдіме?



3.4 Сабақтың жүрісі бойынша талдау

1. Оқушылардың сабаққа ынтасы қандай болды?

2. Сабақтың барысы қарқынды бодыма?

3. Түсіндіруде пайдаланылған тіл және терминдік сөздіктер оқушылардың

жас ерекшеліктеріне сайма ?

4. Оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі қандай болды?

5. Егер тыныштық сақталмаған болса, онда оның себебі неде болды?

6. Мұғалімнің сыныппен қатынасы қандай болды?

7. Мұғалім тақтаны және көрнекілкітерді қалай пайдаланды?

8. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дауысы киімі, тактикасы және мәдениеті

қалай болды?

9. Сыныптың сабаққа дайындығы қандай болды?

10. Сабақ әділ бағаландыма?

11. Бағалары күнделікке қойылдыма?

12. Сабақта уақыт тиімді пайдаланылдыма?

3.5 Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер

1. Сабақ құрылысында тәрбиелік және дидактикалық мақсаттар қойылуы

тиіс. Сабақтың өткізу түрі анықталуы тиіс және бүгінгі сабақ өткен сабақпен

байланысты болуы тиіс.

2. Сабақты   дайындау   және   ұйымдастыру   кезінде   келесідей   талаптар

қойылады:   -жоспарлау,   қажетті   құралдар   мен   жабдықтардың   түрлері   мен

сандарын   анықтау,   оқушылардың   өздігінен   орындайтын   тапсырмаларының

түрлерін анықтау.



3. Сабақтың мазмұны мен оқытуға келесі талаптар қойылады: - тәрбиелік

маңызы, табиғатқа сүйіспеншілік тудыру, ізденуге талпындыруы қажет.



4. Сабақ жүргізу техникасына келесі талаптар қойылады: - дауыс ырғағын

пайдалану, оқушылар шаршаған кезде демлауға ыңғайлы педагогикалық әдісті

қарастыру, ойын және тапсырмалық сабақ әдістерін қарастыру.

 3.6 Практиканттың мінездемесінде көрсетілетін басты мағлұматтар

1. Студенттің қай мектепте практика өткені туралы мәлімет.

2. Практика кезінде өткізілген сабақтар саны.

3. Мұғалімнің орына және көмекшісі ретінде қанша сабақ өткізілді.

4. Студент   бастауыштың     пәні   бойынша   мектеп   бағдарлмасын   және

әдістемелік негіздерін меңгеру дәрежесі туралы мәлімет.

5. Жұмысты жоспарлау және конспектілер түзудегі икемі туралы мәлімет.

6. Бастауыш  мұғалімінің іс әрекетіне сипаттама беру және бағалау.




7. Бастауыш пәні бойынша сыныптан тыс орындалған сабақтардың саны

мен сапасы туралы мәлімет.

8. Студенттің жауапкершілігі туралы мәлімет.

     


3.7 Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі

1.Күнделік

2.Күнтізбелік сабақ жоспары.

3.Күнделікті сабақ жоспары.

4.Тәрбие сағат жоспары.

5.Ашық сабақ жоспары.

6.Мінездеме.

7.Ашық тәрбие сағаты.

8.Күнделік дәптер.

9.Көрнекіліктер.



3.8.   Студенттің   практика   кезіндегі   жеке-өзіндік   тапсырмаларды

орындауға әдістемелік нұсқау.

Студенттің жеке тапсырмасы оның жалпы мамандық туралы  көз қарасы

мен   біліктілігін   жетілдіру   және   зерттеулік   қабілетін   арттыру   мақсатында

беріледі.

Студент педагогикалық практика кезінде мектептегі оқу үрдісіне зерттеулік

көз   қараспен   қарайды.   Оқу   үрдісінің   қойылу   тиімділігі,   сапасы,   тәрбиелік

жұмыстардың   уақытылы   және   тиімді   жүргізілуіне,   оқушылырдың   білім

деңгейіне,   мектептегі   мұғалімдердің   педагогикалық   іс-тәжірибелеріндегі

маңызды нәтижелерге және қолданылатын жаңа оқыту технологияларының іске

асуына өзіндік баға береді. Студент практика нәтижесінде мектептегі оқу ісінің

тиімділігін арттыру туралы өз пікірін білдіреді.

Мектептегі   оқу   үрдісінің   көрнекілік   материалдармен   және   құрал-

жабдықтармен қамтамасыз етілу дәрежесіне, сабақ өту барысындағы жаңа және

алдыңғы педагогикалық әдістемелер мен тәсілдердің пайдалануына аса көңіл

аударады.

Пән бағдарламасы мен сабаққа арналған арнайы әдістемелік құралдардың

жеткіліктігіне   және   күнделікті   сабақ     жоспарының   жазылу     сапасына   мән

береді.


Аса   маңызды   сәт   болып   мектептегі   оқушылардың   сабаққа   деген

қызығушылығын арттырудағы жаңа инновациялық оқыту технологияларының

меңгерілуі   саналады.   Оқушылардың   өзіндік   жұмыстарды   атқаруына   қажетті

әдістемелік   материалдардың   мөлшері   мен   жұмыстардың   атқарылу   сапасына

баға береді. Бастауыш   пәні бойынша біліктілікті көтеру және табиғатты сүю

бағытында орындалатын жеке жұмыстар мен тәрбие   сабақтарының сапасын

бағалайды.

Барлық   байқаған   жетістіктерді   күнделікке   жазып   практика   туралы   есеп

кезінде баяндайды.   

  



5. Студенттің педагогикалық практикасының мектептегі жетекшісінің

міндеттері

Студенттің   мектептегі   педагогикалық   практикасын   өту   кезінде   мектеп

тарапынан практика жетекшісі тағайындалады. Ол жетекші студенттің практика

жоспары   бойынша   барлық   практикалық   жұмыстарды   атқару   барысын

қадағалайды. Педагогикалық практика тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін,

студент   практика   кезінде   педагогикалық   әдістер   мен   тәсілдерге   үздік

машықтануы   үшін   мектеп   тарапынан   тағайындалған   жетекші   келесідей

жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:

- практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;

-   мектептегі   бастауышта   оқытылатын     пәндерінің   мемлекеттік

бағдарламасымен таныстыру;

-   бастауыш   пәні   бойынша   жылдық,   тоқсандық   және   жеке   сабақтық

жоспарлармен танысуына мүмкіншілік беру;

- практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;

- педагогикалық шеберлікті арттыру және жаңа технология бойынша сабақ

жүргізу әдістемелерімен таныстыру;

-ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;

-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;

- студенттің  практикалық  қызметін кафедра  анықтаған жоспар  бойынша

атқаруына жағдай жасау;

-   студенттің   практика   жөніндегі   есеп   түзуіне   қажетті   құжаттармен

қамтамасыз ету;

- студентке практика жөнінде мінездеме беру;

-   практика   кезіндегі   жетістіктер   мен   кемшіліктер   туралы   университет

тарапынан тағайындалған жетекшіге хабар беру.

  5.   Студенттің   педагогикалық   практикасының   кафедра   тарпынан

жетекшісінің міндеттері

Практика жетікшісі пратика басталар алдында студенттермен орнықтыру

конференциясын     өткізуі   тиіс.   Жиналыста   студенттерге   практиканың

мақсаттары   мен   міндеттерін,   студенттің   практика   кезінде   атқаратын

жұмыстарына   сипаттама,   мектеп   туралы,   сыныптар   туралы   мәліметтер   және

студенттердің   практика   кезінде   орындайтын   жеке   тапсырмаларының

тақырыптарын береді.Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:

- практика  алдындағы  жиналыста   практиканың  уақытын,  мерзімін және

сипатын түсіндіреді;

- практика соңында түзілетін есептің мазмұны мен түзу ережелерін және

оған керекті, практика кезінде жинайтын материалдардың  сапасы мен санын

көрсетеді;

- практикадан кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды;

- практика күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;

- мектеппен   практиканттардың

  орындайтын   педагогикалық

жұмыстарының реті мен түрлерін анықтайды;



- студенттерге мектептегі тәжірибелі ұстаздардың арнайы дәрістер беруін

және педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстармен

таныстыруын қамтамасыз етеді;

- практика кезінде үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді;

- практика  біткеннен   кейін   практика   туралы   есепті   кафедрада   қорғауды

қамтамасыз етеді;

- практика соңында қорытынды конференция өткізеді.

Педагогикалық   практика   біткен   кезде   студенттің   практика   туралы

өткізетін құжаттар тізімі.

1. Практиканың жеке жоспары.

2. Күнделік.

3. Практика кезінде өткізілген сабақтардың тақырыптық жоспары.

4. Сабақтардың жазбаша жоспарлары.

5. Сабақтың әдістемелік талдауы.

6. Бір оқушыға берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме.

7. Биология   сабақтары   бойынша   өткізілген   кештер,   диспуттар   және

викториналар туралы есеп.

8. Бақылау сабақтарының жазбаша жоспары.

9. Практика есебі.

10. Мінездеме.



Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі.

1.Күнделік

2.Күнтізбелік сабақ жоспары.

3.Күнделікті сабақ жоспары.

4.Тәрбие сағат жоспары.

5.Ашық сабақ жоспары.

6.Мінездеме.

7.Ашық тәрбие сағаты.

8.Күнделік дәптер.

9.Көрнекіліктер.




жүктеу 128,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау