Типтік оқу бағдарламасы (30. 06. 2016 ж. №2 хаттама) негізінде құрастырылды



жүктеу 1,87 Mb.
Pdf просмотр
бет18/53
Дата07.01.2020
өлшемі1,87 Mb.
#26014
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53

 
 
1.  Заттардың пішіні мен салмағы туралы білімді тексеру. 
Үлкен – кіші, тең, ұзын-қысқа, жоғары-төмен, кең-тар, ірі-ұсақ, ауыр-жеңіл.   
2.  Кеңістік және сан туралы ұғымды тексеру.    
Алыс –жақын, жоғары-төмен, алдында – артында,  оң жақта – сол жақта, арасында, 
қасында, жанында, аз-көп, аздаған.   
3.  Санауды білу. 
1-ден бастап сана. 5 (10) бастап сана. Тура және кері сан атай отыр.   
4.  Цифрларды тануы.  Қандай цифрларды білесің, көрсет, айт. Цифрларды жаз.  
5.  Көп заттар мен санды салыстыру.  
Қайсысы  көп?  (2  және  4  таяқша  беріледі).  Мысалдарды  орында.    3 + 2 = 5 ,   4 -
1 = 3 .  
6. Барлығын және қалғанын табуға арналған есептер шығару. 
7. Геометриялық фигуралар мен денелерді білуі.  
Осындай фигураны тап, көрсет. Шаршыны бер.  
Пропедевтикалық  кезеңдегі  сабақтардың  мақсаты  оқушылардың  сан  туралы 
ұғымдарын,  кеңістік,  уақыт,  өлшем  бірліктері  туралы  ұғымдарын  бекіту  және  дамыту, 
оқушылардың жаңа терминалогияны пайдаланып сөздік қорларын байыту, белсенді сөздік 
қорды нығйту, танымдық белсенділікті арттыру, жалпы оқу дағдылары мен іскерліктерін 
қалыптастыру болып табылады.  
Дәріс мазмұны бойынша тапсырмалар мен сұрақтар:  
1. Дайындық кезеңінің мақсаты қандай? 
2.  Дайындық кезеңіндегі оқу процесінің өзгешелігі неде? 
3.  Қарапайым  математикалық  түсініктерді  қалыптастыру  әдістемесіне  қандай 
білімдер жатады? 
7.  Дайындық кезеңіндегі сабақтың фрагментін құрастырыңыз. 
 
Әдебиеттер:  
1.Перова  Н.М.  Методика  преподавания  математикти  во  вспомогательной  школе. 
М., 2001 г. 
2.Эк  В.В.  Обучение  математике  в  младших  классах  вспомогательной  школы. 
Просвещение М., 1990. 
3.Программы специальной школы 1-2-го вида. Алматы 2002. 
4.Программы  по  математике  для  коррекционных  школ  7-го,    8-го  вида.  Алматы., 
2002 г. 
5.Стабильные учебники математики для вспомогательной школы. 
6.Моро  М.И.,  Пышкало  А.М.  Методика  обучения  математике  в  1-3  классах.  М., 
Просвещение, 1998.  
7.  Сүлейменова  Р.А.,  Елисеева  И.Г.,  Карипжанова  Ш.Ж.  Б19  Математика.  Арнайы 
мектепке арналған байқау бағдарламасы. -Алматы, 2004. - 48 бет. 
 
 
10 ШАМАСЫНДАҒЫ САНДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Аннотация Арнайы мектепте 10 шамасындағы сандарды оқыту (уақыт, кезең). 10 
шамасындағы  сандарды  оқытудың  мазмұны  мен  міндеттері.  Он  шамасындағы 
сандардын  нөмірлеуін  оқыту  әдістемесінің  негізгі  сұрақтары:  санның  құрылуы, 
жазылуы,  көптіктермен  сандарды  сәйкестендіруі,  сан  қатарындағы  әр санның орны, 
сандарды  салыстыру,  санның  құрамы.  10  шамасындағы  сандарды  қосу  және  азайтуды 
оқыту  әдістемесі.  Қосу  және  азайтуды  орындау  тәсілдері:  қайталап  санау,  берілген 
саннан бастап санау, бір таңбалы сандардың құрамын білуіне негізделіп санау. 
10 шамасындағы сандарды оқыту әдістемесі тақырыбына қолданылатын көрнекі - 
дидактикалық жабдықтар. 


 
 
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың 10 шамасындағы сандарды оқыту әдістемесі 
тақырыбын меңгерудегі кездесетін қиыншылықтар мен ерекшеліктер. 
Кілт сөздер: 10 шамасындағы сандарды оқыту, санның құрылуы, жазылуы, 
көптіктермен сандарды сәйкестендіруі, сан қатарындағы әр санның орны, сандарды 
салыстыру, санның құрамы. 
Жоспар: 
1.Бірінші концентрдің міндеттері, оның мазмұны 
2.Он көлеміндегі сандардың  нөмірленуін оқыту әдістемесі 
3.Он шамасындағы сандармен қосу, алу амалдарды үйрету әдістемесі 
 
Алғашқы  ондық  сандар  мен  оларды  пайдаланып  есептеулерді  орындауды  бірінші 
жыл  бойына  үйренеді.  Оқушылар  алғашқы  ондықтағы  сандардың  әрқайсысымен  жеке 
танысып, санның цифрмен белгіленуін, заттармен сәйкестенуін, натурал сандар қатарындағы 
орнымен жеке танысып шығады. Сандарды салыстыру, олардың құрамы, қосу мен азайтуға 
үйрету,  барлығы  мен  қалғанын  табуға  арналған  қарапайым  арифметикалық  амалдарды 
орындау жұмыстары жүргізіледі.  
Сан,  санау  туралы  ұғым  беру,  алғашқы  матемитакалық  түсініктермен  таныстыру 
ақыл-ой  дамуы  кешеуілдеген  балалар  үшін  үлкен  қиындықтар  тудырады.  Мұндай 
қиындықтарды шешудің жолы көрнекі құралдарды молынан пайдалану, әр оқушымен жеке 
жұмыс  жасау  болып  табылады.  Қиындықтардың  себебі  ойлаудың  нақтылығы, 
қорытындылаудың  әлсіздігі,  сан  туралы  практикалық  дағдылардың  жай  дамитыны,  сандар 
қатарын  сандық  жағынан,  сапалық  жағынан,  реттілігі  жағынан  сәйкестендіре  алмаумен 
түсіндіріледі.  
Оқушылар  сан  атауларымен  таныс  болғанымен  оларды  санауда,  орындарын 
көрсетуде білмегендіктен бас тартады, соның әсерінен санау барысында қай саннан бастап 
санауға болатынын білмей, «Қанша?» сұрағына жауап бере алмай  қиналады.  Көп мөлшерде 
берілген  түрлі  заттарды  санауда  олардың  барлығын  басынан  бастап  санауға  қалыптасады. 
Санаған  заттың  барлығы  қанша  деген  сұраққа,  келесі  санды  көрсету  сияқты  қателіктер 
көрсетеді.  
Алғашқы ондықтармен жұмыс кезінде қолданылатын көрнекіліктер:   
1. Заттық құралдар: 
а)  қоршаған  ортаны  бейелеуші  заттар:  сынып  жиһазы,  оқу  құралдары,  табиғи 
заттар, жемістер, көкөністер, ілгектер, ілмектер, ұсақ заттар.  
б)  санауға  арналған  арнайы  заттар:  таяқшалар,  арифметикалық  жәшік,  сыныпқа 
арналған және жеке оқушыға арналған шоттар, шнурмен бекітілген шариктері (10 шарик 
болуы керек) бар рама.   
в)  Геометриялық фигуралар. 
г)  жемістердің  ,  көкөністердің,  саңырауқұлақтардың,  аңдардың,  құстардың 
сұлбалары берілген трафареттер. 
2. Иллюстрациялық құралдар:   
а) жемістер, көкөністер, аңдар, ұшақтар, машиналардың картиналар жинағы,  
б) заттардың 1-ден 10-ға дейінгі бейнесі бар суреттер.  
в) бір заттың, сол заттың бірнешеуі топтастырылған суреттер.  
 
г)«Сан баспалдағы» кестесі.  
д) қозғалмалы цифрлар мен заттардың суреттері (магнитті).  
е) цифрлардың резиналы штамптары.  
ж)  цифрларды жазудың үлгісі.   
з) 1, 5, 10 т., 1, 5, 10 теңге түріндегі жинақтар.   
и)  «Алғашқы  ондық  сандардың  нумерациясы»  тақырыбындағы  таблицалар 
сериясы.  (авторлары М. И. Моро, С. В. Степанова, Н. А. Янковская). 


жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау