Оқушыларға 1-ден бастап қана емес қай саннан болса да берілген санға дейін
санауды үйрету қажет.
Арнайы мктептің 1-ші сыныбына жасалған оқушылардың құрылымы әр
түрлі.Орта мектепте оқуды бастаған балалардың біразы бұрын сауат ашу орынды
болмаған. Балалардың көпшілігі заттардың түсін,оң мен солын ажырата алмайды.
Заттардың қасиеттері түр түсініктері өте төмен. Ойлау салыстыру қаблеттері
жетілмеген, сөйлеу тілінің кемістіктері бар.
Қазіргі таңда оқулық бойынша дайындық кезеңінде берілген сабақтардың саны
көбейтілген.
Бас кезінде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын түсінбейді, берілген заттарды
салыстырудың орнына олармен ойнап отырады.
Математика сабақтары басқа пән сабақтарымен тығыз байланысты болғаны қажет.
Сабақтан тыс уақытта да оқушылардың білімін бекіткен, тереңдеткен дұрыс. Мысалы,
ойындар өткізген кезде балалар заттардың түсін, өлшемін айтып жеткізеді. Әр
сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың назарын тақырып бойынша
айналадғы заттарға аударып отыруы қажет. Кейбір түсініктерге бағдарлама бойынша
бөлек сағат берілмейді, бірақ осы түсініктер қайталанып бекітіледі.
Бірінші сыныпта сабақтың ұзақтығы 35 минут. Қалған уақытта мұғалім оқушылармен
ойындар өткізеді, келесі сабаққа дайындайды. Әр сабақта екі рет сергіту сәті өтеді,
тапсырмалар ойын түрінде өткізіледі, келесі сабаққа дайындайды. Геометриялық
материал бойынша тақырыптарға жеке сабақ арналмай әр сабақта жұмыс жүргізген
жөн. Сабақтарда мұғалім әр түрлі әдістер қолданады. Практикалық және оқулық
бойынша жұмыс жүргізілген соң, жұмыс даптері бойынша тапсырмалар орындалады.
Бірінші сыныпта математика пәнінің ең басты мақсаты-оқушыларда заттар
топтарының арасында өзара бірмағыналы сәйкестіктерді орнатуға дәлелдеуге үйрету.
Сабақтарда пайдаланатын заттарды оқушылар көріп ғана қоймай, қолдарына ұстап
көруі тиіс.
1- Екінші концентрдің материалын 2 және 3 сыныптың басында оқиды. 20
шамасындағы сандармен 2 сыныпта таныстырады. Бірінші 11-ден 20 дейінгі сандардың
номерленуін оқиды, ал III тоқсаннан бастап разрядтан өтпей 20 шамасындағы сандармен
қосу және алу амалдарын орындауды өтеді.
Міндеттері:
1. Оқушылардың сан туралы, натуралды сандар қатары туралы түсінігін кеңейту.
2. 20,100 шамасындағы сандарды санау дағдысын қалыптастыруды жалғастыру (тура,
кері, берілген саннан берілген санға дейін).
3. Жаңа есептеу бірлігі ретінде, жаңа ? ретінде ондықты белгілеу арқылы есептеу
жүйесінің қағидалары туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру. Мыңдық, жүздік,
ондық, бірлік.
4. Санның ондық құрамымен таныстыру, бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы
түсініктерін қалыптастыру.
5. 11-ден 20-дан 100 дейінгі сандарды цифрмен белгілеуді үйрету.
6. Екі таңбалы сандағы цифрдың орнының қағидасы туралы түсінік беру.
7. Оқушыларда 20, 100 шамасындағы сандармен ауызша есептеу тәсілдерін
қалыптастыру.
Материалды меңгеру ерекшеліктері:
1. Сандардың аттарын көпке дейін есте сақтай алмайды, шатастырады (20, 30, 40, 50).
2. Санның реттілігін қиындықпен меңгереді.
3. Екі таңбалы сандағы әр цифрдың орнының мағынасын түсінбейді, орындарын
ауыстырады (алдымен бірлікті содан кейін ондықты жазады). Мысалы: он екі - 21
12.
4. Санның ондық құрамын талдауда қиналады.
5. Келесі заңдылықты қиындықпен меңгереді: 10 бірліктен - жаңа бірлік
құрылатынын.
6. Разрядтан асып шығаратын есепті қиындықпен меңгереді, мысалы: 5+6=11, 46+56.
7. Арифметикалық амалдарды орындағанда разрядтарды ескермейді.
Пайдаланатын көрнекі-практикалық материалдар: жеке және ондықтарға арналған
санақ таяқшалары; арифметикалық жәшіктегі брусоктар мен кубиктер; есеп шоты;
жолақшалар мен квадраттар; абак; разрядтық кесте; цифрлық касса; санауға арналған
түрлі заттар.
100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытқанда міндетті түрде келесідей
көрнекі дидактикалық материалдар қолданылады: ондықтарға буылған 100 таяқша;
арифметикалық жәшік; абак; метрлік сызғыш; квадрат 100 (10x10); разрядтық кесте;
цифрлы касса және қосылған сандармен, ондықтар және бірліктермен карточкалар.
-2-11-ден 20-ға дейін әр санмен бөлек таныстырамыз. Әр санды оқытуға бірнеше
сабақ беріледі. 20 шамасындағы сандардың номерлеуін оқытуда келесі сұрақтар
қарастырылады.
I. «Ондық» деген түсінікті қайталау.
II. Санның құрылуы.
III. Санның ондық құрамы.
IV. Санды жазу.
V. Екі таңбалы санда әр цифр орнын бекіту.
VI. Сан қатардағы санның орны.
VII. Сандар мен көптіктерді сәйкестендіру.
VIII. Сандарды салыстыру.
I.«Ондық» деген түсінікті қайталау.
Кең түрде ондықты және бірліктерді білдіретін көрнекіліктерді пайдалану қажет.
Мысалы:
- Таяқшаларды сана. Қанша?
- Он таяқша бір бірден жеке-жеке бірліктерді білдіреді.
- Енді буындар. Бұл тұтас бір ондық болып табылады.
II. Санның құрылуы.
Санның құрылуының жолы қарастырылады. Негізгісі біріншісі болып табылады:
- Ондықта бірнеше бірліктерді қосу арқылы;
- Алдындағы санға бірді қосу жолымен;
- Кейінгі саннан бірді алу жолымен;
Мысалы: тақырып «13» саны.
Оқушыларға 10-ға буылған таяқшалар көрсетіледі.
- Бұл нені білдіреді?
- 3 кубик нені білдіреді?
- Мен 3-ін 1 ондыққа қоямын.
Көрсетіледі.
- Бұл сан қалай аталады?
- Бұл неге бұлай аталады?
- Осы санда неше ондық бар? Неше бірлік бар?
Оқушылардың өздерімен аналогиялық жұмыс жүргіземіз: брусоктар мен
кубиктермен, жолақшалар мен квадраттармен, есеп шотында.
III. Санның ондық құрамы.
Санның ондық құрамын анықтау кезінде сандағы ондықтар мен бірліктері
анықталады. Мысалы сұрақтар:
- 13 санында неше бірлік бар?
- 13 санында неше ондық бар?
IV. Санды жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |