22
Жазылым
1-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
-Сіздің ойыңызша, іскер адам қандай болу керек?
- ..................................................................................... .
-Біздің қоғамымызда әйел адамның ролі қандай?
-
............................................................................................... .
-Іскер адам болуға кімдер ұмтылады?
- ................................................................................................... .
-Сіз іскер адам
болсаңыз, қандай болар едіңіз?
- .................................................................................................. .
-Іскер адам болу барлық адамның қолынан келе ме?
- ..................................................................................................... .
-Іскер адам болу үшін белгілі бір салада жұмыс істеу керек пе?
- ............................................................................................................... .
-Іскер адамның келбеті дегенді қалай түсінесіз?
- ...............................................................................................................
-Сұхбатыңызға рақмет! Сәттілік тілеймін!
№ 2 Оқылым
Берілген мәтінді жоғарыда берілген мәтінмен салыстыра әңгімелеңіз.
Қазіргі заманның іскер адамы болу үшін әрбір минут қымбат. Жұмыс
күнін дұрыс жоспарлай білген адамның ісі алға басып,
табысы көбейеді,
бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана алады. Өз жұмысын жақсы
көретін және қоғамға пайда келтіретін адам уақытты ұтымды пайдалануға
тырысады.
Қазіргі кездегі қызметте әйел адамның қоғамдық роліне үлкен көңіл
бөлініп отыр. Тек қана әйелдер жұмыс істейтін ұжымдар да, іскер әйел
басқаратын мекемелер, фирмалар, мемлекеттік органдар да бар. Білімі,
іскерлігі, кәсіби біліктілігі, ұйымдастыру қабілеті жағынан ер адамдармен
бірдей көрінетін әйелдер аз емес.
Басшы әйел ең алдымен жантанушы, содан кейін ұйымдастырушы
болуға тиіс. Өз қарамағындағы адамдардың мінезін, іскерлік қабілетін,
көңіл-күйін бірден байқайтын басшы әйел адамдармен тіл табысып, істі
алға жүргізе алады.
Әйел адамның басшылық беделін көтеретін – оның кәсіби біліктілігі.
Дегенмен, кәсіби біліктілігі, білімі, іскерлігі жоғары болып, оған сырт
келбеті, жүріс-тұрысы, мәдениеті, киімі келіспесе, онда әйел басшының
қарамағындағы адамдардың сеніміне кіруі қиын болады.