Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

 
14 
тәртіп  бойынша  мерзімінен  бұрын  тоқталуы  мүмкін.  Парламенттің 
ұйымдастырылуы  мен  қызметі,  оның  депутаттарының  құқықтық  жағдайы 
конституциялық заңмен белгіленеді. 
       Парламент  тұрақты  негізде  жұмыс  істейтін  екі  Палатадан  Сенаттан 
және  Мәжілістен  тұрады.  Сенат  конституциялық  заңда  белгіленген 
тәртіппен  әр  облыстан,  республикалық  маңызы  бар  қаладан  және 
Қазақстан  Республикасының  астанасынан  екі  адамнан  өкілдік  ететін 
депутаттардан  құралады.  Сенатта  қоғамның  ұлттық-мәдени  және  өзге  де 
елеулі  мүдделерінің  берілуін  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  ескеріліп, 
Сенаттың  он  бес  депутатын  Республика  Президенті  тағайындайды. 
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті 
депутаттан  тұрады.  Парламент  депутаты  бір  мезгілде  екі  палатаға  бірдей 
мүше  бола  алмайды.  Сенат  депутаттарының  өкілеттік  мерзімі-алты  жыл, 
Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі-5 жыл. 
 
 
Жазылым 
1-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерінің  ішінен  мәтін  мазмұнында 
кездесетінін белгілеңіз. 
Заң шығару қызметі                              азаматтық құқық 
Қаржы министрлігі                               реттер мен тәртіп бойынша 
мемлекеттік қызметшілер                    мерзімінен бұрын                
қайта даярлау                                        біліктілігін жетілдіру 
ең жоғары өкілді органы                      депутаттардың құқықтық жағдайы  
Парламенттің өкілеттілігі                    гендерлік саясат 
бірінші сессия                                       заңмен белгіленеді 
жаңадан сайлану                                   тұрақты негізде 
Конституцияда көзделген                    екі адамнан 
депутаттардан тұрады                           он бес депутат 
жүз жеті депутат                                    бір мезгілде 
алты аудан                                              екі палатаға  
партия мүшелігіне қабылданды           мүше бола алмайды 
тоқсан сегіз мың мемлекеттік қызметші  
 
 2-тапсырма. Лексикалық қорды меңгеріңіз, берілген жаңа сөздер мен 
сөз тіркестерін оқып танысыңыз. 
      Парламент,  Сенат,  Мәжіліс,  депутат,  қалаулы,  сенім,  мәртебе,  өкілді, 
өкілеттілігі,  сайлау,  сайлану  сайланымы,  мерзім,  тұрақты,  мүше, 
тағайындау, дұрыс беру, кезекті, өткізіледі. 
     
3-тапсырма. 
Екі 
бағанда 
берілген 
сөздерден 
мағыналық 
үйлесімділігіне қарай сөз тіркесін құрыңыз.  
қазақстандық                         мемлекеттілік 
маңызды                                 кәсіби парламенті 
тұңғыш                                   ірі оқиға 


 
15 
жаңа                                        иеленген 
ең бір                                      парламентаризм 
мәртебе                                  өкілді орган 
жоғары                                   кезең           
 
4-тапсырма. Берліген жоспарға сүйеніп, мәтін құрастырыңыз. 
1. 1994-1995 жылдардағы қазақстандық саяси жүйе қалыптасу барысы. 
2. Кәсіби Парламент 
3. Ә.Кекілбаев пікірі 
4. ҚР Парламенті мәртебесінің Конституцияда нақтылануы.   
 
№3 Оқылым 
Қазақстан Республикасының Үкіметі 
    Үкімет  Қазақстан  Республикасының  атқарушы  билігін  жүзеге  асырады, 
атқарушы  органдардың  жүйесін  басқарады  және  олардың  қызетіне 
басшылық  жасайды.  Үкімет  басшысын  кандидатура  Парламент 
депутаттарының  жалпы  санының  көпшілігінің  мақұлдауымен  Президент 
тағайындайды. Үкіметтің жеке құрамын Премьер –Министрдің ұсынуымен 
Президент тағайындайды.                       
      Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрылымы мен құрамы: 
      Премьер  –Министр  Президенттің  қарауына  Үкіметтің  құрылымын 
ұсынады.  Үкімет  құрылымы  мынадай:  Премьер  –Министр,  Премьер  –
Министрдің орынбасарлары және министрліктердің басшылары. 
Қазақстан Республикасының Үкіметінің негізгі өкілеттіктері: 
        -мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  саясатының,  оның  қорғаныс 
қабілетінің,  қауіпсіздігінің  қоғамдық  тәртіпті  қамтамасыз  етудің  негізгі 
бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады
       -  Парламентке  (Мәжіліске)  республикалық  бюджетті  және  оның 
атқарылуы  туралы  есепті  ұсынады,  бюджеттің  атқарылуын  қамтамасыз 
етеді; 
       - Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді; 
       - Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және 
жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды; 
       -  Үкімет  құрамына  кірмейтін  орталық  атқарушы  органдардың 
басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
Қазақстан Республикасының Үкіметінің  өкілеттігін тоқтатуы: 
Үкімет  жаңадан  сайланған  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
алдында  өз  өкілеттігін  доғарады.  Қазақстан  Республикасының  Премьер  –
Министрі  жаңадан  сайланған  Парламент  Мәжілісінің  алдында  Үкіметке 
сенім  туралы  мәселе  қояды.  Мәжіліс  сенім  білдірген  жағдайда  егер 
Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін 
атқаруды  жалғастыра  береді.  Парламент  Мәжілісі  немесе  Парламент 
Үкіметке  сенімсіздік  білдірген  жағдайда  Үкімет  орнынан  түсетіні  туралы 


 
16 
Республика  Президенті  мәлімдейді.  Орнынан  түсуді  қабылдау  немесе 
қабылдамау  туралы  мәселені  Республиканың  Президенті  он  күн  мерзімде 
қарайды.  Орнынан  түсуді  қабылдау  Үкіметтің  не  оның  тиісті  мүшесінің 
өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер –Министрдің орнынан түсуін 
қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. 
    Үкіметтің  немесе  оның  мүшесінің  орнынан  түсуі  қабылданбаған 
жағдайда Президент оған міндеттерін одан әрі жүзеге асыруды тапсырады. 
 
 
Жазылым 
 1-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрыңыз. 
   Үкімет, ұсыну, жергілікті, ар-намыс, тұтас, нәтиже, дағдарыс, тұрақтану, 
билік,  өкілетті,  жарлық,  үздік,  іріктеу,  қисынды,  тиімді,  жоспарлау, 
дербестік, мүдделі, ықпал. 
 
2-тапсырма.Мәтіннің  бірінші  абзацын  оқып,  осындағы  негізгі  ойды 
білдіріп тұрған сөйлемді табыңыз. 
 
3-тапсырма. Мәтіндегі таныс емес сөздерді теріп жазыңыз. Орыс тіліне 
аударыңыз. 
 
4-тапсырма.Айтылған ойды жалғастырыңыз
1) Үкімет үйі.... 
Үкімет үйінің ғимараты..... 
Үкімет үйінің ғимаратында болдық..... 
Үкімет үйінің ғимаратында жиналыста болдық..... 
Үкімет үйінің ғимаратында өткен аптады жиналыста болдық..... 
2)................... 
...................................... 
................................................. 
............................................................ 
........................................................................... 
 
3-тақырып. Қазақстанның экономикасы, сыртқы және ішкі саудасы. 
 
1-тапсырма.  Берілген  сөздік  қормен  танып,  орысша  баламасын 
табыңыз. 
Сөздік қор:  
1.  Әлемдік кеңістік –   
2.  Мықты енген ел –  
3.  Оның егемендігін  –  
4.  Танып отыр –  
5.  Жүйе құрушы ретінде –  
6.  Ұйымдарға мүше болды-  
7.  БҰҰ – Бірлескен Ұлттар Ұйымы –  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау