100 көлеміндегі таблицалық көбейтуді үйрету әдістемесі 20 көлеміндегі
сандарға
ұқсас ұйымдастырылады.
Көбейту мен бөлу амалының компоненттерін түсіндіргеннен кейін кесте
түрінде таныстырамыз.
Нөлге көбейту мен бөлуді үйретудемынадай мысалдар қолданылады:
0x5=0+0+0+0+0=0, сонда, 0x5=0.
Қалдықпен бөлу 4-ші сыныптан бастап үйретіледі.
3:2=1 (қалд. 1) 5:2=2 (қалд.1) 4:3 = 1 (қалд 1)
Таблицадан тыс көбейту мен бөлу
Таблицалық көбейту мен бөлуге үйренгеннен кейін таблицадан тыс көбейту мен
бөлуге үйрету әдістемесі ұйымдастырылады. Нәтижелердің 100-ден аспайтын түрімен
мынадай мысалдарды орындатуға болады. 100 (20x3, 15-3, 4x20, 5х13), (60:3, 39:3,
80:20, 65:13) Таблицадан тыс көбейту мен бөлу 5—6-шы сыныптардан басталады. (30x2,
60:2) (12x3, 36:3) түріндегі мысалдар 4-ші сыныптан басталады. Толық ондықтарды
көбейту мен бөлу (40:20) 6-шы сыныпта басталады. Екі таңбалы сандарға көбейту
мен бөлу (3х25, 75:25) 7-ші сыныптан басталады.
Саусақ санамақ 3: екі қолмен 9-ға көбейту
Сурет -1.
Саусақ санамақ
Бастауыш сынып оқушылары көбейту кестесін үйренген кезде бестен үлкен сандарды
көбейтуге қиналатыны белгілі.
Амал жоқ, кестені ал кеп жаттайды. Алайда 9-ға
көбейтудің мынандай жеңіл әдісі бар екенін естен шығарып алады.
Саусақтарды солдан оңға дейін нөмірлеп шығайық.
Көбейткіш
4
5
Көбейткіш
5
3
Көбейтінді
15
24
Бөлінгіш 12
35
Бөлгіш 3
7
Бөлінді
21
7
Арнайы мектеп оқушыларына көбейту мен бөлуді оқыту әдістемесі әлі де болса
ғылыми және тәжірибелік дәлелдеулерді қажет етеді. Мынадай жүйемен беріледі.
1. Көбейту амалын бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде таныстыру.
2. Тең бөліктерге бөлумен таныстыру.
3. 2 санының көбейту кестесін құру.
4. 2 санының көбейту кестесін тең бөліктерге бөлу кезінде қарастыру.
5. 20 көлеміндегі сандардың көбейту кестесін құру.
6. 20 көлеміндегі сандардың көбейту кестесін тең бөліктерге бөлу арқылы үйрету.
7. Практикалық түрде көбейтудің ауыстырымдылық заңдылығымен таныстыру.
8. 100 көлеміндегі сандардың көбейту және бөлу кестесін құру.
9. Қалдықпен бөлу.
10. Мазмұнына қарай бөлу.
11. Бірліктерге көбейту және бөлу.
12. Ноль көбейтудің компоненті ретінде.
13. Ноль бөлу ретінде.
Көбейту мен бөлуге уйретудегі мұғалімнің негізгі міндеті әрбір арифметикалық
амалды нақты материалдың мазмұны арқылы ашу. Оқушылардың нақты материал
көлемінде қорытынды, анализ, салыстырулар жасауына қол жеткізу керек.
Қорытындысында көбейтудің бірдей қосылғыштардың қосындысы екенін түсіндіруіміз
керек.
20 көлеміндегі сандарды таблицалық көбейту мен бөлуге үйрету әдістемесі көмекші
мектептің 3 - ші сыныбында 20 – дан аспайтын 2, 3, 4, 5 сандарының көбейту және бөлу
кестелерімен танысады. Көбейту амалымен таныстырудағы дайындық жұмысы ретінде
заттарды тең бөліктерге, 3- ке , 4- ке, 5 – ке бөлуге үйрету жұмыстары ұйымдастырылады.
Аталған жұмыстар кезінде көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар, табиғи
материалдар, ойыншықтар, трафареттер кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, тұрмыста
келетін жұп заттардың тобын, қолғап, шұлық, шұлықтар, саусақтар, жұмыртқа,
машинаның дөңгелектерін пайдаланған тиімді.
Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1. Көбейту мен бөлу таблицасын зерттегенде мақсаттарын, мазмұнын ашыңдар.
2. Ақыл кемтар оқушыларды көбейту мен бөлу таблицасын игергенде
қиыншылықтары мен ерекшеліктерін ашыңдар
3. Көбейту мен бөлу таблицасын оқытқанда дайындық жұмыстарын мазмұнын
айтыңдар.
4. Екінші ондық және бірінші жүздік аралығындағы
көбейту мен бөлу таблицасын
оқыту әдістеменің мәнін ашыңдар.
5. Арнайы мектептегі көбейту мен бөлуге үйрету жұмысының реттілігін көрсет.
6. Бағдарламаның мазмұнына сүйене отырып көбейту мен бөлу кестелерінің
үйретілу реттілігін анықта.
Әдебиеттер:
1.Перова Н.М. Методика преподавания математикти во вспомогательной школе.
М., 2001 г.
2.Эк В.В. Обучение математике в младших классах вспомогательной школы.
Просвещение М., 1990.
3.Программы специальной школы 1-2-го вида. Алматы 2002.
4.Программы по математике для коррекционных школ 7-го, 8-го вида. Алматы.,
2002 г.
5.Стабильные учебники математики для вспомогательной школы.
6.Моро М.И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в 1-3 классах. М.,
Просвещение, 1998.