Сыныбы: 8в
|
Күні: Пәні: Информатика Оқытушы: Сагындыкова Гульнур Алашеровна
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық)
|
Сілтеме
|
Оқулық : Информатика 8-сынып Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева «Мектеп» баспасы 2012 жыл
Информатикадан электронды оқулық 8-сынып
|
Мақсаты:
|
Оқушылар санау жүйелері түрлерімен, сандарды санаудың бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне аудару тәсілдерімен танысады.;
Сандарды бір санау жүйелерінен екінші санау жүйелеріне аудару дағдыларын жетілдіреді қалыптастырады.
Оқушылар ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді;
|
Күтілетін нәтиже:
|
- Санау жүйелері және оның түрлерін біледі;
- Позициялық емес санау жүйелерін біледі;
- Позициялық санау жүйесінің негізін біледі;
- Екілік, ондық, Сегіздік Он алтылық санау жүйелерімен танысады;
- Екілік, он алтылық санау жүйелерін не үшін қолдану керектігін біледі;
- Сандарды ондық санау жүйесіне көшіруді үйренеді;
- Сандарды жалпы позициялық санау жүйелеріне көшіруді үйренеді;
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
Негізгі дереккөздер:
|
Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы
|
Әдіс –тәсілдер:
|
Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, талдау, қорыту, формативті бағалау
|
Сабақтың барысы:
|
І. Ұйымдастыру (1 мин)
|
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
-Сабақтың тақырыбымен таныстыру;
-Оқушылардын орындайтын тапсырмаларын қысқаша шолу;
- Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(3 мин)
(Диалог әдісі, дарынды оқушылармен жұмыс, сәйкестендіру)
|
Әр оқушы өздерінің ойларын ауызша жеткізу;
Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою;
Кестемен жасалған жұмысты тексеру;
Тест тапсырмасын қайталау.
|
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (Санау жүйесі дегенді қалай түсінеміз?)
|
Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін санау жүйесіне практикалық тапсырмалар беру;
Позициялық санау жүйесі мен позициялық емес санау жүйесінің ерекшеліктері? (слайд арқылы көрсету)
Осы сыни сұраққа жауап ала отырып, жаңа тақырыппен таныстыру;
|
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин)
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
«Білу» теориясы.
(10 мин)
|
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
Санау жүйесінің ережесімен таныстырады.
1-топқа: «Позициялық санау жүйесі»,
2-топқа: «Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру» туралы оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу ұсынылады.
Екілік, он алтылық санау жүйелері
|
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта жұмыс жасайды.
Білген түсініктерін қорыта отырып, практикалық тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар сандарды позиялық санау жүйелеріне көшіруді көрсетеді
|
«Түсіну» теориясы. (4 мин)
|
Қызығушылықты ояту
Осы тақырыпты біліуіміз үшін нені меңгеруіміз керек екен?
Қазір барлығымыз санды екілік санау жүйесінен сегіздікке(он алтылыққа) көшіреміз
| |
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар)
|
Мағынаны тану
Енді оқулықты ашып, бүгінгі тақырыпты оқиық.
Санау жүйесімен танысамыз;
Екілік,сегіздік,ондық, он алтылық санау жүйелерімен жеке-жеке танысу.
|
Оқушылар тақырыпты жекелеп оқып, түсінгендері бойынша тапсырмалар жасап, сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіреді.
|
«Талдау» теориясы.
(5 мин)
(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясы не?)
|
Санау жүйесі және оның түрлерін талдау;
Ондық, сегіздік, екілік санау жүйелерін талқылау;
Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру.
|
әр оқушы интерактивті тақтада түсінгендерін тізбектей көрсете отырып, тапсырмаларды орындайды.
|
Сергіту сәті. (1мин)
|
Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау
|
«Жинақтау» теориясы (4мин)
(қорытынды шығару, анықтама беру, мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде)
|
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. Санды екілік санау жүйесінен сегіздікке және керісінше көшіруді көрсету
|
Әр топ өз ойларын жинақтап, қысқа да түсінікті қорытынды анықтама береді. Санау жүйесінің артықшылығы мен кемшілігін көрсетеді
|
«Бағалау» практикасы. (2мин)
Критерийлер бойынша формативті бағалау
|
Мына дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.
Санау жүйесінің ережесін білемін – 1 балл;
Санау жүйесінің түрлерін ажырата аламын – 1 балл;
Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіруді білемін – 1 балл;
Ондық және аралас сандарды басқа санау жүйелеріне көшіруді білемін – 1 балл;
Санау жүйелерінің артықшылығы мен кемшіліктерін ажыра аламын – 1 балл;
Жиыны 5 балл.
Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау
|
Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны
«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.
1-2 балл – «2»
3 балл – «3»
4 балл – «4»
5 балл – «5»
|
Рефлексия (1мин)
|
Оқушыларға кері байланыс жасау үшін тест жұмысы таратылады.
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.
|
Үйге тапсырма.
|
Оқулықтан § 2 оқу, тақырып бойынша 4 сұрақ құрастырып келу
|
Дарынды оқушыларға «1532 санын он алтылық жүйеде жазып келу».
|