Типтік оқу бағдарламасы (30. 06. 2016 ж. №2 хаттама) негізінде құрастырылды



жүктеу 1,87 Mb.
Pdf просмотр
бет20/53
Дата07.01.2020
өлшемі1,87 Mb.
#26014
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53

 
 
     Мысалы: 
-  бізде  бірнеше алма бар? 
-  санаңдар қанша? 
-  Дұрыс 4  
-  Енді оған тағы алма қосамын 
-  Қанша алма болды? 
Осындай жұмысты бірнеше көрнекіліктерде көрсеткен жөн: 
-  Алматта бірнеше дәптер бар. Қанша? 
-  Оған Сания бір дәптер сыйлады. 
-  Енді Алматта дәптердің саны қанша? 
Содан кейін балалардың заттық – тәжірбиелік іс - әрекетін ұйымдастыру керек: 
Партаға 4 қызыл шеңбер қойып шық, тағы бір шеңбер қос. Саны қанша болды? 
    Қорытынды: 
-  5 саны қалай пайда болды? 
-  Қай санға бірді қостық?  
Бекіту тапсырмалары тәжірбиелік болуы керек.Келесі сабақта тура осындай 
жағдайда бестен бірді алу арқылы төрт санының құрылуын қарастырамыз: бірнеше алма 
бар 
-  Сана қанша? 
-  Бір санды алдық. Қанша қалды? 
Алдындағы сияқты төрт санының құрылуын бірнеше көрнекіліктерде бекітемізде 
нәтиже шығарамыз. 
-  Төрт саны қалай пайда болды?  
II. Санды цифрмен белгілеу. Цифрды жазуды үйрету. 
 Санды жазуды үйрету бірнеше кезеңнен құрылады. 
1.Санның жазбаша үлгісін көрсету. 
2.Мұғалім тақтада санның  жазуын көрсетеді. Орындаған ісін сөзбен айтып тұрады. 
3. Әр балаға цифрдың моделі таратылып, балалар мұғалімнің басшылығымен бірге 
моделін саусақпен айналдырады. 
4. Цифрды ауада жазу. 
5.Жеке  тақтаға жазу. 
6. Дәптерге үлгі бойынша, пункттер бойынша жазу.  
 III.Санды және көптіліктерді сәйкестендіру. 
Сандарды және көптіктерді сәйкестендіру келесі тапсырмалар арқылы жүргізіледі: 
санға  бірнеше  затты  таңдап  алу,  керісінше  бірнеше  затқа  соған  сәйкес  санды  таңдау. 
Мысалы: мен қандай санды көрсетемін, сендер соншалықты шапалақтайсыңдар. Немесе, 
мен бірнеше затты қойып шығамын, сендер соған сәйкес санды таңдайсыңдар. 
IV. Сан қатарындағы санның орны. 
Сан қатарындағы санның орны екі негізгі сұрақ арқылы бекітіледі: 
-  5 саны қай санның алдында орналасқан? 
-  5 саны қай санның артында орналасқан? 
  Бекіту тапсырмалары: 
-  1-ден  4-ке дейін сандарды ретімен қойып шық. 
-  1….3…5 сан қатарын толтыр. 
-  .....2….көршілерін тап. 
  V.Берілген санға дейін санау. 
Санау дегеніміз қанша деген сұраққа жауап беру. Санауға балаларға алғаш бірдей 
заттар, содан кейін әр түрлі заттар ұсынуға болады. 
Санау түрлері: тура, теріс, берілген саннан берілген санға дейін ( 2-ден  5-ке дейін) 
  Санауға үйрету кезендері: 
1. Заттарды қолымен ұстап дауыстап санау; 
2. Саусақпен көрсетіп сыбырлап санау;  


 
 
3. Көзбен іштей санау. 
Міндетті түрде балаларды сандық санау мен реттік санауды ажыратуға үйрету 
керек. 
VI. Сандарды салыстыру. 
Алғаш салыстыруға көрші сандарды ұсынады. Одан кейін басқа, әр түрлі сандарды 
берді. Салыстыруға үйрету шартты түрде үш кезеңнен тұрады: 
1-ші кезеңде салыстыру көрнекіліктерге сүйеніп балалардың заттық – тәжірбиелік 
іс-әрекетінде жүргізіледі. 
2-ші кезеңде көрнекіліксіз тек сандарға сүйеніп. 
3-ші кезеңде ойша салыстыру. 
VII.Сандардың құрамы 
Екі түрлі қарастырылады: 
1.Санның құрамының бір компоненті бірге тең болған жағдайда, мысалы: 5=1+4, 
5=4+1. 
2.Екі кіші саннан құрылған жағдайда : 5=2+3, 5=5  
 Санның құрылуын қарастырғанда балалармен келесі жұмыс ұйымдастырылады. 
Заттық – тәжірбиелік іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни заттың көптігін екі топқа бөлуді 
үйрету, мысалы: Әр оқушыға 5 таяқша береді де осыларды екі топқа бөл деген тапсырма 
ұсынады.Балалар таяқшаларды бір-бірден екі топқа жіктейді. Содан кейін мұғалім нәтиже 
шығарады. 
-  Таяқшалардың саны қанша? 
-  5 таяқшаны қанша топқа бөлдіңдер?  
-  Бірінші топта таяқшаның саны қанша? 
-  Екінші топта таяқшаның саны қанша? 
-  Яғни 5саны қандай екі саннан құрылған? 
 Басқа  қасиеттері  (көлемі,  формасы,  түсі)  бірдей  болу  керек.  Салыстыруды  ұқсас 
қасиеттерінен  бастаймыз.Содан  кейін  айырмашылығын  анықтаймыз.  Әр  бала  заттың 
салмағын  қолмен  ұстап  көру  керек.  Келесі  сабақтарда  үлкенірек,  жеңілірек  деген 
ұғымдарды қалыптастырамыз және таразымен қолдануды үйретеміз.  
 
Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Алғашқы ондық сандарды үйретудің ерекшелігін көрсетіңіз.  
2.  1-ші  сыныпқа  арналған  оқулықтан  сандар  қатарымен  таныстыруға  арналған 
8-10 жаттығудың түрін таңдап ал, оны көрсет.  
3.  1-ші  сыныпқа  арналған  бағдарламаға  талдау  жаса.  Алғашқы  ондықты 
өткеннен кейінгі оқушылардың білімі, іскерлігі, дағдысының көлемін көрсет.  
4.«10 шамасындағы сандарды оқыту» тақырыбында сабақ жоспарын құрыңыз.  
 
Әдебиеттер:  
1.Перова  Н.М.  Методика  преподавания  математикти  во  вспомогательной  школе. 
М., 2001 г. 
2.Эк  В.В.  Обучение  математике  в  младших  классах  вспомогательной  школы. 
Просвещение М., 1990. 
3.Программы специальной школы 1-2-го вида. Алматы 2002. 
4.Программы  по  математике  для  коррекционных  школ  7-го,    8-го  вида.  Алматы., 
2002 г. 
5.Стабильные учебники математики для вспомогательной школы. 
6.Моро  М.И.,  Пышкало  А.М.  Методика  обучения  математике  в  1-3  классах.  М., 
Просвещение, 1998.  
7.  Сүлейменова  Р.А.,  Елисеева  И.Г.,  Карипжанова  Ш.Ж.  Б19  Математика.  Арнайы 
мектепке арналған байқау бағдарламасы. -Алматы, 2004. - 48 бет. 
 


 
 
 
20 ШАМАСЫНДАҒЫ САНДАРДЫҢ НӨМІРЛЕУІН ЖӘНЕ ОЛАРМЕН 
АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫ ОРЫНДАУЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ  
 
Аннотация 20 шамасындағы сандардың нөмірлеуін оқыту мазмұнымен міндеттері. 
20  шамасындағы  сандардың  нөмірлеуін  оқыту  әдістемесі  және  жүйесі.  20  шамасындағы 
сандарды арифметикалық қолданылатын әдістер мен тәсілдері. 
20  шамасындағы  сандарды  оқу  кезінде  қолданатын  көрнекі  және  дидактикалық 
жабдықтар. 
Арнайы  мектеп  оқушыларының  20  шамасындағы  сандардың  нөмірлеуін  және 
олармен  арифметикалық  амалдарын  орындауда  кездесетін  қиыншылықтары  және 
ерекшеліктері. 
Кілт сөздер: 20 шамасындағы сандардың нөмірлеуін оқыту әдістемесі және жүйесі. 
20 шамасындағы сандарды оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдері. 
 
Жоспар: 
1.  20 және 100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытудың міндеттері. 
2.  Номерлеуді оқытудың  әдістемесі. 
3.  Арифметикалық амалдарды оқыту әдістемесі. 
 
Сандармен    танысқан    кезде      сандар    баспалдағымен        жұмыс    жүргізіледі. 
Баспалдақтың      бір    сатысы  1  санымен    белгіленеді,  екі    саты-2    санымен,  үш  саты-3 
санымен  белгіленеді.  Оқушылар    баспалдақпен    «көтеріліп»,    «түсіп»    санайды.  Одан  
кейін  санның   сандар  қатарындағы  орны  анықталады. Мысалы  4  цифры 3 цифрынан  
кейін  тұрады, өйткені    санаған  кезде  4 саны  3 санынан  кейін  тұрады. Оқушылар  4  
саны  3 санынан  кейін, 5санының  алдында   тұратынын   білуі  қажет. 
   Балалар    санның    «  көршілерін»    атайды.    Мысалы    3  санының    көршілері    -2  мен    4  
сандары, 3 пен  5 сандарының  ортасында 4  саны  тұрады. Бұл  кезеңде   сандарды   заттар  
топтары   арқылы  көрсеткен  жөн. 
  Одан    кейін    тек    ауызша    айту    бойынша        ғана    тапсырмалар    орындалады.  Мысалы, 
сандарды рет-ретімен 1-ден 5-ке дейін жаз, 4-тен 1-ге дейін  жаз, жазылмаған  цифрларды  
жаз, санның  көршілерін  ата. 
   Тура  және  кері  санау.  Санның  пайда  болу  амалымен  танысқан  соң   оқушылар  осы 
сан    көлемінде    санауды    үйренеді.  Ең    алдымен    мұғалім    оқушыларға    затты    қолына  
алып,  содан    кейін    жылжытып    қоюды    үйретеді.  Сонан    соң    оқушылар    әр    затқа    
саусағын  тигізіп  санайды, содан  кейін  ғана  затты   көрсетіп  санайды.  Жаттығулардың  
бәрінде   оқушылар  дауыстап  санайды. Дауыстап  санап   үйренгеннен  соң ғана  ішінен  
санайды.  Заттарды    әрбір    рет    санап    шыққаннан    кейін    мұғалім    «Қанша?»-деген  
сұрақты  қойып   отырады. 
  Заттарды    солдан    оңға    қарай      ғана    санамай,  оңнан    солға    қарай,  төменен    жоғарыға  
қарай      санаған    жөн.  Осындай    әркеттерден    кейін      оқушылар      шашылып    қойылған  
заттарды    сануды    үйренеді.  Оқушылар    алдымен    заттарды    бір-бірлеп    санаса,  кейін   
заттарды  бірдей санды  топтармен санауды  үйренеді -2,3,4,5-тен. 
       Мұғалім  оқушыларға  заттар  санын санаумен  ғана   емес, көз  мөлшерімен  танып, 
атауды    да        үйретеді.  Мысалы,  санамай      3  саусақты      көрсету,  көрсеткен      саусақтар   
санын  атау. 
       Кері   санау  оқушыларға  қиын  болғандықтан  кері   санауды      заттарды ғана  алып   
жылжытып    қойғаннан    бастаған    жөн.  Мысалы,    «Қарындаштарды    санайық».  Оқушы  
санап      шығып    барлығы      «Барлығы    5  қарандаш    «деп    жауап    береді.  1  қарандашты  
қорапқа    салайық    4  қарандаш    қалды.  Тағы    да    1  қарандашты    қорапқа    салайық  3  
қарандаш  қалды т.б. 


жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау