19
тізгінін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев басқарып отырған «Нұр Отан»
халықтық-демократиялық партиясы ұстап отыр. Сонымен қатар елімізде
«Ақжол», «Руханият», «Қазақстанның коммунистік париясы» , т.б. ірілі-
ұсақты
оппозициялық
саяси
партиялар
да
бар.
Тәуелсіздік алған жылдарынан бастап Қазақстан барлық көрші
мемлекеттермен тұрақты тату көршілік және достық қарым-қатынастар
жүйесін орнатты.
Қазақстан салиқалы сыртқы саясат ұстай отырып, әлемдік аренада
бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы дәйекті жұмысы үшін тану мен
құрметтеуге лайықты мемлекет ретінде өз іргесін бекіте білді.
Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге
республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан
астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО –
ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, "Адам және
биосфера”, "Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс
жасайды.
«Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың
жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі ел болашағының
дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағ-
дарларды айқындау болып табылады.
Елбасымыз Жолдауында экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға
әзірлеу қажет екендігін, жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды
дамыту есебінен экономиканық тұрақты өсуіне қол жеткізу керек екенін,
адам капиталының қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді
инвестициялау қажетін, қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және
тұрғын үй-коммуналдық қызметтерімен қамтамасыз ету қажетін,
ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық
қарым-қатынасты одан әрі дамыту керек екенін айтып өткен еді.
Экономиканы әртараптандыру, сауатты сауда саясатын жүргізу,
экономикаға инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті дамыту, отандық
тауарларды әлемдік нарыққа шығару – ел экономикасын дамытуға
бағытталған.
Қазақстан Республикасы әлемнің 145 мемлекетімен сыртқы сауда
байланыстарын орнатқан. Әлемнің 122 мемлекетімен экспорттық, 115
мемлекетімен импорттық тауар алмасу жасайды. Қазіргі кезде Республика
экономикасында 15 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан көптеген
әртүрлі отандық өнімдер шығарады. Елімізде жылдан-жылға жұмыссыздық
саны азаюда.
Экономикамыз дамып, алға басуда.