Типтік оқу бағдарламасы (30. 06. 2016 ж. №2 хаттама) негізінде құрастырылды



жүктеу 1,87 Mb.
Pdf просмотр
бет26/53
Дата07.01.2020
өлшемі1,87 Mb.
#26014
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53

 
 
ІІІ топ. Сандарды 
Арттыруға, кемітуге, көбейтуге
азайтуға бағытталған есептер. 
 
Бірнеше санға 
арттыруға 
бағытталған есептер 
Мақсатта 12 қалам болды, ал Айжанда 2 
қаламға артық, Айжанда қанша қалам бар? 
2 – сынып 
Бірнеше санға 
кемітуге бағытталған 
есептер 
Мақсатта 12 қалам болды, ал Айжанда 2 
қаламға кем. Айжанда қанша қалам бар? 
2 – сынып 
Екі санды 
салыстыруға 
бағытталған есептер 
Сәуледе 12 саңырауқұлақ, ал Маралда 4 
саңырауқұлақ бар. Сәуледе қанша есе көп? 
Немесе Маралда қанша есе аз? 
5 – сынып 
Бірнеше есе 
көбейтуге 
бағытталған есептер 
Сұлтанда 6 қарындаш, ал Мақсатта екі 
есе көп. Мақсатта қанша қалам бар? 
3 – сынып 
Бірнеше есе азайтуға 
бағытталған есептер 
Дәуренде 14 бояу, ал Нұрланда 7 есе аз. 
Нұрланда қанша бояу бар? 
3 – сынып 
 
Күрделі есептердің топтастырылуы жоқ. Қарапайым есептің әр түрін детальды 
түрде талдау қажет. Өйткені қарапайым есептерден күрделі есептер құрылады.  
-4-. Арифметикалық есептерді шешуге үйретудің дайындық жұмысын алған 
сандармен таныстыру барысында басталады. Содан кейін есептің әр жаңа түрімен 
таныстырудың алдында сонымен қатар күрделі есептерді шешуге үйретудің алдында 
жалғастырылады.  
Дайындық жұмысының мазмұны:  
1.  Балалардың  дүниетанымын  кеңейту.  Осы  мақсатпен  экскурсиялар,  әңгімелеу, 
кітаптарды  оқу,  ойын  іс-әрекетін  ұйымдастыру  қажет.  Осындай    жұмыс  тек  математика 
сабақтарының  үстінде емес,  басқа  сабақтардың    барысында  және  сыныптан  тыс  уақытта 
өткізу керек. 
2.  Балалардың қарапайым сандық түсініктерін қалыптастыру, дамыту. Осы жұмыс 
препедевтикалық  кезеңге  сәйкес.  Балалардың  көптіктермен  байланысын  тәжіибелік 
жұмыстарды  ұйымдастырып,  бірге  нәтиже  шығарып,  және  орындаған  әрекетті  сөзбен 
жеткізуді талап етеміз. Мысалы қостық, ұшып келді, сатып алды – көбейді, алдық – ұшып 
кетті,  сыйлады,  берді  –  азайды.  Осы  кезеңде  келесі  математикалық  түсініктердің 
мағынасын  балаларға  жеткізу  керек:  барлығы,  қалды,  бірге,  тағы  да  қосты,  азайды,  оған 
қарағанда көбірек т.б.  
3.  Орындаған заттың тәжірибелік іс – әрекетті сөзбен беруі қажет. Бірінші кезекте 
мұғалім оқушымен бірге заттық әрекеттер орындайды және орындаған ісін сөзбен айтып 
тұрады. Содан кейін бала жоспар бойынша берілген сұрақтарға  жауап береді. (сен қазір 
не  істедің?  Оған  қанша  шеңбер  қостың?  Сан  азайды  ма?  Көбейді  ме?)  Ең  соңында  бала 
орындаған жұмысын өз бетімен айтып беруі керек. 
Күрделі есептермен таныстырудың алдында жүргізілетін дайындық жұмысы: 
1.  Есептің шартына сұрақ ойлап тап.  
2.  Берілген сұраққа есептің шартын құрастыру. 
3.  Екі  бір-бірімен  байланысты  арифметикалық  есептерді  шешу.  Мысалы: 
«Кәрзеңкеде  5  қызыл  және  6  көк  алма  жатыр.  Алманың  саны  қанша?»,  «Кәрзеңкеде  11 
алма болды, 8 алманы жеп қойды. Қанша алма қалды?». Осы сияқты есептердің шешімін 
бөлек қарастырады. Мұғалім неге бірінші есеп қосумен, ал екінші есеп азайту амалымен 
орындалғаны туралы нәтиже шығарады.  
4.  Қарапайым  есепті  күрделі  есепке  айналдыру  үшін  сұрағын  өзгерту.  Мысалы, 
«Санияда 5 көк шар бар, ал қызыл шардың саны екі есе артық. Санияда қанша қызыл шар 
бар?»,  өзгертілген  сұрақ,  «Санияда  5  көк  шар  бар,  ал  қызыл  шардың  саны  екіге  артық. 
Санияда шардың саны қанша?». 


 
 
5.  Есептің шартын өзгерту. 
-5-. Есеп деген ұғыммен балалар 1- сыныпта танысады. Әр есеп келесі құрам 
компоненттерден құралған: есептің шарты, сұрағы, шешімі, жауабы. Оқушылар есептің 
компоненттерін бөле алуы керек. Алғашқы есептерді дайын түрде бермей, балалармен 
бірге құрастыру керек және есептің құрам компоненттерімен таныстыру барысында 
«драматизация», «иллюстрация» тәсілдерін қолданған жөн.  
 
Мысалы, сабақтың фрагменті: 
-  Бүгін біз саңырауқұлақтар туралы арифметикалық есептер құрастырамыз. 
-  Марат  пен  Бота  саңырауқұлақ  теруге  барды.  (екі  баланы  тақтаға  шығарып, 
қолдарына кәрзеңке ұстатамыз.) 
-  Марат  3  саңырауқұлақ  тапты.  (Оқушы  3  саңырауқұлақтың  модельдерін  алып, 
дауыстап санап, кәрзеңкеге салады.) 
-  Марат  қанша саңырауқұлақ тапты? Осы санды цифрлық  кассалардан табыңдар, 
көрсетіңдер. (мұғалім 3 санының карточкасын тақтаға іледі.) 
-  Бота 2 саңырауқұлақ тапты (оқушы 2 саңырауқұлақтың моделін алып, дауыстап 
санап кәрзеңкеге салады.) 
-  Бота  қанша  саңырауқұлақ  тапты?    Осы  санды  цифрлық  кассалардан  табыңдар, 
көрсетіңдер. (мұғалім 2 санының карточкасын 3 тің қасына  тақтаға іледі.) 3       2 
-   Бізге қазір не белгілі? Марат пен Бота қанша саңырауқұлақ тапқандары белгілі. 
Осы есептің шарты: 
-  Есептің шартын қайталаңдар. (2, 3 оқушы дауыстап қайталайды.) 
-  Балалардан  не  сұрауға  болады?  Екеуің  бірге  қанша  саңырауқұлақ  таптыңдар? 
Бұл есептің сұрағы.  
-  Есептің сұрағын қайталаңдар. 
-  Шарты мен сұрағы арфметикалық есепті құрайды.  
-  Есептің сұрағы қайсысы, есептің шарты қайсысы?  
Оқушылар меңгере алатын болса, осы сабақтың үстінде «есептің шешімі», 
«жауабы», деген компоненттермен таныстыруға болады. Бірақ көбінесе келесі сабақтарда 
тақырыпты жалғастырады. Ол үшін алдымен тура осындай жұмыс ұйымдастырып есептің 
«шарты», «сұрағы» деген түсініктерді еске түсіреміз. 
-  Есептің шартын сұрағын қайталаңдар. 
-  Балалар қанша саңырауқұлақ тергенін қалай білуге болады? 
-  Саңырауқұлақтың саны азайды ма? Көбейді ме? 
-  Яғни қай арифметикалық амалдарды қолданамыз? 
-  Неге қосуды. 
3+2=5 
-  Осы есептің шешімі. 
-  Есептің сұрағы қандай еді? 
-  Оған жауап бердік пе? Осы есептің жауабы. 
-  Есептің шартын, сұрағын, шешімін қайталаңдар. 
Осындай жұмыс бірнеше рет қайталану керек. Қорытындысында балалар есептің 
барлық құрам компоненттерін жақсы біліп ажырата алу керек. 
-6-. Әр есеп келесі құрам компоненттерден құрылады: шарты, сұрағы, шешімі, 
жауабы. 
 
Арифметикалық есептерді талдау, шешу әдістемесі келесі кезеңдермен 
өткізіледі. 
І. Есептің мазмұны бойынша жұмыс істеу. 
ІІ. Есептің шешу жолын қарастыру. 
ІІІ. Шешімін жазу. 
ІV. Жауабын анықтау. 
V. Шешімін тексеру. 
VI. Есептің мазмұны бойынша жұмысты жалғастыру. 


жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау