Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37

 
23 
Жазылым 
 
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің синонимін табыңыз.            
         ісі де өнеді, табысы да - 
         кәсібін шын сүйетін - 
         пайдалы іс тындыру- 
         жаңа еңбек қарым-қатынастарында- 
         айырықша мән берілуде-  
         бірыңғай әйелдер - 
         ер адамдардан кем түспейтін - 
         өз басқаруындағы - 
         өзгеге айтқызбай-ақ өзі сезімталдықпен- 
         адамдарды ұжымдастырып - 
         ілгері жүргізе алады - 
        фактор – 
        сөз жоқ - 
        ең алдымен - 
        таңдай қақтырып - 
         ұжым мүшелерінің –  
 
         3-тапсырма.  Берілген    етістіктерді  ауыспалы  осы  шақта 
қолданыңыз. 
             Жоспарлау,  пайдалану,  тырысу,  мән  берілу,  жұмыс  істеу,  жүргізе 
алу. 
         
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. 
          Керекті сөздер:     
табысты кәсіпкердің, тұрақты табысы, лауазымына 
лайықты, қарым-қатынас құруға
 
          
Іскер адамның этикеті ................. маңызды бөлігі. Қазір іскер адам  – 
ол  ең  алдымен  ..........                        бар,  әр түрлі  қоғамдармен байланысы бар, 
табысты,  белсенді,  өзіне  сенімді,  өз  .........  адам.  Этикет  пен  имидж  іскер 
адамға  өз  серіктестерімен  табысты  .........  мүмкіншілік  береді. 
  
5-тақырып.
 Шағын және орта бизнес 
 
 Оқылым.
 
 
Шағын және орта бизнес 
        Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы:  қалыптасқан  елдің  жаңа  саяси  бағыты»  жолдауында  шағын 
және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі кемшіліктерге әділдікпен назар 
аударды. 


 
24 
       Мемлекет  басшысы  Үкіметке  заңнаманың  ұсақ,  шағын,  орта  және  ірі 
бизнестің  нақты  айыруға  қатысты  бөлігіне  өзгерістер  енгізуге  тапсырма 
берді. 
        «Атамекен»  Одағы»  ҚҰЭП  ШҚО  бойынша  филиалына  кәсіпкерлер 
субъектілерін шағын, орта және ірі бизнеске бөлудің қазіргі қолданыстағы 
критерияларының  мүлдем  жетілмегендігіне  қатысты  өз  проблемаларымен 
жиі шағымдарын білдіреді. 
        Шағын  және  орта  бизнес  үшін  заң  бойынша  корпоративтік  салық 
бойынша аванстық төлемдер алынып тасталған. Ірі бизнестегілердей емес, 
олар  үшін  ҚР  Әкімшілік  кодексі  бойынша  әкімшілік  айыппұлдар  көлемі 
әлдеқайда  төмендетіліп  белгіленген.  Лицензиялау,  жер  учаскелеріне 
құқықты рәсімдеу және т.б. бойынша барынша аз мерзімдер айқындалған. 
       Бұл  мүлдем  дұрыс  шешімдер,  алайда  шағын,  орта  және  ірі  бизнеске 
жатқызудағы  тым  төмендетілген  критерийлер  қазақстандық  бизнестің 
шағыннан – ортаға, ортадан ірі бизнеске өсуі үшін тиімсіз болмақ. Себебі 
жеңілдіктерден  қағылады.  Бизнес  өкілдері  өзінің  ірі  бизнесін  шағын 
бизнеске  бөлшектеп,  заңдық  артықшылықтарды  пайдаланған  әлдеқайда 
пайдалырақ секілді. Әйтсе де қазіргі ірі бизнес деп жүргеніміздің көпшілігі 
халықаралық стандарттар бойынша шағын бизнес болып табылады. 
       Отандық заңнамамыз бойынша жылдық айналымы 350 еселенген ТЕК 
(2  млн.еуродан  сәл  асатын  көлемде)  кәсіпорын  ірі  бизнеске  жатады  және 
мәртебесі  бойынша  Қазмырыш,  Қазмұнай  кәсіпорындары  мен  өзге  де  ірі 
өндірістік алпауыттармен теңестірілген. 
Салыстырар  болсақ:  Германияда  шағын  бизнес  субъектілеріне  жылдық 
айналымы 7 млн. еуродан асатын ұйымдар жатқызылады; 
Португалияда шағын бизнес субъектілерінің жылдық айналымы 12,3 млн. 
еуроға дейін құрайды; 
АҚШ-та  шағын  бизнес  субъектілері  үшін  критерий  жылдық  айналым  20 
млн.  АҚШ  доллары  болып  белгіленген  (ЕО  елдері  бойынша  орташа 
алғанда  шағын  кәсіпорындарға  тауарайналымы  40  млн.  евроға  дейін 
немесе баланстық құны 27 млн евроға дейін құрайтын ұйымдар жатады). 
Қазақстанның  Кеден  одағы  бойынша  серіктесі  болып  табылатын  Ресей 
Федерациясы да назар аударуға тұрарлық. 
Көрші  елде  шағын,  орта  және  ірі  бизнеске  жатқызу  үшін  жұмысшылар 
саны мен жылдық айналым көлемі критерийлері белгіленген. 
          Бұнымен қоса, Ресей Федерациясында жұмысшылар саны 15 адамнан 
аспайтын  және  жылдық  айналымы  60  млн.  рубльге  (шамамен  300  млн. 
теңге)  дейін  болса  ұсақ  кәсіпорындарға  жатады.  Шағын  кәсіпорындарға 
жұмысшылар  саны  100  адамды  құрайтын  және  400  млн.  рубльге  дейін 
айналымы  бар  ұйымдар  жатады  (шамамен  2-млрд.  теңге);  250  адам 
жұмысшылары бар және жылдық айналымы 1 млрд. рубль (шамамен 5000 
млрд. теңге) орта кәсіпорындар болып саналады. 
          Ал  ірі  бизнес  деп  жұмысшылар  саны  250  адамнан  асатын  және 
жылдық айналымы 1 млрд. рубльден жоғары ұйымдар танылады. 


 
25 
Қазақстанның  Ресеймен  Кедендік  Одақтас  екендігін  және  Бірыңғай 
экономикалық  кеңістік  құру  ниетін  ескерсек,  кәсіпкерлер  үшін  бірдей 
жағдайлар  жасау  үшін  біздің  ойымызша  ұсыған  ұқсас  критерийлерді 
қолданған пайдалы болмақ

  
 
Жазылым 
1-тапсырма. Мәндес сөздерді табыңыз. 
ұрпақ                             емтихан 
ізбасар                           мұғалім 
шәкірт                           орнын білу 
жалғастыру                  оқушы 
ұстаз                             буын 
босату                           ісін жалғастырушы 
лауазым                        қызмет 
сынақ                            дамыту 
 
2-тапсырма.  Сөздің  лайықты  тіркесін  тауып,  түсіндірмелі  салалас 
сөйлем құраңыз. 
ізбасарға                     даярлау 
ғылымның                  өсіру 
шәкірт                        талап қою 
жас ғалымды             беру 
орнын ісін                  дамыту 
талапқа сай                ашу 
ұстазының                 өткізу 
жаңалық                    құралдар 
сынақтан                   атын шығару 
жұмыспен                 шұғылдану 
 
 
3-тапсырма.Берілген сөз тіркестерімен жағдаят құрыңыз. 
Мұрындық болу, қанатымен су тасыған қарлығаштай, құрақ ұшу. 
 
4-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. 
«Болашақта сіздің өз кәсібіңіз болса, жаңа ісіңізді қалай дөңгелетіп әкетер 
едіңіз?» 
 
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау