Типтік оқу бағдарламасы (30. 06. 2016 ж. №2 хаттама) негізінде құрастырылды



жүктеу 1,87 Mb.
Pdf просмотр
бет19/53
Дата07.01.2020
өлшемі1,87 Mb.
#26014
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53

 
 
Арнайы  мектеп  мұғалімдері  көрнекі  құралдардың  көмегімен  ғана  емес,  баланың 
математикалық  түсініктерін  аналы  түрде  игертудің  жолдарын  іздестіріп,  материалдарды 
заттық-практикалық әрекетпен ұштастыра отырып пайдалануды мақсат етуі тиіс.  
Алғашқы ондық сандармен танысудың реттілігі былайша құрылады:    
Бірінші  сабақта  сан  және  цифр  туралы  жалпы  ұғым  беріледі.  Бұл  сабақтың 
мақсаты оқушыларды санның құрылуымен (санау арқылы) таныстыру, оның аталуымен, 
сандар  қатарындағы  орнымен  таныстыру,  затпен  сәйкестенуін  көрсету,  білетін  санмен 
ара-қатынасын түсіндіру болып табылады.  
Екінші  сабақта  өтілгенді  бекіту,  тура  және  кері  санауға  үйрету  жұмыстары 
жүргізіледі.  Оқушылар  берілген  санды  затпен  сәйкестендіріп,  теңестіру,  артық,  кем,  тең 
ұғымдарымен салыстыруға үйренеді.   
Келесі  сабақтарда  сан  құрамымен  танысады,  мұндай  сабақтарадың  саны  сынып 
оқушыларының  санына,    өтілген  санға  байланысты  анықталады.    (Әр  санның 
таныстырылуын мысал ретінде көрсету) 
1-  сыныптың  аяғында  өтілген  сандарды  практикалық  жаттығулардың  көмегімен 
бекіту жұмыстары жүргізіледі. Мысалы: 4 сары таяқшаны, ал, барлығының саны 5 болу 
үшін шариктерді мүсінде деген сияқты тапсырмалар орындалады.  
Санның цифрмен белгіленуі және оның жазылуын үйретуде цифрдың баспа және 
жазба  түрлері  көрсетіледі.  Баланың  цифрды  жазуға  үйренуі  процесі  өте  күрделі, 
сондықтан цифрлардың трафареттері,  лекалолар, пластмасса тақталар алдын ала дайын 
болуы керек.  
Цифрлардың жазылуымен таныстыру жұмысының реттілігі:  
1)  Цифрдың баспа түрін көрсету, цифрдың элементтерін көрсету;   
2)  Мұғалімнің санды тақтада жазуы;   
3) Цифрды саусақпен, указкамен қоршау;   
4) Цифрды ауада жазу;   
5)  Цифрды бірнеше оқушының тақтада жазуы; 
Цифрды  жаза  алмай  қиналған  оқушыларға  екі  тордың  ішіне  жазуға  рұқсат 
беріледі.    Цифрлардың  жазылуын  бекіту  барысында  оның  сұлбасын  трафареттен  ою, 
ермексазбен жасау түріндегі жұмыстар жүргізіледі.  
Цифрлармен  заттарды  сәйкестендіру  барысында    түрлі  жұмыстар  орындалады. 
Мысалы:  
1.Берілген  заттың  санынан  қажетті  санды  табу.  «Анаң  дүкеннен  4  апельсин  алды. 
Осының  цифрмен  көрсетіңдерші».    Балалар  көрсетеді,  оны  тақтаға  іліп  4  санын  тұсына 
қоямыз. 
2. Берілген цифрдың тұсына заттарды қойып шығу.   
3. «Қажетті  картинаны  тап»  оқушылар  өздеріне  берілген  суреттер  жинағына  сәйкес 
санды, оның белгіленуін табулары керек.  
4.  Сызғыштың  бойынан  4  санын  тап,  4  қасық  шекерді  тәрелкеге  сал  деген 
сияқты тапсырмалар орындайды.   
 Санның  сандар  қатарындағы  орны  «Басқалдақ»  ойынының  көмегімен  орындалады.  
(Пән аралық байланыстьың құрылуын айту)  
Сандарды  салыстыруға  үйретуде  артық,  кем,  тең  ұғымдарымен    қатар  сандардың 
жазылуы  арқылы  таныстыру,  белгілердің  жазылуы  көрсетіледі.  Оқушыларға  бір  ондық  он 
бірлік екендігі туралы ұғым беріледі.  Таңбалармен таныстыру, қосу және азайту амалдарын 
сәйкестендіре отырып үйрету жұмыстары жүргізіледі.  
Абак  –  Ежелгі    Грекция  мен  Ежелгі  Римде  қолданылған  есеп  топтамасы.  Тақта 
белгілі  бір  разрядтық  білікті  білдіретін  жолақтарға  әрбір  разрядтық  бірліктің  санын 
білдіру үшін тастар қойылады.  
  1.  Зияты  зақымдалған  оқушыларды  ондықтармен  1  сыныпта  және  2  сыныптың 
бірінші  тоқсанында  танысады.Осы  кезеңнің  соңында  оқушылар  келесідей    білімді 
меңгеруі керек: 


 
 
1. 1 –ден 10-ға дейін санауды  
2. 10 шамасындағы сандардың қатарында әр санның орнын білуі. 
3. Сандарды салыстыру  
4. Әр санның құрамын білу 
5. 10 шамасындағы сандармен қосу, алу амалдарын  орындау 
 Екінші жылдың ортасында оқушылардың білім деңгейі бірдей болмайды. Мұғалім 
әр  оқушының  білім  деңгейін  білу  керек  сондықтан  балаларға  мінездеме  құрылады.  Ол 
алдағы уақытта оқыту барысында оқушыға жеке ықпал ету үшін қажетті. 
Мінездемеде  көрсетіледі: 
1. Оқушы сандық қатарды біле ме, барлық сандарды ретімен атап бере ала ма, кері 
санай  ала  ма,  берілген  саннан  берілген  санға  дейін  санай  ала  ма.  Алдыңғы  және  кейінгі 
сандарды біле ме, сандық қатарды біле ме? 
2. Оқушы санды салыстыра ала ма: заттарға сүйеніп, сандық қатарға сүйеніп, ойша. 
3. Оқушы санды жаза ала ма: үлгі бойынша, нүктелер бойынша, өздігімен. 
4. Санап шыға ала ма: затты қозғалту арқылы, саусағын санау арқылы, көзбен. 
5.  Сомма  мен  қалдықты  қалай  шығарады:  әр  санның  құрамын  біле  ме,  нөлдің 
маңызын түсіне ме. 
 Он шамасындағы сандарды оқыту барысында қолданатын көрнекіліктер:  

 
Санауға  арналған  әр  түрлі  ұсақ  заттар,  ойыншықтар,  санау  таяқшалары, 
геометриялық фигуралар, кубиктер т.б. 

 
Иллюстрациялар – бір түрлі және әр түрлі заттардың суреттері, цифрлар, цифрлық 
кассалар, есепшоттар. 
2.  Он  шамасындағы  сандардың  әрқайсысына  бірнеше  сағат  беріледі.  Әр  санның 
нөмірлеуін оқытуында келесі әдістемелік кезеңдер қарастырылады: 
  I.Санның құрылуы. Екі түрлі қарастырылады: 
- алдыңғы санға бірді қосу 
- артқы санға бірді қосу 
 II.Санды цифрмен белгілеу. Цифрды жазу. 
III.Санды және көптіктерді сәйкестендіру. 
IV.Сандық  қатарындағы санның орны. 
V.Берілген санға дейін санау. 
VI.Сандарды салыстыру. 
VII.Сандардың құрамы.екі түрлі қарастырылады: 
-  Бірден және басқа сандардан 
-  Екі кіші саннан құрылады. 
Мысалы:  «5  саны»  тақырыбының  бірінші  сабақтың  алдында  келесі  міндеттер 
қойылуы мүмкін. 
  Білім беру міндеттері: 4-ке дейін санауды қайталау; төртке бірді қосу арқылы бес 
санының  құрылуымен  таныстыру;    5  цифрын  жазуды  үйрету;  сан  қатарындағы  орнын 
бекіту; 5 көптігімен 5 санын сәйкестендіру. 
  Келесі  сабақта  келесі  міндеттер  қойылуы  мүмкін  төртке  бірді  қосу  арқылы  бес 
санының құрылуын бекіту. 5-ке дейін тура, теріс санауды үйрету. Бестен бірді алу арқылы 
төрт  санының  құрылуының  екінші  тәсілімен  таныстыру.  5-ке  дейін  сандарды 
салыстыруды үйрету.  
3-ші  ,  4-ші,  5-ші  сабақтарда    алдыңғы  материалды  бекітеміз  және  санның 
құрамымен таныстырамыз. 
I.Санның құрылуы. Екі жолы қарастырылады 
1.Алдыңғы санға бірді қосу. 
2. Артқы саннан бірді алу.  
    Барлық жұмыс заттық тәжірбиелік іс-әрекетте ұйымдастырылады. Мұғалім 
балаларға бірнеше затты ұсынып, тағы бір затты қолданып, сөйтіп 5 саны пайда болғанын 
көрсетеді. 


жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау