Сабақтың қорытындысын шығару кезеңі. Сұрақтары сабақтың негізгі
мәселелерін көтеріп, оқу материалдардың бәрін талдап, жинақтау қажет.
VIII түрдегі арнайы мектептегі негізгі міндеттер ақыл-ой дамуы кешеуілдеген
баланың психикалдық дамуы мен танымдық қабілеттерінің, эмоциялық-ерік сферасының
максимальды түрдегі дамуын қамтамасыз ету, оларды кәсіби еңбекке баулу, әлеуметтік
ортаға бейімдеу болып табылады.
VIII түрдегі мектептерде математиканы оқыту әдістемесінің міндеттерін анықтау
үшін негізгі міндеттерді анықтауымыз қажет. Олар:
-мектептің жалпы білім берудегі міндеттерінің бірі математикалық білім, ісерлік,
дағдыны қалыптастырудағы жеткілікті жүйелерді қолдану;
VIII түрдегі мектеп оқушылары білім алуда мынадай математикалық білім мен
іскерліктерді игерулері тиіс:
а) натурал сандар қатары, нөл, натурал сандар, қарапайым және ондық бөлшектер
туралы ұғымдар;
б) негізгі өлшем бірліктерді меңгеру, (кесіндінің ұзындығы, заттың құны,
фигуралардың ауданы, дененің массасы мен сыйымдылығы) оларды өлшеуде қолданудың
тәсілдерін игеру;
в) метрлік жүйелер, уақыт өлшем бірліктері оларды тәжірибеде қолданудағы
іскерлікті меңгеру;
г) қарапайым өлшемдер, сызғыш, өлшемдік кружка, сағат, таразыны пайдаланып
өлшеу дағдыларын қалыптастыру;
д) көп таңбалы сандармен және бөлшектерді есептеудегі негізгі арифметикалық
төрт амалды пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
е) 3-4 амалдан тұратын қарапайым және күрделі арифметикалық есептерді
шығаруға дағдылану;
ж) геометриялық фигуралардың көлемі мен тығыздығы туралы ұғымдармен
танысу, оларды өлшеуге арналған құралдармен (сызғыш, циркуль, транспортир) жұмыс
жасау дағдыларын қалыптастыру;
Арнайы мектептерде математиканы оқытуда оқушылардың қажетті материалдарды
игеруінде автоматты түрдегі жаттау арқылы игерту жұмыстарын емес, балалардың саналы
түрде математикалық біліммен қарулануын қамтамасыз етуіміз қажет. Ол үшін
қарапайымнан күрделіге көшудегі көрнекі құралдарды қолдану арқылы жеткілікті түрдегі
математикалық түсініктерді қалыптастыру отырып, заттық, көрнекілік негізден оларды
практикада қолдануға баулу.
VIII түрдегі мектеп оқушылар математикалық білімнің теориялық негіздерін де
ұғынулары тиіс. Теориялық білімнің мазмұны оқушыларға натурал сандар қатарымен
танысуда ондық жүйелердің арасындағы заңдылықтармен танысулары тиіс.
VIIIтүрдегі мектептердегі математиканы оқытудағы спецификалық әдістердің бірі
оқушылардың танымдық қабілеттері, интеллектуалдық, ерік сферасын қалыптастыру
жұмыстары ұйымдастырылады.
Көрнекіліктердің көмегімен оқушыларды қарапайымнан күрделіге қарай оқытуда
мұғалым оқушының көрнекі-заттық, көрнекі-әрекеттік ойлаудан абстрактілі, логикалық ойлауға
көшуіне мүмкіндік жасайды.
Математика сабақтарында оқыту мен тәрбиелеу барысындағы коррекциялық түзету
жұмыстары арқылы баланың қарапайым математикалық ойлауы дамиды, анализ, синтез,
сатыстыру жасау сияқты қабілеттері қалыптасады. Баланың қорытындылау мен нақтылауға
бағытталған қабілеті қалыптасып, есте сақтау, қабылдау, т.б. сияқты басқа да психикалық
функциялары қалыптасады. Математиканы оқыту барысында арнаулы терминдермен
танысу, оларды орынды қолдану жұмыстары орындалады.
Математика сабақтарындағы мүсіндеу, сурет салу, бояу жұмыстарын ұйымдастыруда
баланың ұсақ қол қимыл моторикасының дамуы жүзеге асады.
VIII түрдегі мектептердегі математиканы оқытудағы тәрбиелік міндеттер мыналар:
баланың ауылшаруашылық жұмыстарында қолданылатын құралдармен
таныстырады.
Жалпы білім беретін, коррекциялық мектептердегі математиканы оқыту әдістері
басқа пәндермен тығыз байланыс жасау арқылы шешіледі. Соның ішінде математика
сабақтарының еңбекпен байланысы маңызды. VIII мектептегі практиканың нәтижесі
математика сабақтарында белсенділік көрсеткен оқушылар еңбек сабақтарында жақсы
болатындығы көрсетілген.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген оқушылар өз бетімен пән арасындағы байланыстарды
анықтай алмайды. Сондықтан мұғалім балаға осы тұрғыда көмек көрсетуі тиіс.
Математика сабақтарындағы білім мазмұнын география, тарих, бейнелеу, сызу,
еңбек сабақтарымен байланыстыруымыз қажет. Осы пәндерден жинақталған мәліметтер
арифметикалық амалдарды құрастыру мен оларды орындауда көмегін тигізеді.
Отанымыз туралы байлық ошақтарының санын білу, тарихи даталарды жатқа білу
баланың арифметикалық амалдарды орындауына көмек береді. Еңбек етуге жіберілген
уақыт көлемін табуда оқушылар анализ, синтез, салыстыру сияқты күрделі психикалық
процестерді орындай алады. Математика сабақтары басқа пәндерді игеру кезінде де
маңызды. Мысалы, еңбек сабағында көйлекке жұмсалатын матаның шығынын шығаруда
математикалық білім керек.
Олар геометриялық фигураларды қолданып шаблондар дайындау, ермексаздан
дидактикалық материалдар дайындау жұмыстарын жүргізеді. Шаршы, үшбұрыш,
дөңгелектердің атауларымен танысып, оларды сызудың тәсілдерімен танысады.
Геометриялық фигуралардан математикалық дағды мен білімді бекіту мақсатында түрлі
композициялар құрастырады (үй, аққала, орнаменттер, аңдардың бейнелері).
Геометриялық фигураларды құрастыру мен оларды бастыру арқылы игерген теориялық
білімдерін кеңейтеді. Математика сабақтарында ұзын-қысқа, қалың-жұқа сөздерінің
мағынасымен танысса, еңбек сабақтарында түрлі заттарды қолданып олардың
материалдық қасиеттерімен танысады. Ермексаздан (саңырауқұлақ, пирамида, балық)
түрлі бейнелерді жасаумен, тігу сабақтарында шнурлардың қалы-жұқа болатын
түрлерімен танысады.
Еңбек сабақтарында кеңістікті бағдарлау ұғымдарымен танысуда, қағаздың оң, сол,
асты, үсті, ортасы, жаны болатынын білу арқылы, аппаликациялау жұмыстарында кеңістіктегі
заттардың орналасуымен танысады. Қағазбен және картонмен жұмыс жасау арқылы
шаблонмен, сызғышпен, циркульмен разметка жасау жұмыстарымен танысады.
Математика сабақтарында геометриялық фигуралар: нүкте, түзу сызық, дөңгелек,
сәуле, кесінді, төртбұрыш, үшбұрышпен танысса, бейнелеу сабақтарында сурет салу
арқылы оларды бекітеді. Мысалы, 1 сыныпта тірек нүктелердің көмегімен берілген
өрнектерді сызуда, балалар олардың қандай фигура екендігін естеріне түсіреді де,
фигуралардың қасиеттеррімен танысады. Математика сабақтарында игерілген білім мен
дағды бейнелеу сабақтарында сурет салу арқылы бекітіледі де, бала бойында геометриялық
фигураларды бейнелей білу қабілет қалыптасады.
Мысалы, 7 сыныпта оқушылар симметриялы фигуралар туралы білім алып,
симметрияның осьтерімен танысады. Мұның алдындағы дайындық жұмыстары 3-4
сыныптарда симметриялы орналасқан заттарды (балға, балалар күрегі, теннис ойнауға
арналған ракетка) бейнелеуде жүргізіледі.
География сабақтарындағы «Масштаб», «План» сабақтарымен танысуда оқушылар
ауданды табу, периметрді табудың тәсілдерімен танысады.
Тарих сабақтарында тарихи жағдайлардың пайда болу уақыты мен олардың
ұзақтығын есептеуде математикалық білім мен дағды қалыптасады.
Дене шынықтыру сабақтарында масса, ұзындық туралы ұғымдармен танысады.
Жүріп немесе жүгіріп өтетін жолдың арақашықтығын табуда да математикалық білдім
қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |