47
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
қадағалау сөзі контроль түсінігін береді. Проконтролируй деген – бақыла емес,
қадағала! Бақыла сөзі ешқалай контролироватьтің мағынасын бермейді. Қазақ-
тар «Бақсам бақа екен» дейді, сондағы бағу, бақылау наблюдение болу керек.
Бақылау сөзінің дұрыс аудармасы – наблюдение. Мысалы магазиндердегі видео-
наблюдение – видеобақылау.
Сонымен дұрысы: контроль - ҚАДАҒАЛАУ!!, ешқандай бақылау емес. Өзі
білмей үлкен апайларымыздың бәрібір осылай істеймін деп қасарысып даулас-
қанын қайтерсің.
Экспертиза мен анализдің орыны ауысып кеткен
Дұрыстап қарасақ осы сөздердің орыны ауысып кеткен. Экспертизаны – са-
раптау деп аударғанбыз ал анализ сөзін саралау деп аударғанбыз. Алайда, «Абай
жолы» романын оқып отырсақ дәл осы сараптау сөзі керісінше анализ сөзінің
ау дар масын, ұғымын береді.
Ал саралау сөзі былайша айтқанда жан-жақты қарап, талдап экспертиза ұғы-
мына сай келеді.
Договор – келісім-шарт емес, уағда
Договор – уағда. Осы күнгі договорды шарт деу мүлде қате. Саралап көрейік.
Келесі солай деуге болса жатысы дұрыс емес аудармалардың бірі договор.
Шарт дегеніміз условия. Ойынның шарты бар, қыздардың жігіттерге қоятын
шарты бар, барлығы условия. Оның үстіне условия договора – шарттың шарт-
тары бола ма? Мүлде қисынсыз ғой. Ал қазақтарда бұл сөзге уағда деген дұрыс
нұсқасы бар. Тараптар уағдаласты. Стороны договорились. Бұл сөз көптеген кі-
тап тарда осы уағда – договор күйінде кездеседі. Сонда айырмасы да анық Со-
глашение – келісім, договор – уағда, условия договора – уағда шарттары.
Рынок – базар
«Базар» еніп, «нарық» алынсын
Асығыс аудармалардың бірі болып жүрген сөздердің бірі «рынок» - «нарық».
Адамға не бір елес бермейтін, дәм-тұзы жоқ, сүйкімсіз сөз. Соңғы кезде ғалымдар
да оны сынға алып, «базар» деп айтып жүр. Рынок Казахстана – Қазақстан база-
ры. Рыночные отношения – базарлық қатынастар. Расымен «рынок», ағылшын
тілінен «market» сөзсіз дұрыс аудармасы «базар». Базарлы экономика – әркім
қалай келісетіндерін өздері білетін, еркін іс-қимыл жасайтын, не болатынын
болжап бола алмайтын, дәл ұғымын беретін сөз. Әдемі әрі ғалымдарымызбен
дәлелденген сөз. Ал нарық сөзі керісінше коньюктура.
Конъюнктура рынка базар нарығы.
Ойталқы
48
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Бастары айналып тұрған смайлдар (күлегештер) қоятын
аударма - проспект – даңғыл
Проспект – проспект. Осы шын айтқанда фамилияларын қазақшаға аударта
алмай жүрген есесіне қазақ тіліне аударма жасауда тыраштанып қайда барады?
Бірінші өзі солардың білімдері толық па екен. Біріншіден проспект неміс тілінің
сөзі. Проспект дегеніміз кең, үлкен әрі түзу көше. Оны алып қазақ халқындағы
сара жол, даңғыл жол сияқты мүлде қисыны келмейтін ескі сөзбен алмастыру
қа те. Бұл капиталистік дүниеден келген сөз. Оны қазақша аудару үшін қазақ
халқымыздың өзі оны ойлап тауып басқа халықтарға паш етуі керек еді.
Накопительный – жинақтау, сберегательный - үнемдеу
Өзіңіз қараңызшы егер де біз белгілі бір мақсатқа, машина сатып алу, үй са-
тып алу т.б. үшін ақша жинасақ ол орысша копить/накапливать болады. Ар-
найы мақсат үшін. Ал егер біз бір туысымыз үшін тапқан ақшамыздан үнемдеп-
үнемдеп оған сәлемдеме ретінде жіберсек, (мысалы анасы тапқан ақшасынан
үнемдеп-үнемдеп мектептегі ұлына велосипед алып береді) ол орысша сбере-
гать арнайы үнемдеу болады. Ал біздегі экономить сөзін үнемдеу деген сөзбен
беру мүлде қате аударма. Оның үстіне накопительный да, сберегательный да
жинақтаушы болып аударылуы мүмкін емес. Біреуі мақсат арнайы үшін жинау,
біреуі мақсат үшін тапқан ақшадан, алған пенсиядан үнемдеу. Сондықтан нако-
пительный- жинақтау, сберегательный – үнемдеу. Экономить экономдау, сонда
түбірі экономика да, ал одан шығатын сөз үнемдеу ме? Мүлде келіспейді ғой.
Информацияны–ақпарат деп аударған кім?
Шынында да қазақ халқында өз бетінше ақпар деген сөз бары рас. Оның
орыс тіліндегі аудармасы сведение. Өзімізге белгілі «Қорқыт ата кітабында»
бұл сөздің берілуі келесідей. Аңға кеткен қағанның қонысын жау шабады. Осы-
ны қағанға жеткізу үшін асыққан қойшы: «Ауылыңызды жау шапқанын ақпа-
рыңызға жеткіземін» дейді. Сонда бұл жерде меңзегені – довожу до Вашего све-
дения болып отыр. Енді ақпар сөзіне ақырын ғана – ат жұрнағын жалғап жіберіп
бұл сөзді информация қылып шығара қойған кім? Осындай теріс жолға бұрып
отырған кім? Ал, енді информация сөзінің қазақша аудармасы қалай? Бұл өзімізге
белгілі мәлімет сөзі. Қазақ халқының күнделікті тұрмысында, жүріс-тұрысында
қолданыталын: көрші ауылдан мәлімет алып келіпті. Ол туралы мәлімет жинап
жүр т.б. мысалдары. Ақпараттар ағыны – өтіріктер ағыны.
Ойталқы
49
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Стен – дуал
Қазіргі кезде «стена» сөзін, киіз үй қабырғасынан алып, «қабырға» деп жүрміз.
Құлақты жыртатын сөз. Алайда, көпшілік оны ыңғайсыз болғандықтан «стена»
дейді. Шынында да аудармасы дәл түспегендіктен осылай айтқан жағымды сияқ ты.
Киіз үй қайда, кірпіш үй қайда. Қазақ халқында мұндай саз үйлерге қатысты «дуал»
сөз бар. Дуал деп айтады. Дуалға сүйенбе. Дуалдары әдемі. Дуалы 3.5. метр.
Давление – басқы, басқа ешқалай емес
Давлениені қысым деп кім аударған? Жми – қыс, сжать с двух сторон – екі
жағынан қысу. Бұл сөздің түбірі қысу – сжимать. Онда неге ол давление болып
жүр? Ал газды бас - дави на газ, чуть не задавила машина – машина басып кете
жаздады т.б. Сөздің түбірі давить – басу. Әр сөз өз бағытында пайдаланылуы ке-
рек. Егер билік оппозицияға күш көрсетіп, қуғындай бастаса бұл құбылысты біз
би ліктің басқысы дейміз. «Абай жолы» романында да Құнанбайдың жақтастары
басқа рудың жігіттеріне басқысын күшейтеді, ешқандай қысымын күшейтпейді.
Ал, кровяное давление дұрысталып – қан басқысы.
Инвентаризаци – перекличка
Инвентаризация перекличкамен шатасып жүр. Инвентаризация жалпы біз-
ге капиталистік елдерден келген сөз. Олардың экономикалық дамуының нәти-
жесінде дүниеге келген. Оны тыраштанып аударып не керегі бар еді. Инвента-
ризация – түгелдеу болып аударылып кетіпті. Ал түгелдеу дегеніміз не орысша?
Перекличка емес пе. Мысалы, таңертең пионерлер құрған лагерь тұрып жол
жүреді. Сонда осының алдында барлық пионерлерді түгелдеу жүреді. Осы
көрініс бізше түгелдеу, орысша перекличка.
Порядогымыз қайда жүр, дисциплинамыз қайда жүр?
Өтірік аударылып, жиіркенішті болып айтылып, ескі-құсқы сарқыншақ бо-
лып кеткен аударма осы порядок – дисциплина!!!
Жалпы порядок деген не? Порядок – реттілік. Жұмыс 08:00 де басталады,
12-13:00 дейін түскі ас. 17:00 де аяқталады. Бірінен соң бірі келетін режим. Ал
дисциплина не? Дисциплина – тәртіп. Яғни, жұмысқа осы уақытта келу, осы
уақытта түскі асқа бару, осы уақытта шығу. Сондықтан қоғамдық тәртіп деген ең
сорақы аударма. Бұл жерде өз-өздерін өтірік сендіріп алып міңгірлеп қоғамдық
тәртіп деп емес қоғамдық реттілік деп берілуі тиіс. Өздеріңіз ойлаңыздаршы
қоғамдық тәртіпті қалай сақтайды. Уақытында келіп, уақытында кетеді ме?
Ойталқы
Достарыңызбен бөлісу: |