32
т.б.) малдың жайылымы мен жем-шөп, өсімдік арқылы малға беріліп, мал
өнімдері арқылы адам ағзасына еніп, әрқилы аурулардың туындауына
себепкер болуда. («Егемен Қазақстан» газеті)
Мәтін қандай ой салды?
Таза тамақ дегенді қалай түсінесіз?
Қазақтың ұлттық тағамдарының пайдалы емдік
қасиеттері туралы не білесіз? Адам денсаулығына тағы не пайдалы?
5-тапсырма. Мына пікірлерге келісу/келіспеушіліктеріңізді
Иә
(√)не
Жоқ
(
X)деп белгілеңіз:
Қазіргі заманда табиғаттан таза өнім алу мүмкін емес.
Экологиялық жағдайлар адамның тез қартаюына әсер етеді.
Табиғат өнімдері ешқашан таусылмайтын байлық.
Табиғат байлығын қорғау тек заң жүзінде ғана сақталады.
Қазақстан туризмі 7 жылдан кейін брэндке айналады.
Жұптық жұмыс: Келесі студентпен таза ауадағы спорт жайлы өзара
сөйлесіңіз.
Топтық жұмыс: Мына мәселелерді топпен талқылап, өз ойларыңызды
ұсыныңыз.
Елімізде туризмді дамытудың мүмкіндіктері қаншалықты?
Туристерді Қазақстанға тартудың қандай жолдарын ұсынасыз?
Отандық туризмнің болашағы қандай?
6-тапсырма. Елімізде туризмнің дамуының мүмкіндіктері мен кедергілер
тізімін жасаңыз.
МҮМКІНДІКТЕР
КЕДЕРГІЛЕР
_________________________
____________________________
_________________________
____________________________
_________________________
____________________________
_________________________
____________________________
7-тапсырма. Туризм дамуының экологиялық жағдайларға теріс және оң
әсерлерін атаңыз.
33
№2 Оқылым
Экологиялық мәдениет
Экологиялық
мәдениет
менің
түсінігім
бойынша
біздің
денсаулығымыздың және тазалығымыздың кепілі. Тұрып жатқан
қаламыздың таза әрі әдемі болғанын бәріміз қалаймыз. Бірақ, өкінішке
орай қала тұрғындарының әрекетінен, "қаламызды таза ұстайық" деген
бос сөздері көп айтылып жатады. "Тазалық жинаған жерде емес,
шашпаған жерде болады" дегендей қаламызда апта сайын сенбілік
өткізіліп тұрса да, артынша қоқыстардың қайта шашылып жатқанын
көреміз. Қоршаған ортаның ластануының барлығына адамдардың
мәдениеті мен сана сезімінің төмендігі басты себепші болып отыр.
Турасын айтқанда адамзаттың жауапсыздығы, салғырттығы.
Тазалық мәселесі қаламызда тұрып жатқан тұрғындардың барлығына
қатысты. Кейбір тұрғындар барлығын мемлекеттік органдар жасауға тиіс
деген пікірді қалыптастыра отырып, балаларына да сондай тәрбие береді.
Әр азаматты тазалыққа тәрбиелеу отбасынан басталуы тиіс. Өздері
тазалайды деген пікірден аулақ болып, қолынан келетін шаруаны
тындыра салса, бұл тәрбиелеп отырған ұл-қыздарына да үлгі болады. Әр
тұрғын өзінің тұратын үй-жайының айналасын таза ұстап, артық
қалдықтарды шашпай, ұқыпты болсақ, қаламыздың таза әрі көрікті
мекенге айналуына кішкене болса да үлес қосар едік.
Тазалық сақтамау түрлі сырқаттарға әкеледі. Қаншама микроб ауа
арқылы денсаулыққа зиян келтіреді. Мәселен туберкулез ауруымен
ауырған адам түкірсе, оның таяқшалары ауада бірнеше сағатқа дейін
сақталады. Бұның өзі мәдениетсіздікке жатады. Адамдар кейде өздері
жамап-жасқап алатын сан түрлі сырқаттың
дауасын Табиғат-Ана тауып, жан жарасына дәруін беріп жатады. Ал енді
ойлап көрейікші біз қоршаған ортамызды қорлап, қоқыстарды лақтырып
жатсақ та, табиғат біздің түрлі ауру-сырқаттарымызды емдейтін шипалы,
емді шөптерін ұсынып жатады. Бұл біздің тарапымыздан табиғатқа
жасаған үлкен қорлық деп есептеймін.
Адам- табиғаттың төл перзенті. "Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны
айтатын табиғаттың тілі жоқ " деп бекер айтылмаған. Табиғаттың
жанайқайын естімегенімізбен, көзбен бәріміз көріп отырмыз. Мұндай
жағдайларға сөзбен шаралар қолданып жатырмыз дегендерімен іс-
әрекеттерінен ешнәрсе көре алмаймыз.
Қорытындылай келе өз денсаулығымыз мықты болсын десек, қоршаған
ортаның тазалығына аса мән беріп, назар аударайық. Жүректерінде
табиғатқа деген мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ояту әрбір азаматтың
борышы. Суын ішіп, ауасын жұтып, топырағын басып жүрген туған
қаламызды аялап, қадірлеуді білсек жеткілікті.